Импорттық лицензиялау рәсімдері туралы келісім



жүктеу 123.89 Kb.
Дата31.05.2018
өлшемі123.89 Kb.

ИМПОРТТЫҚ ЛИЦЕНЗИЯЛАУ РӘСІМДЕРІ ТУРАЛЫ КЕЛІСІМ

ИМПОРТТЫҚ ЛИЦЕНЗИЯЛАУ РӘСІМДЕРІ ТУРАЛЫ КЕЛІСІМ



Мүшелер

көпжақты сауда келіссөздерін ескере отырып;



1994 жылғы ГАТТ мақсаттарының жүзеге асуына көмектесуді қалай отырып;

дамушы мүше мемлекеттердің сауда, даму және қаржы салаларындағы ерекше қажеттіліктерін ескере отырып;

белгілі мақсаттар үшін автоматтандырылған импорттық лицензиялаудың тиімділігін және бұндай лицензиялау сауда шектеу үшін қолданылмауын мойындай отырып;

импорттық лицензиялау 1994 жылғы ГАТТ қабылданған тиісті ережелеріне ұқсас шараларды қолдану үшін қолданылу мүмкіндігін мойындай отырып;

1994 жылғы ГАТТ ережелері импорттық лицензиялау рәсімдеріне қатысты сол күйінде қолданылып жатқанын мойындай отырып;

импорттық лицензиялау рәсімдері 1994 жылғы ГАТТ қағидаттары мен міндеттемелеріне қайшы тәсілмен қолданылмауын қамтамасыз етуді қалай отырып;

импорттық лицензиялау рәсімдерін шектен тыс қолдану халықаралық сауданың дамуын тоқтатуы мүмкін екенін мойындай отырып;

импорттық лицензиялау, әсіресе автоматтандырылмаған импорттық лицензиялау ашық және болжамалы қолданылуысене отырып;

автоматтандырылмаған импорттық лецензиялау рәсімдері тиісті шараны қолдану үшін қажеттен тыс, әкімшілік тұрғыдан одан да ауыртпалық түсірмеу керектігін мойындай отырып;

әділетті және бейтарап қолданылуы мен тиісті рәсімдер мен тәжірибелерді басқаруды қамтамасыз ету арқылы, халықаралық саудада қолданылатын әкімшілік рәсімдер мен тәжірибені жеңілдетіп ашық етуді қалай отырып;

осы Келісімге қатысты пайда болатын таластарды тез, тиімді және бейтарап шешімдерді қабылдау үшін сабағаттық механизмді құруды қалай отырып;

осы арқылы төмендегілер туралы келіседі:


1-БАП
Жалпы ережелер

1. Осы Келісімнің мақсатары үшін импорттық лицензиялау импорттаушы мүшені кедендік аумаққа кіргізу үшін алдын-ала шарт ретінде, тиісті әкімшілік органға сұрау немесе басқа құжатты (кедендік мақсаттарды ұсынылатындардан бөлек) ұсынуды талап ететін, импорттық лицензиялау рәсімін өткізу үшін қолданылатын әкімшілік рәсімдер1 ретінде анықталады.

2. Мүшелер дамушы мүше мемлекеттердің экономикалық дамуы мен қаржылық және сауда қажеттіліктерін ескере отырып, импорттық лицензиялау тәртібін іске асыру үшін қолданылатын әкімшілік рәсімдердің, соның ішінде бұндай рәсімдерді тым көп қолданғандықтан болатын сауданы бұрмалауды болдырмау мақсатында анықтамасы осы Келісімде бар қосымшалары мен хаттамаларының 1994 жылғы ГАТТ ережелеріне сәйкес келуін қамтамасыз етеді2.

3. Импорттық лицензиялауды реттейтін ережелер қолданыста бейтарап болу қажет және әділетті және екі жаққа бірдей жүзеге асуы қажет.

