«Интернатура туралы Ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2010 жылғы 16 маусымдағы №452 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы



жүктеу 103.65 Kb.
Дата22.04.2019
өлшемі103.65 Kb.




«Интернатура туралы Ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2010 жылғы 16 маусымдағы № 452 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы




«Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 21-бабының 5-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. «Интернатура туралы Ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2010 жылғы 16 маусымдағы № 452 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6331 болып тіркелген, 2010 жылы 2 қазанда «Казахстанская правда» газетінде № 260-261 (26321-26322) жарияланған) мынадай өзгеріс енгізсін:

Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Интернатура туралы ереже осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Ғылым және адами ресурстар департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның қағаз және электрондық түрдегі қазақ және орыс тілдеріндегі көшірмелерін ресми жариялау және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне қосу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберуді;

4) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;

5) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі Л. М. Ақтаеваға жүктелсін

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.





Қазақстан Республикасының

Денсаулық сақтау министрі



Е. Біртанов

Қазақстан Республикасы


Денсаулық сақтау министрінің
2017 жылғы ___ № ___
бұйрығына
қосымша

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2010 жылғы 16 маусымдағы №452 бұйрығымен бекітілген


Интернатура туралы ереже
1-бөлім. Жалпы ережелер


  1. Интернатура – базалық медициналық білім беру шеңберінде медициналық жоғары оқу орындарының (бұдан әрі - ЖОО) білім алушыларын бір немесе екі жылдық даярлау нысаны болып табылады.

  2. Интернатураның негізгі міндеті медициналық жоғары оқу орындарының түлектерін практикалық даярлауды жетілдіру, олардың кәсіби деңгейін және дербес дәрігерлік қызметке дайындық дәрежесін арттыру, магистратурада, резидентурада оқу болып табылады. 3. Интерндерді даярлау осы Ережеге, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12007 болып тіркелген 2015 жылғы 31 шілдедегі № 647 бұйрығымен бекітілген, медициналық және фармацевтикалық мамандықтар бойынша мемлекеттік жалпыға бірдей міндетті стандарттар мен үлгілік кәсіптік оқу бағдарламаларына, сондай-ақ заңнамаға сәйкес жүзеге асырылады.

  1. Мемлекеттік бюджет есебінен интерндерді даярлау жоғары медициналық білімі бар мамандарды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысының шеңберінде жүзеге асырылады.

  2. Интерндерді мемлекеттік білім беру тапсырысының белгіленген санынан асыра даярлау оқуға жұмсалатын шығындарды толық өтей отырып және осы Ереженің талаптарын сақтай отырып, шарт негізінде жүзеге асырылады.


2-бөлім. Интернатураға қабылдау және оқу

  1. Интернатурада даярлау «Интернатурада және резидентурада даярлаудың клиникалық мамандықтар тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2008 жылғы 30 қаңтардағы № 27 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5134 болып тіркелген), бекітілген мамандықтар бойынша жүзеге асырылады.

  2. ЖОО ректоры жыл сайын Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің келісімімен ағымдағы жылғы 1 шілдеден кешіктірмей мамандықтар бойынша интерндерді даярлау жоспарын бекітеді.

  3. Интернатураға қабылдау оқудың барлық кезеңіндегі үлгерімнің орташа балын (GPA – Grade Point Average) ескере отырып конкурстық негізде жүзеге асырылады.

9. Интернатураға конкурстық іріктеу туралы ережені әрбір ЖОО дербес әзірлейді және ЖОО-ның Ғылыми кеңесінің шешімімен бекітіледі.

  1. Конкурсқа «Жалпы медицина» және «Стоматология» мамандықтары бойынша бакалавр дипломы бар адамдар жіберіледі.

  2. Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдау мерзімі – ағымдағы жылғы 1 шілдеден бастап 15 тамызға дейін.

  3. Конкурс ЖОО-ның конкурстық комиссиясына студенттер ұсынған құжаттар негізінде жүзеге асырылады.

  4. Конкурсқа қатысу үшін үміткерлер ректордың атына нақты мамандық бойынша интернатураға қабылдау туралы өтінішті, медициналық ЖОО-ны тәмамдағаны туралы дипломды (түпнұсқа), дипломға қосымшаның көшірмесін, жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін, «Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) бекітілген 086/у нысандағы медициналық анықтама, екпе картасын, В, С гепатитін, АИТВ анықтамаларын ұсынады.

  5. Конкурстық комиссияның құрамы жыл сайын ЖОО ректорының бұйрығымен ағымдағы жылғы 1 шілдеге дейін бекітіледі. Конкурстық комиссия отырысының шешімі хаттамамен ресімделеді.

  6. Интернатураға өтініштерді қабылдау 3-31 шілде аралығында жүзеге асырылады. Конкурстық іріктеу 10-20 тамыз аралығында жүргізіледі. Қабылдау ЖОО-ның ректоры бұйрығының негізінде 28 тамызға дейін жүргізіледі.

  7. Оқу процессін ұйымдастыру академиялық күнтізбеге, оқу күнтізбесіне, білім бағдарламаларына сәйкес жүргізіледі.

  8. Интернатурада мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша білім алушыларға стипендия Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 7 ақпандағы № 116 қаулысымен бекітілген Білім беру ұйымдарында білім алушыларға мемлекеттік стипендияларды тағайындау, төлеу және олардың мөлшерлерін бекіту қағидаларына сәйкес төленеді.

  9. Оқудың ақылы нысанында шарт бойынша білім алатын интерндер интернатурадан шартта белгіленген талаптарға сай өтеді.

  10. Интернатурада оқу бірінші және жоғары біліктілік санатындағы дәрігерлерді тартумен жоғары мамандандырылған оқытушылардың басшылығымен жүзеге асырылады.

  11. Интерндерді ауыстыру және қайта қабылдау Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 20 қаңтардағы № 19 бұйрығымен бекітілген Білім алушыларды білім беру ұйымдарының түрлері бойынша ауыстыру және қайта қабылдау қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.

3-бөлім. Интерндерді даярлау және жұмысын басқару нысаны

  1. Интерндерді даярлайтын жетекші (кафедра меңгерушісі):

  1. интерннің жеке оқу жоспарын орындауын, соның ішінде портфолионы жүргізуін және ресімдеуін қамтамасыз етеді және бақылайды;

  2. медициналық ұйымдардың бөлімшелерінде науқастарды емдеуі үшін интерндерге қажетті жағдайды қамтамсыз етеді;

  3. оқыту бағдарламасында көзделген практикалық машықтарды интерннің игеруіне күнделікті көмектеседі, интерн қызметінің барлық түрлерін меңгерту үшін консультация жүргізеді;

  4. интернді қатыстырып, науқастарды жоспарлы, оның ішінде тақырыптық аралайды, клиникалық талқылауға қатысады және консилиум жұмысына (бақылайтын науқастары туралы баяндама жасайды) және паталогоанатомиялық ашуларға интернді қатыстырады;

  5. интерннің бөлімшедегі, жалпыауруханалық және дәрігерлік конференциялырға қатысуын, дәрігерлік қауымдастықтар жұмысына, науқастарды емдеудің диагностикалық және емдеу тактикаларына, шұғыл көмек көрсету шараларына қатысуын қамтамасыз етеді;

6) интерн жұмыс жасайтын бөлімшелерде емдік-профилактикалық жұмыстарды талдауға, есепке алу-есеп беру құжаттарын жүргізуге, жоспарларды құруға интернді қатыстырады.

  1. Интерндерді даярлау медициналық жоғары білім беру ұйымдарының клиникалық базаларында осы Ережеге, үлгілік оқу жоспарына, белгілі бір мамандықтардың бағдарламасына негізделе отырып әзірленген жеке жоспарға сәйкес жүзеге асырылады.

  2. Интернатурада оқу мерзімі еңбек өтіліне кірмейді.

24. Интерн жеке жоспарға сәйкес:

1) дәрігерге дейінгі медициналық көмекті, білікті медициналық көмекті, мамандандырылған медициналық көмекті, медициналық-әлеуметтік көмек көрсететін ұйымдарда науқастарға жетекшілік етеді;


2) диагностикалық, емдік және профилактикалық іс-шараларды тағайындауға және

орындауға қатысады;

      3) құжаттаманы және халық арасында санитариялық-ағарту жұмысын жүргізеді; 4) бөлімшенің қызметі туралы есептер жасауға қатысады;
      5) профилактикалық тексеріп-қарауға, диспансерлеуге, консилиумдерге қатысады;
6) терапевтер, хирургтер, акушерлер-гинекологтар, педиатрлар қоғамдарының және басқаларының жұмысына қатысады;

7) сырқаттарды аралауға, клиникалық талдауларға қатысады;

8) айына кемінде төрт рет емдеу-профилактикалық ұйымдарында кезекшілік етеді (интерннің оқу жүктемесін есептеу кезінде ескерілмейді);

9) клиникалық және клиникалық-анатомиялық конференцияларға қатысады;

10) патологиялық-анатомиялық ашуларға қатысады, аутопсия, биопсия және операциялық материалдарды зерттеуге қатысады.


  1. Сабақтан бос уақыт кезінде 3 аптадан кем емес интернатура бағыты бойынша «дәрігердің көмекшісі» өндірістік практикасын өтеді. Практика өту орнын ЖОО және интерннің өзі анықтайды.

  1. «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі заңның 26-бабының 8-тармағының 3) тармақшасында белгiленген квота шегiнде оқуға түскен ауыл жастары қатарынан шыққан интернатура түлектері жоғары оқу орнын бітіргеннен кейiн тиісінше ауылдық жерде орналасқан мемлекеттік бiлiм беру ұйымдарында, мемлекеттік медицина ұйымдарында кемiнде үш жыл жұмысты өтеуі тиіс. Мемлекеттік білім беру тапсырысының негізінде білім алған интернатура түлектері «Маманды жұмысқа жіберу, өз бетімен жұмысқа орналасу құқығын беру, мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде білім алған азаматтарды жұмысын өтеу жөніндегі міндетінен босату немесе олардың міндетін тоқтату қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 30 наурыздағы № 390 қаулысында белгіленген тәптіппен ЖОО-ны бітіргеннен кейін мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарында кемінде үш жыл жұмысты өтеуі тиіс.

  2. Интерндердің білімін және дағдыларын бағалау ағымдық, межелік бақылау, аралық және қорытынды мемлекеттік аттестаттау нысанында жүзеге асырылады.

  3. Ағымдағы, межелік және қорытынды бақылау нысандарын ЖОО өзі белгілейді.

  4. Аттестаттау комиссиясының құрамына денсаулық сақтау саласындағы жоғары білікті мамандар енгізіледі.

  5. Қорытынды аттестаттауға оқу процесін мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттың, білім беру бағдарламасының, жұмыс және жеке оқу жоспарларының талаптарына сәйкес толық аяқтаған білім алушылар жіберіледі. Білім беру бағдарламасының, жұмыс және жеке оқу жоспарының талаптарын орындамаған соңғы курс студенті жазғы семестрді өтпей қайта оқу курсына қалады.

  6. Қорытынды мемлекеттік аттестаттау мынадай екі кезеңде жүргізіледі:

1 - кезең – интернатураның үлгілік оқу жоспарының барлық пәндері бойынша ықпалдастырылған тестілеу емтиханы.

2 - кезең – клиникалық емтиханды обьективті құрылымдау әдісімен (КЕОҚ) тиісті мамандық бойынша практикалық машықтарды аттестаттау. Қорытынды мемлекеттік аттестацияның бірінші кезеңін тапсырмаған интерндер екінші кезеңге жіберілмейді.



  1. Қорытынды мемлекеттік аттестацияны ойдағыдай тапсырған интерндерге аттестациялық комиссия шешімінің негізінде мемлекеттік үлгідегі білім туралы құжат беріледі: дәрігер - біліктілігін берумен медициналық жоғары білімі туралы диплом, үш тілде дипломға қосымшаны (транскрипт), интернатураны бітіргені туралы куәлік алады.





Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет