Үкімет кулуарында журналистер кейінгі жылдары елде шенеуніктер саны артып кеткеніне назар аударды. Олар бюджетті үнемдеу үшін мемлекеттік секторды қысқартатын уақыт келген жоқ па деп сұрады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Stan.kz

Барлық мемлекеттік аппаратты қамтамасыз ету үшін бюджеттен қанша қаржы жұмсалатынын қаржы министрі Мәди Такиев айтып берді. 

“Мен жалпы мемлекеттік аппараттың жалақысы туралы айта аламын. Ол — 1 трлн 32 мың. Бұл – барлық мемлекеттік қызметкердің бір жыл ішіндегі жалақысы”, — деді Мәди Такиев. 

Оның дерегінше, кейінгі 10 жылда шенеуніктер саны өзгермеген. Министрліктерді бөлу туралы шешім қабылданғаннан кейін штат саны артқан жоқ – елде бұрынғыша шамамен 89 мың мемлекеттік қызметкер жұмыс істейді.

Бұған дейін Мәди Такиев Елтаңбаны ауыстыруға қанша қаражат кететіні туралы айтқан еді.


Автор: Жанара Кенжебекова

Жанара — исследовательница культуры и традиций. Ее статьи поднимают важные темы многообразия культур Казахстана.