4. (а) Рәсімге қатысты ережелер мен барлық ақпарат, тиісті әкімшілік органға (органдарға) тұлғалар, фирмалар немесе ұйымдар үшін бұндай өтінішті беру шарттары, сонымен қатар лицензиялау талаптарына түсетін тауарлар тізімі, 4-баппен қарастырылған импорттық лицензиялау жөніндегі Комитетке (бұдан әрі осы Келісімде – «Комитет») мәлім дереккөздерінде үкіметтер3 мен саудаға қатысушыларға олармен танысу үшін мүмкін болу тәсілімен жариялануы қажет. Мүмкіндігінше бұндай басылым талаптың күшіне енуіне 21 күн қалғанда, алайда күшіне ену күнінен кеш емес жүзеге асырылуы тиіс. Лицензиялау рәсіміне немесе импорттық лицензиялаудан өтуі қажет тауарлар тізіміне қатысты кез-келген ескерту, ережелердің жарым-жартылай жойылуы немесе өзгеруі, көрсетілген тәртіппен, көрсетілген уақыт ішінде жариялануы қажет. Бұл басылымдардың көшірмелері де хатшылар алқасына ұсынылулары қажет.

(b) Жазбаша түрде пікірін жеткізгісі келетін ДСҰ-ның мүшелерге сұрауы бойынша бұл пікірлерді талқылауға мүмкіндік берілуі қажет. Тиісті мүше бұл пікірлерге және талқылау қорытындыларына тиісті көңіл бөлуі қажет.

5. Өтініш үлгілері және қолданылатын кезде ұзарту туралы өтініштер үлгілері мүмкіндігінше қарапайым болуы тиіс. Өтінішті беру барсында, лицензиялау тәртібінің тиісті жүзеге асырылуы үшін қатал түрде қажет болып саналатын құжаттар немесе ақпарат сұралуы мүмкін.

6. Өтініш беру рәсімі және қолданылатын кезде ұзарту туралы өтініштер үлгілері мүмкіндігінше қарапайым болуы тиіс. Өтініш берушіге лицензияны алуға өтініш беруі үшін саналы уақыт мерзімі берілуі қажет. Соңғы күн белгіленген жағдайда және ол бұл мерзім ішінде жеткілікті өтініштер мөлшері алынбаған жағдайда, оны ұзартуға мүмкіндігімен қатар кем дегенде 21 күнді қамтитын мерзім беріледі. Өздерінің өтініштері бойынша өтініш берушілер тек қана бір әкімшілік органға жүгінуге болады. Бірнеше әкімшілік органдарға жүгіну қажет болған жағдайда, үш әкімшілік органнан көп емес әкімшілік органдарға өтінішін беру талап етілуі мүмкін.

7. Ешбір өтініш негізгі деректерді өзгерте аламайтын, құжаттағы мардымсыз қателеріне байланысты қабылданбай қалуы мүмкін емес. Құжаттағы немесе рәсімдердегі зілсіз немесе айқын бейберекеттігіне жасалған кез-келген дәлсіздікке немесе қатеге байланысты ескерту жасау мақсатында қажетті мөлшерден асатын жаза қолданылуы тиісті емес.

8. Лицензияланушы импортта лицензиядағы көрсетілген баға, сапа, көлемнің немесе жөнелтім барысында, ақтара тиеу салдарынан пайда болған мардымсыз ауытқушылығына байланысты және де коммерциялық тәжірибемен толық қабысатын басқа да себептерге байланысты қабылданбауы мүмкін емес.

9. Лицензияланушы импорттың ақысын төлеу үшін қажет шетелдік валюта, импорттық лицензияларды талап етпейтін лицензия иелеріне тауар импорттаушыларға ұсынылатын негіздерде берілуі тиіс.

10. Қауіпсіздік түсінігіне сейкес 1994 жылғы ГАТТ ережелерінің ХХI тармағы қоданылады.



  1. Осы Келісімнің шарттары кез-келген мүшеден заңдарды қолдануға бөгет болатын немесе ұлттық мүдделілікке зиянын келтіретін, немесе жеке немесе мемлекеттік өнеркәсіптердің заңды коммерциялық мүдделіліктеріне зиянын келтіретін құпия ақпаратын жариялауды талап етпейді.


