4 наурыздағы жер сілкінісінен кейін Алматыда әлеуметтік нысан мен көппәтерлі тұрғын үйлердің бүлінуіне қатысты 156 өтініш түсті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Жер дүмпуінен 156 ғимарат зақымдалса керек. 

Халықты қабылдау пункттерінде 102 адам, оның ішінде 43-і – балалар.

  • "Вертикалды жер сілкінісі": Ғалым бүгінгі зілзаланың қаңтармен салыстырғанда анағұрлым күшті болуының себебін түсіндірді
  • "Бірінші саман кірпіш пен тастан салынған нысандар қирайды": Алматыдағы үйлердің қайсысы жер сілкінісіне төзімді

Тыныс -тіршілікті қамтамасыз ету обьектілері, сондай-ақ әуежай, теміржол вокзалдары мен метро штаттық режимде жұмыс істеп тұр.

Алматыдағы барлық  халықты қабылдау пункттерін Яндекс карталарында сілтеме бойынша немесе іздеу жолағына "Алматыда халықты қабылдау пункттері" деп теру арқылы табуға болады.

Айта кетейік, ТЖМ таратқан ақпаратқа сәйкес жер сілкінісінің Алматыдағы күші 5 балға тең болған. ТЖД қауіпсіз болып саналатын университет пен мектептен не себепті оқушыларды үйлеріне қайтарып жібергенін түсіндірген еді.


Автор: Ербол Нурланов

Ербол — талантливый фотограф, зафиксировавший красоту природы и городской жизни Казахстана. Его работы придают нашим материалам визуальное великолепие.