2023 жылдың желтоқсан айында ғана Көксу ауданы әкімінің лауазымына тағайындалған Дәулет Халеловтың аппаратында жанжал пайда болуда. 4 ай ішінде әкімдіктен бірден 10-нан астам қызметкер жұмысынан өз еркімен кеткен. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Желтоқсан айынан бастап Көксу ауданында бірнеше лауазымды тұлға өз қызметінен кеткен. Олардың ішінде Лабасы ауылының бұрынғы әкімі Ерік Тұрғанбаев, аудан әкімі аппаратының ұйымдастыру және мемлекеттік құқықтық бөлімінің бұрынғы басшысы Нұрания Мырзабекова, әкімдің заңгері Айдос Қасиев, жергілікті газеттің бас редакторы, мәдениет үйінің директоры қызметімен қош айтысқан. 

Одан бөлек аудандық әкімдіктің заңгері, төтенше жағдайларға жауапты қызметкер және бірдей бірнеше бөлімнің бас мамандары өз қызметінен кеткен. Жергілікті халықтың айтуынша, жаңа әкім тағайындалғандағы қуаныш ұзаққа созылмады. Себебі сол өңірде ұзақ жылдар бойы жұмыс істеген мамандар қызметінен бас тартады деп ешкім ойламаған. 

"Даулет Кенжеханұлы келгенде қатты қуанып едік. Осы жерде істеген азамат, өте білікті. Жұмысына ешқандай шағымымыз болмаған. Алайда, осы Көксу ауданына шет жақтан қанша әкім келседе, жергілікті мамандарды жаппай ауыстырған емес. Барлығы бізге өз еркімізбен кеттік дейді, бірақ бұлай барлығы бір ауыздан қалай тез арада кетіп қалады? Ол мүмкін емес қой, мүмкін бір қысым көрсеткен шығар" — дейді өзінің аты-жөнін кәсіби мансабына байланысты айтқысы келмеген аудан тұрғыны. 

Оның сөздерін ауданда белгілі блогер Қасым Кенжехановта растап отыр. Белсендінің айтуынша, жаңа әкімнің жұмысы оған бұрыннан ұнамайтын. Ал кадр таңдау мәселесінде оған біраз сұрақтар бар екен.

"Бұрыңғы әкім, яғни қазіргі Жетісу облысы әкімінің орынбасары Марлен Көлбаевтің кезінде ауданда көп мәселе өз шешімін тез арада табатын. Ал қазір барлығы баяу жұмыс жасауда. Дәулет Халелов Көксуда істегеніне көп болды, оны барлығы таниды, ол барлығын біледі. Бұл өте жаман деп есептеймін. Себебі көп мәселені шешуде ол қиындықтар туғызады. Оған қоса, менің естуімше, аудан әкімдігінде таяуда ғана қызметте болған қыздардың бірі жұмыстап жылап кеткен. Қарапайым тілде айтқанда, оны жұмыстан шығуын талап еткен. Қазірге таңда жаңа команда қалыптасты, бірақ ол маған ұнамайды. Бұрын жұмыстарын атқара алмаған азаматтарда жұмысқа қайта келуде" — деп айтты белсенді Қасым Кенжеханов. 

Жағдайдың мән-жайын анықтау үшін Stan.kz тілшісі Көксу ауданы әкімінің аппарат басшысы Жанар Кубиеваға хабарласты. Оның ақпаратына сәйкес, жаңа басшылық бұрынғы қызметкерлерге ешқандай қысым көрсетпеген. 

"Лабасы ауылдық округінің әкімі  Е.Тұрғанбаев отбасылық жағдайына байланысты аудандық аумақтық сайлау комиссиясына өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы өтініш білдірген. Тұрдыбеков Сырым отбасылық жағдайына байланысты өтінішінің негізінде жұмыстан босатылды. А.Касиев басқа мемлекеттік лауазымға ауысуына байланысты өтініші негізінде жұмыстан босатылды. Н.Мырзабекова өз өтініші негізінде өз еркімен жұмыстан босатылды. Соңғы лауазымдағы еңбек өтілі 6 ай. Газеттің бас редакторы мен ДК директоры бізге қарамайды. Қысым не болмаса орынды босат деген сөз болған жоқ" — дейді аппарат басшысы. 

Айта кетсек, Дәулет Халелов бұған дейін Көксу ауданы әкімінің орынбасары болған. Жергілікті белсенділердің айтуынша, жақын арада бұл өңірде сайлау комиссиясының төрағасы және тағы бір ауыл әкімі өз қызметтерін босатпақ.


Автор: Даулет Байгонусов

Даулет — природовед и путешественник. Его увлечение природой Казахстана и исследования вносят неповторимый вклад в наше издание.