Жапонияда ферменттелген қызыл ашытқы мен күріш қосылған тағамдық қоспаны тұтынған екі адам көз жұмды. Одан бөлек 106 науқас ауруханаға жеткізілді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі РБК басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: pixabay.com

Биологиялық белсенді қоспалардың (БАД) өндірушісі – Kobayashi Pharmaceutical фармацевтикалық компаниясы. Компанияның мәліметінше, Beni-Koji тағамдық қоспасын 3 жыл қатарынан қабылдаған адам бүйрек ауруынан қайтыс болған. Үкімет 6 мыңға жуық өнім түрі барн бұл тағамдық қоспаға шұғыл сараптама жүргізетінін мәлімдеді. Қазірдің өзінде холестерин деңгейін төмендетуге көмектеседі деп жарнамаланған қоспалардың бес түрі кері қайтарылды.

Жапонияның Денсаулық сақтау, еңбек және әлеуметтік министрлігі екінші адамның өлімі туралы компанияның тыңдалымы кезінде білді.

Бұған дейін Қытай "X ауруының" таралу қаупі артқанын хабарлаған еді.


Автор: Гульжан Оразбаева

Гульжан — исследовательница жизни и достижений знаменитых личностей Казахстана. Ее статьи позволяют читателям взглянуть на страну через призму вкладов ее ярких представителей.