Ќылмыстыќ істер бойынша ¤зара ќ¦ЌЫЌТЫЌ К¤мек к¤рсету институтыныњ Ќалыптасу жєне даму тарихы



жүктеу 83.68 Kb.
Дата01.03.2019
өлшемі83.68 Kb.


ҚЫЛМЫСТЫҚ ІСТЕР БОЙЫНША ӨЗАРА ҚҰҚЫҚТЫҚ КӨМЕК КӨРСЕТУ ИНСТИТУТЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУ ЖӘНЕ ДАМУ ТАРИХЫ
Нұрманбетов Қ.Е., Қожабеков Д.С.

М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті, Тараз


Мемлекеттердің қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек көрсетуі халықаралық құқықтық институт ретінде салыстырмалы түрде жақында XIX ғасырдың екінші жартысында қалыптасқанымен ол өзінің бастауын, құқықтық құжаттарға сүйенсек, қылмыс жасаған тұлғаларды ұстап беру – құқықтық көмек көрсетудің бір түрі ретінде бұрыннан белгілі келісімдерді жасаудан, жалпы құқық пен мемлекеттің пайда болу кезеңінен алады. Бірақ ұстап берудің өзі ұзақ тарихи қалыптасу мен даму кезеңінен өткенімен, нақты құқықтық институт ретінде XIX ғасырдың басында ғана қалыптаса бастады. Оған дейін тек мемлекеттер арасында сирек болса да жасалған жекелеген жағдайлар ғана белгілі. Мысал ретінде, осы саладағы зерттеулерде кеңінен кездесетін біздің ғасырымызға дейінгі 1296 жылы мысыр фараоны Рамзес ІІ мен хетт патшасы Хеттушили ІІІ арасындағы қылмыскерлерді, қашқын құлдарды ұстап беру туралы шартты келтіруге болады [1, с. 16-17].

Құқықтық көмек халықаралық құқықтық құбылыс ретінде тұңғыш рет мемлекеттердің пайда болу кезеңімен және олардың арасындағы қарым-қатынастардың қалыптасуымен байланысты. Ежелгі кезеңдегі құқықтық көмек көрсету өркениет дамыған елдерде пайда болды. Бұл бірінші кезекте, Тигр мен Ефрат, Ніл өзендерінің аңғарларында, Қытай мен Үндістанда, Егей мен Жерорта теңіздерінің елдерінде орын алды.

Қалыптасып келе жатқан халықаралық шарттар құқығы діни наным-сенімге негізделді және шарттардың жекелеген түрлері ғана жасалды. Өзара құқықтық көмек туралы шарттарды осының ішіне енгізуге болады.

Мысалы, Ежелгі Грецияда проксендер институты қолданылды. Оған сәйкес арнайы сенімді тұлғалар (проксендер) басқа қала-мемлекеттерден келген азаматтарға қонақжайлылық танытып, қамқорлығына алды. Бұл азаматтар басқа шет елдік азаматтармен салыстырғанда салыққа, саудаға және сотқа байланысты белгілі бір жеңілділіктер мен артылықшылықтарды иеленді. Д. И. Фельдман пікірі бойынша Ежелгі Грециядағы проксендер институты қазіргі кездегі консулдар институтының, ал діни саяси бірлестіктер (амфиктионии) – халықаралық ұйымдардың негізін қалады [2, с. 16].

И. И. Лукашук пен А. В. Наумов осы кезеңді былай сипаттайды: «ұстап беру» жергілікті юрисдикциядан иммунитетпен байланысты, екінші бір ерекшелігі бұл кезеңде саяси қылмыстар үшін емес негізінен жалпы қылмыстар үшін ұстап берді. Мемлекеттер арасындағы ынтымақтастықтың ұстап беру бағыты орта ғасырларда қарқынды дамыды. Тарихи құқықтық зерттеулерде ұстап беру туралы голландиялық князь Вильгельм ІІ мен Брабанта Генри ІІ (1242 жылы) арасындағы, ағылшын королі Эдуард ІІІ француз королі Сұлу Филип арасындағы (1303 жылы) шарттар келтіріледі [3, р. 23].

Х ғасырда Ежелгі Русьте басқа мемлекеттердегі орыстарды ұстап берудің іс жүргізу ережелерін реттейтін шарттар жасала бастаған. Олардың ішінде 911 жылғы Киев князі Олегтің Византия аумағында қылмыс жасаған орыстарды өз еліне жазаға тарту үшін ұстап беру және керісінше гректерді Византияға қайтару мәселелері қарастырылған Византиямен жасаған шарты кеңінен танымал. Қайтарылған тұлғалардың мүлкі тәркіленіп отырған.

Феодалдық кезеңде мемлекеттердің ынтымақтастығын қажет ететін салалардағы ұйымдастырушылық нысандарды қарастыратын «жалпы бейбітшілік» құру жобасын жасау өз бастауын алды. Халықаралық қатынастардың дамуындағы жаңа серпіліс отыз жылдық соғыстың (1618-1648 жж.) аяқталуын білдіретін Вестфаль конгресінде жасалды.

1648 жылғы 24 қазандағы Вестфаль трактаты еуропа мемлекеттерінің шекараларының саяси теңдік қағидасының жүйесін бекітеді. Ең алғаш рет танудың декларативтік теориясы құрастырылған болатын, ол бойынша Мәскеу Русі халықаралық қатынастардың қатысушысы болып танылды. Вестфаль трактаты оның барлық қатысушыларына тек қана «аумақтық құқық пен үстемдікті» бекітумен қатар еуропа елдеріне, олардың мемлекеттік құрылысы мен дініне қарамастан тең құқықтар берді. Мұнда еуропа мемлекеттерінің ортақ мәселелерін діни емес, зайырлы негізде шешу туралы келісілген ойлары көрініс тапты. Осы кезеңнен бастап мемлекеттердің бір-біріне өзара көмек көрсетуге деген, соның ішінде қылмыстық құқықтық салаға деген көзқарасы өзгереді.

Трактаттың тағы бір маңыздылығы – ол халықаралық құқықтық кепілдіктер институтының дамуында негіз салушы құжатқа айналуында [4, с. 34].

Мемлекеттер арасында ресми қатынастардың орнатылуы, дауларды бейбіт жолмен шешуге ұмтылыс, мемлекеттер теңдігін мойындау («өзара тең құқылы субъектілердің бір-біріне билік ету құқығы жоқ») олардың арасындағы жаңа қатынастардың факторына айналды [5].

Соңғы феодалдық кезеңде қоғамның дамуымен қылмыспен күресу аясындағы ынтымақтастық та ұлғайды, бір жағынан қылмыс жаппай белең ала бастады және екінші жағынан басқа да маңызды салалардағы халықаралық ынтымақтастық теңіз арқылы сауда жасау нәтижесінде ұлғая бастады.

Қылмыскерлерді ұстап беру институтының халықаралық ынтымақтастықтың басқа салаларына қарағанда ерте даму себебі феодалдық кезеңдегі басыбайлылық және тәуелділіктің басқа да түрлерінің дамуы мен күшеюіне байланысты негізгі байлықтың түріне тек ақша қаражаттары, жылжымайтын және жылжитын мүліктер ғана емес адамдардың тәуелділігіне (холоп, челядь және т.б.) байланысты болды.

Америка Құрама Штаттарының тәжірибесінде ұстап беру туралы келісім алғаш рет Ұлыбританиямен 1794 жылы жасалған болатын [6].

Мемлекеттердің халықаралық сипаттағы қылмыстардың жекелеген түрлерімен күресудегі белсенділігі ХІХ ғасырда арта бастады. Бұл бірінші кезекте құл иеленушілік пен құлдардың саудасына қатысты болды. Кейбір халықаралық конгресстердің, конференциялардың шешімдері бойынша және сондай-ақ конвенциялар мен келісім-шарттарда құл иеленушілік пен құл саудасы қылмыс деп есептеліп мемлекеттер өз аумағында қылмыстың бұл түріне тыйым салатын қылмыстық заңдарды қабылдауға міндеттене бастады. Сондай-ақ теңіз қарақшылығы мен лаңкестікке және халықаралық құқықтық тәртіпке қол сұғатын қылмыстың басқа да түрлері мен оларды жазалауға қатысты қабылданған халықаралық шарттардың маңызы зор болды.

Ұстап беру мәселелерін шешуде халықаралық ұйымдарда өз үлестерін қосты. Мысалы, 1924 жылы 22 қыркүйекте Ұлттар Лигасы көмекші орган ретінде ұстап беру мәселелерін қарастыру міндеті де кірген халықаралық құқықты қарқынды жүйелеу жөніндегі сарапшылар комитетін құрды. 1928 жылы халықаралық құқық Ассоциациясы Варшавада жиналып қылмыскерлерді ұстап беру туралы конвенцияның жобасын мақұлдады. Қылмыстық құқықты унификациялау жөніндегі Үшінші конференция (1930 жыл Брюссель) ұстап беруге қатысты ұсынысты қарастырып 1932 жылы Палермода бұл мәселені қарастыруды жалғастырғанымен, өкінішке орай аяғына дейін жеткізген жоқ.

1927 жылы Варшавада қылмыстық құқықты унификациялау жөніндегі бірінші Халықаралық конференция өткізілді.

Мемлекеттердің өзара бірлесіп қылмыспен күресу аясындағы ынтымақтастығының қазіргі уақытта қалыптасқан екі нысаны бар: көпжақты, аймақтық, екі жақты келісімдер жасау арқылы жүзеге асырылатын шарттық нысаны мен мемлекеттердің халықаралық ұйымдар аясындағы ынтымақтастығы.

1945 жылдың аяғы мен 1950 жылдардың басында мемлекетаралық қатынастардың дамуының жаңа кезеңіне көшуі құқықтық қатынастар мен құқықтық көмек көрсету мәселелеріне де өз әсерін тигізді. Әскери трибуналдардың құрылуымен (нацистік қылмыскерлер мен жапондық милитаристерге қарсы) халықаралық қылмыстармен күресу жөніндегі мемлекеттердің ынтымақтастығының негізі қаланды.

1947 жылы қол қойылған Италия, Болгария, Румыния, Финляндия мен Ресей арасында жасалған бейбіт шарттарда (аумақтық, әскери, экономикалық, репарация, реституция және т.б.) құқықтық қорғау мен құқықтық көмек көрсету мәселелері де реттелген. Бұл бейбіт келісімдердің құқықтық көмек көрсету мәселелерін зерттеуде қолданылмауы өзара тең әріптестер емес, жеңген және жеңілген мемлекеттер арасында жасалғандықтан шарт субъектілері арасындағы құқықтық қатынастардың тең болмауына байланысты болса керек. Болгария, Румыния, Финляндия және басқа мемлекеттер аталған шарт нормаларын орындауға міндетті болатын. Бұл құқықтық көмек көрсету өзара тең халықаралық құқықтың субъектілері арасындағы жекелеген іс жүргізу әрекеттерінен басқа мемлекеттердің сот немесе басқа да ресми органдарының өтініші бойынша көмектесу болып табылатын құқықтық табиғатына қайшы келеді. Осыған қарамастан, бейбіт шарттардың жасалуының өзі соғыс жағдайының тоқтатылып, бұл субъектілердің тең құқылығын мойындауын білдіреді. Шартта көрсетілген ұстап беру тұлғаның азаматтығына қарамастан беруді қарастыратын қылмыстарға қатысты жүзеге асырылды (бейбітшілік пен адамзатқа қарсы қылмыстар, әскери қылмыстар).

Халықаралық қатынастардың жаңа түрі қысқа тарихи мерзім ішінде мемлекеттер арасындағы ынтымақтастықтың аясындағы негізгі қатынастарды реттейтін шарттар мен келісімдер жүйесінде өз орнын тапты деп айтуға толық негіз бар. Құқықтық көмек көрсету мен құқықтық қатынастар туралы, ұстап беру, сотталған тұлғаларды өзі азаматы болып табылатын мемлекетке жазасын өтеу үшін беру туралы шарттар мен келісімдердің осы жүйеде маңызды орын алады. Бейбітшілік пен адамзатқа қарсы қылмыстармен күресу туралы әмбебап конвенциялар мен халықаралық сипаттағы қылмыстармен күресу туралы конвенциялар халықаралық құқықтық көмек көрсету жүйесінің дамуына зор үлес қосты. Қылмыспен күресудегі мемлекеттердің орталық құқық қорғау органдарының қызметін үйлестіру туралы қабылданған үкіметаралық және ведомоствааралық келісімдер қылмыстық істер жөніндегі өзара құқықтық көмек көрсету туралы нормалар жүйесінде маңызды рөл атқарады.

Сонымен, өзара құқықтық көмек көрсету институтының қалыптасып дамуы мемлекеттердің қылмыспен бірлесіп күресу мен тығыз ынтымақтастық құруға ұмтылуы мен жеке салааралық құқықтық нормалар кешенін құрайтын шарттық қатынастарға негізделген қарым-қатынас жүйесін құруға алып келетіндігін айқын көрсетеді.

Қазақстан Республикасы 1991 жылы 16 желтоқсанда өзінің тәуелсіздігін жариялағаннан кейін халықаралық құқық субъектісі ретінде әртүрлі салаларда көптеген халықаралық шарттарды жасауда атсалысып, бұрын жасалған халықаралық шарттарға қосыла бастады. Қазақстан Республикасы КСРО құрамында болған кезеңде жасалған халықаралық шарттардың барлығының құқық мирасқоры ретінде тек Ресей Федерациясы үшін күшін сақтап қалды. Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы реттеу объектісі тікелей не жанама түрде халықаралық қылмыстармен, халықаралық сипаттағы қылмыстармен күресуге бағытталған көптеген екі жақты шарттармен қатар (Қазақстан Республикасы Моңғолиямен 1993 жылы 22 қазанда, Литва Республикасымен 1994 жылы 9 тамызда және бұл шартқа жасалған қосымша 1997 жыл 7 ақпан, Түрік Республикасымен 1997 жылы 27 ақпанда Пәкістан Ислам Республикасымен 1995 жылы 23 тамызда, Қырғыз Республикасымен 1996 жылы 26 тамызда, Түркіменстанмен 1997 жылы 27 ақпанда, Корей Ұлттық-Демократиялық Республикасымен 1997 жылы 7 сәуірде, Өзбекстан Республикасымен 1997 жылы 2 маусымда, Әзірбайжан Республикасымен 1997 жылы 10 маусымда, Иран Ислам Республикасымен 1999 жылы 6 қазанда қылмыстық, азаматтық, кейбір шарттарда отбасы мәселелеріне қатысты құқықтық көмек көрсету туралы шарттар жасаған [48], кейбір көпжақты халықаралық конвенциялармен реттеледі. Бұлай реттеудің артықшылығы анық: тапсырмаларды орындау бұл халықаралық міндет, заң мекемелерінің ынтымақтастығы ұлғайып келеді, белгілі жеңілдіктер белгіленеді. Құқықтық көмек көрсету мәселелері азаматтық, отбасы және қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек көрсету туралы шарттарда тереңірек қарастырылады. Қазақстан Республикасы бұл салада көптеген мемлекеттермен, атап айтсақ Қытай, Түркіменстан, Монғолия мемлекеттерімен жасалған екі жақты шарттарда, 2002 жылы 7 қарашада ТМД мемлекеттері арасында жасалған, 2004 жылы 10 наурызда Қазақстан Республикасының Парламентімен ратификацияланған «азаматтық, отбасы, қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек көрсету және құқықтық қатынастар туралы» Кишинев конвенциясының қатысушысы болып табылады [7]. Бұл конвенция Кишинев конвенциясының қатысушы-мемлекеттері арасында осыған дейін әрекет етіп келген 1993 жылғы Минск конвенциясының (1993 жылы 31 наурызда ратификацияланған) және 1997 жылы 28 наурызда жасалған Хаттаманың (1999 жылы 24 маусымда ратификацияланған) күшін жояды. Шарттарға сәйкес құқықтық көмек көрсету заң мекемелерімен (яғни тек соттармен ғана емес, сондай-ақ прокуратура, ішкі істер органдары, қауіпсіздік органдары, азаматтық хал актілерін тіркеу органдарымен, нотариалдық конторалармен) құжаттарды жасау және жөнелту, сараптама жасау, тараптардан жауап алу, құжаттарды тапсыру, сондай-ақ басқа да іс жүргізу әрекеттерін орындау арқылы көрсетіледі.


Әдебиет


  1. Баскин Ю.Я., Фельман Д.И. История международного права. – М. 1990. – 205 c.

  2. Фельдман Д.И. Система международного права. – Казань. 1983. - 120 c.

  3. Rolin A. Quelques questions relatives a l’extradition // Recueil des Cours. – 1923. Vol 1. - P. 194.

  4. Левин Д. Б. История международного права. – М., 1962. – 136 с.

  5. Von Moock M. Auslieferungsrechtliche Probleme an der Wende. Vom. 19. Zum 20. Jahrhundert. - Baden-Baden, 2001.

  6. The Trety of Amity, Commerce and Navigation with Great Britain (Jay’s Treaty), Nov. 19, 1794, 8 St. 116. T.S. No 105.

  7. 2004 жылғы 10 нaурыздaғы № 531-ІІ ҚР Зaңымен бекітілген Aзaмaттық, oтбaсылық және қылмыстық iстер бoйыншa көмек пен құқықтық қaтынaстaр турaлы Кoнвенция (Кишинев қ. 07.10.2002 ж.) // ЮРИСТ - справочная правовая система». – www.zakon.kz

Каталог: rus -> all.doc -> Konferencia -> konf 2013 I
konf 2013 I -> Cырдария ¤зені алабындаѓы к¤ксарай контрреттегіші
konf 2013 I -> «теріс-ащыб¦ЛАЌ» су ќоймасыныњ су тастаѓыш ќ¦рылымын
konf 2013 I -> “асар” дауларына ќатысты билік шешімдердіњ ерекшеліктері
konf 2013 I -> Виртуалды жеке желілердіњ жіктелуі
konf 2013 I -> Эхинококкоз ауруыныњ жамбыл облысында таралуы жєне
konf 2013 I -> Тєуелсіз ќазаќстан мен германия арасындаѓы ынтымаќтастыќ динамикасы
konf 2013 I -> Талас алабы ¤зендерініњ суын егістікке пайдалануды
konf 2013 I -> Инерциялыќ энергетикалыќ ЌондырѓЫ Ќ¦ру мєселесі
konf 2013 I -> Ауыр металдармен ластанѓан топыраќты ќалпына келтіруде фиторемедиациялау єдісін ќолдану м‡мкіндігін талдау
konf 2013 I -> Ш¤лейтті-далалы жайылым жаѓдайында ¤сірілетін ќ¦йрыќты ќойлардыњ жас айырмашылыќтарына байланысты


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет