Инструкция по отчетам и выборам



жүктеу 256.87 Kb.
Дата20.04.2019
өлшемі256.87 Kb.


Қазақстандық салалық білім және ғылым

қызметкерлерінің кәсіподағы Атқару

комитетінің 2017 жылғы 11-қаңтардағы

№ 8, 5 т. Қаулысымен бекітілді



Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының барлық деңгейлерінің кәсіподақ құрылымдарындағы кәсіподақ органдарында есеп берулер мен сайлауларды өткізу жөніндегі

НҰСҚАУЛЫҚ
1. Жалпы мәселелер

1.1. Барлық деңгейлердегі Кәсіподақ ұйымдарындағы есеп берулер мен сайлаулар Кәсіподақ Жарғысына және Кәсіподақтың Атқару Комитетімен бекітілген осы Нұсқаулыққа сәйкес, Кәсіподақ үшін бірыңғай мерзімде өткізіледі. Кәсіподақтың бақылау-тексеру комиссиялары Кәсіподақтың сайланбалы органдары сияқты, сондай өкілеттік мерзіміне есеп береді және сайланады. Олар жиналыстарға, коференцияларға, съезге есеп береді.

1.2. Кәсіподақтың барлық сайланбалы органдарының өкілеттік мерзімі бес жыл және есеп беру-сайлау жиналысын, конференцияны, съезді өткізген күннен бастап есептеледі.

1.3. Кәсіподақтың конференциясына және съезге делегаттардың өкілеттік нормалары мен сайлау тәртібі сәйкес уәкілетті органдар – Кәсіподақ ұйымдарының комитеттерімен (кеңестерімен) белгіленеді.

1.4. Кәсіподақтың сайланбалы органдарының, Кәсіподақ ұйымдарының Бақылау-тексеру комиссияларының есеп берулері мен сайлаулары жиналыстарда, конференцияларда, съезде төмендегідей тәртіпте өткізіледі:

- бастауыш кәсіподақ ұйымдары;

- аумақтық (аудандық, қалалық) кәсіподақ ұйымдары;

- мүшелік ұйымдар – аумақтық облыстық, Астана қаласы, республикалық мәндегі Алматы қаласы астаналарының кәсіподақ ұйымдары;

- Кәсіподақтың республикалық съезі.

1.5. Есеп беру-сайлау жиналыстарын, конференцияны, съезді өткізудің ортақ мерзімдерін Кәсіподақтың Салалық Кеңесі анықтайды. Бастауыш кәсіподақ ұйымдарында жиналыстар, мүшелік ұйымдардың филиалдарында конференциялар өткізу кестелері мүшелік ұйымның уәкілетті органының қаулысымен анықталады.

1.6. Бастауыш кәсіподақ ұйымдарында, олардың құрылымына байланысты, алдымен кәсіподақтық топ ұйымдастырушылары, цехтық комитеттер (кәсіподақ бюросы), кейін – кәсіподақ комитеттері есеп береді және сайланады.

Кәсіподақтың аумақтық аудандық, қалалық ұйымдарының кәсіподақ органдарының есеп берулері мен сайлаулары бастауыш кәсіподақ ұйымдарында есеп беру-сайлау кампаниясы аяқталғаннан кейін өткізіледі.

Кәсіподақтың мүшелік ұйымдарының кәсіподақ органдарының есеп берулері мен сайлаулары Кәсіподақтың аумақтық аудандық, қалалық ұйымдарының есеп беру-сайлау кампаниясы аяқталғаннан кейін өткізіледі.

Кәсіподақтың есеп беру-сайлау съезі Кәсіподақтың мүшелік ұйымдарында есеп берулер мен сайлаулар аяқталғаннан кейін өткізіледі.

1.7. Кәсіподақ органдарының есептік баяндамалары алдын ала осы кәсіподақ органдарының мәжілістерінде, тексеру комиссияларының есептері - комиссия мәжілістерінде талқыланады және бекітіледі.

1.8. Кәсіподақ мүшелеріне, конференция, съезд делегаттарына есеп беру-сайлау жиналыстарын, конференцияны, съезді шақыру, күн тәртібі және өткізілу орны туралы Кәсіподақ Жарғысына сәйкес:

- бастауыш кәсіподақ ұйымдарындағы жиналыстар – кемінде 15 күн бұрын;

- аудандық, қалалық, облыстық, аумақтық ұйымдардағы, Кәсіподақ филиалдарындағы конференциялар – кемінде бір ай бұрын;

- Кәсіподақ Съезі – кемінде бір ай бұрын хабарланады.
2. Кәсіподақ органдарының кезектен тыс есеп берулері мен сайлаулары
2.1. Кәсіподақ ұйымының кезектен тыс жиналысы, конференциясы тиісті кәсіподақ органының шешімі бойынша жеке бастамасының негізінде, сондай-ақ:

- бастауыш кәсіподақ ұйымында – кәсіподақ мүшелерінің кемінде үштен бір бөлігінің талабы бойынша;

- аумақтық аудандық (қалалық) ұйымда және Кәсіподақ филиалында – бастауыш кәсіподақ ұйымдарының кемінде жартысының талабы бойынша;

- Кәсіподақтың мүшелік ұйымдары филиалдарының кемінде үштен екісінің талабы бойынша;

- Кәсіподақтың жоғарғы ұйымының сайланбалы алқалы кәсіподақ органының талабы бойынша өткізіледі.

Кезектен тыс Съезд Кәсіподақтың Салалық Кеңесімен жеке бастамасы бойынша немесе мүшелік ұйымдардың кемінде үштен екісінің қатысуымен конференцияның талабы бойынша шақырылады.

2.2. Төрағаны мерзімінен бұрын сайлау тиісті жарғымен көзделген жағдайларда, заңнамамен көзделген негіздемелер бойынша өткізіледі.

2.3. Кәсіподақ мүшелері, конференция, съезд делегаттары есеп беру-сайлау жиналыстарын, конференцияны, съезді шақыру, күн тәртібі және өткізілу орны туралы осы Нұсқаулықтың 1.8-тармағына сәйкес, Кәсіподақ Жарғысымен белгіленген мерзімде хабарландырылады.

2.4. Мерзімінен бұрын сайлау өткізу жағдайында сайланбалы кәсіподақ органдары кезекті есеп беру-сайлау жиналыстарымен, конференциямен, съезбен белгіленген осы органдардың өкілеттік мерзімдері өткенге дейінгі кезеңге сайланады.
3. Делегаттарды сайлау тәртібі
3.1. Конференцияға, съезге делегаттардың өкілеттік нормалары мен сайлау тәртібі тиісті кәсіподақ органдарымен анықталады:

- бастауыш кәсіподақ ұйымдарының конференцияларына (қажеттілікке байланысты) делегаттар бастауыш кәсіподақ ұйымдары құрылымдарының кәсіподақ жиналыстарында сайланады;

- аумақтық аудандық, қалалық кәсіподақ ұйымдарының конференцияларына делегаттар бастауыш кәсіподақ ұйымдарының жалпы жиналыстарында (конференцияларда) сайланады;

- облыстық, Астана қаласы, республикалық мәндегі Алматы қаласы астаналарының кәсіподақ ұйымдарының конференциясына делегаттар аумақтық аудандық, қалалық кәсіподақ ұйымдарының конференцияларында сайланады;

- Кәсіподақ съезіне делегаттар облыстық, Астана қаласы, республикалық мәндегі Алматы қаласы астаналарының кәсіподақ ұйымдары конференцияларында, Кәсіподақ филиалдарының конференцияларында сайланады.

3.2. Кәсіподақ органының төрағасы, оның орынбасарлары, тексеру комиссиясының төрағасы Жарғыға сәйкес лауазымы бойынша сәйкес конференцияның, съездің делегаттары болып табылады.

3.3. Бастауыш кәсіподақ ұйымдары, аумақтық кәсіподақ ұйымы конференциясының, кәсіподақ съезінің делегаттары болып Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының мүшелері сайланады.
4. Съезд жиналысының, конференциясының басқарушы

және жұмыс органдары
4.1. Кәсіподақ жиналысының, конференцияның, съездің құзыреттілігі жарғыларға сәйкес анықталады:

- есеп беру-сайлау кәсіподақ жиналысы оған аталған кәсіподақ ұйымының жартысынан астам кәсіподақ мүшелері қатысқан кезде құқылы болып есептеледі;

- бастауыш кәсіподақ ұйымының, аумақтық аудандық, қалалық кәсіподақ ұйымының, мүшелік кәсіподақ ұйымының конференциясы, кәсіподақ съезі осы конференцияларға, съездерге сайланған делегаттардың кемінде үштен екісі қатысқан кезде құқылы болып есептеледі.

4.2. Басшылық үшін кәсіподақ жиналысымен, конференциямен, съезбен ашық дауыс беру арқылы:

- кәсіподақ топтарының, цехтық ұйымдар мен бастауыш кәсіподақ ұйымдарының есеп беру-сайлау жиналыстарында – жиналыстың төрағасы мен хатшысы немесе төралқа;

- есеп беру-сайлау конференциялары мен съездерінде – төралқа, хатшылық, мандат, тексеру және есеп комиссиясы сайланады.

Көрсетілген басқарушы және жұмыс органдарының сандық және сапалық құрамы жиналыспен, конференциямен, съезбен анықталады.

4.3. Конференция, съезд делегаттарының өкілеттігі тиісті мандат комиссиясымен тексеріледі және расталады.

Кворум болмаған жағдайда, жиналысты, конференцияны, съезді сондай күн тәртібімен өткізудің жаңа уақыты жарияланады.

4.4. Есеп беру-сайлау жиналыстарының, конференцияның, съездің қаулылары, егер оларға жарғыларға сәйкес, кворум болған жағдайда, мәжіліске қатысқан жиналысқа қатысушылардың, конференция, съезд делегаттарының жартысынан астамы дауыс берген жағдайда, қабылданған болып есептеледі.


5. Кәсіподақ органдарының сайлаулары
5.1. Кәсіподақ органдарының сайлаулары тиісті кәсіподақ органдарының есеп беру баяндамалары жиналыспен, конференциямен, съезбен тыңдалып және талқыланғаннан кейін және солар бойынша шешім қабылданған соң өткізіледі. \

Кәсіподақ жиналысы, конференция, съезд ашық дауыс беру арқылы сайланатын кәсіподақ органының сандық құрамын бекітеді.

Кәсіподақ органдарын қалыптастыру Кәсіподақ Жарғысына сәйкес жиналыста, конференцияда, съезде кәсіподақ органының құрамына сайлау жолымен өткізіледі. Кәсіподақтың Салалық Кеңесі тікелей принцип бойынша құрылады.

Кандидатураларды ұсыну

5.2. Кәсіподақ жиналыстарында, конференцияларда, съезде, кәсіподақ органдарын сайлау кезінде кәсіподақ органдарының құрамына кандидатуралар жиналысқа қатысушылармен, конференция, съезд делегаттарымен ұсынылады.

Жиналыстарда, конференцияларда, съездерде кандидатураларды алдын ала сайланатын кәсіподақ органдарының құрамына белгілеу үшін, делегация өкілдерінің кеңесі шақырылуы мүмкін.

Кәсіподақ органдарына кандидатуралар бойынша ұсыныстар сондай-ақ есеп берулер мен сайлауларды әзірлеу мерзімінде тиісті кәсіподақ органының шешімімен құрылатын комиссиялармен әзірленуі мүмкін.

Делегация немесе арнайы комиссия өкілдері мәжілісінің атынан кәсіподақ органының құрамына кандидатуралар туралы ұсыныстарды енгізу жиналысқа қатысушылардың, делегаттардың басқа кандидатураларды жиналысқа, конференцияға, съезге ұсыну құқықтарын шектемейді.

Кәсіподақ органының құрамына өз кандидатурасын жиналысқа қатысқан кез келген кәсіподақ мүшесі, конференция, съезд делегаты ұсынуға құқылы.

Кәсіподақ ұйымы төрағасының кандидатурасы жоғарғы кәсіподақ органының төрағасымен ұсынылуы мүмкін.

Кәсіподақ органдарының құрамына жиналысқа қатыспаған, конференция, съезд делегаттары болып табылмайтын кәсіподақ мүшелері қатарынан олардың келісімімен кандидатуралар ұсынылуы мүмкін.

Кәсіподақ органдарының құрамына Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының мүшелері ұсынылады және сайланады.

Кандидатураларды ұсынуды тоқтату туралы ұсыныстар түскен кезде, жиналыс, конференция, съезд төралқасы (төраға) бұл ұсынысты дауысқа салады және кандидатураларды ұсынуды тоқтату немесе жалғастыру туралы мәселе ашық дауыс беру арқылы шешіледі.

5.3. Барлық ұсынылған кандидатуралар жиналыста, конференцияда, съезде өздері ұсынылған тәртіпте жеке талқыланады. Жиналысқа қатысушы әрбір кәсіподақ мүшесі, конференция, съезд делегаты кандидатураларға, соның ішінде мәжіліспен, комиссиямен, немесе жоғарғы ұйым төрағасымен белгіленген делегация өкілдеріне қарсылық білдіруге және сынауға құқылы.

Егер сол немесе басқа кандидатураны талқылауды тоқтату туралы ұсыныс түссе, жиналыс, конференция, съезд ашық дауыс беру арқылы аталған кандидатураны талқылауды тоқтату немесе жалғастыру мәселесін шешеді.

Қарсылық көрсетілмеген кандидатуралар дауыс берусіз сайлау өткізу үшін тізімге қосылады.

Қарсылық көрсетілген кандидатураларды талқылағаннан кейін, әрбір жекелеген жағдайда аталған кандидатураны дауыс беру үшін тізімге қосу қажет па жоқ па деген мәселе ашық дауыс беру арқылы шешіледі.



Дауыс беру тәртібі

5.4. Жиналыстың, конференцияның, съездің шешімі бойынша кәсіподақ органдарының сайлауы жабық (құпия) немесе ашық дауыс беру арқылы жүргізілуі мүмкін. Дауыс беру (жабық немесе ашық) түрі туралы шешім кандидатураларды ұсынып және талқылағаннан кейін қабылданады.

5.5. Жабық (құпия) дауыс беру және оның нәтижелерін есептеу үшін, жиналыс, конференция, съезд ашық дауыс беру арқылы есеп комиссиясын сайлайды. Есеп комиссиясы мүшелерінің саны жиналыспен, конференциямен, съезбен белгіленеді. Есеп комиссиясының мүшелері төраға мен хатшыны сайлап, бұл туралы № 1 хаттама жасалады.

5.6. Басқарушы кәсіподақ органдарын сайлау жөнінде дауыс беруге тек аталған кәсіподақ ұйымының есебінде тұрған кәсіподақ мүшелері, конференция, съезд делегаттары қатысады.

5.7. Жабық (құпия) дауыс беру төмендегідей тәртіпте өткізіледі:

- есеп комиссиясы құпия дауыс беру бюллетеньдерін әзірлеп, оларға кандидатуралар әліпби тәртібімен орналастырылады;

- есеп комиссиясы сайлау жәшіктеріне сүргі салады және оларды құпия дауыс беруді қадағалау үшін барлық қажетті шарттар сақталатындай етіп орналастырады;

- есеп комиссиясының төрағасы жиналысқа қатысушыларға, конференция, съезд делегаттарына жиналыспен, конференциямен, съезбен мәліметке алынатын есеп комиссиясы мәжілісінің №1 хаттамасын жариялайды, кейін есеп комиссиясының төрағасы қатысушыларға, делегаттарға дауыс беру тәртібін түсіндіреді;

- есеп комиссиясы жиналысқа қатысушы әрбір кәсіподақ мүшесіне, конференция, съезд делегатына тізім бойынша сайланатын кәсіподақ органдарының құрамдарына ұсынылған кандидатуралары бар бір дана бюллетень (тізім) береді және сол кәсіподақ мүшесінің (делегат) дауыс беруге қатысқаны туралы белгілейді;

- жабық (құпия) дауыс беру кезінде әрбір дауыс беруші бюллетеньде (тізімде) сол немесе басқа кәсіподақ органын қандай санда алдын ала сайлау белгілі болғанына қарамастан, сызуға құқылы;

- белгісіз нысандағы, сондай-ақ дауыс берушілердің еркін білдіруін анықтау мүмкін болмайтын бюллетеньдер (тізімдер) жарамсыз болып табылады:

- кандидаттарды сайлауда «қолдайтындар» саны сайланбалы орган мүшелерінің бекітілген санынан артық дауыс саны бар алқалы органдардың сайлаулары бойынша бюллетеньдер (тізімдер); төрағаларды сайлау кезінде – бір кандидаттан артық қалдырылған бюллетеньдер (тізімдер).

5.8. Дауыс бергеннен кейін есеп комиссиясы сайлау жәшіктерін ашады және әрбір тізім бойынша дауыс беру нәтижелерін есептейді, № 2 хаттама жасап, оған әрбір кандидатураның «қолдайтындар» және «қарсы болғандар» көрсетілген дауыстар санын көрсете отырып, дауыс беру нәтижелерін енгізеді. Хаттамаға барлық комиссия мүшелері қол қояды.

Дауыс беру нәтижелері жиналысқа, конференцияға, съезге баяндалады және олардың шешімімен бекітіледі.

5.9. Егер сайлау ашық дауыс беру арқылы өткізілсе, онда дауыс беру тізімде қалдырылған әрбір кандидат бойынша жүргізіледі. Дауыстарды есептеу есеп комиссиясының мүшелерімен жүзеге асырылады. Дауыс беру нәтижелері жиналысқа, конференцияға, съезге баяндалады және олармен бекітіледі.

5.10. Жарғыға сәйкес, кворум болғанда мәжіліске қатысқан жиналысқа қатысушылардың, конференция, съезд делегаттарының көпшілігі дауыс берген кандидатуралар кәсіподақ органдарының құрамына сайланған болып есептеледі.

Егер кәсіподақ органының құрамына дауыс беру нәтижесінде оған шешілген мүшелер саны көп немесе аз болса, жиналыс, конференция, съезд дауыс беру нәтижелеріне сәйкес, жаңа сандық құрамда кәсіподақ органының құрамын бекіту туралы ашық дауыс беру арқылы шешім қабылдай алады. Егер жиналысқа қатысушы кәсіподақ мүшелерінің, конференция, съезд делегаттарының көпшілігі кәсіподақ органының алдын ала белгіленген сандық құрамын қалдыруға дауыс берсе, кандидатураларды жаңадан ұсынып және талқылап, қайта дауыс берген жөн.

5.11. Кәсіподақ органдарының сайлауларымен қатар, тиісті кәсіподақ органымен белгіленген квота бойынша конференцияға, съезге делегаттарды сайлау жүргізіледі.

Кандидатураларды алдын ала делегаттыққа ұсыну тәртібі, кандидатураларды жиналыстарда, конференцияларда, съездерде талқылау, дауыс беру тәртібі кәсіподақ органдарын сайлау кезіндегі сәйкес процедураларға ұқсас.

Егер конференция, съезд делегаттарын сайлауда дауыс беру нәтижелері бойынша олар өкілеттік нормасы бойынша сайлауға тиісті саннан артық болса, кандидатураларды жаңадан ұсынып және талқылап, қайта дауыс берген жөн.

5.12. Кәсіподақ органдарының, Кәсіподақ съезіне делегаттардың сайлауларымен қатар, Кәсіподақтың мүшелік ұйымдары мен филиалдарында Кәсіподақтың Салалық Кеңесінің мүшелерін сайлау жүргізіледі:

- Кәсіподақтың мүшелік ұйымынан – екі адамнан;

- Кәсіподақтың филиалдарынан – бір адамнан.

Мүшелік ұйымның конференциясында тікелей өкілеттік беру принципі бойынша сайланған Салалық Кеңестің мүшесі, сол ұйымның бастамасы, тиісті кәсіподақ органының ұсынысы немесе өкілдің өзінің еркі бойынша кері шақырылуы немесе өкілеттік берген ұйыммен ауыстырылуы мүмкін. Оның орнына ұйым кәсіподақ органының құрамына өкілеттігі сайланбалы органмен расталатын жаңа өкілді сайлауға құқылы. Кезекті есеп беру-сайлау конференцияларының арасында Салалық Кеңес мүшелерін кері шақыру және жаңа мүшелерді сайлау құқығы мүшелік ұйымның уәкілетті органымен жүзеге асырылады.



Төрағаларды сайлау тәртібі

5.13. Бастауыш кәсіподақ ұйымдарының, кәсіподақтың аумақтық ұйымдарының, Кәсіподақ төрағалары тиісті жиналыстарда, конференцияларда, съезде сайланады. Кәсіподақ төрағасының орынбасарлары съезде сайланады. Тексеру комиссияларының төрағалары комиссия мәжілістерінде сайланады.

5.14. Төраға лауазымына кандидатуралар жиналысқа қатысушылармен, конференция, съезд делегаттарымен, алдын ала делегация өкілдерінің мәжілістерінде белгіленуі мүмкін немесе есеп берулер мен сайлауларды әзірлеу кезінде құрылатын комиссиялармен ұсынылады.

Төраға лауазымына кандидаттар саны шектелмейді.

Бастауыш кәсіподақ ұйымы, кәсіподақтың аумақтық ұйымы, Кәсіподақ төрағасының лауазымына кәсіподақ мүшесі ұсынылады және сайланады.

5.15. Барлық ұсынылған кандидатуралар жиналыста, конференцияда, съезде ұсынылған тәртіпте жеке талқыланады. Жиналысқа қатысушы әрбір кәсіподақ мүшесі, конференция, съезд делегаты делегация өкілдерінің мәжілісімен немесе комиссиямен белгіленген кандидатураларға да қарсылық білдіруге және сынауға құқылы.

Қарсылық көрсетілген кандидатураларды талқылағаннан кейін, әрбір жекелеген жағдайда аталған кандидатураны дауыс беру үшін тізімге қосу қажет па жоқ па деген мәселе ашық дауыс беру арқылы шешіледі.

Қарсылық көрсетілмеген кандидатуралар дауыс берусіз сайлау өткізу үшін тізімге қосылады.

Жиналыс, конференция, съезд дауыс беру нысаны (құпия немесе ашық) бойынша шешім қабылдайды.

5.16. Жарғыларға сәйкес, кворум болғанда мәжіліске қатысқан жиналысқа қатысушылардың, конференция, съезд делегаттарының көпшілігі дауыс берген кандидатура сайланған болып есептеледі.

15.17. Егер бірде бір кандидат қажетті дауыс санын жинамаса, көп дауыс жинаған екі кандидатура бойынша қайта дауыс беріледі.

Егер дауыс беру нәтижесінде бірде бір кандидатура қажетті дауыс санын алмаса, онда жиналыс, конференция, съезд шешімі бойынша қайта ұсыну, талқылау, дауыс беру өткізіледі.

5.18. Егер жиналыс, конференция, съезд төрағаны сайламаса, оны сайлау туралы мәселе жиналыстың, конференцияның, съездің екінші кезеңін өткізгенге дейін белгілі мерзімге кейін қалдырылып, осы мерзімге төрағаның міндетін атқарушы тағайындалады.

5.19. Бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы болып сайланған және негізгі жұмысынан босатылған қызметкермен, кәсіподақтың аумақтық ұйымының, Кәсіподақтың төрағасымен еңбек шарты жасалып, ұйым атынан тиісті кәсіподақ ұйымының тиісті атқарушы органының уәкілетті мүшесі қол қояды.

Сайланған төрағалар лауазымдары бойынша тиісті сайланбалы кәсіподақ органдарының мүшелері болып табылады.
6. Қорытынды ережелер
6.1. Кәсіподақ ұйымының есеп беру-сайлау жиналысына, конференциясына қатысушы жоғарғы кәсіподақ органының өкілі, сайлауды өткізудің белгіленген тәртібін орындауды қадағалап, жиналысты, конференцияны жүргізу жөнінде оған төрағалық етушіге көмектесу тиіс, ал сайлауды ұйымдастырудың белгіленген тәртібін бұзушылық анықталған жағдайда, жиналысты, конференцияны жүргізу барысын тоқтатып, жиналысқа қатысушыларға, конференция делегаттарына орын алған бұзушылықты көрсетіп, оларды жою жөнінде шара қабылдағаны жөн.

6.2. Жабық (құпия) дауыс берудің барлық материалдары(кандидатуралар тізімі, бюллетеньдер, есеп комиссиясының хаттамалары, дауыс беру нәтижелерінің есептері және т.б.) келесі сайлауға дейін қатаң есептіліктегі құжаттар құқығымен тиісті кәсіподақ органында сақталады.

6.3. Сайлау материалдары жеке бастамамен қабылданатын Кәсіподақ ұйымының алқалы органының және Кәсіподақтың шешімі бойынша, тиісті бақылау-тексеру комиссиясының талабы бойынша, жиналысқа қатысушылардың, конференция, съезд делегаттарының үштен бірінен астамының талабы бойынша, жоғарғы кәсіподақ органының талабы бойынша комиссиялық танысу үшін ұсынылуы мүмкін. Өтініш берушілердің өкілдері комиссия жұмысына қатыса алады немесе оның жұмысының нәтижелерімен танысулары тиіс.

6.4. Жаңа төрағаны сайлаған жағдайда, кәсіподақ ұйымының істерін, мүліктерді және басқа да құралдарын акт бойынша қабылдау-тапсыру жүзеге асырылады. Актіге бұрынғы және қайта сайланған ұйым және тексеру комиссияларының төрағалары қол қояды. Актілер қатаң есептіліктегі құжаттар құқығымен сақталады.

6.5. 10 күндік мерзімде есеп беру-сайлау жиналысының, конференцияның хаттамасы жоғарғы кәсіподақ органына жіберіледі.

Есеп берулер мен сайлаулар нәтижелері бойынша статистикалық есептіліктің тиісті нысандары толтырылады және белгіленген мерзімде жоғарғы кәсіподақ органына жіберіледі. Тиісті құжаттарды уақытында ресімдеу жауапкершілігі ұйым төрағасына жүктеледі.



1-қосымша
_____________________бастауыш кәсіподақ ұйымының

есеп беру-сайлау кәсіподақ жиналысының (конференциясының) есеп комиссиясы мәжілісінің № 1 хаттамасы
«___»________20__ жыл
Есеп комиссиясының мүшелері қатысты:

__________________________________


Күн тәртібі:
1. Есеп комиссиясының төрағасын сайлау.

2. Есеп комиссиясының хатшысын сайлау.


ТЫҢДАДЫ: ___________________ есеп комиссиясының төрағасын сайлау туралы.

1. ҚАУЛЫ ЕТТІ: Есеп комиссиясының төрағасы ________________________________________________________ сайлансын.


(дауыс беру нәтижелері: қолдайтындар ___, қарсы ___, қалыс қалғандар ___)
ТЫҢДАДЫ: ______________________ есеп комиссиясының хатшысын сайлау туралы.
2. ҚАУЛЫ ЕТТІ: Есеп комиссиясының хатшысы ________________________________________________________ сайлансын.
(дауыс беру нәтижелері: қолдайтындар ___, қарсы ___, қалыс қалғандар ___)
Есеп комиссиясының төрағасы ____________________ (қолы)

Есеп комиссиясының хатшысы____________________ (қолы)

Есеп комиссиясының мүшелері____________________ (қолы)

2-қосымша

_____________________бастауыш кәсіподақ ұйымының

есеп беру-сайлау кәсіподақ жиналысының (конференциясының)

есеп комиссиясы мәжілісінің № 2 хаттамасы
«___»________20__ жыл
Қатысқандар:

Төраға ____________________

Хатшы ____________________

Комиссия мүшелері ____________________


Күн тәртібі:
1. Бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасын және бір мезгілде кәсіподақ комитетінің төрағасын сайлау жөнінде жабық (құпия) дауыс беру нәтижелері туралы.

2. Кәсіподақ комитетінің мүшелерін сайлау жөнінде жабық (құпия) дауыс беру нәтижелері туралы.

3. Тексеру комиссиясының мүшелерін сайлау жөнінде жабық (құпия) дауыс беру нәтижелері туралы.

4. Салалық кәсіподақтың облыстық конференциясына делегаттар сайлау жөнінде жабық (құпия) дауыс беру нәтижелері туралы.

1. ТЫҢДАЛДЫ: Бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасын және бір мезгілде кәсіподақ комитетінің төрағасын сайлау жөнінде жабық (құпия) дауыс беру нәтижелері туралы.

Есепте ___ кәсіподақ мүшесі тұр.

Жиналысқа ___ кәсіподақ мүшесі қатысты.

Конференцияға делегат___ адам сайланды.

Конференцияға ___ адам қатысып отыр.
Бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасын және бір мезгілде кәсіподақ комитетінің төрағасын сайлау жөнінде жабық (құпия) дауыс беру үшін тізімге төмендегі кандидатуралар енгізілді:

_____________________________________________________________

_____________________________________________________________
Жабық (құпия) дауыс беру үшін ___бюллетень берілді.

Сайлау жәшігін ашқан кезде ___бюллетень болды.

Жарамсыз бюллетеньдер саны ____.
Дауыстарды есептеген кезде дауыс берудің төмендегідей нәтижелері анықталды:

_______________________қолдайтындар ________қарсы ________

_______________________қолдайтындар ________қарсы ________
Жабық (құпия) дауыс беру үшін тізімге қосымша енгізілді:

_______________________қолдайтындар ________қарсы ________

_______________________қолдайтындар ________қарсы ________

Бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы және кәсіподақ комитетінің төрағасы сайланды:

_____________________________________________________________
2. ТЫҢДАЛДЫ: Кәсіподақ комитетінің мүшелерін сайлау жөнінде жабық (құпия) дауыс беру нәтижелері туралы.

Кәсіподақ комитетінің құрамына жабық (құпия) дауыс беру үшін тізімге төмендегі кандидатуралар енгізілді:

_____________________________________________________________

_____________________________________________________________

_____________________________________________________________
Жабық (құпия) дауыс беру үшін ___бюллетень берілді.

Сайлау жәшігін ашқан кезде ___бюллетень болды.

Жарамсыз бюллетеньдер саны ____.
Дауыстарды есептеген кезде дауыс берудің төмендегідей нәтижелері анықталды:

_______________________қолдайтындар ________қарсы ________

_______________________қолдайтындар ________қарсы ________

_______________________қолдайтындар ________қарсы ________

Жабық (құпия) дауыс беру үшін тізімге қосымша енгізілді:

_______________________қолдайтындар ________қарсы ________

_______________________қолдайтындар ________қарсы ________
Кәсіподақ комитетінің мүшелері сайланды:

_____________________________________________________________

_____________________________________________________________

_____________________________________________________________


3. ТЫҢДАЛДЫ: Тексеру комиссиясының мүшелерін сайлау жөнінде жабық (құпия) дауыс беру нәтижелері туралы.

Тексеру комиссиясының құрамына жабық (құпия) дауыс беру үшін тізімге төмендегі кандидатуралар енгізілді:

_____________________________________________________________

_____________________________________________________________

_____________________________________________________________
Жабық (құпия) дауыс беру үшін ___бюллетень берілді.

Сайлау жәшігін ашқан кезде ___бюллетень болды.

Жарамсыз бюллетеньдер саны ____.
Дауыстарды есептеген кезде дауыс берудің төмендегідей нәтижелері анықталды:

_______________________қолдайтындар ________қарсы ________

_______________________қолдайтындар ________қарсы ________

_______________________қолдайтындар ________қарсы ________


Жабық (құпия) дауыс беру үшін тізімге қосымша енгізілді:

_______________________________қолдайтындар ________

_______________________________қолдайтындар ________
Тексеру комиссиясының құрамына сайланды:

___________________________________

___________________________________

___________________________________


4. ТЫҢДАЛДЫ: Салалық кәсіподақтың облыстық конференциясына делегаттарды сайлау жөнінде жабық (құпия) дауыс беру нәтижелері туралы.

Салалық кәсіподақтың облыстық конференциясына делегаттарды сайлау жөнінде жабық (құпия) дауыс беру үшін тізімге төмендегі кандидатуралар енгізілді:

___________________________

___________________________

___________________________
Жабық (құпия) дауыс беру үшін ___бюллетень берілді.

Сайлау жәшігін ашқан кезде ___бюллетень болды.

Жарамсыз бюллетеньдер саны ____.
Дауыстарды есептеген кезде дауыс берудің төмендегідей нәтижелері анықталды:

_______________________қолдайтындар ________қарсы ________

_______________________қолдайтындар ________қарсы ________
Жабық (құпия) дауыс беру үшін тізімге қосымша енгізілді:

_______________________________қолдайтындар ________

_______________________________қолдайтындар ________
Салалық кәсіподақтың облыстық конференциясына сайланған делегаттар:

___________________________________

___________________________________

___________________________________


Есеп комиссиясының төрағасы ____________________ (қолы)

Есеп комиссиясының хатшысы____________________ (қолы)

Есеп комиссиясының мүшелері____________________ (қолы)

3 қосымша


Істерді қабылдау-тапсыру

АКТІ
«___» 20___ж.
Кәсіподақ ұйымы

_____________________________________________________________


Біз, төменде қол қойған комиссия мүшелері, құрамында:

1.

2.

3.

4.

5.

Кәсіподақ ұйымының бұрынғы төрағасы

__________________________________________________________________



(ұйым атауы, Т.А.Ә.толық)

тапсырды, ал кәсіподақ ұйымының қайта сайланған төрағасы

__________________________________________________________________

(Т.А.Ә.толық)

Кәсіподақ ұйымының істерін төмендегідей бағытта қабылдады деп акт жасадық:

1. Кәсіподақ мүшелерінің саны ________.

2. Кәсіподақ мүшелерінің есеп карточкаларының болуы_________.

3. Кәсіподақ мүшелерінің кәсіподақ жарналарын қолма-қол ақшасыз ұстауға жеке арыздарының болуы__________.

4. Кәсіподақ билеттерінің таза бланкілерінің болуы (саны)__________.

5. Негізгі құралдар (оргтехника, көлік және т.б.) тізімі тіркеледі.

6. Спорттық, мәдени құрал-саймандар тізімі (есеп карточкалары тіркеледі).

7. Ақша қаражатының қалдығы __________.

8. Кәсіподақ бюджеті сметасының орындалуы (бухгалтерияның анықтамасы тіркеледі).

9. Істер номенклатурасына сәйкес құжаттар тізімі (тіркеледі).

10. Мөрлер мен мөртабандардың болуы (тізімі).

11. Есеп беру мерзіміндегі Бақылау-тексеру комиссиясы актісінің болуы (тіркеледі).

12. Жасалған шарттар жағдайы мен тізімі (тіркеледі).

13. Құрылтайшылары цехтық комитет, кәсіподақ комитеті болып табылатын (олар болған жағдайда), кәсіпорындардың, ұйымдардың жарғылық құжаттарының жағдайы мен тізімі.

Тапсырды _______________ ____________ ____________



Т.А.Ә. қолы күні

Қабылдады _______________ ____________ ____________



Т.А.Ә. қолы күні
Комиссия мүшелері:
1. _______________ ____________ ____________

Т.А.Ә. қолы күні

2. _______________ ____________ ____________



Т.А.Ә. қолы күні

3. _______________ ____________ ____________



Т.А.Ә. қолы күні

4. _______________ ____________ ____________



Т.А.Ә қолы күні

5. _______________ ____________ ____________



Т.А.Ә. қолы күні
Ескертпе:

Осы акт кәсіподақ ұйымының жаңа төрағасын сайлаған күннен кейін 10 күн ішінде құрылады.

Комиссия құрамына кәсіподақ ұйымының бұрынғы және қайта сайланған басшылары, сәйкес кәсіподақ органының есепшісі, Бақылау-тексеру комиссиясының өкілі кіргізілуі тиіс.

Акт үш данада жасалады. Біреуі жоғарғы кәсіподақ органына беріледі, біреуі кәсіподақ ұйымының ісінде қалады, біреуі кәсіподақ ұйымының бұрынғы төрағасына беріледі.

4-қосымша
_____М А Н Д А Т

__________________________________________________________________



(Т.А.Ә. толық)

__________________________________________________________________

___________ (аумақтық ұйымның атауы) __________

есеп беру-сайлау конференциясының делегаты болып табылады.

М. О. Мандат комиссиясы

«___» ________ 20___ ж.


Ескертпе:

- Мандаттарда аумақтық ұйым құрылғаннан бері жүргізілетін нөмірлеу болған жағдайда, рим санымен конференцияның реттік нөмірі қойылады.

- Мандаттар кәсіподақ ұйымының мөрімен куәландырылады.

5-қосымша
Конференцияның мандат комиссиясы мәжілісінің

1 хаттамасы



__________________________________________________________________

(кәсіподақ ұйымының атауы)

________________ _______________



(өткізілу орны) (күні)
Комиссия мүшелері қатысты: (аттары бойынша)
Тыңдады'>Күн тәртібі:
1. Мандат комиссиясының төрағасын сайлау.

2. Мандат комиссиясының хатшысын сайлау.




  1. Тыңдады: ____________________________ мандат комиссиясының

(Т.А.Ә.)

төрағасын сайлау туралы.


Қаулы етті:

Мандат комиссиясының төрағасы _________________ сайлансын .



(Т.А.Ә.)

Дауыс беру нәтижелері: қолдайтындар ___, қарсы ___, қалыс қалғандар ___




  1. Тыңдады: ____________________________ мандат комиссиясының

(Т.А.Ә.)

хатшысын сайлау туралы.


Қаулы етті:

Мандат комиссиясының хатшысы________________ сайлансын .



(Т.А.Ә.)

Дауыс беру нәтижелері: қолдайтындар ___, қарсы ___, қалыс қалғандар ___

Комиссия төрағасы ____________________ (қолы)

Комиссия хатшысы____________________ (қолы)

Комиссия мүшелері____________________ (қолы)
Ескертпе:

Мандат комиссиясы мәжілісінің №1 хаттамасын конференция мәліметке алады.
Конференцияның мандат комиссиясы мәжілісінің

2 хаттамасы



__________________________________________________________________

(кәсіподақ ұйымының атауы)

________________ _______________



(өткізу орны) (күні)
Қатысты:

Мандат комиссиясының төрағасы ____________________

Мандат комиссиясының хатшысы ____________________

Комиссия мүшелері: (аттары бойынша) ____________________


Тыңдады: ____________________________ кәсіподақ ұйымының

(Т.А.Ә.)

конференциясы делегаттарының өкілеттіктерін тексеру нәтижелері туралы __________________________________________________________________. (ұйым атауы)

Конференцияға делегаттарды сайлау үшін ___кәсіподақ мүшесінен ___ делегат өкілеттік нормасы белгіленді. Конференцияға __делегат сайланды. Өкілеттік нормасын бұзушылық анықталған жоқ. Барлық делегатқа оларды сайлау туралы жиналыстың (конференцияның) шешімдерінен көшірмелер ұсынылды. Барлық көшірмелерге қол қойылды және мөрмен куәландырылды.

Қаулы етті:

Конференцияның ___делегатына өкілеттік берілсін.

Дауыс беру нәтижелері: қолдайтындар ___, қарсы ___, қалыс қалғандар ___
Комиссия төрағасы ____________________ (қолы)

Комиссия хатшысы ____________________ (қолы)


Ескертпе:

Мандат комиссиясының баяндамасынан кейін конференция оны бекіту және делегаттардың өкілеттігін растау туралы шешім қабылдайды.

Әдетте, есеп беру-сайлау конференциясының мандат комиссиясының баяндамасында делегаттардың жасы, білімі, әлеуметтік жағдайы, қоғамдық міндеттерді және кәсіподақ тапсырмаларын орындауы, кәсіподақ активіне қатысы, наградалары мен құрмет атақтарының болуы жөнінде сапалық құрамын сипаттайтын мәліметтер болады. Бұл мәліметтер делегаттардың алдын ала толтырылған анкеталарынан іріктелді.

6-қосымша
Жоғарғы оң жақ бұрышта

тиісті кәсіподақ ұйымының мөрімен

куәландырылған есеп комиссиясы

төрағасының қолы қойылады

__________________________________________________________________

(кәсіподақ органының, кәсіподақ ұйымының толық атауы)

кәсіподақ органы мүшелерін (кәсіподақ ұйымының төрағасын) сайлау жөніндегі жабық (құпия) дауыс беру бюллетені

1. ____________________________.



(Т.А.Ә.)

2. ____________________________.



(Т.А.Ә.)

3. ____________________________ және т.б.



(Т.А.Ә.)

Ескертпе:

Әліпби тәртібімен жабық (құпия) дауыс беру үшін бюллетеньге ұсынылған, талқыланған және енгізілген кандидатуралар тізімі келтіріледі.

Кандидаттардың фамилиясын сызу «қарсы» дауыс беруді білдіреді.

Кәсіподақ органдарын сайлау кезінде дауыс беру бюллетеньдерге ұсынылған, талқыланған және енгізілген кандидатуралар бойынша жүргізілетіндіктен, делегаттардың өз қолдарымен енгізілген кез келген қосымша фамилиялар есеп комиссиясымен қабылданбайды және хаттамаға енгізілмейді.



Каталог: uploads -> Исполком -> 11.01.17 -> каз.
каз. -> Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы мүшелік ұйымдарының кадрлық саясат мәселелері бойынша Кәсіподақтың XIII съезінің шешімдерін
Исполком -> Ќазаќстан республикасы білім
Исполком -> Ќазаќстан республикасы білім
Исполком -> Ќазаќстан республикасы білім
Исполком -> Ќазаќстан республикасы білім
каз. -> Ақтөбе облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ ұйымының кәсіподақ органдары мен ұйымдарының қызметін үйлестіру жөніндегі жұмысы туралы
Исполком -> Кәсіподақ органдары мен ұйымдарында ақпараттық жұмыс тиімділігін арттыру жөніндегі шаралар мен жұмыс жағдайы туралы


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет