Интеллектуалдық ойыны Мақсаты



жүктеу 37.83 Kb.
Дата25.03.2019
өлшемі37.83 Kb.

Тақырыбы: «Абайды оқы, таңырқа» интеллектуалдық ойыны


Мақсаты: «Абайды оқы, таңырқа» интеллектуалдық ойынның өту барысында оқушылардың тілге деген сүйіспеншілік сезімдерін арттыру, топтық жұмыстарда белсенділік танытып, біліктіліктерін көрсете отырып, білім деңгейін шыңдау. Нәтижесінде әр топты ойынға қатысқандары үшін мақтау қағаздарымен марапаттау.

Міндеттері:
1. Оқушылардың бойындағы мемлекеттік тілге, әдебиетімізге, ұлы ақын жазушыларымызға, деген сүйіспеншілікті одан әрі дамыту, оны әрқашан құрметтеуге баулу. Оқушылардың білім деңгейін байқау.

Өз отбасын, Отанын сүйіп, әдепті болуына бағыт - бағдар беру.
2. Оқушылардың сөйлеу дағдысын дамыту, логикалық ойлау қабілетін жетілдіру, танымдық деңгейін көтеру. 3. Жас өспірімдердің туған жерінің мәдениетіне, тіліне құрмет сезімін тәрбиелеу.
Көрнекілігі: бейнетаспа, үнтаспа, слайдтар, қима -қағаздар.
Ойынның барысы:
Мұғалім сөзі: - Қайырлы күн құрметті ұстаздар, оқушылар!

Туған тілім - бабам тілі - өз тілім 


Туған тілім –анам тілі - өз тілім. 
Туған тілім - далам тілі - өз тілім 
Туған тілім - адам тілі - өз тілім. 

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев «Қазақстанның болашағы – білімді ұрпағында» дегендей, сендер сол болашаққа бүгінгі білімдеріңмен, бастау алып отырсыңдар. Бүгінгі ойынымыз сіздердің білімдеріңізді, ұшқыр ойларыңызды өрнектеп ортаға салу. Олай болса, «Абайды оқы - таңырқа» атты ойынымызға қош келдіңіздер!

Ойынымызға әділ баға беретін әділқазылар алқасымен таныс болайық қазақ тілі және әдебиет пәні мұғалімдері Ә.Әлиқызы , А.М.Рахиянова

Ойынға қатысушыларды ортаға шақырамыз.

5«Б» сыныбы 6 «Б» сыныбы

Хайбулина Данеля Кашникова Настя Ахметова Милена Бодрова Вероника Балтабеков Елжан Сембекова Әния Мустапина Карина Кусманов Ернур Серканова Карина Каравашкина Анжела Омарова Айнур Рожкова Ангелина

Құрметті ұстаздар мен оқушылар! 2015 жылы қазақ халқының ұлы ақыны Абай Құнанбаевтың 170 жылдық мерейтойы аталып өтті. Бүгін мектебіміздің орыс тілді 5-6 сынып оқушылары ұлы ақынымыз, мақтанышымыз Абай бабамыз жайлы өз білімдерін ортаға салады.

Бүгінгі ойынға қатысушы топтармен таныс болыңыздар.
І - «Болашақ» тобы – ойыншылары 6 «Б» сынып оқушылары
ІІ - «Жас ұландар» тобы – ойыншылары 5«Б» сынып оқушылары

Бүгінгі ойынымыздың бөлімдерімен таныстырып өтейін:
І. Мәнерлеп оқу ІІ. «Кім білгір?» бөлімі ІІІ «Кім жылдам?» бөлімі ІV «Кім тапқыр?» бөлімі V Өнерлі өрге жүзер


I. Бірінші кезең: Мәнерлеп оқу /үй тапсырмасы, әр топтан бір оқушы ақынның бір өлеңін мәнерлеп оқиды/

II. Екінші кезең. «Кім білгір?» бөлімі

Әр топқа 6 сұрақтан әзірленген, осы сұрақтарға кезекпен жауап беруі қажет. Әр жауап есептеліп отырылады. Жауап толық мазмұнды болуы керек.

ІII. Үшінші кезең: «Кім жылдам?» бөлімі

/Екі топқа бірдей кесте беріледі, кестені әр топ сауатты, ұқыпты етіп толтырады/



Абай қай жылдары өмір сүрген?

Ол неше жасында Семейге оқуға келді?

Абайды кім тәрбиелеген?

Ол қайда оқыды?

Абайдың шын аты кім?


















IV. Төртінші кезең: «Кім тапқыр?» бөлімі / кестені толтыр/

Абайдың табиғат тақырыбындағы өлеңдерін жаз.

Абайдың өнер, білім тақырыбындағы өлеңдерін жаз.







V. Бесінші кезең: Өнерлі өрге жүзер

/ Әр сынып дайындап келген өнерлерін ортаға салады. Қазақ тілінде ән салу немесе би билеу/



Әділқазылар: Ойынның бөлімдері аяқталған соң оқушылардың жетістіктеріне тоқталып, ойынға қатысқандары үшін мақтау қағаздарымен марапатталады.

Қорытынды:

Туған тілім қазынам,алтын кенім, 


Жаңа алыпқа өзіңді алып келдім. 
Қош келдің туған өлке,бесігіңе, 
Қасиетті бабамның тілі менің.

Қазақ тілі- Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі. Қазіргі таңда қазақ тілінің мәртебесі үстем болып келеді. Болашақта сендер осы мемлекеттік тіліміздің мәртебесін биікке ұшыратын сұңқары, еліміздің білімді, мәдениетті, үлгілі азаматтары болатындарыңа сенемін.



Осымен, «Абайды оқы, таңырқа» атты ойынымыз аяқталды, көңіл қойып тыңдағандарыңызға көп рахмет.

Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет