Интербелсенді әдістерді оқу орындарында қолдану «Қазіргі заманда жастарға ақпараттық технологиямен байланысты әлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру өте қажет.»



жүктеу 53.35 Kb.
Дата04.03.2018
өлшемі53.35 Kb.

Интербелсенді әдістерді оқу орындарында қолдану
«Қазіргі заманда жастарға ақпараттық

технологиямен байланысты әлемдік стандартқа

сай мүдделі жаңа білім беру өте қажет.»

Н.Ә. Назарбаев

Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 30 елдің қатарына кіру стратегиясын жүзеге асыру үшін қазіргі қоғамға шығармашылық қабілеті бар, талантты, іскер мамандар қажет. Ал бүгінгі студент ертең осы стратегияны жүзеге асыратын болашақ маман.

Қазіргі замандағы технологиялардың дамыған кезеңінде, білім сапасын жақсарта отырып, білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдараламасын жүзеге асыруда, инновациялық әдістермен оқытудың ақпараттық технологияларын қолдану арқылы студенттердің ойлау қабілетін арттырып, ізденушілігін дамыту өзекті мәселелердің бірі болып табылады.

Соның негізінде, интербелсенді оқу/оқыту бірінші мезетте білім игеру процесіне қатысушылардың тиімді қарым-қатынасына негізделеді. Өйткені бүгінгі күні оқу процесі бұрынғыдай «үйрету», «оқыту», «беру» сынды етістіктерден құралмай, «ұйымдастыру», «жағдай жасау», «бағыт-бағдар беру» сияқты ұғымдардан тұрады.

Ағылшын тілінен келген «интерактив» сөзі де осы ұғымды білдіреді: «inter» дегеніміз «өзара» мағынасында, ал «akt»-«әрекет жасау» дегенді білдіреді. Басқаша айтқанда, «интербелсенді» дегеніміз біреумен қоян-қолтық қарым-қатынаста болу, онымен бірлесе әрекет жасау, диалог құру. Бұл қарым-қатынас оқытушы мен студенттер, студент пен басқа студент, студенттердің шағын топтары арасында өтеді. Оқу мен оқыту, үйрену мен үйрету мұндай қарым-қатынаста біртұтас қалыпта болып, олардың нәтижесі мен маңызы да осындай қарым-қатынасқа тәуелді болады.

Сонымен, интербелсенді оқыту оқу процесін төмендегідей ұйымдастырады:



  • барлық үйренушілерге бірлескен таным процесіне белсенді арласуға мүмкіндік жасау;

  • әрбір үйренушінің өзінің үйренгені мен өз білімі туралы түсініктерін

  • ортаға сала отырып, бірлесе талқылап, олар туралы ой толғануына мүмкіндік жасау;

  • үйренушілер білімді өздігімен құрастыратын орта құру;

  • терең ойлану, жеке рефлексиялық қабілеттерді дамыту;

  • өз идеялары мен әрекеттерін талдау және оларға баға беру;

  • оқу барысында жеке басының құндылықтары мен сенімдерін

  • қалыптастырып, белсенді өмірлік бағытын (көзқарас, дүниетаным) ұстану;

  • пікірталастарға қатысып, өз ойы мен пікірін дәлелдеу.

Интерактивті әдістерді қолдану арқылы интербелсенді дәріс, семинар сабақтарында студенттердің белседілігін арттыру тиімді.

Қазіргі кезеңдегі технологиялардың дамуы барысында ұстаздардың рөлін түбегейлі өзгерту мүмкіндік туды, ұстаз тек қана білімді алып, жүруші ғана емес, сонымен қатар студенттердің өзіндік шығармашылық жұмысының жетекшісі.

Интерактивті әдістерге:


  • топпен жұмыс,

  • пікір–таластар,

  • проблемалық

  • шығарма әдістері,

  • презентациялар,

  • рөльдік ойындар,

  • блиц-сұрақтар әдісі,

  • кейс – стадийлер,

  • миға шабуыл әдісі,

  • викториналар,

  • мини зерттеулер,

  • іскерлік ойындар,

  • инсерт әдісі,

  • анкета алу әдісі және т.б. жатады.

Интербелсенді әдістерді қолдану арқылы - оқу орындарындағы дәріс, семинар (практикалық), студенттің өзіндік жұмыстар сабағын жаңаша ұйымдастыру, оқытушының рөлі мен қызметінің артуына жағдай жасау, ғылыми теориялық, педагогикалық және психологиялық зерттеулерге сүйене отырып, студенттерді елжандылыққа, саналылыққа, адамгершілікке, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу. Бұл тұлғаның тұрақты қасиеттеріне айналып, тек студенттердің аудиториясында ғана орын алып қана қоймай, сонымен бірге өмірдің басқа да жақтарынан тиянақты түрде көрінеді. Бұдан жасайтын қорытынды оқу орындарында интербелсенді оқу/оқыту білім игеру процесін ұйымдастыруда студенттердің барлығын дәріс, семинар және өзіндік жұмыс сабақтарында бірлескен таным процесіне белсенді араласуға, жеке студенттің өзінің үйренгені мен білімін ортаға салып талқылау, өз ойларын талдауға, пікірталас, өз пікірін дәлелдеу және т.б. негізде ұйымдастыруға болады.

Интербелсенді дәріс сабағында оқытудың интерактивтік тәсілдеріне: ашық сұрақтарды қою іскерлігі (біріккен дұрыс жауапқа алдын–ала бағытталған жауапта емес, мәселе бойынша әр түрлі көзқарастарды айтуы); оқытушы дәріс беріп қана қоймай сонымен бірге студенттерге сабақ барысында «дұрыс» және «дұрыс емес» көзқарастарын батыл, қорқынышсыз айтуларына мүмкіндік беретін байтарап ретінде анықтауы, сабақтың қалай және неге жүзеге асатының түсінуге көмек беретін сабақты өзіндік талдауға дайындық, қай жерде өзара әрекеттесу «тоқырап» қалды, бұл қандай жағдаймен байланысты болады; сабақтың өту жағдайын, оның нәтижелігін қадағалауға мүмкіндік беретін ескертулерді тіркеу болып табылады. Оқытушы интерактивті әдістерді қолдану арқылы студенттің еркін ойлануына, ақыл-ойын дамыуға, шығармашылық белсенділігін арттыруға, ұжымдық іс-әрекетке, тіл байлығын жетілдіруге, жан-жақты ізденушілігін арттыруға жағдай жасайды. Ал оқытушы үшін тиімділігі, ол түрлі әдістерді пайдалану арқылы сабақтың мәнін терең ашуға, аудиторияны толық қамтуға, әр студенттің білім деңгейін анықтауға, оларды ізденіске, шығармашылыққа, өз бетінше жұмыс істеуге және барлығын бағалауға болады. Интербелсенді әдістер білім алушылардың өздік және өзіндік дамуына,олардың өз мүмкіншіліктері мен ұстанған құндылықтарын түсінуге және бағалауға жетелейді. Сабақта теориялық білімді игерту мен жаңғырту және жаңа жағдайға іс жүзінде лайықтап қолдануға үйреткенде ғана студенттердің алған білімі мен біліктілігі шынайы да нақтылы қалыптасады. Осындай жолмен қалыптасқан білім мен біліктіліктің танымдық маңызы да зор.

Елбасы, Н.Ә.Назарбаев:«…Адамзат үшін ХХІ ғасыр жаңа технологиялардың ғасыры болмақ, ал осы жаңа технологияларды жүзеге асырып, өмірге енгізу, игеру және жетілдіру -бүгінгі жас ұрпақ, сіздердің еншілеріңіз… Ал жас ұрпақтың тағдыры- ұстаздардың қолында» деп, атап көрсеткендей, бүгінгі ұстаздар қауымы алдында үлкен міндет жүктелгенін байқаймыз. Егер,өткен уақыттарда таным процесін біз «білім беру», «оқыту», «үйрету» деп түсінсек, бүгінгі уақытта бұл түсініктерді «білім алу/игеру», «оқу», «үйрену» деп өзгерту керек. Мұндай ұстаным бүгінгі күні әлемде жүріп жатқан жоғары оқу жүйесінде Балонья үдерісінің идеяларын толық қамтып, өзінің мазмұнын осы үдеріспен байланыстыруы оқу орындарының жұмыстарына елеулі өзгерістер енгізуді талап етеді.

Сонымен, қазіргі әлем бойынша индустриялық қоғамнан интербелсенді қатынас жасауға, оны жүзеге асыратын ақпараттық қоғамға көшу үрдісі жүріп жатқанда, интербелсенді әдістерді тиімді қолдана білсек, студенттерімізді жаңа ғасырдың білікті, бәсекеге қабілетті, білімді, ақыл-ойы дамыған азаматы етіп даярлай аламыз.

Резюме

В данной статье расматриваються формы и методы интерактивного обучения, которые применяете на занятиях со студентами. Раскрываются такие аспекты как появление возможности основательно изменить роль преподавателей с помощью внедрения в систему ведения курса различных интерактивных методов, которые возникли в силу развития современных технологии, так и предстовление учителей не только в качестве кладезя ума, но и как руководителья самостоятельных творческих работ студентов.


Summary

This article is devoted to interactive the forms and methods of online learning, which apply in the classroom. Reveails aspects such as the possibility of the emergence of fundamentally change the role of teachers through the introduction of the system of course a veriety of interactive methods that have emerged due to the development of modem technology, and the idea of teachers not only as a treasure trove of mind, but also as a leader of indepent creative work stydents.


Пайдаланған әдебиеттер
Әлімов А. Интербелсенді әдістерді жоғары оқу орындарында қолдану.

Алматы -2009. -63-64 бб.


2.Әбдіғұлова Б.Қ. Қазақстан тарихы сабақтарында оқытудың белсенді әдістерін пайдаланудың әдістемелік жолдары.-Алматы.,-ҚазҰПУ,2012.-93 б.
Каталог: sabaq-kz -> attachment
attachment -> 1 қыркүйек – Білім күніне арналған Сыңғырла, күміс қоңырау
attachment -> «А. Имановтың жастарды патриоттық және азаматтық тәрбиелеу негізі ретіндегі рөлі» Карашинова Алмагүл Серікбайқызы
attachment -> Б. С. Батешова, Т. Н. Малдыбаев
attachment -> Сабақтың тақырыбы: «Қауіпсіз ғаламтор»
attachment -> Сабақтың түрі: Жаңа білімді хабарлау Уақыты: 90 мин Сабақтың педагогикалық мақсаты
attachment -> Сабақтың тақырыбы: ежелгі тас дәуірі Сабақтың мақсаты
attachment -> Сабақтың атауы XX ғасырдағы қазақ әдебиеті жалпы шолу Мақсаты Күтілетін нәтиже
attachment -> Туєан жер, алтын бесіік
attachment -> Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі Ибрагим Бегімхан Керімханұлы Қазақ әдебиеті, 9-сынып Тақырыбы: Қожа Ахмет Йасауи «Диуани хикмет»


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет