Елімізде некеге тұру саны азайды. Бірінші несие бюросы былтыр Қазақстанда 20,9 мың отбасы ресми түрде некеге тұрғанын мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: pixabay.com

Алдыңғы жылмен салыстырғанда бұл 6% аз. Бұл көрсеткіш кейінгі 19 жылда ең төменгі деңгейге жетті.

Бұл көріністі Ұлытау өңірінен басқа еліміздің барлық аймағынан байқауға болады. Ең аз қоныстанған өңірлерде некеге тұру саны 57-ге артып, 1,5 мыңға жетті. Алайда бұл жалпы көрсеткішке айтарлықтай әсер етпеді. Ең тығыз қоныстанған Түркістан облысында да жыл санап заңды некеге тұру айтарлықтай азайған. Оңтүстікте орналасқан басқа да облыстарда да Түркістаннан қалыс қалып тұрған жоқ. Оның ішінде Алматы облысы көш бастап тұр. 

“Түркістан облысында жаңадан некеге тұрғандар саны 1,5 мыңнан 11,8 мыңға, Алматы облысында 0,6 мыңнан 10,1 мыңға азайған”, – делінген хабарламады.

Айта кетейік, өткен жылы туғандар саны азайған. Қазіргі көрсеткіш 388 мың адам, бұл – кейінгі 10 жылдағы ең төменгі көрсеткіш.


Автор: Жанара Кенжебекова

Жанара — исследовательница культуры и традиций. Ее статьи поднимают важные темы многообразия культур Казахстана.