Инновациялық экономиканы дамыту аймақаралық экономиканың дамыуының ерекшеліктері



жүктеу 121.76 Kb.
Дата24.04.2019
өлшемі121.76 Kb.

УДК 330.111.2:316.412(574)
Инновациялық экономиканы дамыту –

аймақаралық экономиканың дамыуының ерекшеліктері
Мусаева Г. Қ., Камалов А.Б.

М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті, Тараз қ.
Инновациялық экономика құру - ел келешегінің дамуындағы ең басты бағыттардың және міндетті шарттардың бірі. Соңғы жылдары инновациялық саясатты қалыптастыруға деген ұмтылыс маңызды мәселеге айналды.

Жаһандану кезінде көптеген мемлекеттер интеграциялық үрдіске қосылуына байланысты сыртқы жағдайлар ел экономикасына қатты әсер ете бастады. Экономикалық тұрақсыздық жағдайында мемлекет мүмкіндігі мен әлеуметтік күтулер арасында тепе-теңдік қажет. Бүгінде Қазақстанда нақты секторға бағдар ұстана отырып, экономиканы дамыту қарқынды жүруде, индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы жүзеге асырылуда.

Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың алға тартып отырған «инновациялық дамуда Қазақстанның өз базасын жасау қажеттігін, ең алдымен инноваторларды, жаңа буынның технократтарын дайындау маңызды міндеттерді жүзеге асыру». Сондай-ақ, Жолдауда көрініс тапқан экономикамыздың жетекші бағыты болып саналатын шағын және орташа бизнесті қаржыландыру, жұмыссыздықты азайту, тілдерді дамыту, демографиялық ахуалды жақсарту, инновациялық кластерлердің инфрақұрылымын жаңғарту секілді маңызды шараларын ұйымдастыруын тапсырды.

Мемлекеттік деңгейде инновациялық басымдылықтарды таңдау критерийлеріне:



  • жобаның жиынтық коммерциялық тиімділігі;

  • жаңалықтардың жалпы мемлекеттік және әлеуметтік мәні;

  • ғылыми және техникалық жаңалықтар деңгейі;

  • тиісті облыстарда өзекті техникалық және технологиялық міндеттерді шешуге бағыттау;

  • салааралық бағыттылық, инновациялық облыстарда жаңа технологияны дамытуға дайын бола білуі;

  • әлемдік нарықта тауарлар мен қызмет түрлерінің позициясын күшейту;

  • мамандармен қамтамасыз ету, санаткерлік әлуеттің өсуін ынталандыру;

  • ақпараттармен және патенттермен, лицензиялармен қамтамасыз ету дәрежесі;

  • қаржыландырудың әртүрлі көздерін тарту мүмкіндіктерін күшейту;

  • жобаны жүзеге асырудың ұйымдастыру-басқару механизмінің болуы;

  • қоршаған орта жағдайына әсер ету;

  • тәуекел деңгейі жатады.

Ғылымның инновациялық қызметін мемлекеттік қолдау шаралары:

  • ғылым және инженерлік қызметкерлер үшін әлеуметтік пакет әзірлеу;

  • ғылымды қаржыландыру механизмінің негізі мемлекеттік-жеке әріптестің болуы;

  • мемлекеттің тікелей қаржылық көмегі күшті ссалалық ынталандыру;

  • шикізат саласына бағытталған инвестициялардың мақсатты аударымдары есебінен ғылымды дамыту үшін қор құру:

  • ұлттық технологиялық даму агенттігінің болуы;

  • ғылым мен білім беру саласына, адами капиталға аса көп көңіл бөлу;

  • техникалық білім беру саласын жетілдіру;

  • жастар кәсіпкерлігін мемлекеттік қолдау;

  • отандық инновациялық әзірлемелерді ендіру және нарықтарға алға жылжыту, сондай-ақ нақты техникалық және технологиялық тапсырмаларды шешуге өнеркәсіптік кәсіпорындардың қажеттіліктерінің деректер базасын және отандық зерттеушілер ендіру үшін ұсынылатын ғылыми-техникалық жұмыстарды құру және қолдау;

  • отандық тауар өндірушілерін және отандық жұмыс пен қызмет жеткізушілерін мемлекеттік қолдау.

Экономиканың инновациялық дамуының тағы да бір маңызды құраушысы энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру болып табылады. Қазақстанда шаруашылықтың барлық салдаларында энергияны үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру бүгінгі таңда басымдылықты тапсырма болып табылады, оны шешумен энергетикалық, экологиялық және экономикалық мәселелер кешені шешілетін болады.

Энергиялық тиімділік өзіне негізгі қорларды жаңғырту, өндірістік персоналдың біліктілігін және басқару сапасын арттыру, ауқымды инвестициялар тарту бойынша шараларды қамтуы тиіс. Осыған байланысты, іске асырудың қажетті шарты ғылыми-техникалық әлеуетті және жаңа инновациялық ойлауды пайдалану, қызметтің мамандандырылған жаңа түрі ретінде энергиялық тиімділіктің инвестициялық тартымдылығын көтеру болып табылады.

Барлық дамыған елдер баламалы және «жасыл» энергетикалық технологияларға инвес­тицияны ұлғайтуда. 2050 жылға қарай алғанның өзінде оларды қолдану барлық тұтынылатын энергияның 50%-на дейін өндіруге мүмкіндік береді.

Көмірсутегі экономикасының дәуірі бірте-бірте аяқталып келе жатқаны анық. Адамзаттың өмір тіршілігі тек бір ғана мұнай мен газға емес, энергияның жаңғыртылатын көздеріне негізделетін жаңа дәуір келе жатыр. Қазақстан жаһандық энергетикалық қауіпсіздіктің басты элементтерінің бірі болып саналады. Елімізде өтетін «EXPO-2017» халықаралық көрмесінің басты тақырыбы осы энергия көзін үнемді пайдаланып, баламалы энергия көздерін ашуға тікелей байланысты болмақ.

«Қазақстан-2050» стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты ҚР Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауында: «Екі жылдан кейін үдемелі инновациялық индустрияландыру бағдарламасын іске асырудың бірінші бесжылдығы аяқталады. Үкімет индустрияландыру бағдарламасы­ның келесі белесінің егжей-тегжейлі жоспарын әзірлеуі тиіс. Перспективалық технологиялық бағыттарды дамытудың сценарийі қажет» деген еді [1].

Үдемелі индустриялды-инновациялық даму бағдарламасы (ҮИИДБ) еліміздің жалпы ішкі өнімді 2015 жылға дейін 7 трлн. теңгеге дейін өсіруге мүмкіндік беретін маңызды құжат. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына арнаған Жолдауында Индустриялды-инновациялық бағдарлама елімізді дамыған бәсекеге қабілетті елдердің қатарына қосатындығын айтқан болатын. Бағдарлама аясында ел экономикасының шикізаттық емес секторын арттыру, өңдеу өнеркәсібінің еңбек өнімділігін ұлғайту, сондай-ақ ЖІӨ-нің энергия сыйымдылығын төмендету көзделгені белгілі. Осының арқасында халқымыздың өмір сүру ұзақтығын арттыру, табысы төмен әлеуметтік топтардың санын азайту және жұмыссыздық деңгейін төмендету жоспарланып отыр. Осылайша Индустриялды-инновациялық даму бағдарламасының еліміз үшін экономикалық және әлеуметтік маңызы айрықша болып тұр. Жалпы бұл бағадарлама 2020 жылға дейінгі Үкіметтің ел экономикасын дамытуда бағдарға алған басты стратегиялық даму жоспары болып табылады [2].

Егер біз әлем­дік экономикаға тең түрде ық­пал­дас­қымыз келсе, егер жаһанданудың та­лап­тарына өзімізге пайдалы жағынан бейімделгіміз келсе, онда өзіміздің да­муы­мыз­да бұдан әрі қарай да тек табиғи ре­сурс­тарға иек арт­пауымыз керек. Қа­зақ­стан­ның эко­но­микалық өсудің және бәсекеге қа­бі­леттілікті күшейтудің стра­те­гиялық фак­торы ретіндегі айтар­лық­тай ғы­лы­ми және білім беру әлеуеті бар. Оны ада­ми интеллектінің, ғылыми-тех­ни­­ка­лық нәти­желердің жетістіктерін өмір­ге келтірудің арнасы болып табыла­тын инновациялар арқылы нарықтық эконо­микада қозға­лыс­қа келтіруге бола­ды. Қазіргі экономикада инновациясыз бір­де-бір түбегейлі міндетті шешу мүмкін емес.

Әр ел өз экономикасының, даму деңгейінің ерекшеліктерін есепке ала отырып, жаһандық инновациялық эко­но­микада өз тетігін табады. Қазақ­стан­ның артықшылықтары – дамыған іргелі ғылым, білім берудің, әсіресе, матема­ти­калық, жаратылыстану-ғылыми және техникалық білімнің жоғары деңгейі. Мамандардың кең ой-өрісі, ғылыми және технологиялық мәселелерді шешудегі тәсілдердің тривиалсыздығы іргелі тиімділікке негізделген қағидатты түрдегі жаңа, озық технологияларды жа­сау үшін қолданылуы мүмкін. Осы артықшылықтар біздің еліміздің инно­вациялық экономикаға көшуінің алғы­шарттары болып табылады.

Инновациялық экономиканың қа­лып­тасуы Қазақстанның ХХІ ғасыр­дағы дамуының баламасыз нұсқасы болып табылады. Экономикалық даму­дағы жеткен жетістіктер, саяси және әлеуметтік тұрақтылық Қазақстанның әрі қарай дамуын тұрақты, заманауи және перспективалы негізге қоюға мүмкіндік береді.

Қазақстан тарихи көлемдегі алға секіру алдында тұр, оның алдында тауар­лардың, қызметтердің, еңбек ресурс­тары­ның, капиталдың, заманауи идеялар мен технологиялардың әлемдік рыногының бөлінбес және динамикалы бөлшегі болу міндеті тұр. Осы жолдағы негізгі міндеттердің бірі «білім эконо­микасы» негіздерін қалыптастыру, жа­ңа технологияларды қолдану, инно­ва­ция­лық экономиканы дамыту болып та­былады. Ол үшін меншікті, адами ка­питалды дамыту, елдің интеллек­туал­дық әлеуетін нығайту талап етіледі.

Бұл ғылым мен білім беру ісінің ал­дына үлкен міндеттерді қояды, олар­ды дамытуда радикалды өзгерістерді талап етеді [3].

«Инновациялы Қазақстан-2020» фо­румында сөйлеген сөзінде Президент Н.Назарбаев бізге инновациялық даму­дың ұзақ мерзімді және бүтін стр­а­те­гиясы қажет екендігін атап өткен бола­тын. Өз ұлтының бақытты болашағын, кемел келешегін ойлаған, төрт құбыласы түгел, қуатты мемлекет құруды мақсат еткен Елбасының «Интеллектуалды ұлт-2020» ұлттық жобасын ұсынғандағы мақ­саты – жан-жақты дамыған білімді, мәде­ниетті, отаншыл, ұлтжанды ұрпақ қалып­тастыру [4]. Ұлттық жоба үш негізгі ас­пектіні қамтиды. Біріншісі, қазақстандық білім жүйесін дамытуда серпіліс жасау. Бұл қа­зіргі таңда білім беру үдерісіне айрықша назар аударуды талап етеді. Өйткені ұлт­тың дамуының негізі дұрыс білім ала білуде. «Интеллектуалды ұлт» жобасының екін­ші аспектісі – ғылым саласын дамыту мен еліміздің ғылыми потенциалын арттыру. Жобаның үшінші бағыты – қазақ­стан­дықтардың жаңа генерациясын қалыптас­ты­руға бағытталған инновациялар жүйе­сін дамыту.

Инновация бұл – жаңа немесе жетілдірілген өнім (жұмыс, қызмет) немесе технологиялар түрінде іске асырылған, практикалық қызметте пайдалану кезінде сапалық артықшылықтарға ие әрі экономикалық және қоғамдық пайдасы бар ғылыми техникалық нәтиже. Қазақстан ғылымы алдымыздағы басымдықты салаларды дамыту бойынша нақты ғылыми-тех­нологиялық міндеттерді шешуге бағыт­талған, қалыптасып келе жатқан ұлт­тық ғылыми-инновациялық жүйеге сәй­кес келуі керек. Қазақстандағы ғылымның дамуы­ның қиын мәселелерінің бірі оның қаржыландырылуы болып табылады. Ұзақ уақыт бойы бұл сала қаржы­лан­дырудың жетіспеушілігін сезініп келді. Соңғы жылдары жағдай жақсарып келеді, дегенмен, ЖІӨ-ге шаққанда ғы­лым­ға кететін шығындар үлесі бо­йын­ша еліміз әлі төмен деңгейде.

Ғылымды қаржыландыру мәселе­лері шығындардың абсолютті көлемі­нің өсуімен шешілмейді. Қаржылан­дыру механизмдерінің өздерін өзгерту қажет. Қаржыландырудың ұлғаюымен бірге, іске жарамды ұйымдардың шектеулі тобын қолдау үшін ресурстарды жинақтау мақсатында тура бюджетті алушылар санын шектеу қажет.

Сон­дықтан, «Ғылым туралы» жаңа заңға сәйкес ғылымды қаржыландыруды ұл­ғайтумен бірге ғылымды қаржылан­дыру тәсілдері өзгертілді. Ғылыми зерт­теулерді қаржыландырудың үш тәсілі енгізілді: гранттық – елдің ұлт­тық ба­сым­дықтарына сәйкес келетін ғылыми жобаларды қаржыландыру; бағ­дарла­малық-мақсаттық – страте­гия­лық бағы­т­тар бойынша қаржыландыру; базалық – мемлекеттік тапсырмалар ар­қылы ғы­лыми ұйымдар үшін қаржы­ландыру.

Cонымен, осы мәселелердің барлығын көтере келе, қорытындылайтынымыз төмендегідей. Мемлекеттің негізгі инновациялық қызметі келесі шараларды қамтуы тиіс:



  • инновациялық шаралардың экономикалық, құқықтық және ұйымдастырушылық негіздерін қалау;

  • өндіріс тиімділігі мен ішкі нарықтағы тауар өндірушілердің өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігін технологиялық жаңалықтар енгізу негізінде арттыру;

  • кәсіпкерлердің инновациялық белсенділігін көтеру және инновациялық іс-әрекеттерді асыруға бөлінген мемлекеттік қаржыларды тиімді қолдану;

  • отандық инновациялық өнімді халық аралық нарықта өткізуде қолдау және Республикадағы өнімнің осы түрі бойынша экспорттық әлеуетті арттыру; - ғылымды қаржыландыру деңгейін арттыру және адами даму индексі көрсеткішін көтеру, «ақылды экономика» құру [5].

Жаңа инновациялық саясат іске асқаннан кейін келесі нәтижелерді күтуге болады:

  • өндірістік жүйедегі ресурстарды қолданудың тиімділігін арттыра отырып, бәсекелік артықшылықтың ерекше түрімен ұлттық экономиканы жетілдіруде құрылымдық өзгерістер енгізу;

  • халықтың әл-ауқатын, өмір сүру деңгейінің жақсаруы.

  • адам капиталының дамуы, инттеллектуалды ұрпақтың қалыптасуы.

Қазіргі кезде ірі банктер өндірістік жобаларды, тұтыну несиелерін қаржыландыруға дайын, оларға тек іздеу механизмдер мен жобалардың жоқтығы кедергі келтіруде. Нақты сектордың кәсіпорындары үшін несиеге қол жетпеуі жоғары макроэкономикалық және микроэкономикалық тәуекелділікке байланысты болып отыр. Осыған сәйкес мемлекет экономиканың нақты секторын несиелеуді ұлғайту іс-шараларды осы тәуекелдікті төмендетуге бағытталуы тиіс.

Аймақтағы инвестициялық белсенділікке әсер ететін іс-шаралардың келесі тобы:

1. Аймақтық дәрежеде тікелей инвестицияға мемлекеттік қолдау көрсету.

2. Экономикалықжәнетехнологиялықдамудыңерекшеаймақтарынқұру.

3. Инвестициялыққызметтіқаржылыққолдау.

4. Инвестициялықсаясатбойыншааймақтықагенттікқұру.

5. Басқааймақтарғақарағандабәсекелеспотенциалдыңинвесторларүшінқосымшамеханизмдержасау.

6. Инвесторларүшінтиімдіақпараттықжүйеқұру

7. Потенцалдықинвесторлар үшінаймақтық имиджынкөтеруүшініс-шара.

Осы айтылғандар инвестициялық саясаттың негізгі элементтері мен этаптарын қалыптастырады. Аймақ алқып тұрған инвестициялық саясатты жүзеге асыруда өз элементтері пайдаланылуы керек.

Қазіргікезде ҚР инвестиция саясатының жүргізілу процесі. Мемлекеттің инвестициялық саясатында даму институттарына белсенді рөл жүктеледі, олардың қызметі 2015 жылға дейінгі Индустриялық-инновациялық даму стратегиясын іске асыруға бағытталған.

Стратегияны іске асыруға арналған инвестициялық сипаттағы тікелей шығындардың көлемдері 2015 жылы дейін 150 млрд. АҚШ долларын құрайды, олардың ішінде мемлекеттік шығындар 50 млрд. АҚШ долларын құрайды деп көрсетілген [3].

Мемлекеттік деңгейде инновациялық басымдылықтарды таңдау критерийлеріне:


  • жобаның жиынтық коммерциялық тиімділігі;

  • жаңалықтардың жалпы мемлекеттік және әлеуметтік мәні;

  • ғылыми және техникалық жаңалықтар деңгейі;

  • тиісті облыстарда өзекті техникалық және технологиялық міндеттерді шешуге бағыттау;

  • салааралық бағыттылық, инновациялық облыстарда жаңа технологияны дамытуға дайын бола білуі;

  • әлемдік нарықта тауарлар мен қызмет түрлерінің позициясын күшейту;

  • мамандармен қамтамасыз ету, санаткерлік әлуеттің өсуін ынталандыру;

  • ақпараттармен және патенттермен, лицензиялармен қамтамасыз ету дәрежесі;

  • қаржыландырудың әртүрлі көздерін тарту мүмкіндіктерін күшейту;

  • жобаны жүзеге асырудың ұйымдастыру-басқару механизмінің болуы;

  • қоршаған орта жағдайына әсер ету;

  • тәуекел деңгейі жатады.

Ғылымның инновациялық қызметін мемлекеттік қолдау шаралары:

  • ғылым және инженерлік қызметкерлер үшін әлеуметтік пакет әзірлеу;

  • ғылымды қаржыландыру механизмінің негізі мемлекеттік-жеке әріптестің болуы;

  • мемлекеттің тікелей қаржылық көмегі күшті ссалалық ынталандыру;

  • шикізат саласына бағытталған инвестициялардың мақсатты аударымдары есебінен ғылымды дамыту үшін қор құру:

  • ұлттық технологиялық даму агенттігінің болуы;

  • ғылым мен білім беру саласына, адами капиталға аса көп көңіл бөлу;

  • техникалық білім беру саласын жетілдіру;

  • жастар кәсіпкерлігін мемлекеттік қолдау;

  • отандық инновациялық әзірлемелерді ендіру және нарықтарға алға жылжыту, сондай-ақ нақты техникалық және технологиялық тапсырмаларды шешуге өнеркәсіптік кәсіпорындардың қажеттіліктерінің деректер базасын және отандық зерттеушілер ендіру үшін ұсынылатын ғылыми-техникалық жұмыстарды құру және қолдау;

  • отандық тауар өндірушілерін және отандық жұмыс пен қызмет жеткізушілерін мемлекеттік қолдау.

Барлық дамыған елдер баламалы және «жасыл» энергетикалық технологияларға инвес­тицияны ұлғайтуда. 2050 жылға қарай алғанның өзінде оларды қолдану барлық тұтынылатын энергияның 50%-на дейін өндіруге мүмкіндік береді [4].

Адамзаттың өмір тіршілігі тек бір ғана мұнай мен газға емес, энергияның жаңғыртылатын көздеріне негізделетін жаңа дәуір келе жатыр. Қазақстан жаһандық энергетикалық қауіпсіздіктің басты элементтерінің бірі болып саналады. Елімізде өтетін «EXPO-2017» халықаралық көрмесінің басты тақырыбы осы энергия көзін үнемді пайдаланып, баламалы энергия көздерін ашуға тікелей байланысты болмақ.

Мақаланы Елбасының мына сөздерімен аяқтағым келеді: «Инновация дегеніміз – ол тек заманауи озық технологияны қолдану емес, оны ойлап табу». Міне, сондықтан жаһандық даму мен өзгерістерге сай озық техника мен технологияны ойлап табуға атсалысу – әркімнің азаматтық борышы. Ал инновациялық экономиканың дамуы – ол жарқын болашақтың кепілі.
Әдебиет
1. «Қазақстан-2050» стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына 2013 жылғы Жолдауы

2. «Индустриялды-инновациялық даму технологиялық жаңғыруға бастайды» атты тақырыптағы редактор Нұрлан Жұмаханның Әсет Исекешевпен сұхбаты, «Дала мен қала» газеті, 21.08.2010

3. Нәйла Нұрланова, «Инновациялық экономика және ғылым» мақаласы, Егемен Қазақстан,22.07.2011

4. Серік Пірәлиев «Интеллектуалды ұлты қалыптастыру – инновациялық даму кепілі», Егемен Қазақстан, 18 мамыр 2012, http://www.egemen.kz



5. Мустафина Л.Е. «Инновацияның дамуы жаһандану жағдайындағы Қазақстан экономикасының бәсекеге қабілеттілігі ретінде» //Транзиттік экономика. – 2010. - №3.

Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет