Қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесі мекемелерінің аумағында



жүктеу 114.32 Kb.
Дата17.02.2018
өлшемі114.32 Kb.





Жоба
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 20___жылғы «___»_________

қаулысымен бекітілген



Қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесі мекемелерінің аумағында арнайы техникалық жабдықты пайдаланудағы

өзара іс-қимыл жасасу қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесі мекемелерінің аумағында арнайы техникалық жабдықты (бұдан әрі - АТЖ) пайдаланудағы өзара іс-қимыл жасасу қағидалары (бұдан әрі - Қағида) қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесі мекемелерінің аумағында абоненттік құрылғыларды анықтау және (немесе) санкциясыз пайдаланудың жолын кесу мақсатында қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесі уәкілетті органы, оның аумақтық бөлімшелері, мемлекеттік органдар, АТЖ жеткізушілері мен байланыс операторлары арасындағы өзара іс-қимыл жасасу тәртібін айқындайды.

2. Қағида «Байланыс туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 5 шілдедегі Заңы негізінде және Қазақстан Республикасы Қылмыстық-атқару кодексінің талаптарына сәйкес:

1) қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінің аумағында радиосигналдарды бұғаттау немесе абоненттік құрылғыларды санкциясыз пайдалануды анықтау және (немесе) жолын кесу үшін АТЖ-ны орнату кезінде ішкі істер органдарына ұялы байланыс операторлары консультациялық-техникалық жәрдемдесу;

2) мекемелер аумағында радиосигналдың таралуын азайту мақсатында уақытылы ден қоюды және шаралар қабылдауды қоса алғанда, меншікті байланыс желілерін оңтайландыру мақсаттарын іске асыру үшін әзірленеді.

3. Осы Қағидада келесі ұғымдар пайдаланылады:

1) ұялы байланыстың базалық станциясы - абоненттік құрылғылармен ақырғы байланысты жүзеге асыратын, радиохабарлағыштың кешенді аппаратурасы (қабылдап таратқыш, ретрансляторлар);

2) дуплексті алшақтау жолағы - аралықтары бөлінген, беру белдеулері және қабылдау түрлі белдеулер жолақтарындағы жиіліктердің байланыс желісінің жұмыс режимі;

3) консультациялық-техникалық жәрдемдесу - қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесі мекемелерімен, Қазақстан Республикасы әскери басқармасының орталық атқарушы органымен, байланыс операторларымен және ұялы байланыс қызметін санкциясыз пайдаланудың электронды жолын кесу үшін АТЖ жобалау, дайындау, орнату және пайдалануын сүйемелдеу, сонымен қатар қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінің аумағында байланыс қызметін санкциясыз пайдаланудың ұйымдастырушылық жолын кесу әдістерін әзірлеу және пайдалану бойынша жұмыстарда қызмет көрсетуші жеткізушілерімен өзара іс-қимыл жасасу;

4) байланыс қызметін санкциясыз пайдаланудың жолын кесудің ұйымдастырушылық шаралары - байланыс дыбыстарын радиобасу құрылғысын пайдаланусыз Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген байланыс қызметін санкциясыз пайдаланудың жолын кесу әдістері;

5) байланыс операторы – байланыс қызметін көрсететін Қазақстан Республикасының аумағында тіркелген заңды тұлға;

6) меншікті байланыс желілерін оңтайландыру - қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесі мекемелерінің аумағына жақын жерлердегі байланыс қызметінің сапасына зиян келтірусіз АТЖ-ны пайдалану және орнату кезінде қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесі мекемелерінің аумақтарын жақын жерлерде меншікті желілерін жиілікті жоспарлауда байланыс операторымен келісілген және қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесі бастамашылығын іске асыру;

7) АТЖ жеткізушісі - қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесі мекемесімен абоненттік құрылғыларды санкциясыз пайдалануды анықтау және (немесе) оның жолын кесу, бұғаттау үшін мекемелердің аумағында АТЖ әзірлеу, орнату және пайдаланылуын сүйемелдеу қызмет көрсетуін жеткізуші ретінде белгіленген ұйым;

8) арнайы техникалық жабдық - абоненттік құрылғыларды санкциясыз пайдалануды анықтау және (немесе) оның жолын кесуді, сондай-ақ ұялы байланысты электронды түрде басуды жүзеге асыратын жоғары жиілікті құрылғы;

9) қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің уәкілетті органының аумақтық органы - (бұдан әрі – ҚАЖ аумақтық органы) – қылмыстық-атқару жүйесінің уәкілетті органының аумақтық ведомствосы;

10) қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің мекемелерінің аумағы - қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесі мекемелерінің негізгі қоршаудан елу метрден кем емес қашықтықта белгіленген шекарасы, жерлерін ерекше жағдайда пайдаланатын аймақ;

11) қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің уәкілетті органы (бұдан әрі – ҚАЖ уәкілетті орган) - өзінің құзыреті шегінде бақылаушылық және (немесе) іске асыру функцияларын жүзеге асыратын қылмыстық-атқару қызметі саласындағы уәкілетті орган ведомствосы;

12) қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесі мекемесі (бұдан әрі - мекеме) – бас бостандығынан айыру түріндегі жазаларды орындауға, сондай-ақ өлім жазасына сотталғандарды ұстауға арналған мемлкеттік мекеме;

13) байланыс саласындағы уәкілетті орган – Қазақстан Республикасының Үкіметімен айқындалған, байланыс саласындағы мемлекеттік саясатты, мемлекеттік бақылауды, байланыс саласында қызмет көрсететін немесе оны пайдаланатын адамның үйлестіру мен реттеуді іске асыратын орталық атқарушы орган;

14) Қазақстан Республикасы әскери басқармасының орталық атқарушы органы (бұдан әрі - ӘБОАО) - Қазақстан Республикасында (радио жиілік арна) радио жиілікті, жиілік жолағын тарату, бөлу иемдену және жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының радио жиілікті орган;

15) ұялы байланыс қызметін санкциясыз пайдаланудың электрондық жолын кесу – мекемелерден тыс шықпайтын «дыбыстық» радио сәулелендіргіш арқылы сәулелену ұялы байланыс дабылдарын басу жабдықтарын мекемелер аумақтарында пайдалану;

16) электрлік байланыс (телекоммуникация) - сымдар, радио, оптикалық және басқа да электромагниттік жүйелері (бұдан әрі - байланыс) бойынша белгілерді, дабылдарды, дауысты ақпараттарды, жазбаша мәтіндерді, бейнелерді беру немес қабылдау;

17) электромагниттік үйлесімділік (бұдан әрі - ЭМҮ) - техникалық құралдардың оларға көзделмеген радиобөгеуілдердің әсер етуі кезінде талап етілетін сапасын және басқа техникалық құралдарда жол берілмейтін радиобөгеуіл құрмауда шынайы жағдайдаларда бірмезгілде жұмыс істеу техникалық құралдардың қабілеттілігі.



2.Мекемелер аумақтарында АТЖ-ны орналастыруды жоспарлау
4. Мекеме аумағында өткізілетін байланыс абоненттік құрылғыларды санкциясыз пайдалануды электрондық және ұйымдастырушылық жолын кесу бойынша барлық қажетті жұмыстар мекеменің АТЖ жеткізушілерімен тиісті келісім шарттар жасасуы арқылы жүзеге асырылады.

5. Байланыс операторларынан консультациялық-техникалық жәрдемді алу мақсатында аумақтық ҚАЖ органы құрамына мекемелердің, байланыс саласындағы уәкілетті органның, ӘБОАО, АТЖ жеткізушілері және келісім бойынша байланыс операторларының өкілдерін қоса отырып, өз бұйрығымен тұрақты жұмыс тобын құрады.

6. Байланыс операторлары консультациялық-техникалық жәрдемдесуде мекемелерге қаржылық және де басқа да материалдық көмек көрсетпейді.

7. Өзінің аумағына АТЖ орнатуды жоспарлаған мекеме АТЖ жеткізушісіне техникалық тапсырмалар жобасын жұмыс тобына қарауға ұсынады, оның ішінде:

1) қызметтік объектілердің (ғимараттар мен басқа да имараттар) орналасу орны мен көлемін көрсете отырып, мекеме аумағының жалпы жоспары (сызбасы);

2) сатып алуға көзделген АТЖ техникалық сипаттамасына қатысты түсініктемелер мен қажетті құжаттары (төлқұжат, жиіліктер ауқымы, қуаты, әсер ету радиусы, АТЖ-ның антенналық жүйесі мен (таратқыштарының орналасу жоспары) антенналарды орнатуға жоспарланған орны мен биіктігі;

3) АТЖ параметлерінің осы Қағида қосымшасында жазылған міндетті техникалық талаптарын сәйкестігін құжаттық растау.

8. Техникалық тапсырмалар жобасына жұмыс тобы мүшелерінің дәлелденген ұсыныстары бойынша басқа да мәліметтерді қосуға рұқсат етіледі.



3. АТЖ-ны пайдалануға енгізу
9. АТЖ-ны іске қосу үшін мекеме радиожиілік спектрінің жолағын (бұдан әрі - РЖС), АТҚ қауіпсіздігінің сертификатын, санитариялық-эпидемиологиялық қорытындысын, электромагниттік үйлесімділіктің сараптамасын, АТЖ-ны іске қосу құқығын пайдалануға рұқсат етуді қоса алғанда, Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген барлық рұқсат ету құжаттарын ресімдеуге міндетті.

10. РЖС алшақтау жолақтарын пайдаланатын базалық станциялардың сигналдарын басу үшін, АТЖ үшін РЖС-ны пайдалануға рұқсат тек базалық станцияларынан (down-link) түскен сәуле үшін пайдаланылатын радиожиілік диапазонында беріледі.

11. Ұялы байланыстардың базалық станцияларының сәулелерімен бірге АТЖ сәулелерінің ЭМҮ сараптамасы мекеменің аумағына іргелес жатқан аумақтардағы базалық станциялардың жұмысына кедергіні болдырмау мақсатында, байланыс операторлары мен АТҚ жеткізушілерінің қатысуларымен аспаптық сынақ өлшемдері арқылы ӘБОАО өткізіледі.

12. АТЖ-ны тестілеу кезінде байланыс операторлары осы Қағидаға қосымшаларынажазылған міндетті техникалық талаптарға сәйкес, мекеменің аумақтарында өздерінің базалық станцияларының сәулелену деңгейіне жету мақсатында, өз байланыс желілерін оңтайландыруды жүргізеді.

13. Мекеме жоғарыда көрсетілген барлық рұқсат беру құжаттарын ұсынғаннан кейін жұмыс тобының хаттамалық шешімі негізінде ӘБОАО АТЖ-ны пайдалануға рұқсат береді.

4. АТЖ-ны пайдаланымдық сүйемелдеу
14. АТЖ-ны пайдаланымдық сүйемелдеу техникалық тапсырмаларға сәйкес пайдалану кепілдік мерзімі кезеңінде АТЖ-ны жеткізушілермен жүзеге асырылады, ал кепілдік мерзімі аяқталғаннан кейінгі кезеңде мекеменің таңдауы бойынша АТЖ-ны жеткізушілермен немесе басқа ұйымдармен жүзеге асырылады. Бұл ретте, АТЖ-ны іске қосуды «электробайланыс» мамандығы бойынша кәсіби техникалық білімі бар, оқуы және тиісті құжатттары (сертификаттары) бар білікті мамандар жүзеге асыруы тиіс.

15. АТЖ-ны пайдаланымдық бойынша іс-шараларда:

1) АТЖ жұмысына үнемі бақылау және техникалық тапсырмаларды және рұқсат беру құжаттарымен белгіленген АТЖ параметрлерін ұстануды;

2) мекеме аумағынан тыс жерде байланыс операторларының желілік жұмыстарына маңызды кедергінің туындауымен АТЖ жұмысының немесе оның АТЖ сәулесін басатын бөлшектерінің істен шығуын анықтағанда тоқтуды;

3) ақаулық анықталған сәттен бастап барынша қысқа мерзімде, қажет болған жағдайда жөндеу және реттеу жұмыстарын жүргізуді қамтиды.

16. АТЖ жұмысын қадағалау бойынша бақылау іс-шараларын ӘБОАО жүзеге асырады.

17. Байланыс операторлары мекеме аумағынан тыс жердегі АТЖ туындататын өз желілерінің базалық станцияларының жұмыстарында кедергілерді анықтаған кезде дереу бұл туралы мекемені, ҚАЖ аумақтық органын және байланыс саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшелерін хабардар етеді.

Ақпарат ресми хаттар, электрондық пошта бойынша хабарламалар, сондай-ақ ауызша телефон арқылы хабарлама түрінде жіберілуі мүмкін.

Қажетті жағдайда мекеме аумағынан тыс жерлерде АТҚ кедергілер барын растау үшін байланыс саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшелерінің мамандарын тартылуымен және мекеме мен байланыс операторларының өкілдерінің қатысуымен бақылау өлшемдерін жүргізеді.

Байланыс операторынан мекеме аумағының тыс жерінен өз желілерінің базалық станция жұмысынан кедергінің анықталғаны туралы хабар алғаннан кейін мекеме, ҚАЖ аумақтық орган АТЖ жеткізуші немесе АТЖ пайдаланымдық сүйемелдеуді жүзеге асырушы ұйымдары өкілдерінің қатысуымен кедергілерді жою бойынша жұмысты күнтізбелік бес күн мерзім ішінде ұйымдастырады.

18. Кедергілерді жойғаннан кейін АТЖ-ны пайдалануға қайта іске қосу мекеменің, ҚАЖ аумақтық органның, АТЖ пайдаланымдық сүйемелдеуді жүзеге асырушы немесе жеткізуші ұйымдардың, байланыс саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшелеріндін өкілдерінің және байланыс операторы қол қойған кедергілерді жою туралы акті негізінде жүргізіледі.

5. Мемлекеттік органдардың, ұйымдар мен

жұмыс тобы мүшелерінің құзыреті
19. Аумақтық ҚАЖ органы өз құзыреті шегінде:

1) мекемелердің аумағында абоненттік құрылғыларды санкциясыз пайдалануды анықтау (немесе) оның жолын кесу жөніндегі мекеменің жұмысын реттейді;

2) мекеменің, ӘБОАО, байланыс шегінде уәкілетті органдардың, АТЖ жеткізушісінің және байланыс операторлары өкілдерінен жұмыс тобының қызметін өзінің бұйрығымен құрады және ұйымдастырады;

3) жұмыс тобының хаттамаларының шешімін ресімдейді және олардың орындалуына бақылауды жүзеге асырады;

4) жұмыс тобының қызметіне бақылау жасайды;

5) дауыс беру құқығымен жұмыс тобының отырыстарына қатысады.

20. Мекеме өз құзыреті шегінде:

1) дауыс беру құқығымен жұмыс тобының отырыстарына қатысады;

2) АТЖ жұмысын жеткізуге, жөндеуге және пайдаланымдық сүйемелдеуге техникалық тапсырманың жобасын дайындайды және оны жұмыс тобының талқылауына ұсынады;

3) АТЖ-ны іске қосу мүмкіндігі үшін барлық қажетті рұқсат беру құжаттарын ресімдейді;

4) өз аумағында АТЖ-ның тиімді жұмыс істеуі және сақталуы бойынша шараларды қамтамасыз етеді;

5) АТЖ-ны жеткізуге, жөндеуге және пайдаланымдық сүйемелдеуге келісім-шарттарды жасайды;

6) ұялы байланыс желісінің жұмысына кедергілерді туындататын мекеменің аумағынан тыс жерде АТЖ сәулелесінің шығуын анықтаған кезде АТЖ –ны баптау бойынша шаралар қабылдайды;

7) АТЖ жұмысында ақаулықтар анықталған жағдайда оны қысқа уақытта жөндеу және реттеу бойынша шаралар қабылдайды;

8) мекеменің аумағында және одан тыс жерлерде АТЖ сәулеленудің және базалық станциялардың деңгейін өлшеге қатысады;

21. ӘБОАО өз құзыреті шегінде:

1) дауыс беру құқығымен жұмыс тобының отырыстарына қатысады;

2) мекемелерге РЖС жолағын пайдалану құқығына рұқсат береді;

3) АТЖ жұмысын тестілеуді өткізеді және АТЖ сәулеленуін мекеменің аумағынан тыс жердегі байланыс желілерінің базалық станцияларының сәулелерінің ЭМҮ сараптамаға береді;

4) АТЖ пайдалану үшін мекемелерге қажетті рұқсат беру құжаттарын береді;

5) осы Қағида қосымшаларында жазылған міндетті техникалық талаптардың орындалуын тексеру үшін мекеменің аумағында бақылау өлшеулерін өткізеді;

6) АТЖ жұмысына үнемі техникалық бақылауды жүзеге асырады;

22. Байланыс саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшелері өз құзыреті шегінде:

1) дауыс беру құқығымен жұмыс тобының отырыстарына қатысады;

2) мекеме аумағының тыс жерінде АТЖ сәулеленуін анықтаған кезде бақылау өлшеулерінің өткізілуін ұйымдастырады және өлшеулердің нәтижелері бойынша акт құрады, кейіннен оны жұмыс тобына ұсынады;

23. АТЖ-ны жеткізуші (АТЖ пайдаланымдық сүйемелдеуді жүзеге асырушы ұйым):

1) дауыс беру құқығынсыз жұмыс тобының отырыстарына қатысады;

2) келісім шарттарға және техникалық тапсырмаларға сәйкес, АТЖ-ны сатып алу, жөндеу, баптау және пайланымдық сүйемелдеу бойынша барлық іс-шараларды орындайды;

3) қажетті жағдайда қысқа уақытта АТЖ жөндеуді және баптауды қамтамасыз етеді;

4) консультациялық-техникалық көмек алу үшін байланыс операторларымен өзара байланыста болады;

5) мекеменің аумағында және одан тыс жерлерде АТЖ сәулеленулердің және базалық станциялардың деңгейін өлшеуге қатысады;

24. Байланыс операторы:

1) дауыс беру құқығынсыз жұмыс тобының отырыстарына қатысады;

2) осы Қағида қосымшаларында жазылған міндетті техникалық талаптарды орындау мақсатында, өздерінің базалық станцияларының жұмысын оңтайландыруды жүргізеді;

3) АТЖ сәулелерімен мекеменің аумағынан тыс жердегі байланыс желілерінің базалық станцияларының сәулелерінің ЭМҮ сараптамасын жүргізу кезіндегі АТЖ жұмысын тестілеуге қатысады;

4) мекеме аумағынан тыс жердегі өз желілерінің базалық станцияларының жұмыстарында АТЖ сәулеленуінен кедергілер туындау жағдайы туралы байланыс саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшелері және мекемені дереу хабардар етеді;

5) АТЖ сәулеленулердің және базалық станциялардың деңгейін бақылау өлшеулерін өткізуге қатысады.
_________________________________________________________

Қосымша
Сәулеленуді шектеулі параметрлеріне міндетті техникалық талаптар


Мекемелердің аумағында АТЖ-ны іске қосу кезінде келесі байланыс операторларының базалық станцияларының сәулеленудің шектеулі параметрлерінің маңыздылығын:

- мекемелер қалалық елді мекендерде орналасқан кезде – (dBm 60-тан – 70-ке дейін);



- мекемелер ауылдық жерлерде орналасқан кезде – (dBm 70-тен – 75-ке дейін) толықтай басуды қамтамасыз ету қажет.


Результаты согласования
20.10.2015: Уразалин Б. Т. (Уразалин Б. Т.) - - cогласовано без замечаний



Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет