Айтыскер ақын, кәсіпкер Сара Тоқтамысова қызының бір жасқа толғанын атап өтті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Былтыр ақын екі ұлдан кейін қызды болып, Сүйкімді деп ат қойған болатын. 

“Тойға шашуын алып аңқылдап, жарқылдап келген Жақсыларым!
Осыдан 3 жыл бұрын “қыз тапшы” деп ырымдап жүзігін таққан Қарақаттың ілтипатын ешқашан ұмытпаймын. Сүйкімді сырттан келген жанды жатырқайтын. Қарақаттың әнімен ұйықтатамыз. Ол келгенде иығына жатып алады. Жақсылардың жақсы қасиеті жұғысты болсын деп тілеймін қызыма. Жақсы сөз көп айтыңыздар. Жақсы тілек айта беріңіздер!”, – деп жазды ақын. 

Сондай-ақ, қызын дүниеге әкелген күнін де есіне алды. 

“Таң намазынан кейін толғақ басталып, перзентханаға келдім. Дәрігер “16:00-ге қарай босанасың” деді. Кіндік анасына да сол уақытта кел дегенбіз. Бірақ ол кісі ерте келіп алды. Жайна әпке қалай келді, солай босандым. Өте тез арада болды бүкіл процесс. Әкесі видеоқоңыраумен танысты. Жолдасым босану процесіне қатыспақ түгілі перзентхананы айналып қашады. Өз басым күйеуді босандыру бөлмесіне кіргізуге қарсымын. Анасын босана сала кіші ұлым перзентханаға келді. Оны кіргізбеді бірақ. Балалар кіруге болмай екен. Өйткені бала бір-біріне вирусты тез жұқтырады екен. Уақыт тез өтіп кетті. Қызымыз 1 жасқа толып, қуантып жатыр”, – деп тілек жаудырған оқырмандарына алғыс айтты. 

 

 

 
 

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

 
 
 

 
 

 
 
 

 
 

Публикация от Сара Тоқтамысова. (@sarkanai)


Автор: Ербол Нурланов

Ербол — талантливый фотограф, зафиксировавший красоту природы и городской жизни Казахстана. Его работы придают нашим материалам визуальное великолепие.