14 жыл отасқан күйеуін өлітіп, бөлшектеп тастаған Құндыз Молдабекова мен марқұмның арасындағы жанжалға не себеп болғаны белгілі болды. “Көреміз” бағдарламасына келеген Құндыздың анасы мен әкесі өз шындығын айтты.  Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Видеодан скрин

Күйеуін балталап өлтірген Құндыз Молдабекованың анасы Тілайым Молдабекованың айтуынша, қызының ешқандай психологиялық ауруы болмаған. Сондай-ақ жантүршігерлік жағдайға ақша емес, қызғаныш себеп болған деп санайды.

“Күйеу баланы өлтірген күні кішкентай қызы біздің үйде еді. Ал екі бала барлығын көрген. Болған жағдайға куә болған солар. Балалардан жағдайдың қалай болғанын жан-жақты сұрадық. Айтуларынша, біреу хабарласып, TikTok туралы әңгіме болған. Соған қарағанда күйеуі қызым әлеуметтік желіге видео салғаны үшін ұрысқан болу керек. Сонда әкесі балаларды сыртқа шығарып жіберіп, қызыммен оңаша қалған. Балалар әке-шешесінің қатты дауласқанын естіген. Бірде қызымның шыңғырған жан даусы шыққан. Балалар үйге кірейін десе есік құлыптаулы екен. Сөйтіп олар ас үйдің терезесінен кірсе Құндыз күйеуінің үстіне жатып алыпты. Айналасының бәрі қан екен. Үлкен ұлы ана көріністі көрген бетте есік ашып, қашып кетіпті. Екінші баласы “Не істеймін, енді мені қамайды, өзімді өлтіремін бе” деп жылаған шешесін құшақтаған. Сонда ұлы: “Әкемді мен өлтірдім деп айтсам, мені қамайды. Сізді қамамайды” деп жұбатқан. Екінші бала 12 жаста”, – дейді Тілайым Молдабекова.

Мән-жайды тексере келе қылмыстың бетін ашқан Тілайым Молдабекованың көршісі болып шықты.

“Құндыз көршісі Русланға өтініш жасамас бұрын төркініндегі әке-шешесінің көршісіне барған. “Alphard” жүргізушіне өтініш жасап, екі бөшке мен эмульсия шелегіне салынған мәйітті Келес өзеніне апарып тастамақшы болған. Бірақ жүргізуші “бөшкедегі сасыған қой еті” дегенді естігенде өзенге емес, ит-құс жеп кететіндей қоқысқа апарып тастау керегін айтады. Сөйтіп көнбеген соң Құндыз жылап, бөшкедегі күйеуінің денесі екенін айтқан. Сонда жүргізуші ашуланып, Құндызды полицияға тапсыратынын айтқан. Құндызды өзі үйге әкеліп тастаған соң полцияға хабар берген. Құзырлы органдар оған Құндыздың ешқайда кетіп қалмауын қадағалауды тапсырған. Бұл жағдай 11 күні түнгі сағат 10-11 арасында болған. Ал Құндызды 12 күні күндіз сағат 12-де ұстады”, – марқұмның әпкесі Керемет Арызбекова.

Жантүршігерлің жағдайға нақты не себеп болғаны белгісіз. Тергеушілердің мәліметінше, ерлі-зайыптылардың арасындағы жанжалға TikTok себеп болған. 

Ал қанды қылмыстың мән-жайын Құндыз егжей-тегжейлі өз әкесіне баяндап берген. Құрбанәлі Молдабековтың айтуынша, Құндыз ағасына хабарласып тез жетуін өтінеді. Не болғанын сұрағанда “Күйеуімді өлтіріп қойдым” деген. 

“Мен бастапқыда сенбедім. Үйге барсам полиция үйді қоршап алыпты. Тергеушілер менен жауап алды. Қызым істеген ісіне өкінеді. Қызым TikTokқа жиі түседі. Күйеу балам онысына қарсы болды. Сөйтіп балалармен бірге үйінде қарбыз жеп отырғанда осы оқиға болған”, – дейді Құндыздың әкесі. 

Құндыз Молдабекова сот алдында мәлімдеме жасағанда да осы оқиғаны айтқан.

“Мен күйеуіме қасақана пышақ тыққан жоқпын. Құрметті сот, біз қарбыз жеп отыр едік. Сосын күйеуіме біреу хабарласып “Әйелің қайтадан  TikTok түсіріп жатыр” деді. Кейін күйеуім маған” Пышақты ал да, өзің тық” деді. Оның арасында басымды жұдырықпен ұрды. Сол кезде мен: “Қой, қазір пышақ екеуіміздің біреумізге кіріп кетеді” дедім. Пышақты қайта-қайта мойныма тақап қоймады. Пышақты ұстатып, оң жағыма келіп отырып алды. “Қазір үш дегенде өзіңе тығыа қаласың” деді. Мен одан кешірім де сұрадым. Сосын қайтадан санады. Мен пышақтың сабымен басынан салып қалдым. Талып қалатын шығар деген оймен өзімді қорғадым”, – дейді Құндыз Молдабекова. 

Қанды қылмысқа қатысты марқұмның ортаншы ұлы Әли де анасын жақтап, көргенін баяндады.

“Анашымды ұратын, істеген тірліктерін жақтырмайтын. Сол себепті үйде күніге у-шу болатын. Анашымды ұрып тастайтын кездері де болатын”, – дейді Әли.

Жәбірленуші тарап марқұмның кейбір дене мүшелерінің әлі күнге дейін табылмағанын айтып, шағым білдірді.

“Сүйектен етін ажыратып тастаған. Мысалы, басы мүлдем жоқ. Таба алмадық. Денесінің 40-50 пайызы ғана табылды. Құндыздан басын сұрап едік, “таба алмайсыңдар” деді. Айтпай қойды”, – Керемет Арызбекова.

Құндыз әкесіне күйеуінің басын суға ағызып жібергенін айтқан.  

Жәбірленуші тараптың енді бір талабы – балалардың өз қамқорлығына алу. Үш бала 2 жылдан бері нағашы ата-әжесінің қолында тұрып жатыр. Алайда әжесі зағип, атасы жұбайына қарап отыратын болғандықтан оларға балаларға бас-көз болу қиынға соғуы мүмкін. Сол себепті марқұмның әпкесі Керемет балаларды өз тәрбиесіне алуды ұсынып отыр. 

“Әке-шешесінің үйі балаларға тесілі. Мен оларды балалар үйіне өткізбеймін. Керісінше, олардың тәрбиесі, аяққа тұруы, оқуға түсуі, үйлі-жайлы болуы менің мойнымда болады”, – дейді Керемет.

Алайда балалардың қай тарапта қалатынын сот және қорғаншылық, қамқоршылық ұйымы шешеді.

Бұған дейін Түркістанда күйеуін аса қатігездікпен өлтірген әйелдің қайын жұрты оқиғаның мән-жайын айтқан еді. 


Автор: Гульжан Оразбаева

Гульжан — исследовательница жизни и достижений знаменитых личностей Казахстана. Ее статьи позволяют читателям взглянуть на страну через призму вкладов ее ярких представителей.