«Инженерлік-технологиялыќ факультеттіњ»



жүктеу 1.14 Mb.
бет1/10
Дата19.09.2017
өлшемі1.14 Mb.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ

СЕМЕЙ қаласының ШӘКӘРІМ атындағы МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ



СМЖ 3 дәрежелі құжаты

Пәннің оқу-әдістемелік

материалдары



Пәннің оқу-әдістемелік

материалдары

042-18.28.1.3/01–2016


Пәннің оқу-әдістемелік

материалдары




№ 1 басылым 08.09.2016 ж.





Пән атауы: Қазақ тілі

Кредит саны: 3

Шифр – мамандық атауы: Аграрлық факультеті, Ақпараттық – коммуникациялық технологиялар факультеті, Жаратылыстану – математика факультеті, Инженерлік-технологиялық факультеті, Қазақ филологиясы факультеті, Тарих-педагогика факультеті, Шетел және орыс филологиясы факультеті, Экономика және құқық факультеті мамандықтарына арналған

Факультет, кафедра: Қазақ филологиясы факультеті, Қазақ тілінің теориясы мен әдістемесі кафедрасы


ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАР

Семей


2016


Мазмұны

1. Глоссарий

2. Сабақтар

3. Практикалық сабақтар

4. Студенттердің өздік жұмыстарының тақырыптары

5. Пәннің оқу-әдістістемелік картасы

6. Оқу-әдістемелік әдебиеттермен қамтамасыз етілу картасы



7. Әдебиеттер

1. Глоссарий



Грамматика (грек. «жазу, жазу өнері»)-тілдегі сөздердің өзгеру тәсілдері мен құралдарын, сөз тіркестерін, олардың сөйлемге құралу заңдарын зерттейтін тіл білімінің саласы.

Лексика (грек.»сөздік қор»)-тіл білімінің сөз және оның мағынасын зерттейтін бір саласы.

Лексикология (грек. лексика, логос)-тілдік сөздік құрамы мен оның тарихи даму заңдылықтары, қызметін зерттейтін тіл білімінің саласы.

Лексикография (грек. «сөздік» «ілім»)-тіл білімінің сөздіктер жасайтын және оларды зерттейтін бір саласы.

Морфология (грек. «жаңа», «сөз»)- тілдегі жаңа ұғымды білдіріп, жаңадан пайда болған сөздер.

Синтаксис (грек. «құрастыру»)- сөз тіркесі мен сөйлемді зерттейтін тіл білімінің саласы.

Фонетика (грек.»дыбыс»)- тіл дыбыстары туралы, тілдегі дыбыстық ерекшеліктер мен заңдылықтарды зерттейтін тіл білімінің саласы.


1-ТАҚЫРЫП.

Грамматика: Көсемше категориясы. Көсемшенің жұрнақтары. Қызметі. Түрі. Кейіпті көсемшенің немқұрайлық, созылыңқылық, кенеттік және т.б. мәнде қолданылуы. Түбір етістік + а (-е, -й) салу, түбір етістік + ып (-іп,-п) тұру, түбір етістік + ып (-іп, -п) қалу, және т.б. тәсілдер арқылы шақ, жақ бойынша түрленіп жасалуы.

Мәтін: Ар-ождан бостандығы. Дін және діни тағым. Діни мерекелер. Ұлттық салт-дәстүрлер.

Қайталау: Синтаксис. Сөз тіркесі. Сөйлем.

Көсемше- өзіне тән синтаксистік қызметі, морфология тұлғалары бар дербес категория Көсемше де етістіктің ерекше түрі. Есімше сияқты көсемше де сөйлемде екі түрлі мәнде, екі түрлі қызметте қолданылады. Бірде жіктеліп келіп, немесе күрделі етістіктің негізгі етістік сыңары көсемше тұлғасында келіп, көмекші етістік жіктеліп, қимылды, іс-әрекетті шақка байланысты білдіреді де, сөйлемнің баяндауышы қызметін атқарады.

Көсемшенің жұрнақтары :



  • Шарт: майынша, мейінше

  • Мезгіл: ғанша/генше, қанша/кенше

  • Өткен шақ: ып, іп, п

  • Осы шақ: а, е, й

  • Мақсатты келер шақ: ғалы/гелі, қалы/келі

Мысалдар: Материалды дұрыс меңгермейінше тапсырманы орындау мүмкін емес. Қоранның төбесі ашылып қалыпты (М. Ә.)— Анау өрмекшіні көресің бе, не істеп жүр?— Көремін, өрмек тоқып жүр (Ы. А.). Түбімнен қатты ұрып, жемісімді жерге түсіріп алып жейді (Ы. А). Абай да Жұмабай да қызыға тыңдасты (М. Ә.). Төл үйдің пешін жапқалы Назыкеш төбеге шығып еді (Ғ. М.). Бірақ көзінде жайнай жанған от білінді (М. Ә.).

Көсемшенiң жұрнағы бар мақал-мәтелдер:1. Дұшпан кулдiр[iп] айтады,Дос жылат[ып] айтады.2. Досы көптi жау алма[й]ды,Ақылы көптi дау алма[й]ды.3 Асқар тау алыстан көрiн[е]дi.4. Сын тузелме[й],мiн тузелме[й]дi.5. Ат баспа[й]мын деген жерiн уш басар,Ер татпа[й]мын деген дәмiн уш татар.6. Ақылды адам айтқызба[й] бiл[е]дi,Ақсұнқар қаққызба[й] iл[е]дi.7. Адамды тусiне қара[п] таныма,Iсiне қара[п] таны.



Көсемше жұрнақтарын қатыстыра отырып, мағынасы сәйкес сөзбен тіркестір. (Дәптерге орындайды)

1. Таң----------------------жымыңда+п тұр

2. Жұлдыз----------------ағар+ып атты

3. Ай------------------------жау+ғалы тұр

4. Боран-------------------сыңғырла+й соғылды

5. Қоңырау---------------жарқыра+й+ды

6. Жаңбыр----------------гуілде+й соқты
МӘТІН: Ар-ождан бостандығы. Дін және діни тағым. Діни мерекелер. Ұлттық салт-дәстүрлер.

1-тапсырма. Мәтінді оқыңыз, мазмұнын айтыңыз.

Дін және діни мерекелер туралы


Діни мейрамдардың ішкі мазмұны мен аталып өтілуі жеке діннің тарихына байланысты. Исламдағы діни мейрамдарға Ораза айт, Құрбан айт, Қажылық және т.б. жатады.

Ислам дінінің қағидасы бойынша, мұсылман дінін ұстаушылар отыз күн ораза ұстауы керек. Құрбан айт мейрамы ораза айттан кейін, 70 күн өткен соң болады. Құрбан айтта таңертеңгі намаздан басталады, адамдар жағдайына қарай құрбандық шалып, айтқа арнап дастарқан жаяды. Адамдар үйді-үйге айтшылып кіріп, құрбандық етінен дәм татады. Діни мейрамдардың тағы бір түрі – қажылық. Дәстүрлі дала мәдениетінде малы көп, ауқатты адамдар қажылыққа барған. Қажылықтың рәсімдері мен жора- жосындары бар.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет