Ақмола облысында “Бурабай" курорт аймағының бизнес субъектілеріне қылмыстық бақылау орнатуға тырысқан екі тұрғын ұсталды. Олар қарумен кәсіпкерлерді бопсалап, ақша алып отырған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото Ұлттық қауіпсіздік комитетінен

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің мәліметінше, олар шетелдік "заңдағы ұрылар" деп аталатындардың қамқорлығымен әркекет еткен.

“Тінту барысында іс фигуранттарынан атыс және суық қару, сондай-ақ есірткі заттары алынды. Қылмыстық кодекстің 194-бабы 3-бөлігінің 2-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Соттың санкциясымен ұсталған адамдарға қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды”, – делінген хабарламада. 

  • Жетісу облысында ақбөкен мүйізін сатушылар 3,5 млрд теңге шығын келтірген

  • "Теракт ұйымдастырмақ болды": ҰҚК Ресейдегі атыс кезінде қазақстандықтардың қаза тапқанын растады

Өзге ақпарат Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес жария етуге жатпайды.


Автор: Гульжан Оразбаева

Гульжан — исследовательница жизни и достижений знаменитых личностей Казахстана. Ее статьи позволяют читателям взглянуть на страну через призму вкладов ее ярких представителей.