Марқұм ҚР Халық әртісі, сазгер Ескендір Хасанғалиевтің келіні Ақмаржан қайын атасы туралы естелік айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: https://www.instagram.com/akmarjan_asylbekkyzy/

Айтуынша, марқұм өте жақсы кісі болған көрінеді. Ақмаржан Асылбекқызы жеке парақшасында қайын атасы туралы жазба жариялады. 

“Пойызбен жол тартып бара жатырмыз. Ол кісі пойызға мінгенді жақсы көретін. “Өзінше бір бөлек атмосферасы бар, ауасы бар” дейтін. Папа, жатқан жеріңіз жайлы болсын! Артыңызда Біржандай 15 балаға татитын ұлыңыз қалды. Тәтті немерелеріңіз бар. Қазақ халқына қаншама мәдени мұра өшпес музыкаңыз қалды. Демек, мәңгі жүрегіміздесіз. Сіздей ұлы кісінің, адамгершілігі мол, жаны таза кісінің келіні болу, Біржандай азаматтың жары болу, ұрпақ сүйіп жалғастыру – басыма қонған бақ. Әрбір сөзіңіз бен ақылыңызды ұмытқан жоқпыз. Адамдарды туғаныңыздан кем көрмей бар жүрегіңізбен жақсы көретінсіз. Маған деген ықыласыңыз ерекше болды. Дастархандағы ең тәтті мен дәмдіні маған қарай итеріп отыратыныңыз бүгінге дейін көз алдымда”, – деді Ақмаржан. 

  • "Көлігіме телефонын қалдырып кетті": Біржан Хасанғалиев жұбайымен қалай танысқанын айтты

  • "Нағашыларының атымен тарихта қалды": Біржан Хасанғалиев әкесіне қатысты құпияны ашты

Желі қолданушлары марқұм сазгер туралы жылы естеліктерін бөлісіп жатыр. 

“Ескендір ағаның жаны жәннаттық болсын! Ғұмырлы әндері, әдемі музыка әлемі халқымен бірге мәңгі жасай берсін!”, “Ұлың жақсы болса – бір бақыт, қызың жақсы болса – жүз бақыт, келінің жақсы болса – мың бақыт” деген қазақ. Атасын бағалап, қадіріне жетіп жатқан келін бақытты бол!”, “Ескендір аға қазақ халқының мақтанышы ғой” деп жазып жатыр оқырман қауым. 

Еске салайық, Біржан Хасанғалиев марқұм әкесінің бірінші некедегі қызымен қарым-қатынасы туралы айтқан еді.  


Автор: Даулет Байгонусов

Даулет — природовед и путешественник. Его увлечение природой Казахстана и исследования вносят неповторимый вклад в наше издание.