Әнші, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Сәкен Майғазиев қарғыс туралы пікір білдірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: https://www.instagram.com/saken_maigaziyev/

Өнер иесі жазбасында ашуланғанда балаларына қандай ауыр сөз айтатынына тоқталды. 

“Кейде кейбіріміз құлыншақтарымыз құтырып кетсе, бұзықтық жасап, шектен шығып жатса (абайламай) қарғап-сілеп жатамыз. Мынау тентек сенің балаң ба десе: “Ия, бұл әкең… бұзық, сотқар, жынды, бандит, xулиган…”, деп қалатынымыз да жасырын емес. Балаларымызға ұрысқанда да, “Өсіп-өнгір, тұқымың көбейгір, көктеп-көгергір, жапырағың жайқалғыр…”, деп “қарғайық”. Имандым, саналым, ақылдым, білімдім, батырым т.с.с жақсы сөздермен еркелетейік”, – деп кеңес айтады әнші.

 

  • Сәкен Майғазиев әкесі туралы естелігімен бөлісті

  • "Қазақ десе тілі келмейді, орыс десе түрі келмейді": Бір топ өнер адамдары FM Business радиосының басшысын сынады

Сондай-ақ, эстрада жұлдызы жазба барысында қарғыстың қабыл болғаны туралы мысал келтірді. 

“1984 жылдан бері бас имамдық міндетін атқарған әл-Судайс “Анамның “қарғысымен” имам болдым” деп еске алады: “Кішкентай кезімде тентектік жасасам анам маған ашуланып “Қағбаға имам болғыр, Судайс”, дейтін. Анамның осы "қарғысы" маған берген ең жақсы батасы болып шықты. Өскенде, Қағбаға имам болдым”, деген екен. Алла тағала баршамызға салиx ұрпақ нәсіп еткей”, – деп жазды өнер иесі. 

Желі қолданушылары қарғыстың неше түрін жазып, тың мәліметтерді бөлісіп жатыр. “Келісемін,өте орынды жазыпсыз! Менің балам бастық десең, бастық болады. Ауыздан шыққан әрбір сөзіміз бен ойымыз дұға!”, “Менің енемнің қарғысы өте ауыр. “Өліп қалғыр, тумай қалғыр” деп айтады. Тіпті күнделікті сөзге айналды десем болады”, “Мен бір апаны білем, баласына "жетпей желкең қиылып, жер жастаңғыр" деп айтатын. Бір емес бірнеше рет естідім. Қыршын кетті сол баласы” деп жазып жатыр әншінің тыңдармандары. 

Еске салайық, әнші сыртынан ғайбаттайтын адамдарды орнына қойғанын жазған едік. 


Автор: Айгерим Жумабаева

Айгерим — опытный редактор с богатым опытом в изучении и письме о культуре и истории. Ее страсть к языкам и письму помогает создавать увлекательные тексты.