Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің профилактикалық қызметінің басшысы Саян Ахметжанов Шымкенттегі шенеуніктің ұсталуына қатысты пікір білдірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агентігі хабарлайды. 

Фото: Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет

Саян Ахметжановтан сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шаралар қойылымға айналып кеткен жоқ па деген сұраққа жауап берді. Әкімдікте өткен жиында шымкенттік шенеуніктің ұсталуы баса аназарға алынды. 

"Бұл мәселені талқыладық. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет барлық жерде ашық түрде әрекет етеді және келіп түскен кез келген қоңырауды назарға алады. Және бұл шешім жергілікті атқарушы органдардың басшылығымен бірлескен түрде қабылданды. Бұл облыс әкімінің бастамасы болса керек", – деп түсіндірді Саян Ахметжанов.

"Басың екеу емес": Антикордың бұрынғы қызметкері мемлекеттен көрген қысымын еске алды

Ол көпшілік алдында қамауға алудың барлық нормалары қылмыстық іс жүргізу заңнамасында қарастырылған. Онда қамауға алу шұғыл жағдайда қалай жүзеге асырылатыны және қажет болған жағдайда уәкілетті сот немесе қадағалау органы рұқсат беретіні көрсетілген.

Еске салсақ, 6 ақпан күні Шымкент әкімдігіндегі жиналыс кезінде "Антикор" қызметкерлері залға кіріп, шенеуніктердің бірін құрықтаған. Ол тұрғын үй бөлімі басшысының міндетін атқарушы болып шықты.


Автор: Жанара Кенжебекова

Жанара — исследовательница культуры и традиций. Ее статьи поднимают важные темы многообразия культур Казахстана.