«Информатика» кафедрасы 5В011100-информатика мамандығы оқу іс-тәжірибесін



жүктеу 112.62 Kb.
Дата30.04.2019
өлшемі112.62 Kb.

Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институты
Физика-математика факультеті

«Информатика» кафедрасы

5В011100-ИНФОРМАТИКА МАМАНДЫҒЫ

ОҚУ ІС-ТӘЖІРИБЕСІН

ӨТКІЗУГЕ АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ

ШЫМКЕНТ 2015

Оқу тәжірибенің әдістемелік нұсқауы «Информатика» кафедрасының мәжілісінде талқыланды, №1 хаттама, «27» тамыз 2015ж.

Кафедра меңгерушісі __________ т.ғ.к. Мырзахметова Б.Ш.

(қолы) (аты жөні)

Жұмыс оқу бағдарламасын Физика-математика факультетінің әдістемелік комиссиясы мақұлдаған,

№ 1 хаттама, «27 » тамыз 2015 ж.

Төрайымы __________ Сарсенбиева Н.Ф.

қолы) (аты жөні)

Құрастырған: магистр-оқытушы Лесбаев А.У.


  1. Іс-тәжірибенің мақсаттары мен міндеттері

Оқу іс-тәжірибесі 2-курс студенттерінің оқу жоспарланына сай көктемгі сессиядан кейін ұйымдастырылады. Ұзақтығы 2-апта.

Мақсаты:

«Бағдарламалау тілі» пәнін студенттерді оқу есептеу тәжірибесінен өткізу бағдарлама құрастырудың нақты тәжірибесін береді, сонымен қатар бағдарламалаудың жақсы стильдерінің және бағдарламалақ құжаттарды құрастырудың тиімді және рационалды әдістерін үйрету мүмкіндіктерін береді. Оқу есептеу тәжірибесінің негізгі мақсаты студенттердің оқу процесінде бағдарлама құрудың методологиясы, қолданылатын жобалау және бағдарламалау технологиясы туралы қалыптастырылған білімдерін жетілдіру болып табылады. Сонымен қатар:

-Болашақ мұғалімдерді бағдарламалау тілі негіздерін терең түсіну;

-Ақпараттық технологиялардың теориялық негіздерін өз бетінше меңгеру;

-Жалпы ақпараттық мәдениетін тәрбилеу;

-Бағдарламалау тілдерінің структурасын зерттеу;

-Алгоритм және оның қасиеттерін меңгеру;

-Бағдарламалауды жасақтау технологиясымен танысу;

-Басқа пәндерді оқып түсіну үшін қажетті білім алу.

Міндеті:

- Техникалық есептерді шығара білу;

- Математикалық ойлауды немесе аналитикалық ойлауды, анализ жасауды дамыту;

- Алгоритм және бағдарламалауды үрету;

- Бағдарламалау парадигмасын меңгеру;

- Жеке бағдарламалық қолданбаларды жасай білу;

- Компьютерлік сауаттылықты меңгерту.


  1. Бакалавр дайындаудың білім бағдарламасындағы іс-тәжірибе орны

Іс-тәжірибені ұйымдастыруға және мазмұнына ұсынылған жаңа тәсіл келесі нақты ережелерге негізделеді:

Оқу іс-тәжірибе негізгі «Информатика», «Информатиканың теориялық негіздері» пәндерін оқығаннан кейін аяқталады; ол «Бағдарламалау» курсын оқуда көмектеседі. Іс-тәжірибе студенттердің білімін талдап, оларды іс-тәжірибелік қолдануын қамтамасыз етеді.

Студент өз бетімен кәсіптік қызметке кірісу үшін ол талдау тәжірибесін және бағдарламалау тәсілдер жиынтығын білуі керек.

Жоғары оқу орындарының бағдарламасын сәйкес білім алу үшін студент әдебиеттермен, оқу құралдарымен, сөздіктермен және компьютермен жұмыс жасай білуі қажет.

Студент оқу іс-тәжірибесі барысында:

-оқу бағдарламаларында қарастырылған барлық тапсырмаларды орындауға;

-оқу іс-тәжірибе өтілетін ортаның ішкі тәртіп ережелерін ұстануға;

-техникалық қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауға;

-көрсетілген мерзімде оқу іс-тәжірибесінің есебін тапсыруға міндетті.


  1. Кәсіби іс-тәжірибені дайындау және ұйымдастыру

Іс-тәжірибе басталар алдында дайындық жұмыстары жүргізіледі. Студенттер тізімі жасалынады, іс-тәжірибенің базалық кәсіпорындары анықталады, әр бір іс-тәжірибе базаларына топтар бөлінеді. Іс-тәжірибе базаларына жіберместен бұрын студентерге бекіту конференциясы өткізілдеді. Онда іс-тәжірибе бағдарламасының орындалу әдістемесі, есептік құжаттарды безендіру, іс-тәжірибені өту тәртібі, мерзімі, өту орыны айтыладыі, іс-тәжірибенің мақсаттар мен тапсырмалары, жетекшілердің және студенттердің міндеттері, іс-тәжірибені бағалау критерилері түсіндіріледі. Әр-бір студентке күнделік арналып, жеке тапсырмалар беріледі.



  1. Іс-тәжірибені өткізу орыны және уақыты

Оқу іс-тәжірибесі көктемгі семестрдің аяғында «Информатика» кафедрасында өткізіледі:


  1. Білім алушының іс-тәжірибе өту нәтижесі бойынша компитенциялық қалыптасуы

Бакалавриат дайындау бағыты бойынша білім беру бағдарламасына сәйкес іс-тәжірибеден өту үрдісі төмендегіше компетенция элементтерін қалыптастыруға бағытталған:

Мұғалімнің кәсіби құзыреттілігін қалыптастыруда оқу іс-тәжірибесі үлкен рөл атқарады. Оқу іс-тәжірибе өту кезінде студенттің бағдарламалау іскерлігі мен дағдылары жылдам қалыптасады. Оның шығармашылық және педагогикалық құбылыстарды зерттеуге деген қабілеті дамиды, педагогикалық шеберліктің негіздері қаланады.

Кәсіби құзыреттілікті қалыптастыру жеке шығармашылық қабілетті дамытуды, педагогикалық инновацияларды дұрыс қабылдауы, күнделікті өзгеріп жататын педагогикалық ортаға тез бейімделуді қажет етеді.

Ғалымдар жоғары оқу орнын бітірушілердің құзыреттіліктерінің құрылысын жалпы кәсіби құзыреттілік, арнайы кәсіби құзыреттілік деп бөліп саралайды Жалпы кәсіби құзыреттілік студенттің жалпы кәсіптік білімі, дағдысы, қабілеті мен мамандығының дайындығы арқылы анықталады. Сонымен бірге құзыреттіліктің бұл түріне студенттің ғылыми-зерттеушілік, басқарушы-ұйымдастырушылық қабілеттері мен кәсіби және педагогикалық қызметі жатады.

Іс-тәжірибеден өткен білім алушы нәтижесінде төмендегіше дағдылармен икемділіктерді игеру қажет:

- Болашақ мұғалімдердің Бағдарламалау тілі негіздерін түсінуі;

- Жалпы ақпараттық мәдениетті қалыптасыруы;

- Техникалық есептерді шығара білуге үйретуі;




  1. Іс-тәжірибеге басшылық жасау және басқару үрдісі

Оқу іс-тәжірибесі 2-курс студенттерінің оқу жоспарланына сай көктемгі сессиядан кейін ұйымдастырылады. Ұзақтығы 2-апта.

Оқу іс-тәжірибе басталуына орай, факультетте студенттер мен олардың жетекшілерінің қатысуымен конференция өтеді. Студент оқу іс-тәжірибеден өту үшін кафедрадан күнделік, бағдарлама алуы керек.


Практикант-студенттің негізгі міндеттері

Педагогикалық мамандықтар бойынша оқытылатын студенттердің оқу іс-тәжірибесі төмендегі міндеттерден тұрады:

-студенттердің жоғары оқу орнында алған теориялық білімдерін іс-тәжірибе жүзінде қолдануға үйрету;

-информатика, информатиканың теориялық негіздері білімдерін тереңдету және бекіту;


Жетекшінің міндеттері

Топ жетекшісі:

-практикант-студенттерге тапсырамалар береді;

- практиканттардың жеке жұмыс тақырыптарын бекітеді;

- студенттердің практика қорытындысы бойынша есеп құжаттарын жинап, оларды зерделеп, кафедра жетекшісіне өткізеді;

- факультеттің оқу іс-тәжірибесі бойынша ұйымдастыру және қорытындылау конференциясына қатысады, сонымен қатар оқу-тәрбие мекемелерінің өткізетін мәжілістеріне қатысады.




  1. Іс-тәжірибе кезінде ғылыми-зерттеу жұмыстарын және жеке тапсырмалардың орындауы

Іс-тәжірибе өту кезеңінде студент кафедра тарапынан бекітіліп берілген СҒЗЖ және тақырыптарға сай жеке тапсырмалары орындайды.

Студенттің ғылыми-зерттеу жұмыстарын- студенттердің жоғары білімді маман ретінде қалыптасуының маңызды бір құралы ретінде қарастыруға болады. Студенттердің шығармашылық қабілетілігін көтереді.

Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстары тапсырмаларды студенттер кәсіби іс-тәжірибе кезінде кафедраның ғылыми-зерттеу жұмыстары мазмұнында орындайды.

Жеке тапсырмаларды орындау кәсіби іс-тәжірибенің негізгі компонеттерінің бірі. Жеке тапсырмаларды орындау арқылы мамандарды сапалы түрде дайындауға және ілімдік білімдерін шығармашылқ қолданумен тәжірибелік іс-әрекеттерде пайдалануға себтігін тигізеді.

Жеке тапсырмалардың міндеттері болып төмендегілер саналады:

- студенттердің ізденушілік, аналитикалық, тәжірибелік жұмыстарын өз кәсіби іс-әрекеттерінде қолданушылығын қалыптастыру;

- мәліметтерді жинақтауда, өңдеуде, жүйелеуде және талдауда жаңа дағдыларды қалыптастыру;

- өз бетінше талдау дағдыларын қалыптастыру;

- кешендік мемлекеттік емтихандардың тәжірибелік бөліміне материалдар даярлау.

СҒЗЖ жұмыстарының және жеке тапсырмалардың тақырыптары кафедра мәжілісінде талқыланады және кафедра меңгерушісінің тарапынан бекітіледі. СҒЗЖ жұмыстарының және жеке тапсырмалардың тақырыптары күнделікке жазылып, іс-тәжірибе алдында студентке таныстырылады. СҒЗЖ жұмыстарының және жеке тапсырмалардың тақырыптары жыл сайын жаңартылып, іс-тәжірибе бағдарламасының А қосымшасында келтіріледі. Студенттерге жеке тапсырманы университет тарапынан бекітілген жетекші береді. Жеке тапсырма іс-тәжірибе түріне, студенттің мамандығына және іс-тәжірибе базасына қатысты беріліеді. Кәсіби іс-тәжірибе есебінде жеке тапсырма негізгі бөлімі болып саналады.




  1. Кәсіби іс-тәжірибені қорытындылау

Іс-тәжірибе соңында студент кафедраға есеп өткізеді. Есеп мазмұнында базалық кәсіпорындардың ерекшеліктері, тарихы, кәсіпорынның іс-әрекетін растайтын нормативті құжаттар туралы мәліметтер болуы шарт. Сонымен, қатар есепте күнделік негізінде кафедраның бекіткен тапсырмалары толығымен орындалуы керек. Есеп соңында қорытындылар мен қосымшалр беріледі. Кәсіби іс-тәжірибе есептерін қабылдау үшін кафедра меңгерушілері комиссия мүшелерін құрады. Оның құрамына кафедраның жетік оқытушылары, университет тарапынан, мүмкіншілік жағыдайда кәсіпорындардан бекітілген жетекшілер кіреді.

Іс-тәжірибе соңында қорытындылау конференциясы өткізіледі. Онда іс-тәжірибе бойынша есептерді қорғайды, құжаттамалары тексеріліп, қорытынды бағалары қойылады.

Өндірістік іс-тәжірибе бойынша жетекші үлгіге сай есеп жазады және 10 күн ішінде институттың іс-тәжірибе бөліміне өткізеді. Іс-тәжірибе нәтижелері кафедра жоспар бойынша кафедра мәжілісінде және ғылыми мектеп кеңесінде талқыланады.


  1. Кәсіби іс-тәжірибе есептерін безендіру тәртіптері

Іс-тәжірибе күнделігін толтыру ережелері

Күнделік—студенттің іс- тәжірибе бағдарламасының орындалуы жөнінде есеп беретін негізгі құжаттарының бірі.

Күнделікті толтыру ережелері:


  • студент іс-тәжірибе барысында бағдарламаға сәйкес күнделікті анық етіп жазып отырады;

  • Практикант күнделікті толтырып болған соң күнде жектекшіге тексертіп отыруы керек.

  • Студент іс-тәжірибе соңында мінездеме жазу үшін жетекшіге өткізуі керек.

  • Түгел толтырылған күнделік студенттің есебіне қосылады. Студенттің есебі күнделіксіз жарамсыз деп табылады.

  • Дайын болған есепке іс-тәжірибе жетекшісі пікір жазып, («қанағат-сыз», «қанағаттанарлақ», «жақсы», «өте жақсы») бағалайды.


Іс-тәжірибе бойынша есеп беру тәртібі

Педагогикалық практика барысында студенттердің іс-әрекетін есепке алуды топ басшысы, топ жетекшісі, әдіскер және тағы басқа жоғары оқу орны немесе мектеп қызметкері жүргізеді. Әр мектепте оқу-тәрбие жұмыстарын есепке алу үшін журнал арналады, онда мектептің оқу, жұмыс тәртібі студент–практиканттардың сабаққа қатысуы,оқу және тәрбие жұмыстарының бағалары, жоғарғы оқу орнықызметкерлерінің (әдіскерлердің) педагогикалық практиканы тексеруі және олардың өткізіліп жатқан педагогикалық практика барысы жөніндегі пікірлер мен ұсыныс ескертпелері жазылады.



Есеп—студенттің іс-тәжірибедегі жұмысын бейнелейтін негізгі құжат болып табылады. Студент есепті іс-тәжірибе барысында дайындау керек. Әрбір студент жеке есеп дайындайды.

Есеп іс-тәжірибе бағдарламасының орындалғанын көрсете отырып жазылады.

Есеп А4 форматта, MS Word редакторында, Times New Roman 14 шрифтінде, бір интервалмен жазылуы керек. Сол жағынан 30 мм, оң жағынан 10 мм, төменгі және жоғарғы жағынан 20 мм кем болмауы керек.

Текстегі абзац 0,63 мм отступпен басталуы немесе текстің төртінші таңбасынан кейін жазылуы керек.



Есеп сыртқы беттен (титульный лист), мазмұнынан, кіріспеден, бөлімдерден, қорытындыдан және қосымшалардан тұрады.

  1. Сыртқы беті. Сыртқы бетте іс-тәжірибе атауы, өткізу орны, студенттің аты-жөні, жетекшінің аты-жөні жазылады.

  2. Кіріспе.

  3. Іс-тәжірибе мазмұны:

  • Іс-тәжірибе мақсаты мен өткізу уақыты.

  • Іс-тәжірибе барысында жасалынған жұмыстардың тізбесі.

  1. Студенттің ғылыми зерттеу жұмыстары.

Студент жетекші берген жеке тапсырмаларды орындайды.

  1. Қорытынды.




  1. Іс-тәжірибенің оқу-әдістемелік қамтамасыз етілуі

Материалдарды жинақтау және оларды талдауға дайындауға әдістемеліктер:

  1. Н.Культин Программирование в Turbo Pascal 7.0 и Delphi БХВ-Петербург, 1997.

  2. О.Камардинов. Информатика. І, II –бөлiмдер. – Шымкент: 2000.

  3. О. Камардинов Есептеуіш техника және программалау. Алматы-1997ж.

  4. Н.Культин. Turbo Pascal в задачах и примерах. – Спб.:БХВ-Петербург, 2001. – 256 с.:ил.

  5. Шаметов Е.Б. Паскаль тілін үйренейік. Шымкент-1993ж.

  6. Нұрмұханбетова Г.К., Әмірбекұлы А., Сүлейменова Л. Паскаль тілінен лабораториялық практикум. Шымкент: Яссауи атындағы ХҚТУ, 2002. – 132 бет.

  7. Сыдықов Б.Д. Алгоритмдеу және программалау негіздерін оқыту. Алматы 2001ж.

  8. В.Г.Баула и др. Основы программирования и алгоритмические языки.-М.: Энергоатомиздат, 1991 г.

  9. Кетков Ю.Л., Кетков А.Ю. Самоучитель. Практика программирования: Бейсик, Си, Паскаль-дискета: СПб: ВНV – Петербург 2001, 480с.

  10. Байдыбекова А., Сабалахова А., Қоштаева Г. Паскаль тілі, Шымкент-1999ж.

  11. Б.К. Нақысбеков Паскаль тілі, Алматы 1992ж.


Іс-тәжірибе нәтижесі бойынша аттестация өткізу тапсырмалары мен бақылау сұрақтары

  1. Бағдарламалау технологиясы?

  2. Бағдарламалық өнім және оның сипаттамалары?

  3. Бағдарламалаудың формальды жүйелері?

  4. Бағдарламалау тілдерінің топтастырылуы?

  5. Деректердің типтелуі?

  6. Бағдарламалық өнімді жобалау методологиясы?

  7. Құрылымдық бағдарламалау, жоғарыдан төменге қарай бағдарламалау?

  8. Бағдарламалық өнімнің объектіге бағытталған жобалануы?

  9. Бағдарламаның өмір циклының модельдері және кезеңдері?

  10. Анализ кезеңі?

  11. Пәндік область?

  12. Функциональды декомпозиция?

  13. Деректердің ағымының моделі

  14. Ақпараттық модельдеу

  15. Объектіге бағытталған бағдарламалаудың теориялық негіздері

  16. Деректердің абстракциясы, объект. Инкапсуляция

  17. Класстардың иерархиясы. Мұрагерлеу. Полиморфизм

  18. Полиморфты объект

  19. Параметрлеген класстар

  20. Объектіге бағытталған бағдарламалауды бағдарламалау тілінде жүзеге асыру

  21. Оқиғамен басқарылатын бағдарламалау

  22. API арқылы техникалық құралдармен басқару

  23. Windows қосымшасының құрылымы

  24. Бағдарламалаудың визуальды жүйесінің негізгі принциптері

  25. Қолданушының өз компоненттерін құру



Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет