Америкалық TikTok қолданушысы @doobydobap 51 жастағы анасының екі есе жас көріну құпиясын бөлісті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Daily Mail басылымына сілтеме жасап хабарлайды. 

Фото: Instagram/doobydobap

Қызының өтінішінен кейін әйел күнделікті тері күтімі үшін не істеу керегін айтып берді. Оның сөзінше, әдіс 10 қадамнан тұрады және алғаш рет Оңтүстік Кореяда пайда болған. 

Алдымен әйел май негізіндегі сұйықтықпен және сілтілі көбікпен макияжын сүртеді. Сосын ісінуге қарсы ниацинамиді бар сарысу, ретинолы бар әжімге қарсы құрал мен жұмсартатын масканы қолданады. Оның сөзінше, маска жағу үшін бетке арналған микротоқты массажерді пайдаланған тиімдірек. 

Әрі қарай гиалурон қышқылы бар сұйықтық пен құрамында адамтамыр, құлмақ мен жылбұрыш, азиялық центелла бар жұмсартатын эмульсияны пайдаланады. Содан кейін жұмсартуға арналған екі крем жағады. 

Тиктокер қыздың оңғы кеңесі – күніне кем дегенде 8 сағат ұйықтау. 


Автор: Жанара Кенжебекова

Жанара — исследовательница культуры и традиций. Ее статьи поднимают важные темы многообразия культур Казахстана.