Информация об исполнения



жүктеу 58.69 Kb.
Дата23.02.2018
өлшемі58.69 Kb.




2010 жылға стратегиялық жоспардың орындалуы туралы ақпарат

Аудан миссиясы- бұл экономикалық саясатты жүзеге асыру, сонымен қатар жинақылығы, мемлекеттік жоспарлау және басқаруда тиімді жүйелер, ауданның жаңа деңгейде бәсекелестікке жетуге мүмкіндік жасау және әлеуметтік-экономикалық өсімінің тұрақтылығы, коммуналдық меншігін тиімді басқару, жоғары сапалы, бәсекелестік тауарларды және қызметтерді экономиканың басымдылық бағыты бойынша кәсіпкерлікті қолдау.

Пайымдауы- Көкпекті ауданының дамыған өңірлері қатарына енуіне мүмкіндік беретін өңір экономикасының тұрақты дамуы.

Көкпекті ауданы Қазақстан Республикасының Шығыс Қазақстан облысындағы агроөнеркәсіптік ауданның бірі.

Аудан өнімінің жалпы құрылымында өнеркәсіп үлесі-22,2%, ауыл шаруашылығы- 77,8%-ды құрайды.

2010 жылдың қорытындысы бойынша аймақ өнімінің жалпы көлемі 14178,3 млн. теңге, 2009 жылдың деңгейінен 13,3%-ға жоғары.

2010 жылы өндірілген өнеркәсіп өнімінің көлемі 2777,8 млн. теңгені құрады. Өткен жылғы кезеңмен салыстырғанда 100,2%-ға өсті. Өндірілген өнім көлемінің физикалық көрсеткіші 101,3%, оның ішінде: таукен өндірісі- 286,4, сумен қамтамасыз ету- 207,2%.

Агроөнеркәсіп кешенінде ауыл шаруашылық өнімінің жалпы көлемі 11400,5 млн. теңгені құрады, физикалық көрсеткіш көлемі-94,1%-ға, ет өнімі-9,2%-ға, сүт-6,7%-ға, жұмыртқа өнімі-1,1%-ға өсті. Жылқы басы 1,3%-ға, ірі қара мал саны-0,3%-ға, құстар-0,6%-ға , қой мен ешкі-9,3%-ға өсті, осыған байланыстышошқа басы 1,8%-ға қысқарды.

Ірі және орта бизнес субъектілерінің белсенділер саны 1750, 2009 жылғы кезеңмен салыстырғанда 7%-ға жоғарылады. Осы салада жұмыспен қамтылғандар саны 5% (4450 адамды құрады).

Негізгі капиталдағы инвестиция көлемі 1266,7млн. теңге, өткен жылмен салыстырғанда 320 млн. теңгеге төмендеді немесе 80%. 2009 жылы ірі инвестициялық жоба аурухана және мектеп құрылысының аяқталуына байланысты.

Тұрғын үйді пайдалануға өткен жылмен салыстырғанда 9,9% өсті және жалпы алаңы 889 шаршы метрді құрады.

Аудан бюджетінің шығыс бөлігі 2822,2 млн. теңгеге немесе 99,7% орындалды.

2010 жылы республикалық бюджеттен 550,8 млн. теңге түсті, 117,1%-ға орындалды. Аудан бюджетіне 329,2 млн. теңге соммасында кіріс түсті, болжам 100,8%-ға орындалды.

Ресми тіркелген жұмыссыздар саны өткен жылмен салыстырғанда 5,1% -ға төмендеді және 54 адамды құрады.

«Жол картасы» жобасы бойынша 262 жаңа жұмыс орны құрылды.

Жыл басынан бері жұмыспен қамту орталығына 771 адам тіркелді,оның ішінде 640 адам жұмысқа орналастырылды.

2010 жылы «Жол картасы» жобасын іске асыру барысында 13 жобаға сомасы 245,7 млн. теңге қаржы бөлінді:

- Көкжыра ауылындағы Амангелді атындағы орта мектеп ғимаратын күрделі жөндеуге 34,3 млн. теңге;

- Үлкенбөкен ауылындағы Үлкенбөкен орта мектебінің жылу жүйелерін күрделі жондеуге 12,1 млн. теңге;

- Самар ауылындағы «Дәншік» бала-бақша ғимаратын ағымдағы жөндеуге 31,4 млн. теңге;

- Көкпекті өзені арқылы өтетін көпір бөлігін орташа жөндеуге 30,3 млн. теңге;

- Көкпекті ауылындағы Аухадиев көшесін орташа жөндуге 13,2 млн. теңге;

- Көкпекті ауылындағы Аблайхан көшесін орташа жөндуге 23,8 млн. теңге;

- Көкпекті ауылындағы Астана- Аблайхан, Абай-Әуезов көшелерінің жолдарын асфальттеуге 44,4 млн. теңге;

- Көкпекті ауылындағы Аухадиев көшесінің сыртқы жарығын монтаждауға 2,6 млн. теңге;

- Көкпекті ауылындағы Би- боранбай көшесінің сыртқы жарығын монтаждауға 3,2 млн. теңге;

- Көкпекті ауылындағы Абай көшесінің сыртқы жарығын монтаждауға 6,9 млн. теңге;

- Самар ауылындағы парктерді, жаяу жүргіншілер жолын, көшелерді жарықтандыруды ағымдағы жөндеуден өткізу;

- Мариногорка ауылындағы Мәдениет үйінің 2 қабатын ағымдағы жөндеуден өткізу;

- Казнаковка ауылындағы көшелерді жарықтандыруды ағымдағы жөндеуден өткізу;

Содан басқа, «Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшерін және ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 18 ақпандағы № 183 қаулысы келісімімен 2009 жылдың 1 қаңтарынан бастап қаладан ауылға келген жас мамандарға көтерме жәрдемақы төленеді.

2010 жылы 14 жас маманға көтерме жәрдемақы бөлінді және төленді, оның ішінде 1 маман мәдениет бөлімінен, 4 маман денсаулық саласынан және 9 маман білім беру бөлімінен.

Сондай-ақ, 2010 жылы ауылдық елді мекендерге тұруға және жұмысқа келген жас мамандарға тұрғын үй алуға 7 бюджеттік несие бөлінді және төленді, оның ішінде 2 маман денсаулық сақтау саласынан, 5 маман білім беру бөлімінен.

«100 мектеп 100 аурухана» бағдарламасы аясында Көкпекті ауылындағы соммасы 1900,9 млн. теңгеге орталық аудандық аурухана құрылысы аяқталды.

Ауданда аналар өлімі жоқ. Өткен жылғы кезеңмен салыстырғанда 2 есеге өсті және 1000 тірі туылғандарға шаққанда 27,4%-ды құрады.

Туберкулезбен ауыратындар көрсеткіші есеп беру кезеңінде 3,7% төмендеді, 100 мың халыққа шаққанда 149,9%-ды құрады.

Ауданда мемлекеттік ұйым орта жалпы білім жүйесі өзгерген жоқ және 44 бірлікті құрайды. Оқу жылында оқушылар саны 49,7 бала болды. Бала-бақша саны 2, шағын орталық-44. Мектепке дейінгі біліммен қамту 93,6%-ды құрады. Ыстық тамақпен барлық мектеп қамтылды. Ыстық тамақпен қамтылғандар Оқушылар саны 4814 бала немесе 91%.

Ұлттық біріңғай тестілеу орташа 86,6 баллды құрады, ауданда орташа балл 80, 2009 жылдан 12,6 баллға өсті. Ыстық тамақпен қамтылғандар саны өткен жылмен салыстырғанда 132% өсті және 91%-ды құрады. 1-4 сыныптарда тегін тамақтандыру 100% құрады. 2010 жылы жазғы лагерьді ұйымдастыруға 5,6 млн. теңге бөлінді. Демалыс шаралары, барлығы 5503 оқушыны қамтыды және 114%-ды құрады. Қор есебінен лагерьде 19 жетім бала және 968 бала аз қамтылған отбасылардан.

Одан басқа, Елбасының 2010 жылғы 29 қаңтардағы Қазақстан халқына жолдаудағы алдағы он жылдың ішіндегі негізгі басымдылықтарды ескере Қазақстан экономикасының дамуы оның өңірлері дағдарыстық дамудан тыс қалды. Осылайша, 2010 жыл ішінде ауданның экономикасы мен әлеуметтіксаласының жалпы даму беталысы оң серпінді көрсетеді. Негізгі әлуметтік-экономикалық көрсеткіштер өткен жылдың осы мерзімі мен салыстырғандағы көрсеткіштерден артқандығын көрсетеді.
Аудан экономикасының негізгі мәселелеріне сараптама

Ауданның негізгі мәселелері:



  1. Өнеркәсіп өнімін әртараптандырудың төменгі деңгейін салыстыру.

  2. Өндіріліп жатқан өнімнің шектелген ассортименті нақты кәсіпорын шегі.

  3. Нақты секторда негізгі қорлардын тозуының жоғарғы дәрежесі.

  4. Жоғарғы технологиялық өндірістегі ғылым жоқтығы.

  5. Өнделетін өндірістегі қосылған құнның төмен деңгейі.

  6. Өндірілетін өнімнің энергиялық көлемнің жоғарылығы.

  7. Ауылдық инфрақұрылымдағы теңсіздіктің жоғары кезені.

  8. Ауылшаруашылық өнімін өндеудің үлесінің төмендеуі.

Осы мәселелер өндірілген өнімнің бәсекеге қабілеттілігің төмендігінен, қатал табиғат жағдайлары саладарынан аграрлық сектордың тұрақты дамуының төмендеуінен, экономиканың тиісті салаларында жеткіліксіз даму себепті ішкі нарықтың шетке тәуелділігінің өсуінең, тұтыну тауарлары мен қызметтер бағаларының өсу қарқының сақталуына байланысты халықтын тұрмыс сапасының төмендеуінен экономиканың даму қарқының төмендеуіне әкеліп соғады.

1.2. Негізгі ішкі және сыртқы факторларды бағалау

Өз кызметі процесінде бөлім өзі жүргізіп жатқан экономикалық саясатқа әсер ететін толық факторлар қатарының пайда болуына ұшырауы мүмкін.

Сыртқы факторларға экономикалық саясатқа әсер ететіні, бөліммен өткізілетене жататын:

- инфляция денгейі;

- инфляциялық процестер біраз баяулады және тұтынушылық сұранымның төмендеуі мен іскерлік белсенділіктің баяулауы жағдайында жалпы әлемдік тенденсиямен үйлескен болды. Нәтижесінде жылдық инфляцияның деңгейі 0,4 % 2009 жылдың қантар айы мен наурыз аралығында 2 % дейін көбейді.

2009 жылдың қорытындысы бойынша инфляцияның жылдық маңызы 5,7% -ды құрады.

Сонымен бірге ауданның қызметі бірқатар төмендегідей ішкі факторларға да байланысты:

-кадрлар санының жеткіліксіздігі, экономикалық қызметтегі кәсіптік мүмкіндіктердін төмендеуіне әкеліп соғады, олармен экономикалық дамудың міндеттерін орындауға мүмкіндіктері жоқ;

-жергілікті атқарушы органдардың тиісті стратегиялық (бағдарламалық) құжаттарды сапасыз жүзеге асыруы, бұл өз кезегінде дамудың тапсырылған параметрлерін орындамаудың себебі болуы мүмкін;



-Қазақстан Республикасын 2020 жылға дейін даму стратегиясымен және мемлекеттік Бағдарламалармен белгіленген кейбір мақсат индикаторлары бойынша стратегиялық ақпараттардың жоқтығы, бұл оларға жетудің бағалау барысы мен мониторингін әлсіретеді.

Экономика және бюджетті

жоспарлау бөлімінің бастығы А. Ибраимова


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет