Информационное сообщение



жүктеу 60.46 Kb.
Дата02.05.2019
өлшемі60.46 Kb.

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

«Батыс Қазақстан облысының қаржы басқармасы» мемлекеттік мекемесі 2015 жылдың 11 желтоқсан күні (Астана уақытымен) сағат 11.00-де www.gosreestr.kz Мемлекеттік мүлік Тізілімінің веб-порталында голланд әдісін қолдану арқылы облыстық коммуналдық мүліктерді сату бойынша электрондық аукцион өткізеді.



Сауда-саттық Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 9 тамыздағы №920 қаулысымен бекітілген, Жекешелендіру объектілерін сату қағидасына (өзгерістер мен толықтыруларды есепке ала отырып) (бұдан әрі – Қағида) сәйкес жүзеге асырылады.

Электрондық аукционға төмендегі облыстық коммуналдық мүліктер қойылады:



Объектінің атауы

Мекенжайы

Теңгерім ұстаушы

Алғашқы баға, теңге

Бастапқы баға, теңге

Ең төменгі баға, теңге

Кепілдік

жарна

(алғашқы бағаның 15%), теңге

1

Toyota Avensis маркалы автокөлік, 2006 жылы шығарылған, м/н L090WK

БҚО, Орал қ., Х.Чурин көшесі,116

«Батыс Қазақстан облысының жер қатынастары басқармасы» ММ

572 000

2 860 000

286 000

85 800

2

Ваз-2106 маркалы автокөлік, 2004 жылы шығарылған, м/н L043КР

БҚО, Орал қаласы, ІІД өндірістік базасы, Пятимарская көшесі, 15

«Батыс Қазақстан облысының ішкі істер департаменті» ММ

91 000

455 000

22 750

13 650

3

Уаз 31519 маркалы автокөлік, 2007 жылы шығарылған, м/н L247КР

БҚО, Орал қаласы, ІІД өндірістік базасы, Пятимарская көшесі, 15

«Батыс Қазақстан облысының ішкі істер департаменті» ММ

98 000

490 000

24 500

14 700

4

Уаз 315142 012 маркалы автокөлік, 2006 жылы шығарылған, м/н L169КР

БҚО, Орал қаласы, ІІД өндірістік базасы, Пятимарская көшесі, 15

«Батыс Қазақстан облысының ішкі істер департаменті» ММ

101 000

505 000

25 250

15 150

5

Уаз 315142 012 маркалы автокөлік, 2006 жылы шығарылған, м/н L185КР

БҚО, Орал қаласы, ІІД өндірістік базасы, Пятимарская көшесі, 15

«Батыс Қазақстан облысының ішкі істер департаменті» ММ

96 000

480 000

24 000

14 400

6

Уаз 315142 012 маркалы автокөлік, 2006 жылы шығарылған, м/н L341КР

БҚО, Орал қаласы, ІІД өндірістік базасы, Пятимарская көшесі, 15

«Батыс Қазақстан облысының ішкі істер департаменті» ММ

94 000

470 000

23 500

14 100

Электрондық аукционға қатысушыларды тіркеу хабарлама жарияланған күннен бастап жүргізіледі және аукцион басталуына екі сағат қалғанда аяқталады.

Сауда-саттыққа қатысу үшін кепілдік жарна бірыңғай оператордың шотына төленеді:

«Ақпараттық – есептеу орталығы» АҚ;

БИН 050540004455,

ИИК KZ529261501102032004,

БИК KZKOKZKX,

«ҚАЗКОММЕРЦБАНК» АҚ,

КНП 171,


Кбе 16.

Аукционға немесе коммерциялық тендерге қатысу үшін мыналарды көрсете отырып, тізілімнің веб-порталында алдын ала тіркелу қажет:

1) жеке тұлғалар үшін: жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН), тегі, аты, әкесінің атын (бар болса);

2) заңды тұлғалар үшін: бизнес сәйкестендіру нөмірі (БСН), толық атауы, бірінші басшының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса);

3) кепілдік жарнаны қайтару үшін екінші деңгейдегі банктегі есеп айырысу шотының деректемелері;

4) байланыс деректері (почталық мекенжайы, телефоны, факс, е-mail);

Жоғарыда көрсетілген деректер өзгерген кезде қатысушы бір жұмыс күні ішінде Тізілімнің веб-порталына енгізілген деректерді өзгертеді.

Аукционға қатысушы ретінде тіркелу үшін, қосымшалармен қатысушының қол қойылған ЭЦҚ, пішін бойынша электронды аукционға қатысу үшін электронды өтінімді Тізілімнің веб-порталында тіркеу қажет.

Аукционға қатысушылар электрондық аукцион басталғанға дейін бір сағат ішінде аукцион залына ЭЦҚ мен аукцион нөмірін пайдалана отырып кіреді. Аукцион жекешелендіру нысанының бастапқы құнын аукцион залында автоматты түрде орналастыру жолымен сауда-саттықты өткізу туралы хабарламада көрсетілген Астана қаласының уақыты бойынша басталады.

Сауда-саттықтың голланд әдісі бойынша аукцион ережесі:

1) егер аукцион басталған сәттен бастап екі минут iшiнде қатысушылардың бiрде-бiреуi аукционда жекешелендiру объектiсiн сатып алу ниетiн растамайтын болса, жекешелендiру объектiсiнiң бастапқы бағасы осы Қағиданың сәйкес белгiленген қадамға азаяды;

2) егер баға азайғаннан кейiн екі минут iшiнде қатысушылардың бiрде-бiреуi жекешелендiру объектiсiн сатып алуға ниетiн растамайтын болса, жекешелендiру объектiсiнiң соңғы жарияланған бағасы белгiленген қадаммен азаяды.

Жарияланған баға бойынша жекешелендiру объектiсiн сатып алуға ниетiн бiрiншi болып растаған қатысушы сауда-саттықтың голланд әдiсi бойынша аукцион жеңiмпазы болып танылады және осы жекешелендiру объектiсi бойынша аукцион өткiзiлді деп танылады;

3) егер жекешелендiру объектiсiнiң бағасы белгiленген ең төменгi мөлшерге жетсе және қатысушылардың бiрде-бiреуi жекешелендiру объектiсiн сатып алу ниетiн растамаса, онда аукцион өткiзiлді деп танылады.

Әрбір сатылған жекешелендіру объектісі бойынша аукцион нәтижелері аукцион нәтижелері туралы электрондық хаттамамен ресімделеді, оған сатушы және женімпаз ЭЦҚ-ны пайдаланып сауда-саттық өткiзiлген күнi Тізілімнің веб-порталында қол қояды.

Аукцион нәтижелері туралы хаттама аукцион нәтижелерін және жеңімпаз бен сатушының жекешелендіру объектісін сату бағасы бойынша сатып алу-сату шартына қол қою міндеттерін белгілейтін құжат болып табылады. Жеңімпазбен сатып алу-сату шартына Сатушының орналасқан жері бойынша аукцион өткізілген күннен бастап күнтізбелік он күннен аспайтын мерзімде қол қойылады.

Аукционның жеңімпазы сатып алу-сату шартына қол қойған кезде сатушыға салыстырып тексеру үшін мынадай құжаттардың:

1) жеке тұлғалар үшін: паспорттың немесе жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың;

2) заңды тұлғалар үшін: заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің не анықтаманың;

заңды тұлға өкілінің өкілеттіктерін куәландыратын құжаттың, сондай-ақ заңды тұлғаның өкілі паспортының немесе оның жеке басын куәландыратын құжаттың түпнұсқаларын міндетті түрде көрсете отырып, олардың көшірмелерін не нотариат куәландырған көшірмелерін ұсынады.

Құжаттардың түпнұсқалары салыстырып тексерілгеннен кейін бір жұмыс сағаты ішінде қайтарылады.



Ескерту: Мүлікті жеңімпаз өз күшімен алып кетеді.

Сауда-саттық ұйымдастырушының мекенжайы және телефоны: БҚО, Орал қ., Ж. Досмұхамедов көшесі, 45, 301 кабинет, 8(7112)-50-50-65, 8(7112)-50-65-78.



Назар аударыңыз! Бірыңғай оператордың есеп шотына кепілді жарнаның аукцион басталған уақытына дейін екі сағатқа дейін түспеген жағдайында, сонымен қатар, тіркеу бойынша талаптарды қатысушылар орындамаған жағдайда, өтініштерді қабылдау тізілімнің веб-порталының бас тарту үшін негіз болып табылады.

Аукцион өткізу туралы қосымша ақпаратты www.gosreestr.kz сайтынан және 8(7112)-50-50-65, 8(7112)-50-65-78 телефондары арқылы алуға болады.


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет