Ішкі істер министрлігі Қазақстанда ұрып-соғу және денсаулыққа жеңіл зиян келтіргені үшін қандай жаза енгізуді жоспарлап жатқанын мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Ашық дереккөзден

Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Шыңғыс Алекешев балалар мен әйелдердің құқығын қорғауға бағытталған заң жобасында ұрып-соғу әрекеті үшін жеке бап енгізілетінін айтты. Оның айтуынша, адамды ұрып соққаны үшін кінәлі тарапқа 80 АЕК көлемінде айыппұл салынады. Сондай-ақ ол 80 сағатқа дейін қоғамдық жұмысқа тартылады немесе 25 күнге дейін қамауға алынады. 

Егер ол 2 немесе одан да көп, дәрменсіз күйдегі адамды ұрып-соқса, сондай-ақ егер жәбірленуші материалдық және басқа тұрғыдан айыпталушыға тәуелді болса немесе кінәлі адам балаларды ұрып-соққан жағдайда 30-дан 50 тәулікке дейін қамауға алынады.

  • "Әйелдерінен қысым көретін еркектер де бар": Депутат Аманжол Әлтай әйелдер туралы заң жобасында еркектердің сөзін сөйлеп шықты
  • "Әкелерді бұл заңмен сүмірейтіп жіберген жоқпыз ба": Депутат Ермұрат Бапи отағасы туралы заң қабылдауды ұсынды (видео)

“Адам денсаулығына қасақана жеңіл зиян келтіргені үшін 200 АЕК-ке дейін айыппұл, не болмаса 200 сағатқа дейін қоғамдық жұмыс істеу немесе 50 тәулікке дейін қамауға алу көзделеді. Егер зардап шеккен адамның саны екеуден көп болса, дәрменсіз адам болса, кінәліге материалдық немесе өзге де тәуелділікте немесе кәмелетке толмаған жасөспірім болса, онда айыптыға 1 мың АЕК-ке дейін айыппұл немесе 600 сағатқа дейін қоғамдық жұмысқа тарту, не болмаса 2 жылға дейін шектеу немесе бас бостандығынан айыру жазасы көзделеді", – деді Шыңғыс Алекешев.

Бұған дейін мәжіліс жас баланы өлтіргені немесе педофилия үшін өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған заң жобасын бірінші оқылымда-ақ мақұлдаған еді. 


Автор: Гульжан Оразбаева

Гульжан — исследовательница жизни и достижений знаменитых личностей Казахстана. Ее статьи позволяют читателям взглянуть на страну через призму вкладов ее ярких представителей.