Мәдениет және ақпарат министрі бұрынғы Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың сотында журналистерге орын беру шараларын қабылдауда. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Астана қаласы ауданаралық сотының баспасөз қызметі

Айда Балаева министрліктің журналист құқықын шектеуге жол бермеу, ақпаратқа еркін қол жеткізуді қамтамасыз ету және обьективті ақпарат тарату ұстанымын берік сақтайтынын атап өтті.

"Кешегі сот отырысында арнайы орынның болмауына байланысты БАҚ өкілдері сот отырысын белгіленген бөлек бөлмеде отырып көрді. Алайда БАҚ өкілдеріне тиісті орындар болуы керек. Осы жағдайды ескере отырып, министрлік мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, журналистерді қажет орындармен қамту жұмысын жүргізетін болады", – деді Аида Балаева.

Министр БАҚ өкілдерін сот процесін жариялау кезінде бірқатар этикалық аспектілерді, заңның үстемдігін, бейтарап сот төрелігін ескеріп, жалған ақпарат тарату мен сот қызметіне араласудан сақ болуға шақырады.

Айта кетейік, бұған дейін 11-12 наурыз аралығында Астанада әйелі Салтанат Нүкенованы өлтірді деп айыпталған экс-министр Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша алдын ала тыңдау өткен болатын.  

Сот ашық режимде өтті, бірақ журналистерді сот залына кіргізбей, баспасөз орталығынан орын берді. 

Нәтижесінде сот отырысы алқабилердің қатысуымен 27 наурыз күні сағат 10.00-де өтеді. 


Автор: Ербол Нурланов

Ербол — талантливый фотограф, зафиксировавший красоту природы и городской жизни Казахстана. Его работы придают нашим материалам визуальное великолепие.