2-БАП
Импортты автоматты түрде лицензиялау4

1. Өтінішті мақұлдау барлық жағдайда берілетін және 2 (а) – тармағының талаптарына сәйкес келсе, импортты автоматты түрде лицензиялау импорттық лицензиялау деп анықталады.

2. 1-баптың 1-11-тармақтары мен осы баптың 1-тармағында көрсетілген шарттарды5 қоса алғанда, автоматты импорттық лицензиялау рәсімдеріне келесі талаптар қолданулары қажет:

(а) автоматты импорттық лицензиялау рәсімдері автоматты түрде лицензияланатын импортты шектейтін тәсілмен қолданылмауы қажет. Егер, inter alia келесідей талаптарды орындамаған жағдайда, автоматты импорттық лицензиялау рәсімдері сауданы шектейтін болып саналады:

(i) импорттық операцияларды жүзеге асыру үшін автоматтандырылған лицензиялау қолданылатын импорттаушы мүшенің заңгерлік талаптарын атқаратын кез-келген тұлға, фирма немесе ұйымның жүгіну мен импорттық лицензияларды алуға тең құқығы бар;

(ii) лицензияны алу өтінішін жұмыс күндерінің кез-келген күнінде, тауарларға кедендік тазартуды жасалуына дейін беруге болады;

(iii) лицензияларды алу өтінішін, олар тиісті және толықтай тапсырылған жағдайда, әкімшілік мүмкіндіктер шеңберінде, алайда ең ұзақ мерзім – 10 жұмыс күннің ішінде алынған сәтте бекітіледі;


  1. Мүшелер, басқа тиісті рәсімдердің жоқ болуына байланысты импортты автоматты түрде лицензиялау қажет екендігін мойындайды. Автоматты импорттық лицензиялау оны енгізуге әкелген жағдайлардың басым болған жағдайда және оның негізінде жатқан әкімшілік мақсаттарға басқа да қолайлы тәсілмен жету мүмкіндігінің жоқ болуына байланысты сақталуы мүмкін.


3-БАП
Импортты автоматты емес түрде лицензиялау

1. 1-баптың 1-11-тармақтарын қоса алғанда, төменде көрсетілгендер автоматты емес импорттық лицензиялау рәсімдеріне қатысты қолданылады. Автоматты емес импорттық лицензиялау рәсімдері 2-бапта көрсетілгеннің біреуіне де жатпайтын импорттық лицензиялау деп анықталады.

2. Автоматтындырылмаған лицензиялау шектеу қою салдарынан шыққан ықпалына қоса шектеу немесе бұрмалау әсеріне ие болуы тиісті емес. Автоматтандырылмаған импорттық лицензиялау рәсімдері ықпал өрісі мен ұзақтығы бойынша орындау үшін қолданылатын шараға сәйкес болуы қажет, тиісті шараны қолдану үшін қажеттен тыс, оны іске асыру үшін ол әкімшілік тұрғыдан одан да ауыртпалықты болмауы қажет.

3. Сандық шектеулерді іске асыру мақсатынан өзге мақсаттар үшін лицензиялауды енгізген жағадайда, мүшелер басқа мүшелер мен саудаға қатысушылар үшін лицензияны беру мен/немесе тарату негіздерін түсіну үшін жеткілікті ақпаратты басылымға береді.

4. Мүше тұлғалар, фирмалар мен ұйымдар үшін ерекшелікті талап ету мүмкіндігін немесе лицензиялаудың талаптарынан уақытша қайтуды қарастырған жағдайда, ол бұл фактіні және мүмкіндігінше талаптар қарастырылатын жағдайларды 1-баптың 4-тармағына сәйкес басылымға шығатын ақпаратқа енгізеді.

5. (а) Тиісті тауар арқылы саудада мүдделілігі бар кез-келген мүшенің сұрауы бойынша, мүшелер мыналар бойынша тиісті ақпаратты беруі қажет:

(i) бұл шектеулерді қолдану тәртібі;

(ii) соңғы кездерде берілген импорттық лицензиялар;

(iii) жеткізетін мемлекеттер арасында бұндай лицензиялардың таралуы;

(iv) орындалатын жағдайда, импорттық лицензияларға жататын тауарлар жөнінде импорттық статистика (құны мен/немесе көлемі). Бұған орай дамушы мүше мемлекеттер қосымша әкімшілік немесе қаржылық шығындарды көтермейді деп жобаланады;

(b) Лицензиялау арқылы квоталарды қолданатын мүшелер, саны мен/немесе құны бойынша қолданылатын жалпы квота көлемін, 1-баптың 4-тармағының шеңберінде көрсетілген мерзім ішінде, квотаның жарамды мерзімінің басы мен аяғын жариялайды, осындай жолмен олар үкімет пен саудаға қатысушыларға бұл ақпаратпен танысуға мүмкіндік береді;

(с) Жеткізуші мемлекеттер арасында үйлестірілген квоталар жағдайында, шектеуді қабылдайтын мүше, тез арада бұл тауарды жектізуде мүдделілігін танытқан басқа мүшелерге жеткізетін мемлекеттердің осы мерзімде үйлестірілетін квоталардың үлестері, саны мен бағасы жайлы хабарлайды да, осылайша үкіметтер мен саудаға қатысушыларға бұл ретте бұл ақпаратпен танысуға мүмкіндік беру үшін, оны 1-баптың 4-тармағында көрсетілген мерзім ішінде жариялауы қажет;

(d) Бұдан да ерте мерзімдік квоталарды ашу қажеттілігі туындаған жағдайда, 1-баптың 4-тармағында көрсетілген ақпарат, осылайша үкіметтер мен саудаға қатысушыларға бұл ретте бұл ақпаратпен танысуға мүмкіндік беру үшін 1-баптың 4-тармағында көрсетілген мерзім ішінде жариялануы қажет;

(e) импорттаушы мүшенің заңды және әкімшілік талаптарын орындайтын кез-келген тұлға, фирма немесе ұйым, лицензияға өтініш беріге және қарап тексерілуіне тең құқыққа ие болу қажет. Лицензия беру бойынша өтініш мақұлданбаған жағдайда, өтініш берушіге бұның себебі хабарлануы қажет және ол ішкі заңнама немесе импорттаушы мүшенің рәсімдеріне сәйкес шағымдану немесе қайта қарау құқығыны ие болуы қажет;

(f) мүшеге байланысты емес жағдайлардан ерекше, өтініштерді қарау мерзімі олар түскен тәртіпте қаралған кезде, яғни «бірінше келгенге, қызмет біріншіден көрсетіледі» 30 күннен аспауы тиіс және барлық өтініштер бір мезгілде қаралған уақытта 60 күн ішінде. Соңғы жағдайда, өтініштерді өндеу мерзімі өтініштерді қабылдаудың соңғы күні жарияланған күннен кейінгі күні басталады;

(g) Лицензияның жарамды уақытының ұзақтығы бойынша саналы, импортқа кедергі ететіндей қысқа да болмауы тиіс. Лицензияның жарамды уақытының ұзақтығы қысқа мерзімді қажеттіліктерді өтеу үшін импорт қатаң түрде қажет болып табылатын, алыс жердегі мемлекеттердің импортына кедергі жасауы тиісті емес;

(h) квоталарды қолдану барысында мүшелер берілген квоталар бойынша жүзеге асып отырған импортқа және квотаны толықтай жұмсауға кедергі жасамауы қажет;

(i) лицензия беру барысында, мүшелер тауар экономикалық тұрғыға негізделген көлемде жеткізуі қажет;

(j) Квоталарды үлестіру барысында, мүше өтініш берушінің импорттық іс-әрекетін ескеруі тиіс. Бұған орай соңғы репрезентативті мерзім ішінде ол берілген лицензиялардың барлығын толықтай қолданылғанына көңіл бөлуі қажет. Лицензиялар толықтай қолданылмаған жағдайда, мүше бұның себептерін қарастыруы қажет және жаңа лицензияларды үйлестіру барысында бұны ескеруі қажет. Экономикалық негізді көлемде лицензиялар санын беру қажеттілігін еске ала отырып, жаңа импорттаушылардың лицензиялармен қамтамасыз етілуіне көңіл бөлінуі қажет. Бұған байланысты, ерекше көңіл дамушы мүше мемлекеттер, әсіресе неғұрлым төмен дамыған мүше елдер қатарынан импорттаушыларға бөлінуі қажет;

(k) жеткізуші мемлекеттер арасында үйлестірілмейтін лицензиялар арқылы квоталарды лицензиялар арқылы тарату үйлестірген жағдайда, лицензия иелері6, импорт көзін таңдауға ерікті. Жеткізуші мемлекеттер арасында квоталарды үйлестіру барысында, лицензияда түсінікті түрде мемлекет немесе мемлекеттер көрсетілуі қажет.

(l) 1-баптың 8-тармағын қолданған кезде, импорт бұдан бұрын өткен лицензиялау шеңберінде бекітілген деңгейден асып кеткен жағдайда кейін лицензияларды үйлестіру барысында оны өтейтін түзетулер енгізілуі мүмкін.

4-БАП
Органдар

Осымен мүшелердің әрқайсысынан уәкілден тұратын импорттық лицензиялау жөніндегі Комитет құрылады. Комитет өз төрағасы мен төраға орынбасарын тағайындап, қажеттілігіне сәйкес Осы Келісімді орындауға немесе оның мақсаттарына жетуге қатысты сұрақтар бойынша кеңес беруге мүмкіндік беретін отырыстарды өткізеді.


5-БАП
Хабарландырулар

1. Лицензиялау рәсімдерін немесе ол рәсімдерге өзгертулер енгізетін мүшелер, бұл туралы Комитетке басылу күнінен кейін 60 күн ішінде хабарландыру жібереді.

2. Импортты лицензиялау рәсімдерін енгізу туралы хабарландыру келесідей ақпаратты қамтуы қажет:

(а) лицензиялау рәсіміне түсетін тауарлар тізімі;

(в) лицензия алу құқығы туралы ақпаратты алуға арналған байланыс органы;

(с) өтініш беруге арналған әкімшілік орган (органдар);

(d) лицензиялау рәсімдері басылған басылымның күні мен нөмірі;

(е) 2 және 3-баптарда көрсетілген анықтамаларға сәйкес лицензиялау рәсімі автоматтандырылған немесе автоматтандырылмаған болып табылатынына нұсқау;

(f) автоматтандырылған импортты лицензиялау рәсімдері болып табылған жағдайда – олардың әкімшілік мақсаттары;

(g) автоматтандырылмаған импортты лицензиялау рәсімдері болып табылған жағдайда – бұндай лицензиялау рәсімдерін енгізу арқылы қандай шараны жүзеге асатынына нұсқау; және

(h) белгілі болжаммен анықтауға болатын жағдайда лицензиялау рәсімінің болжамды ұзақтылығы, жағдай болмаса, бұл ақпаратты ұсынуға мүмкіндік бермейтін себепті көрсету.

3. Импорттық лицензиялау рәсімдеріндегі өзгерістер туралы хабарландыруларда өзгерістерге ұшырамаған жағдайда, жоғарыда көрсетілгендер болуы қажет.

4. Мүшелер басылым (басылымдар) туралы 1-баптың 4-тармағы талап ететін ақпаратты орналасқан хабарландыруды Комитетке жібереді.

5. Кез-келген мүдделі мүше басқа мүше 1-3-тармақтарының ережелеріне сәйкес, лицензиялау рәсімін енгізу немесе ондағы өзгерістер туралы хабарландыруды жібермеді деп есептеген жағдайда, бұл сұраққа өзі сияқты басқа мүшенің көңілін аудара алады. Осыдан кейін тез арада хабарландыру жіберілмеген жағдайда, мүдделі мүшенің өзіне оған қатысты және рұқсат ақпаратты қоса алғанда лицензиялаудың бұл рәсімі немесе андағы өзгерістер туралы хабарландыруды жіберуіне болады.


6-БАП
Кеңес беру мен дауларды шешу

Осы Келісімді қолдануды қозғайтын кез-келген сұраққа қатысты қеңес беру мен дауларды шешу, дауларды шешу туралы келісімнің шеңберінде әзірленіп қолданылатын, 1994 жылғы ГАТТ-тың ХХП және ХХШ ережелерімен реттеледі.



7-БАП
Шолулар

1. Қажеттілігіне қарай кем дегенде екі жылда бір рет, Комитет осы Келісімнің ондағы көрсетілген құқықтары мен міндеттерінің орындалуы мен жағдайын, оның мақсаттарын ескере қарап шығады.

2. Комитеттің қарап шығуына негіз болатындай, хатшылар алқасы 5–бапта қарастырылған ақпараттың, импортты лицензиялау бойынша жыл сайынғы сауалнаманың7 және басқа да қолында бар сенімді ақпараттың негізінде нақты баяндамасын дайындайды. Бұл сауалнама жоғарыда айтылған ақпаратқа, әсіресе есепті кезең ішінде болған өзгерістер мен оқиғаларға қысқаша шолуды мазмұндап беруі және Комитеттің шешімі бойынша кез-келген басқа ақпаратты қамтуы қажет.

3. Мүшелер импортты лицензиялау бойынша жыл сайынғы сауалнаманы қолма-қол және жан-жақты толтыруға міндетті.

4. Комитет тауар сауда жөніндегі Кеңеске бұндай шолулармен қамтылған кезең ішінде болған оқиғалар туралы хабарлайды.
8-БАП

Қорытынды ережелер

Ескертулер

1. Келісімнің кез-келген ержесіне қатысты ескертулер басқа мүшелердің келісімісіз енгізілуі мүмкін емес.



Ұлттық заңнама

2. (а) Әрбір мүше ДСҰ туралы Келісімнің күшіне енгеннен күннен кеш емес өз заңдары, ережелері мен әкімшілік рәсімдерінің осы Келісімге сәйкес келуін қамтамасыз етеді.



(b) Әрбір мүше осы Келісімге қатысты өзінің заңдары, ережелері мен әкімшілік рәсімдеріндегі және бұндай заңдар мен ережелерді қолданудағы кез-келген өзгерістер туралы Комитетті хабардар етеді.



1 «Лицензиялау», сондай-ақ басқа ұқсас әкімшілік рәсімдер жатады

2Осы Келісімдегінің ешқайсысы лицензиялау рәсімі бойынша қолданылған негіз, ықпал өрісі және шараның ұзақтығы сұрақты жобалап тұр деп қабылдануы тиісті емес.

3Осы Келісімнің мақсаттары үшін "үкімет" термині Еуропалық қауымдастығының құзыретті органдарын білдіреді.

4Импортқа шектеуші әсерін тигізбейтін кепілді талап ететін импорттық лицензиялау рәсімдері, 1 және 2-тармақтардың ықпалына тиетіндер ретінде қарастырылуы тиісті.

51979ж 12 сәуірде шыққан импорттық лицензиялау рәсімдері бойынша Келісімнің жағы болмаған және (а)(ii) мен (а)(iii) тармақтарының талаптары бойынша ерекше қиындықтары бар дамушы мүше мемлекетке, Комитетке хабарландыру жібергеннен кейін, бұл тармақтарды қоданудың мерзімін бұл мүшеге қатысты ДСҰ туралы Келісімнің күшіне енуінен кейін 2 жылға ұзартуға болады.

6Кейде «Квоталардың иелері» деп аталады.

7Бастапқы кезде 1947 жылы ГАТТ құжаты ретінде тараған. - L/3515 23 наурыз 1971 ж.




Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет