Мемлекет басшысы Қазақстандағы қыз алып қашу оқиғалары туралы тоқталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото ашық дереккөзден

Атырауда өтіп жатқан үшінші ұлттық құрылтайда Қасым-Жомарт Тоқаев елімізде қыз алып қашуды ұлттық дәстүр санап, ел ішінде дәріптегісі келетіндерді сынайды.

“Бұл – мүлдем ақтауға болмайтын заңсыздық, қараңғылық, тіпті, масқара тірлік. Өркениетті қоғамда әр азаматтың абыройы, құқығы және бостандығы баға жетпес құндылық болуы керек. Сондықтан мұндай ақылға сыймайтын әрекеттерді қатаң сынға алу жеткіліксіз. Оған құқықтық баға беріліп, біржола тосқауыл қойылуға тиіс”, – дейді президент.

  • Мемлекеттік тілге қатысты құр сөзден ештеңе шықпайды – Қасым Жомарт Тоқаев
  • Радикалды неофриттер салтымызда жоқ киім арқылы жат діни идеалдарды қоғамға таңып жүр — Президент

Тоқаев халықтың ұлттық бірегейлігін танытатын басты құндылықтың бірі деп дәстүрлі исламды атайды.

"Дәстүрдің озығы бар, тозығы бар". Ата жолын сақтаймыз десек, ғасырлар бойы бабаларымыз ұстанған асыл дінімізді сақтайық. Дәстүрлі ислам – халқымыздың ұлттық бірегейлігін танытатын басты құндылықтың бірі. Біз оны берік ұстану арқылы экстремизмге және кертартпалыққа қарсы тұра аламыз. Жұртымыздың өзіне ғана тән ерекшелігі бар. Біз осы мәдени кодымызды сақтап, бабалар жолымен жүруіміз керек", – деп атап өтеді Қазақстан президенті.

Бұған дейін Тоқаев өткен заманның қайраткерлері төңірегіндегі талқылау "ел ішіне іріткі салатынын" айтқан.


Автор: Жанара Кенжебекова

Жанара — исследовательница культуры и традиций. Ее статьи поднимают важные темы многообразия культур Казахстана.