«Инновациялық технологиялар паркі» дербес кластерлік қорының Басқарушы комитеті туралы Ереже Жалпы ережелер Осы «Инновациялық технологиялар паркі»



жүктеу 136.42 Kb.
Дата19.04.2018
өлшемі136.42 Kb.


Қазақстан Республикасы

Премьер-Министрінің

2017 жылғы « » № өкіміне қосымша
Қазақстан Республикасы

Премьер-Министрінің

2015 жылғы 23 сәуіріндегі № 33-р өкімімен бекітілген
«Инновациялық технологиялар паркі» дербес кластерлік қорының Басқарушы комитеті туралы Ереже


  1. Жалпы ережелер




  1. Осы «Инновациялық технологиялар паркі» дербес кластерлік қорының Басқарушы комитеті туралы Ережесі (әрі қарай – Ереже) Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 10 маусымдағы «Инновациялық технологиялар паркі» дербес кластері туралы» Заңының (әрі қарай – Заң) 9 бабының 1 тармағына сәйкес әзірленген.

  2. «Инновациялық технологиялар паркі» дербес кластерлік қорының Басқарушы комитеті (әрі қарай – Басқарушы комитеті) дербес кластерлік қорының (әрі қарай – Қор) жоғары басқару органы болып табылады.

  3. Басқарушы комитеті өзінің қызметін Қазақстан Республикасының Коституциясына, Заңға, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне, сонымен қатар осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.



  1. Басқарушы Комитетінің құзыреті

4. Басқарушы комитетінің айрықша құзыретіне жатады:

1) Қордың жарғысына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу;

2) Қордың жылдық және орташа мерзімді бюджеттерін бекіту;

3) Қордың тауар, жұмыс, қызмет көрсетулерді сатып алу қағидаларын бекіту;

4) Қордың сыртқы аудитін жүзеге асыратын аудиторлық ұйымдастыруды анықтау;

5) инновациялық кластер қатысушыларының жобаларының экспертизасының ережелерін бекіту;

6) инновациялық кластер қатысушыларының тізбесіне заңды тұлғаларды енгізу тәртібін анықтау;

7) Қордың бас директорын тағайындау, өкілеттілігін мерзімінен бұрын тоқтату, оның лауазымдық қызметақысын анықтау;

8) инновациялық кластердің және Қордың даму стратегиясын жүзеге асыру бойынша стратегиялық жоспарларын бекіту;

9) Қордың Атқарушы комитеті туралы Ережені бекіту;

10) Қамқоршылық кеңес мәжілісіне шығарылатын сұрақтар бойынша Қор ұсынған материалдарды келісу;

11) Қамқоршылық кеңес тапсырмаларын орындау;

12) Заңға және Қордың жарғысына сәйкес өзге де құзыреттер.



3. Басқарушы комитетінің басшылығы және құрамы


  1. Басқарушы комитетінің құрамы Заңға сәйкес құрылады және Басқарушы комитетінің Төрағасымен бекітіледі.

  2. Басқарушы комитетінің Төрағасы Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі болып табылады.

Төрағаның жоқ болуы кезінде оның қызметін төрағаның орынбасары атқарады.

  1. Басқарушы комитетінің Төрағасы Қазақстан Республикасының заңнамасында, Жарғыда және осы Ережеде көзделген тәртіпте:

  1. Басқарушы комитетінің жұмысын ұйымдастырады;

  2. Басқарушы комитетінің мәжілісінің күн тәртібін бекітеді және өткізу күнін, уақытын және орнын анықтайды;

  3. Басқарушы комитетінің мәжілісін шақырады және оған төрағалық етеді;

  4. мәжілісті жүргізеді және мәжілістің хаттамасына қол қояды;

  5. Қордың атынан Қордың Атқарушы комитетінің Төрағасымен Басқарушы комитетінің шешіміне сәйкес лауазымдық қызметақысының мөлшері мен еңбек төлемінің шартын бекіте отырып, еңбек шартын жасайды;

  6. Қазақстан Республикасының заңнамасын, Жарғыға және Қордың ішкі құжаттарына сәйкес өзге де қызметтерді орындайды.

  1. Қордың Атқарушы комитетінің мүшелері, Қордың Атқарушы комитетінің Төрағасынан басқасы, Басқарушы комитетінің құрамына кіре алмайды.

  2. Басқарушы комитетінің Төрағасының шешімімен Басқарушы комитетінің құрамына тәуелсіз директорлар кіре алуы мүмкін, оларға Басқарушы комитеті бекіткен тәртіпте Басқарушы комитетінің мүшелерінің қызметін орындауымен байланысты сыйақы төленеді және (немесе) шығындардың орны толтырылуы мүмкін.


4. Басқарушы комитетінің қызметін қамтамасыз ету


  1. Басқарушы комитетінің хатшысы Басқарушы комитетінің жұмысын ұйымдастыру және ақпараттық қамтамасыз ету бойынша қызметтерді жүзеге асырады.

  2. Басқарушы комитетінің хатшысы қамтамасыз етеді:

  1. Басқарушы комитетінің мәжілістерін дайындау және өткізу, мәжілістерге материалдарды жинау және жүйелеу;

  2. Басқарушы комитетінің төрағасына жазбаша Басқарушы комитетінің мәжілісін өткізу туралы хабарландыруды мәжілісті өткізу күніне дейін он жұмыс күнінен кешіктірмей жазбаша түрде жолдау;

  3. Басқарушы комитетінің мүшелеріне және шақырылған тұлғаларға Басқарушы комитетінің мәжілісін өткізу туралы хабарландыруды мәжілісті өткізу күніне дейін бес жұмыс күнінен кешіктірмей жазбаша түрде және (немесе) пошта, факсимильдік, электронды немесе өзге де байланыстарды пайдалану арқылы жолдау;

  4. мәжілістің хаттамасын жүргізу;

  5. Басқарушы комитетінің шешімдерінің жобасын дайындау.

  1. Басқарушы комитетінің мәжілісі туралы хабарландыруда болуы керек:

  1. мәжілісті өткізу орны және уақыты;

  2. мәжілісті өткізу түрі (күндізгі, сырттай немесе аралас).

  1. Хабарландыруға міндетті түрде ұсынылады:

  1. баяндамашылар көрсетілген мәжілістің күн тәртібі;

  2. осы Ережеге 1 қосымшаға сәйкес түрде түсіндірме жазба;

  1. құжаттарды бекітуге шығарылатын жобалар;

  2. Басқарушы комитетінің шешімдерінің жобасы (жауапты орындаушымен және Қордың құрылымдық бөлімшесінің басшысымен әр парағы парафирленген);

  3. Қордың Атқарушы комитетінің шешімдерінің көшірмесінен үзінділер( қажет болған жағдайда);

  4. өзге қосымша құжаттар, болған жағдайда (презентациялар, мемлекеттік органдардың шешімдерінің көшірмелері, сонымен қатар көрсетілген сұрақтардың күн тәртібіне енгізілуін негіздейтін өзге құжаттар, анықтамалық материалдар, Қордың ішкі құжаттарының өзгерістері мен толықтырулары бойынша салыстармалы кесте).

  1. Егер Басқарушы комитетінің қарауына шығарылатын сұрақ Қор құрған заңды тұлғалардың қызметіне қатысты болған жағдайда, онда осы Ереженің 14 тармағында көрсетілген материалдар сәйкесінше заңды тұлғаның бірінші басшысымен (немесе оның міндеттерін атқарушы тұлғамен) қол қойылуы керек.

Егер Басқарушы комитетінің мүшесі шетел азаматы болған жағдайда, барлық материалдар пакеті ағылшын тіліне аударылуы және жауапты орындаушымен және Қордың құрылымдық бөлімшесінің басшысымен әр парағы парафирленген болуы керек.

Егер Басқарушы комитетінің қарауына шығарылатын сұрақ Қордың Атқарушы комитетінің мүшелерін сайлауға қатысты болса, онда осы Ереженің 14 тармағында көрсетілген материалдар ұсынылған үміткер туралы келесі ақпараттарды қамтуы керек:



  • үміткердің тегі, аты, әкесінің аты;

  • білімі туралы мәліметтер;

  • Қорға үлестестігі туралы мәліметтер;

  • соңғы үш жылғы жұмыс орны және атқарған лауазымдары туралы мәліметтер;

  • үміткердің біліктілігін, жұмыс тәжірибесін растайтын өзге ақпараттар.

  1. Қордың қызметіне әсер ететін қандай да бір сұрақтарды шұғыл шешу қажеттілігі пайда болған жағдайда, Басқарушы комитетінің Төрағасының шешімімен қажетті материалдармен хабарландыруды жолдау мерзімі қысқартылуы мүмкін.

  2. Басқарушы комитетінің жұмыс органы Қор болып табылады, ол қамтамасыз етеді:

  1. Басқарушы комитетінің мәжілісін өткізуді ұйымдастыру;

  2. Басқарушы комитетінің шешімдерін орындау;

  3. Басқарушы комитетінің мүшелеріне күн тәртібіндегі сұрақтар бойынша дауыс беру парағын уақытында ұсыну;

  4. барлық тиісті материалдарды кейінгі сақтау.



  1. Басқарушы комитетінің мәжілісін жоспарлау




  1. Басқарушы комитеті жыл сайын қаралатын сұрақтар тізімі мен мәжілістерді өткізу кестесі қарастырылған Басқарушы комитетінің Жұмыс жоспарын құрастырады.

Басқарушы комитетінің Жұмыс жоспары осы Ережеге 2 қосымшаға сәйкес түрде жылдың 15 желтоқсанынан кеш емес ілгері жоспарлаумен Басқарушы комитетінің шешімімен бекітіледі.

Сонымен бірге мәжілісті өткізудің соңғы күні Басқарушы комитетінің төрағасымен анықталады. Басқарушы комитетінің мәжілісінің өткізу орны мен уақыты өзгерген жағдайда Басқарушы комитетінің хатшысы мәжіліске дейін 1 (бір) жұмыс күні бұрын Басқарушы комитетінің мүшелеріне тиісінше хабарландыру жолдайды.



  1. Басқарушы комитетінің мәжілісі үнемі, жылына үш реттен аз емес өткізіледі және Басқарушы комитетінің Төрағасының немесе оның орынбасарының немесе Қордың Атқарушы комитетінің төрағасының бастамасымен шақырылады.

  2. Қажет болған жағдайда Басқарушы комитеті Басқарушы комитетінің Жұмыс жоспарына енгізілмеген сұрақтарды қарауы мүмкін.

  3. Басқарушы комитетінің қарауына ұсынылған материалдар бойынша ұйымдастырушылық және заңдық сұрақтарды талқылау және жетілдіру мақсатында Басқарушы комитетінің мәжілісінен 2 (екі) жұмыс күні бұрын Басқарушы комитетінің төрағасының тапсырмасымен Басқарушы комитетінің мүшелерінің немесе олардың өкілдерінің қатысуымен алдын ала жиыны өткізілуі мүмкін.



6. Басқарушы комитетінің мәжілісін өткізу тәртібі


  1. Басқарушы комитетінің мәжілісі хабарландыруда көрсетілген уақытта, кворум болғанда басталады және Басқарушы комитетінің Төрағасымен ашылады.

Басқарушы комитетінің мәжілісін өткізу үшін кворум Басқарушы комитетінің мүшелер санының жартысынан көбін құрайды. Кворум Басқарушы комитетінің жоқ мүшелерін есепке алумен анықталады (жазбаша түрде олардың дауыстары болған жағдайда). Кворумды анықтау және дауысты есептеу кезіндегі бұл пікір күн тәртібіндегі сұрақтар бойынша Басқарушы комитетінің мүшелерінің дауыс нәтижесіне қатысты болғанда ғана есепке алынады.

Кворум болмаған кезде Басқарушы комитетінің Төрағасы мәжілісті 10 (он) күнтізбелік күннен көп емес мерзімге ауыстырылғаны туралы мәлімдейді.



  1. Басқарушы комитетінің Төрағасы қатысып отырғандарға Басқарушы комитетінің мәжілісін өткізу үшін кворумның бар екенін хабарлайды және Басқарушы комитетінің мәжілісінің күн тәртібін жариялайды.

  2. Басқарушы комитетінің мәжілісі келесі кезеңдерді өзіне қосады:

  1. Басқарушы комитетінің мүшесінің немесе шақырылған тұлғаның күн тәртібіндегі сұрақ бойынша баяндамамен сөз сөйлеуі;

  2. күн тәртібіндегі сұрақты талқылау;

  3. күн тәртібіндегі сұрақ бойынша шешімді тұжырымдау ұсыныстары;

  4. дауыс беру және дауыс беру қорытындысын жасау;

  5. дауыс беру қорытындысын және күн тәртібіндегі сұрақ бойынша қабылданған шешімді жариялау.

  1. Басқарушы комитеті Басқарушы комитетінің мүшелері ғана қатыса алатын жабық мәжіліс өткізу туралы шешім қабылдауы мүмкін.

  2. Басқарушы комитетінің мәжілісіне Қордың аудитін жүргізген аудиторлық ұйымның өкілдері, Ішкі аудит қызметінің қызметкерлері, Атқарушы комитеттің мүшелері, Қор жұмысшылары, сонымен қатар өзге де тұлғалар шақырылуы мүмкін.

  3. Басқарушы комитетінің шешім қабылдау кезінде мәжіліске қатысып отырған Басқарушы комитетінің мүшелері дауыс беру жолымен күн тәртібіндегі сұрақ бойынша өзінің пікірін білдіруге құқылы. Басқарушы комитетінің әр мүшесі бір дауысқа ие болады. Басқарушы комитетінің күндізгі мәжілісінде дауыс беру қол көтеру және дауыс беру парағына қол қою жолымен жүзеге асырылады.

Дауыс беру парақтары осы Ережеге 3 қосымшаға сәйкес түрде құрастырылады.

  1. Басқарушы комитетінің бір немесе бірнеше мүшесінің Басқарушы комитетінің мәжілісіне қатысуға мүмкіндігі болмаған жағдайда, олар қарастырылатын сұрақтарды талқылауға байланыстың техникалық құралдары (видеоконференция сеансы, телефон конференц-байланыс режимінде және байланыстың басқа құралдары) арқылы қатыса алады.

  2. Мәжіліске қатыса алмайтын Басқарушы комитетінің мүшесі күн тәртібіндегі сұрақ бойынша өзінің пікірін жазбаша білдіруге құқылы, ол Басқарушы комитетінің мәжілісі өткенге дейін 1 (бір) күнтізбелік күннен аз емес уақытта Басқарушы комитетінің мүшелеріне ұсынылуы керек. Жазбаша пікір осы Ережеге 4 қосымшаға сәйкес түрде немесе еркін түрде жазылады.

Басқарушы комитетінің мәжілісінде төрағалық етуші Басқарушы комитетінің мәжілісінде жоқ Басқарушы комитетінің мүшелерінің ұсынылған жазбаша пікірлерін осы пікірлер ұсынылған күн тәртібіндегі сұрақ бойынша дауыс беру басталғанға дейін жариялауға міндетті.

  1. Басқарушы комитеті мүшесінің басқа тұлғаға, оның ішінде Басқарушы комитетінің басқа мүшесіне дауыс беру құқығын беруіне болмайды.

  2. Дауыс саны тең болған кезде, Басқарушы комитетінің Төрағасының немесе Басқарушы комитетінің мәжілісінде төрағалық етуші тұлғаның дауысы шешуші болып табылады.

Қазақстан Республикасы заңнамасында көзделген және қордың ішкі құжаттарында бекітілген талаптарға сәйкес күн тәртібіне қойылған сұрақтарға мүдделес болған жағдайда Басқарушы комитетінің мүшелері дауыс беруге қатыспайды, бұл туралы Басқарушы комитетінің мәжілісінің хаттамасында және шешімінде тиісінше жазба жазылады.

  1. Басқарушы комитетінің мәжілісінің күн тәртібіндегі көзделген тәртіпте бекітілген сұрақтар бойынша Басқарушы комитетінің шешімі келесі тәсілдерде қабылданады:

  1. күндізгі дауыс берумен;

  2. сырттай дауыс берумен;

  3. дауыс берудің екі түрінің қосындысымен (аралас дауыс берумен). Дауыс берудің мұндай түрі Басқарушы комитетінің мүшесі (-лері) Басқарушы комитетінің мәжілісінде қатыса алмаған жағдайда және өзінің пікірін жазбаша білдіргенде қабылданады.

  1. Егер өзгесі Қазақстан Республикасының заңнамасында және Қордың жарғысында көзделмесе, Басқарушы комитетінің шешімі мәжіліске қатысып отырған (соның ішінде, Басқарушы комитетінің жоқ мүшелерінің жазбаша пікірлерін есепке ала отырып) немесе сырттай дауыс беруге қатысып отырған Басқарушы комитетінің мүшелерінің дауысының қарапайым көптігімен қабылданады.

Басқарушы комитетінің мүшелері Қазақстан Республикасының әрекеттегі заңнамасына сәйкес шығарып отырған шешімдері үшін жауапкершілік атқарады.

  1. Басқарушы комитетінің мәжілісін өткізу нәтижесі және дауыс беру парағы негіздемесі бойынша 7 (жеті) жұмыс күні ішінде төраға мен хатшы қол қоятын хаттама құрастырылады.

  2. Мәжіліс хаттамасында көрсетіледі:

  1. Қордың толық атауы және орналасқан жері;

  2. мәжілістің өткізілу күні, уақыты және орны;

  3. мәжіліске қатысқан тұлғалар туралы ақпарат;

  4. мәжілістің кворумының болуы туралы ақпарат;

  5. мәжілістің күн тәртібі;

  6. дауыс беруге қойылған сұрақтар және солар бойынша дауыс беру қорытындысы;

  7. қабылданған шешімдер;

  8. Басқарушы комитетінің шешімі бойынша өзге мәліметтер.

Хаттамаға дауыс беру парақтары және болған жағдайда мәжіліске қатыспаған Басқарушы комитетінің мүшелерінің жазбаша пікірлері тігіледі.

Басқарушы комитетінің күндізгі мәжілісінің хаттамасына тігілетін дауыс беру парақтарына Басқарушы комитетінің мүшелері қол қояды.



  1. Дауыс беру қорытындысы бойынша хаттама жобасының мазмұнына өзгеріс енгізу кезінде Басқарушы комитетінің хатшысы мәжіліске қатысқан Басқарушы комитетінің мүшелеріне қабылданған шешімнің нақты редакциясымен дауыс беру парағын келісу үшін жолдайды. Басқарушы комитетінің мүшелері Хаттама жобасы таратылғаннан кейін 5 (бес) жұмыс күнінен көп емес мерзімде дауыс беру парағына қол қояды.

  2. Күндізгі және сырттай дауыс беру жолымен қабылданған Басқарушы комитетінің мәжілісінің хаттамаларын, стенограммаларын және шешімдерін Қор сақтайды.

  3. Хатшы Басқарушы комитетінің мүшесінің сұрауы бойынша 10 (он) жұмыс күні ішінде оған мәжіліс хаттамасын және (немесе) шешімін немесе хаттаманың және Басқарушы комитетінің шешімінің көшірмесінен үзіндіні береді.

  4. Хатшы Басқарушы комитетінің мүшесінің сұрауы бойынша 10 (он) жұмыс күні ішінде Басқарушы комитетінің мәжілісінің күн тәртібі сұрақтары бойынша ақпарат (құжаттар, материалдар) беріледі. Ақпарат беруге мүмкін болмаған жағдайда Қор көрсетілген мерзімде жазбаша дәлелді жауап жолдайды.

Қызметтік немесе коммерциялық құпияны құрайтын ақпараттарды (құжаттарды, материалдарды) ұсыну Қазақстан Республикасының заңнамасына, Қордың ішкі құжаттарына сәйкес жүзеге асырылады.

  1. Басқарушы комитетінің Төрағасының шешімі бойынша оның қарауына шығарылған сұрақтар бойынша Басқарушы комитетінің шешімін сырттай дауыс беру арқылы қабылдауы мүмкін. Сырттай дауыс беру Басқарушы комитетінің мәжілісін өткізбей қолданылады.

Маңызды және стратегиялық сипаттағы сұрақтарды қарастыру және шешімдер қабылдау тек күндізгі дауыс беру түріндегі Басқарушы комитетінің мәжілістерінде жүзеге асырылады.

Сонымен бірге мәжілістің күн тәртібіндегі сұрақтары бойынша сырттай дауыс беру үшін осы ережеге 5 қосымшаға сәйкес құрастырылған бюллетеньдер қолданылады.

Сырттай дауыс беруге арналған бюллетеньдерді Қор Басқарушы комитетінің мүшелеріне пошта, электронды немесе өзге байланыс арқылы дауыстарды санау күніне дейін 5 (бес) жұмыс күнінен кеш емес мерзімде оның өткізілуі туралы хабарландырумен жолдайды. Құжаттарды алдын ала зерттеуді талап етпейтін сұрақтар бойынша бюллетень Басқарушы комитетінің мүшелеріне дауыстарды санау күніне дейін 5 (бес) жұмыс күнінен кеш емес мерзімде жолданады.

Сырттай дауыс беруге арналған бюллетень қамтуы керек:



  • Қордың толық атауы және орналасқан жері;

  • мәжілісті шақыруға бастамашы болған тұлғаны (органды) көрсету;

  • мәжілістің күн тәртібі;

  • дауыс беруге қойылған сұрақтар және олар бойынша дауыс беру нұсқалары;

  • сырттай дауыс беру бойынша бюллетеньдерді Хатшыға қол қоюға ұсынатын соңғы күн;

  • өзге мәліметтер.

  1. Сырттай дауыс беру арқылы қабылданған шешім бекітілген мерзімде алынған бюллетеньдерге сәйкес кворумның болған кезінде қабылданған болып саналады.

  2. Сырттай дауыс беру арқылы қабылданған шешім жазбаша түрде рәсімделуі және бюллетеньдерді қабылдаудың бекітілген соңғы күнінен 5 (бес) жұмыс күнінен кеш емес мерзімде Басқарушы комитетінің Төрағасымен және Хатшысымен қол қойылуы, сонымен қатар қамтуы керек:

  1. Қордың атауы мен орналасқан жері (оның Атқарушы комитетінің);

  2. Басқарушы комитетінің құрамы туралы мәліметтер;

  3. мәжілісті шақыруға бастамашы болған тұлғаны (органды) көрсету;

  4. мәжілістің күн тәртібі;

  5. шешім қабылдау үшін кворумның болуы немесе болмауы туралы жазба;

  6. күн тәртібіндегі әр сұрақ бойынша дауыс беру қорытындысы және қабылданған шешім;

  7. өзге мәліметтер.



7. Басқарушы комитетінің комитеттері


  1. Басқарушы комитеті айрықша маңызды сұрақтарды қарастыру және ұсыныстарды дайындау үшін тұрақты әрекет ететін комитеттер құруы мүмкін.

Егер Басқарушы комитетінің қарауына шығарылған сұрақ қандай да бір комитеттің өкілеттігіне енген жағдайда, олар міндетті түрде тиісінше сұрақты алдын ала қарастырады және сол бойынша қорытынды дайындайды.

  1. Басқарушы комитетінің комитеттері Басқарушы комитетінің мүшелерінен және сарапшылардан тұрады.

Қордың Атқарушы комитетінің төрағасы Басқарушы комитетінің комитет Төрағасы бола алмайды.

  1. Қордың жылдық бюджеті аясында Басқарушы комитетінің немесе оның комитеттерінің қарастыратын сұрақтары бойынша кеңесшілерді, соның ішінде халықаралық, жұмылдыру үшін қаржы көзделеді.

Басқарушы комитетінің комитеттерін қалыптастыру тәртібі және жұмысы, олардың өкілеттілігі, комитеттердің сандық құрамы Басқарушы комитеті бекітетін Қордың ішкі құжаттарымен белгіленеді.




Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет