Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінің iшкi тәртiптеме қағидалары Жалпы ережелер



жүктеу 0.67 Mb.
бет1/4
Дата05.04.2018
өлшемі0.67 Mb.
түріКодекс
  1   2   3   4


Қазақстан Республикасы

Ішкі істер министрінің

20__ жылғы «__» ______

бұйрығымен бекітілген



Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінің iшкi тәртiптеме қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерiнiң iшкi тәртiптеме қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасы Қылмыстық-атқару кодексiнiң (бұдан әрі – ҚАК) 16-бабы 1-бөлігінің 16) тармақшасына сәйкес әзірленді және жазаларды өтеу мен жазаларды орындау шарттарын қамтамасыз ету мақсатында қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінің (бұдан әрі – мекеме) ішкі тәртіптемесін айқындайды.

2. Осы Қағидалар:

1) бас бостандығынан айыруға сотталғандарды мекемеге қабылдау тәртібін;

2) сотталғандар мен мекемелер персоналының өзара қарым-қатынасын;

3) мекемелердегі күн тәртібін;

      4) бас бостандығынан айыруға сотталғандардың тамақ өнiмдерiн және бiрiншi кезекте қажетті заттарды сатып алуын, сотталғандардың сауқат, сәлемдемелер мен бандерольдер алуын, қосымша қызметтер көрсетуді, мекемелерде пайдалануға тыйым салынған заттар мен құжаттарды алып қою тәртібін;

5) бас бостандығынан айыруға сотталғандардың хат жазысуларын, ақшалай аударымдарды жіберуін және алуын, бас бостандығынан айыруға сотталғандардың кездесулерін, бас бостандығынан айыруға сотталғандардың телефон арқылы сөйлесулерін;

6) сотталғандарға мекемелерден тыс жерге шығуларды ұсыну тәртібін;


      7) сотталғандардың қатаң жағдайларда жазасын өтеу тәртібі, сотталғандарды тәртіптік изоляторларда, жалғыз адамдық камераларда және уақытша оқшаулау үй-жайларында, қауіпсіз орында, мекемелердегі камераларда ұстау тәртібін;

8) өмір бойына бас бостандығынан айыруға және өлім жазасына, сондай-ақ қауіпсіздігі барынша төмен мекемелерде ұсталатындардың жазаны өтеу ерекшеліктерін;

9) қауіпсіздігі барынша төмен мекемелерде ұсталатын сотталғандардың жазаны өтеу ерекшеліктерін қамтиды.

2. Бас бостандығынан айыруға сотталғандарды мекемелерге қабылдау тәртiбi
3. Сотталғандарды мекемеге қабылдауды мекеме бастығының кезекшi көмекшiсi (бұдан әрі – кезекші) арнайы бөлiм мен медициналық бөлiм қызметкерлерінің қатысуымен мекеменің бақылау-өткізу пунктінде жүзеге асырады.

4. Өмiр бойына бас бостандығынан айыруды өтеп жатқан сотталғандарды және өлiм жазасына сотталғандарды (бұдан әрi – ӨББА-ға және ӨЖ-ге сотталғандар) қабылдауды мекеме басшылығы, кезекші, жедел және режим бөліністерінің қызметкерлері және мекеменiң медициналық бөлiмiнің қызметкерi жүзеге асырады. Сотталғандардың тарапынан заңға қайшы іс-әрекеттердi болдырмау мақсатында резерв тобының бақылаушылары қатысады.

5. Сотталғандарды мекемеге қабылдау уақытында кезекші сотталғандардың жеке iстері бар қағаз пакеттердің тұтастығын, сондай-ақ мастикалық мөрлерінің тұтастығы мен бар-жоғын тексереді, келген сотталғандарды жеке іс құжаттарымен (жеке басын куәландыратын құжаттар, мамандығының бар-жоғы туралы куәлiк, медициналық картасы және жеке iсi бойынша басқа да құжаттар) салыстырады, келген сотталғандардың киімінің маусымға сәйкес келуін тексереді. Қағаз пакет немесе мастикалық мөр бүлінген жағдайда қарауыл бастығымен бiрлесіп акті (еркін нысанда) жасайды.

Сотталғанның фотосуретi, сауалнамалық деректерi жеке iсi бойынша анықтамамен сәйкес келмеген, мекемеге келген сотталғандардың маусым бойынша киiмi, жеке iстерiнде құжаттары, денсаулық жағдайы туралы медициналық қорытынды болмаған жағдайда комиссия осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жеке істе құжаттардың барын тексеруге арналған салыстыру актісін жасайды және оны шаралар қабылдау үшiн инстанция бойынша жолдайды.

6. Осы Қағидалардың 5-тармағында көрсетілген деректерді тексергеннен кейін сотталғандар кезекшінің және бақылаушылар жасақшасының ілесіп жүруімен карантин бөлiмшесiне жөнелтіледі (ӨББА-ға және ӨЖ-ге сотталғандарға олардың мекеме объектiлерiнiң орналасқан жерiн есте сақтау мүмкіндігін болдырмау мақсатында алдын ала көздерiне селдір емес матадан таңғыш кигізеді), оларға толық тiнту, ал оларға тиесiлі заттарға қарап тексеру жүргізiледі.

Толық тінту және заттарды қарап тексеру жүргізу алдында сотталғандарға өздерінде және жеке заттарында бар осы Қағидаларда көзделмеген заттарды, бұйымдарды, құжаттар мен тамақ өнімдерін ерікті түрде тапсыру ұсынылады. Көрсетілген тыйым салынған заттар ерікті түрде тапсырылған жағдайда сотталғандарға тәртіптік жазалау шаралары қолданылмайды.

Сотталғандар осы қағидада көзделмеген заттар мен бұйымдарды өз еркімен тапсырған жағдайда оларға тәртіптік жазалау шаралары қолданылмайды.

7. Медициналық қызметкер дене жарақаттарын, тері және жұқпалы ауру белгiлерiн анықтау мақсатында сотталғандарды сыртқы қарауын өткiзедi. Дене жарақаттарын анықтау фактiсі туралы жазбаша түрде қадағалаушы прокурорға дереу хабарланады. Бұдан әрі сотталғандарды шомылдыру және толық санитарлық тазарту жүргізіледі. Бұдан кейін сотталғандар карантин бөлiмшесiне орналастырылады, онда оларға, сондай-ақ ӨББА-ға және ӨЖ-ге сотталғандарға ұзақтығы 15 тәулiкке дейiн медициналық бақылау белгiленедi, медициналық тексеру жүргiзiледi. Карантин бөлімшесінде болу кезеңінде сотталғандар жазаны өтеудің дағдылы жағдайында болады. Мекеме психологтары жаңадан келген сотталғандардың жеке басын зерделеу, оларды жаңа жағдайға бейiмдеу бойынша жұмыс жүргiзедi. Өзіне-өзi қол жұмсауға, өз денесіне қасақана қандай да бiр зақым келтіруге және басқа да заңға қайшы әрекеттерге бейiм адамдар анықталады. Зерделеу нәтижелерi бойынша жаңадан келген сотталғанның әрқайсысына психологиялық портрет жасалады, мекеменiң тиісті қызметiне олармен жұмыс iстеу бойынша ұсынымдар енгiзіледi. Осы кезеңде жұқпалы аурумен ауыратындар анықталған жағдайда, олар оқшауландырылады, мекемеде эпидемияға қарсы іс-шаралар кешенi жүргiзіледi.

8. Карантин бөлiмшесiнде болған уақытта сотталғандар ҚАК-ның 9-бабы 6-бөлігіне сәйкес және осы Қағидаларда белгiленген жаза өтеу тәртiбімен және шарттарымен, өздерiнiң құқықтарымен және мiндеттерiмен қол қойып танысады, жазаны өтеу тәртібін бұзғаны үшін жауапкершілік туралы ескертіледі. Оларға мекемеде қадағалаудың, бақылаудың және күзеттің техникалық құралдарын, «Құқық қорғау қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 6 қаңтардағы Заңында көзделген жағдайларда дене күшін, арнайы құралдарды және қаруды қолдану, ал сотталғандардың топтық бағынбаушылығы және жаппай тәртіпсіздігі жағдайында мекемеде ерекше жағдайлар режимiн енгiзу туралы түсіндіріледі.

9. Сотталғандардар кереуетпен және төсек жабдықтарымен қамтамасыз етіледі, жатын орындары ауыстырылмайды және перделенбейді. Кереуетті жинау үлгісі осы Қағидаларға 2-қосымшада белгіленген.

10. Сотталғандардың бастың шашты бөлігін біржарым сантиметрге дейін қысқа етіп алдыруды (сотталған әйелдерді қоспағанда), жинақы қиылған мұртты, сондай-ақ алынған сақалды көздейтін ұқыпты сыртқы пішіні болады.

11. Сотталғандарды жасақтар (бөлiмшелер) және камералар бойынша бөлу туралы шешiмді олардың жеке тұлғалық ерекшелiктерiн, олардың еңбекке тартылуын, жалпы және кәсiптiк бiлiм беру жүйесiнде оқуын ескере отырып, мекеме бастығы басқаратын мекеме комиссиясы қабылдайды. Комиссияның құрамына мекеме бастығының орынбасарлары, күзет, жедел, режим, тәрбие, арнайы, медициналық, психологиялық, өндiрiстiк қызметтердiң өкiлдерi кіредi. Кәмелетке толмағандарды ұстауға арналған орташа қауіпсіз мекемелерде комиссия құрамына, бұдан басқа, жалпы бiлiм беретін мектептiң және өндiрiстiк-техникалық училищенiң қызметкерлерi кiредi. Комиссия талқылауының нәтижесі бойынша мекеме бастығының бұйрығы шығарылады.

12. Сотталғанның мекемеге келгені туралы арнайы бөлім екі жұмыс күні ішінде сотталғанның таңдауы бойынша туысдарының біріне немесе заңды өкіліне мекеменің пошта мекенжайын, сотталғандардың сауқаттар, сәлемдемелер және бандерольдер арқылы және мекеменің дүкендерінен алуға, өздерінде болуға рұқсат етiлетiн заттар мен нәрселердің тiзбесiн, хат жазысу, ақшалай аударымдарын алу және жiберу, сыртқа шығулар, кездесулер ұсыну тәртiбiнiң негiзгi талаптарын, сотталғандардың телефон арқылы сөйлесу құқығын көрсете отырып, жазбаша хабарлама жолдайды.

Сотталған шетел азаматтарының және қамаққа алынғанға дейін шет елде тұрақты тұрған азаматтығы жоқ адамдардың келуі туралы хабарлама, сонымен қатар Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігіне жолданады.

 

3. Сотталғандар мен мекемелер персоналының
өзара қарым-қатынасы
13. Мекеме қызметкерлерiмен және мекемелерге барған басқа да лауазымды адамдармен кездескен кезде сотталғандар орнынан тұрады және олармен амандасады.

14. Сотталғандар мекеме қызметкерлерiмен «Сiз» деп сөйлеседі, оларды «мырза» немесе «офицер мырза» деп және одан әрi атағы, сондай-ақ аты және әкесінің аты бойынша атайды.

15. Мекемелер қызметкерлерi сотталғандармен «Сiз» деп сөйлеседі, оларды «мырза» немесе «сотталған азамат», «сотталған азаматша» деп, тегі немесе аты, аты мен әкесінің аты бойынша атайды. Кәмелетке толмағандарды ұстауға арналған орташа қауіпсіз мекемелерде қызметкерлер сотталғандармен «сен» және «тәрбиеленушi» деп, сондай-ақ атымен де атай алады.

16. Мекемелер персоналына сотталғандармен және олардың туысқандарымен қызмет мүддесiне байланысты емес қандай да бiр қарым-қатынас жасасуға,сондай-ақ олардың қылмыстық-атқару заңнамасында және осы Қағидаларда реттелмеген қызметiн пайдалануға жол берілмейді. 


4. Мекемелердегі күн тәртібі
1-Параграф. Күн тәртiбi
17. Әрбiр мекемеде сотталғандардың қандай да бір құрамымен жұмыс жасау ерекшелiктерiн, жыл мезгілін, жергiлiктi жағдайды және басқа да нақты жағдайлар ескеріле отырып, мекеме бастығы бекіткен қатаң регламенттелген күн тәртiбi ұйымдастырылады.

18. Күн тәртiбiне ұйқыдан тұру, тексеру, ұйқыға жату, дәретханаға бару, дене шынықтыру, тамақ iшу, жұмысқа тарату, жұмыста, оқуда, тәрбие және спорттық-бұқаралық іс-шараларда, кездесу бөлмелерінде, дүкенде, медициналық бөлімде болу, телефон арқылы сөйлесу уақыттары кiредi. Сотталғандардың үзiлiссiз сегiз сағаттық ұйқысы және оларға жеке уақыт беру көзделеді. Сотталғандардың жасақ бойынша аптасына кемінде бiр рет моншада жуынуы қарастырылады. Жасақтардың моншада жуыну күнi мен уақыты мекеме бастығы немесе оның мiндетiн атқарушы адам бекiткен кестемен белгiленедi, бұл ретте, бiр сотталғанның жуыну ұзақтығы отыз минуттан кем болмауы тиіс.

19. Күн тәртiбi (Осы Қағидаларға 3-қосымшада қөрсетілген үлгi күн тәртібі) стенд түрiнде ресiмделедi және көзге түсетiн жерге (плацқа, камераларда, жасақ, карантин бөлімшесінің үй-жайларына) орнатылады немесе iлiнедi, персоналға және сотталғандарға жеткiзiледi.
2-Параграф. Сотталғандарды жұмысқа тарату
20. Сотталғандар күн тәртiбiнде белгiленген уақытта жасақ, бригада бойынша жұмысқа тарату үшiн арнайы бөлiнген жерде сапқа тұрғызылады, бұл ретте карточкасы, тегi бойынша тексеру жүргiзiледi, олардың сыртқы пішіні және жынысы мен климаттық жағдайды ескере отырып, үлгісі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 28 қарашадағы № 1255 қаулысымен бекітілген маусым бойынша белгіленген киім нысаны (бұдан әрі – белгіленген киім нысаны) тексерiледi.

Мекемеде пайдалануға көзделмеген заттарды, бұйымдарды және заттектерді алып өтуіне жол бермеу мақсатында сотталғандар тексеріледі немесе тiнтiледi.

21. Мекеме бастықтары мекеме аумағында орналасқан кәсіпорындардың бастықтарымен бірлесіп, еңбек жағдайын ескере отырып, сотталғандардың өндiрiс объектiлерiндегi жүрiс-тұрыс тәртiбiн белгiлейдi, онда сотталғандардың объектiлерге саппен келуi, цех (учаске) бастықтарының немесе шеберлерінiң нұсқаулық өткiзулерi, жұмыс қорытындысын шығару, жұмыс орындарын тапсыру тәртiбi қарастырылады.

Камералық ұстау жағдайында сотталғандарды жұмысқа тарту ҚАК-нің 149-бабына сәйкес жүзеге асырылады.

Сотталғандарды пайдалануға жол берілмейтін жұмыстар мен лауазымдар тізбесі осы Қағидаларға 4-қосымшада белгіленген.


3-Параграф. Тамақтану
22. Сотталғандар асханаға күн тәртібімен белгiленген сағатта таза киім мен аяқ киімде келеді.

Тамақтану жасақ, бөлiмше, бригада бойынша асханада немесе жұмыс объектiлерiндегi тамақ тарататын үй-жайда жүзеге асырылады. Егер асхана тұрғын және өндiрiстiк аймақтардың түйіскен жерінде орналасса, жұмыстағы ауысымды тамақтандыру тұрғын аймақтағы адамдарды өндiрiсте жұмыс iстейтін сотталғандардан оқшаулауды қамтамасыз ете отырып, асханада ұйымдастырылуы мүмкін.

23. Тамақтанар алдында сотталғандар сыртқы киімдері мен бас киімдерін шешеді.

24. Күдіктілерді, айыпталушыларды, сотталғандарды және қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінің балалар үйлеріндегі балалардың тамақ құндылығы мен қуаттылығы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 28 қарашадағы № 1255 қаулысымен бекітілген тамақтандырудың заттай нормалары сәйкес болуы тиіс және санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды ескере отырып, дайындалады және берiледi.

25. Кәмелетке толмағандарды ұстауға арналған орташа қауіпсіз мекемелерде таңғы, түскi және кешкi ас асханаларда ұйымдастырылады.

26. Коммуналдық-тұрмыстық объектiлердiң (монша, шаштараз, кiр жуатын үй) үздiксiз жұмысын қамтамасыз ету мақсатында мекеме бастығының рұқсатымен осы объектiлерде жұмыс iстейтін сотталғандар жеке кесте бойынша тамақтанады.

27. Жазаны өтеудің жеңілдікті жағдайларында ұсталатын, сондай-ақ мекеменің аумағынын тыс жерде тұратын сотталғандар тұратын жерлерiнде немесе жұмыс объектiлерiнде тамақтанады.

28. Камераларда ұсталатын сотталғандар тамақты камерада қабылдайды, ал жазаны өтеудің жеңiлдетiлген және жеңілдікті жағдайларындағы сотталғандар асханада тамақтанады.

29. Туберкулезден емдеуге арналған емдеу-профилактикалық мекемелерiнде ұсталатын сотталғандар медициналық көрсеткiштердің негiзiнде берілген емдеушi дәрiгердiң жазбаша рұқсатымен тамақты тұратын жерлерінде (медициналық палаталарда немесе туберкулездiң микробактерияларын бөлетiн сотталғандарға арналған бөлiмшелердегi ас қабылдау бөлмелерiнде) қабылдайды.

30. Тәртіпті сақтау және сотталғандардың даулы жағдайларына жол бермеу мақсатында тамақтану кезiнде асханаларда мекеме әкiмшiлiгінің өкiлдерi мен әскерлердің әскери қызметшілері болады.

Асханада тамақтану кезінде белгіленген тәртіп сақталуы тиіс.

4-Параграф. Сотталғандарды жеке қабылдау
31. Мекеме басшылығы, сондай-ақ бөлiмдер мен қызмет бастықтары сотталғандарды жеке қабылдауды сотталғандардың назарына жеткізілетін кесте бойынша жүзеге асырады, бірақ кемінде аптасына 1 рет. Қабылдауға жазылған сотталғандарды есепке алуды әрбір жауапты жұмыскер сотталғандардың көтерген мәселелерi мен оларды қарау нәтижелерiн көрсете отырып, осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сотталғандарды жеке мәселелері бойынша қабылдау журналында жүргiзедi. Мекеме бастығы журналдың жүргiзілуiн кемiнде айына бір рет бақылайды. Жеке қабылдау сотталғандардың алдын ала жазбаша өтiнiшi бойынша жүзеге асырылады.

Қажет болған жағдайда мекеме әкімшілігі сотталғандарды жеке мәселелері бойынша қабылдауды жүзеге асыру үшін Ұлттық ұланның өкілдерін тартады.

Кәмелетке толмағандарды ұстауға арналған орташа қауіпсіз мекемелерде жеке мәселелер бойынша қабылдауды күн сайын мекеме басшылығы, сондай-ақ бөлiмдер мен қызмет бастықтары жүзеге асырады.

32. Қылмыстық-атқару жүйесiнiң жоғары тұрған органдарының қызметкерлерi мекемеге барған кезде өздерiнiң құзыретіне жататын мәселелер бойынша сотталғандарды қабылдайды. Осы қызметкерлер қабылдаған сотталғандардың есебi көрсетілген журналдың екiншi бөлiмiнде жүргiзiледi.

33. Мекемелердің бастықтары немесе олар уәкiлеттiк берген адамдар қабылдау кезінде қабылданған шешiмдердiң орындалуын кемiнде айына бiр рет тексередi.
5-Параграф. Сотталғандардың бар-жоғын тексеру
34. Мекемеде сотталғандардың бар-жоғын тексеру күн сайын таңертең және кешке күн тәртiбiнде белгiленген сағатта жүзеге асырылады. Қажет болған жағдайларда сотталғандарға қосымша тексеріс жүргізіледі. Бір уақытта сотталғандардың сыртқы пішіні және киімнің белгіленген нысанға сәйкестігі тексеріледі.

Қауіпсіздігі барынша төмен мекемелерде ұсталатындарды қоспағанда, сотталғандар үлгісі осы Қағидаларға 6-қосымшада көрсетілген сотталғандарға арналған кеуде және жеңге тағатын айырым белгілері бар киімдер киеді.

Қауіпсіздігі барынша төмен мекемелерде азаматтық киім қатаң стильге сәйкес болуы тиіс.

35. Тексеру плацта жасақтар бойынша сапқа тұрғызу арқылы жүргізіледі. Сотталғандарды карточкалары бойынша салыстырып тексеру, содан кейін сотталғандардың жалпы санын есептеу жүргізіледі. Сапқа тұрғызудан түнгі ауысымдағы жұмыстан кейін демалып жатқандар, төсек тартып жатқан ауруы бойынша босатылған сотталғандар, сондай-ақ тастап кетуі мүмкін емес жұмыстардағы сотталғандар босатылады. Мұндай адамдардың бар-жоғын тексеру олар орналасқан орындарда жүргiзiледі.

Емдеу-профилактикалық мекемелерінде сотталғандарды тексеру оқшауланған учаскелер немесе палаталар бойынша жүргізіледі.

36. Қолайсыз ауа-райы (жауын-шашын, қар, боран, бұршақ), сондай-ақ ауа температурасы - 25 градус және одан төмен болған кезде сотталғандарды тексеру тұрғын үй-жайларда жасақ бойынша өткiзiледi.

37. Таңертеңгi және кешкi тексерулер 40 минуттан аспауы тиіс.

38. Камераларда, тәртiптік изоляторларда, жалғыз адамдық камераларда және уақытша оқшаулау үй-жайларында сотталғандардың бар-жоғын тексеру камера бойынша, ал жазаны өтеудің қатаң жағдайында ұсталатындар, қауiпсiз орындарда, жазаны өтеудің жеңілдікті жағдайындағыларды, карантин үй-жайларындағы тексеру, олар тұратын жерінде жүргізіледі.

39. Тексерудi жүзеге асыру үшiн әр сотталғанға осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша фотосуретi бар карточка жасалады, онда тегi, аты, әкесiнiң аты (бар болса), туған күнi, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің (бұдан әрі - ҚК) баптары, бас бостандығынан айыру мерзiмi, мерзiмiнiң басталуы мен аяқталуы, жасақ, бригада нөмiрi, мекемеге келген күнi көрсетiледi. Картотеканы кезекшi немесе режим қызметiнiң бекiтiлген қызметкерi жүргiзедi. Картотека кезекшi бөлiмде арнайы дайындалған жәшiкте сақталады. Профилактикалық есепке қойылған сотталғандардың тексеру карточкасына айыру жолақтары салынады: қашуға бейiм сотталғандар үшiн – қызыл түс; профилактикалық есептің басқа түрлеріне – қара түс.

40. Қашуға бейiм ретiнде профилактикалық есепте тұрған сотталғандарды тегi бойынша карточкалық тексеру ұйқыға арналған уақытты қоспағанда, әрбiр екi сағат сайын, оларды жалпы тексеру жүргізетін орындарда сапқа тұрғызу арқылы қосымша жүзеге асырылады.


6-Параграф. Сотталғандардың мекеме шегiнде жүру тәртiбi
41. Сотталғандар топтарының мекеме аумағы бойынша жүруі (саппен жүру тек сотталғандарды тексеру және тамақтану кезінде көзделген қауіпсіздігі барынша төмен мекемелерді қоспағанда) тек саппен және белгіленген киім нысанында, олардың ішіндегі жетекшісінің басқаруымен немесе мекеме әкімшілігі өкілінің еріп жүруімен жүзеге асырылады.

42. Жеке уақыты кезінде сотталғандар тек оқшауланған учаскелер шегiнде, ал мекеме аумағының басқа бөлiгiнде мекеме әкiмшiлiгі өкiлдерiнiң жазбаша рұқсатымен жүре алады.

43. Жазасын қатаң жағдайда өтеушi сотталғандардың құлыпталатын үй-жайлардан тыс жерлерде жүруі тек қана мекеме әкiмшiлiгі өкiлдерiнiң еріп жүруi арқылы жүзеге асырылады.

5. Бас бостандығынан айыруға сотталғандардың тамақ

өнiмдерiн және бiрiншi кезекте қажетті заттарды сатып алуы,

сотталғандардың сауқат, сәлемдеме, бандерольдер алуы, қосымша қызметтер көрсету, мекемелерде пайдалануға тыйым салынған заттар мен құжаттарды алу тәртібі
1-Параграф. Бас бостандығынан айыруға сотталғандардың
тамақ өнiмдерiн, бiрiншi кезекте қажетті заттарды сатып
алу, қосымша қызметтер ұсыну тәртiбi
44. Сотталғандарға тамақ өнiмдерiн және бiрiншi кезекте қажетті заттарды сату үшiн мекемелерде демалыс және мереке күндерiн қоспағанда, күн сайын жұмыс істейтін дүкендер ұйымдастырылады. Сотталғандар күн тәртiбiмен бөлiнген уақытта, кезекке тұруды (жасақ, бригада және камералар бойынша) ескере отырып, қолма-қол ақша төлемсiз осы дүкендердің қызметін пайдалана алады.

Дүкендерде осы Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес сотталғандардың сауқат, сәлемдемелер мен бандерольдер арқылы және мекеменің дүкендерінен алуға, өздерінде болуға рұқсат етiлетiн Заттар мен нәрселердің тiзбесiмен (бұдан әрі - Тізбе) рұқсат етілген барлық тауарлардың, заттар мен нәрселердің түр-түрінің болуы көзделеді.

45. Жалғыз адамдық камераларда, қауiпсiз орында, жазаны өтеудің қатаң жағдайында ұсталатын, ӨББА-ға және ӨЖ-ге сотталғандар үшін тамақ өнімдерін, оның ішінде шайды және бiрiншi кезекте қажетті заттарды олардың өтiнiштерi бойынша мекеменің тиiстi қызметінің қызметкерлерi сатып алады. Сатып алынған тауар осы Қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтiнiш негізінде қолын қойғызу арқылы сотталғанға беріледi.

46. ӨББА-ға және ӨЖ-ге сотталғандардан басқалары, сотталғандар өздерiнiң қалауы бойынша өз қаражаттары есебінен мекемелердің орналасқан ауданындағы коммуналдық-тұрмыстық қызмет көрсету кәсiпорындарының, денсаулық сақтау органдары медициналық мекемелерiнің қосымша қызметтерiн пайдалана алады.

47. Қосымша қызметтерге: киiм және аяқ киiм, оның ішінде азаматтық үлгiдегi киімдерді тігу, оларды жөндеу, киiм тазалау, фото-бейне түсiру (мекеме әкiмшiлiгінің бақылауымен жүргiзiледi), шаштараз қызметi, сот құжаттарын, сотталғандардың жеке iстерiндегi өзге де құжаттардың көшiрмесiн жасау, нотариалдық қызмет, аудармашы қызметі, ақылы медициналық қызмет көрсету жатады.

Қауіпсіздігі барынша төмен мекемелерде жазасын өтейтін сотталғандар сырттай оқуға ақша төлеп, жоғары және орта бiлiмнен кейiнгi білім беру ұйымдарында оқи алады.

48. Сотталғандардың өз қаражатынан төленетiн қосымша қызметтер олардың мекеме бастығының атына берген жазбаша өтініші бойынша көрсетiледi.

Қосымша қызмет көрсету үшін мекеме әкімшілігі тиісті маманды (жұмыскер) шақыртады.

49. Сотталғанның жазбаша өтінішінде көрсетілген қосымша қызметтер үшін төлем мекеменің ақшаны уақытша орналастырудың қолма-қол ақшаны бақылау шоттарынан қызмет көрсеткен тиiстi кәсiпорынның, мекеменiң, ұйымның немесе маманның (жұмыскердiң) атына пошта (телеграф) арқылы ақша аудару жолымен жүзеге асырылады.
2-Параграф. Сотталғандардың сауқат, сәлемдеме, бандерольдерді алу тәртiбi
50. Сотталғандар сәлем-сауқат және бандерольдердi мекемеге келген кезден бастап, ал сәлемдемелерді оларға кездесу ұсынған кезде ала алады. Оған құқығы жоқ адамдардың, сондай-ақ босатылған немесе қайтыс болғандардың атына келiп түскен кезде, олар керi қайтару себебiн, төлем сомасын көрсете отырып, жөнелтушiге қайтарылады. Басқа мекемелерге ауыстырылған сотталғандардың атына келген сауқаттар мен бандерольдер мекеменің есебiнен олардың жаңа ұсталатын жеріне жiберiледi.

Сотталғандардың өздерінде болуға, сауқаттар, сәлемдемелер мен бандерольдер арқылы және мекемелердің дүкендерінен сатып алуға рұқсат етiлетiн заттар мен нәрселердің тiзбесi осы Қағидаларға 8-қосымшада белгіленген.

51. Сауқат, бандерольдер және хат-хабардың жеткiзілуіне жауапты мекеме жұмыскерi оларды пошта бөлiмшесiнен алған кезде қаптамалардың, тапсырыс хаттар конверттерінің тұтастығын мұқият тексередi. Бүлінгені анықталған жағдайда екi данада актi жасайды (еркін нысанда), онда бүлінудің сипатын көрсетеді және оған пошта бөлiмшесi жұмыскерiнің қолын қойғызады. Бiр данасын пошта бөлімшесінде қалдырады, екiншiсiн жинақтау папкасына тiгедi.

52. ҚАК-нің 136, 138, 140, 141, 145, 151-баптарында көзделгендермен қатар, кезектілер есебіне: 

1) сотталғанның босатылуына дейiн бiр ай бұрын алынған, қоймада сақталатын және босатылған күнi берiлетiн киiмдерi мен аяқ киiмi бар сауқат немесе сәлемдеме;

2) сотталғанның тапсырысы бойынша кiтап сауда жүйесiнен алдырған бандерольдерi;


3) ішінде жеке гигиеналық заттар мен iш киiмі бар сауқаттар мен бандерольдер;

4) медициналық қорытындыға сәйкес дәрілік құралдар мен медициналық мақсаттағы бұйымдар есептелмейді.

53. Сотталған жүкті әйелдер және бала емізетін аналар еркі бойынша медициналық қорытындымен айқындалатын санда және түр-түрімен азық-түлік сауқаттары мен сәлемдемелерді ала алады.

54. Сауқат, сәлемдеме және бандерольдердiң ішіндегіні, сондай-ақ тапсырыс хаттарды адресаттардың қатысуымен жауапты жұмыскер мекеменің қызметкерлерiмен бiрге ашып қарайды. Тізбеде көзделмеген табылған заттар, бұйымдар мен заттектер алынады және осы Қағидалардың 62-тармағына сәйкес шешiм қабылданады.

55. Сотталғандардың мекенжайына келіп түскен сауқат, сәлемдеме және бандерольдер ішіндегілердің және нысанын қылмыстық-атқару қызметі саласында уәкілетті орган белгілейтін олардың ішіндегілерінің тiзбесi мен салмағы сәлемдемелер мен бандерольдерді беруді есепке алу журналына тіркеледі, оның нысаны Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 20 тамыздағы № 536 бұйрығымен бекітілген Қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелерінде ұсталатын адамдардың мінез-құлқына бақылау мен қадағалауды жүзеге асыру жөніндегі қызметті ұйымдастыру және жете тексеру мен тінту жүргізу қағидаларында (бұдан әрі - ҚАЖ мекемелерінде ұсталатын адамдардың мінез-құлқына бақылау мен қадағалауды жүзеге асыру жөніндегі қызметті ұйымдастыру қағидалары) көрсетілген.

56. Мекемеге келген сотталғандардың туысқандарына немесе өзге адамдарға мекеме әкiмшiлiгі тиiстi сауқат, сәлемдеме, бандерольдердiң орнына оларды сотталғандарға беру мақсатында мекеменің дүкенi арқылы тамақ өнімдерін және бiрiншi кезекте қажетті заттарды сатып алу мүмкiндiгi бар екенiн түсiндiредi. Мұндай жағдайда аталған адамдар сотталғандарға беру үшiн тамақ өнімдерінің және бiрiншi кезекте қажетті заттардың саны, салмағы көрсетілген екi данадағы өтiнiш бередi және олардың құнын төлейдi. Сотталғандар мұндай сәлемдемелердi алғаннан соң өтiнiштiң бiрiншi данасы осы сәлемдемелердiң құнын төлеген адамға берiледi, екiншi данасы жеке iске тiгiледi.

57. Саны мен түр-түрі медициналық қорытындыда айқындалған, сондай-ақ сотталған жүкті әйелдер мен бала емізетін аналарға арналған сауқаттар мен сәлемдемелер тексеруден кейін адресаттарға беріледі. Медициналық қорытындыға сәйкес сотталғандар алатын дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдар мекеменің медициналық бөлімінің жауапты қызметкерлеріне беріледі.

58. Тәртiптiк изоляторларда ұсталған сотталғандарға сауқат, сәлемдеме және бандерольдер жазалау шарасын өтегеннен кейін тапсырылады, ӨББА-ға және ӨЖ-ге сотталғандарға мекеме әкiмшiлiгi камерада тапсырады. Мекеме әкiмшiлiгi сауқат, сәлемдеме және бандерольдердің ішіндегілердің сақталуын қамтамасыз етедi, алайда ішіндегі заттардың ұзақ уақыт сақтау салдарынан табиғи бұзылуына жауапты болмайды.

59. Мекеме әкімшілігінің рұқсатымен сотталғандар өз қаражаты есебінен туысқандарына және өзге де адамдарға мекеменің дүкенiнен сатып алынған тамақ өнімдерін және бiрiншi кезекте қажетті заттарды, сондай-ақ өзiнiң жеке пайдалануындағы немесе қоймада сақтаудағы заттар мен бұйымдарды сауқат және бандерольмен жiбере алады. Жіберуге арналған затты мекеме әкімшілігінің өкілдері сотталғанның қатысуымен қарап тексереді.


Каталог: portal -> page -> portal -> mvd -> mvd page -> mvd norm baza current -> mvd nb doc
mvd nb doc -> Ерікті өрт сөндірушілерді бастапқы даярлаудың оқу бағдарламасы
mvd nb doc -> Кейбір күші жойылған бұйрықтардың тізбесі
mvd nb doc -> № исх: 8-5-47/2450-И/вн от: 07. 12. 2015 Қазақстан Республикасы
mvd nb doc -> О функционировании массива
mvd nb doc -> Ұйымдардың қызметкерлері мен халықты өрт қауіпсіздігі шараларына
mvd nb doc -> Р/с Жобада көрсетілуі тиіс мәліметтердің тізбесі
mvd nb doc -> Қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесі мекемелерінің аумағында
mvd nb doc -> Қазақстан Республикасындағы бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және пробация қызметінің есебінде тұрған азаматтарды әлеуметтік оңалтудың кешенді стратегиясы Мазмұны
mvd nb doc -> «Қазақстан Республикасы азаматының паспортына ата-аналарымен бірге шетелге шыққан жағдайларда он алты жасқа дейінгі балалар туралы фотосуреттері жапсырылған жазба» мемлекеттік


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет