Инвестициялық қорлар туралы



жүктеу 0.61 Mb.
бет1/4
Дата24.04.2019
өлшемі0.61 Mb.
  1   2   3   4

Инвестициялық қорлар туралы

Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 7 шілдедегі N 576 Заңы


Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., N 16, 90-құжат


МАЗМҰНЫ

      Ескерту. Бүкіл мәтін бойынша "қайтарып алған", "қайтарып алынғаны", "лицензиясы қайтарып алынса", "лицензияны қайтарып алған", "қайтарып алынған", "(қайтарып алынуына)", "лицензиясы қайтарып алынған" деген сөздер тиісінше "одан айырған", "одан айырылғаны", "лицензиясынан айырылса", "лицензиядан айырған", "одан айырылған", "(одан айырылуына)", "лицензиясынан айырылған" деген сөздермен ауыстырылды - Қазақстан Республикасының 2007.01.12. N 222 (ресми жарияланған күнінен бастап алты ай өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      Осы Заң Қазақстан Республикасындағы акционерлiк инвестициялық қордың құқықтық жағдайын, құрылу, қызмет ету, қайта ұйымдастырылу және таратылу ерекшелiктерiн, инвестициялық пай қорының құрылу, жұмыс iстеу және жұмыс iстеуiн тоқтату шарттары мен тәртiбiн айқындайды, бағалы қағаздар рыногына кәсiпқой қатысушылардың инвестициялық қорлардың жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету жөнiндегi қызметiне байланысты қатынастарды реттейдi, сондай-ақ инвестициялық қорларды мемлекеттiк реттеу тәртiбiн белгiлейдi.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар

      Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) акционерлік инвестициялық қор - қызметінің айрықша түрі осы Заңда белгіленген талаптарға және өзінің инвестициялық декларациясына сәйкес осы қоғамның акционерлері оның акцияларын төлеу үшін қосқан ақшаны, сондай-ақ осындай инвестициялау нәтижесінде алынған активтерді жинақтау мен инвестициялау болып табылатын акционерлік қоғам;

      2) әртараптандыру - инвестициялық қор активтері құнының төмендеу қаупін азайту мақсатында оларды түрлі қаржы құралдарына және өзге мүлікке орналастыру;

      3) басқарушы компания - инвестициялық портфельді басқаруға берілген лицензия негізінде инвестициялық қор активтерін сенімгерлік басқаруды жүзеге асыратын бағалы қағаздар рыногының кәсіби қатысушысы;

      4) жылжымайтын мүлік қоры - қызметінің айрықша түрі осы Заңда белгіленген талаптарға және өзінің инвестициялық декларациясына сәйкес, осы қоғамның акционерлері оның акцияларын төлеу үшін қосқан ақшаны, сондай-ақ осындай инвестициялау нәтижесінде алынған активтерді жылжымайтын мүлікке және осы Заңда рұқсат етілген өзге де мүлікке жинақтау мен инвестициялау болып табылатын акционерлік инвестициялық қор;

      5) инвестициялық декларация - инвестициялау объектілерінің тізбесін, инвестициялық қор активтеріне қатысты инвестициялық қызмет мақсатын, стратегиясын, шарттарын және оны шектеуді, қор активтерін хеджирлеу және әртараптандыру шарттарын айқындайтын құжат;

      6) инвестициялық кіріс - инвестициялық қор активтерін инвестициялау нәтижесінде алынған олардың ақшалай көрінісіндегі өсімі;

      7) инвестициялық қор - осы Заңға сәйкес құрылған акционерлік инвестициялық немесе инвестициялық пай қоры;

      8) инвестициялық қордың активтері - акционерлік инвестициялық қорға тиесілі немесе инвестициялық пай қорын құрайтын активтер жиынтығы;

      9) инвестициялық қордың таза активтерінің құны - инвестициялық қордың барлық активтерінің құны мен оның инвестициялық қор активтері есебінен төленуге жататын міндеттемелері не есептелген шығыстары арасындағы айырма ретінде айқындалатын инвестициялық қор активтері құнының ақшалай көрінісі;

      10) инвестициялық пай қоры - пайға, сондай-ақ оларды инвестициялау нәтижесінде сатып алынған өзге де активтерге ақы төлеуден алынған, пайларды ұстаушыларға ортақ үлестік меншік құқығымен тиесілі және басқарушы компанияның басқаруындағы ақша жиынтығы;

      11) инвестициялық пай қорының ережелері - инвестициялық пай қорының мақсаттарын, жұмыс істеу және жұмыс істеуін тоқтату шарттары мен тәртібін айқындайтын құжат;

      12) инвестициялық шешім - инвестициялық қордың активтерін басқару процесінде қабылданатын оның активтерімен мәміле жасасу туралы шешім;

      13) пай - инвестициялық пай қорындағы оның иесінің үлесін, инвестициялық пай қоры жұмыс істеуін тоқтатқан кезде оның активтерін өткізуден алынған ақшаны алу құқығын, сондай-ақ осы Заңда айқындалған инвестициялық пай қоры қызметінің ерекшеліктеріне байланысты өзге де құқықтарды растайтын, шығарылымы құжатталмаған нысандағы атаулы эмиссиялық бағалы қағаз;

      14) пай ұстаушы - инвестициялық пай қорының пайларын ұстаушылар тізілімі жүйесінде немесе номиналды ұстауды есепке алу жүйесінде жеке шоты бар және инвестициялық пай қорының пайлары бойынша құқықтарға ие тұлға;

      15) пайды сатып алу - басқарушы компанияның пайды ұстаушыдан оны сатып алуы арқылы инвестициялық пай қорының активтерін сенімгерлік басқару шартын бұзу;

      16) пайдың есептелу құны - инвестициялық пай қорының таза активтерінің құнын оның айналыстағы пайларының санына бөлу арқылы айқындалатын пай құнының ақшалай көрінісі;

      17) пайдың номиналды құны - инвестициялық пай қорының пайларын бастапқы орналастыру кезіндегі пай құнының ақшалай көрінісі;

      18) пайларды бастапқы орналастыру - инвестициялық пай қоры активтерінің ең төменгі мөлшерін қалыптастыру мақсатында пайларды номиналды құны бойынша орналастыру кезеңі;

      19) сенімгерлік басқару шарты - осы Заңда белгіленген талаптарға сәйкес ақшаны сенімгерлік басқаруға беру туралы басқарушы компания акционерлік инвестициялық қормен немесе инвестициялық пай қорының инвесторымен жасалатын, инвестициялық қор активтерін құрайтын инвестициялық портфельді басқару жөніндегі шарт;

      20) уәкілетті орган - қаржы нарығын және қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттік орган.
      Ескерту. 1-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының  2008.11.20 N 88-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.

      2-бап. Қазақстан Республикасының инвестициялық қорлар


             туралы заңдары

      1. Қазақстан Республикасының инвестициялық қорлар туралы заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнен, осы Заңнан және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнен тұрады.

      2. Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шартта осы Заңдағыдан өзге ережелер белгiленсе, онда халықаралық шарттың ережелерi қолданылады.

      3. Егер осы Заңда өзгеше белгiленбеген болса, Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногы туралы және акционерлiк қоғамдар туралы заңдары инвестициялық қорларға қолданылады.

      3-бап. Осы Заңның реттеу нысанасы

      1. Осы Заң:

      1) акционерлiк инвестициялық қорлардың құқықтық жағдайының және қызмет етуiнiң ерекшелiктерiне байланысты;

      2) инвестициялық пай қорларын құру, олардың жұмыс iстеуi және жұмыс iстеуiн тоқтату процесiнде туындайтын;

      3) бағалы қағаздар рыногына кәсiби қатысушылардың инвестициялық қорлардың активтерiн сенiмгерлiк басқару, оларды есепке алу мен сақтау, сондай-ақ инвестициялық қорлардың бағалы қағаздарын шығаруды, орналастыруды, айналысқа жiберудi, сатып алуды және өтеудi қамтамасыз ету жөнiндегi қызметiне байланысты құқықтық қатынастарды реттейдi.

      2. Осы Заң, басқарушы компанияларды қоспағанда, қызметi Қазақстан Республикасының басқа заң актiлерiмен реттелетiн өзге тұлғалар жүзеге асыратын мүлiктi сенiмгерлiк басқару жөнiндегi қатынастарға қолданылмайды.

      3. Осы Заң дауыс беретін акцияларының елу проценттен астамы меншік немесе сенімгерлікпен басқару құқығымен ұлттық басқарушы холдингке тиесілі, тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін ұйымдарға қолданылмайды.
      Ескерту. 3-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының  2009.02.13. N 135-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-баптан қараңыз) Заңымен.

      4-бап. Инвестициялық қорлардың түрлерi

      1. Қазақстан Республикасында инвестициялық қорлардың мынадай түрлерi:
      1) акционерлiк инвестициялық қор;
      2) ашық, аралық немесе жабық нысандарда құрылуы мүмкiн инвестициялық пай қоры жұмыс iстейдi.
      1-1. Жылжымайтын мүлiк қоры оның акцияларын ұстаушысына жылына кемiнде бiр рет акциялар бойынша дивидендтер алуға құқық бередi. Дивидендтердi төлеуге жiберiлетiн ақшаның ең аз мөлшерi қордың таза кiрiсiнiң кемiнде тоқсан процентiн құрауға тиiс.

      2. Ашық инвестициялық пай қоры оның пай ұстаушысына басқарушы компаниядан осы Заңда және осы инвестициялық қордың ережелерiнде белгiленген жағдайларда, шарттарда және тәртiппен пайды сатып алуын талап етуге құқық бередi, бiрақ ол екi аптада бiр реттен кем болмауға тиiс.

      3. Инвестициялық аралық пай қоры оның пай ұстаушысына басқарушы компаниядан осы Заңда және осы инвестициялық қордың ережелерiнде белгiленген жағдайларда, шарттарда және тәртiппен пайды сатып алуын талап етуге құқық бередi, бiрақ ол жылына бiр реттен кем болмауға тиiс.

      4. Жабық инвестициялық пай қоры оның пай ұстаушысына осы қордың пай ұстаушыларының жалпы жиналысына қатысуға, сондай-ақ қор ережелерiнде көзделген жағдайларда және тәртiппен пай бойынша дивидендтер алуға құқық бередi.


      Егер осы Заңда және қордың ережелерінде өзгеше көзделмесе, жабық инвестициялық пай қорының пай ұстаушысы басқарушы компаниядан өзiне тиесiлi пайларды сатып алуды талап етуге құқылы емес.

      5. Инвестициялық декларациясында немесе ережелерiнде осы Заңның 41-бабы 1-тармағының 6) және 8)-12) тармақшаларында белгiленген инвестициялау шарттарын сақтамай, қордың активтерiн инвестициялау мүмкiндiгi көзделген инвестициялық қор тәуекелмен инвестициялау қоры болып табылады.

      6. Акционерлiк немесе жабық инвестициялық пай қорлары ғана тәуекелмен инвестицияланатын инвестициялық қорлар бола алады. Жылжымайтын мүлiк қоры тәуекелмен инвестицияланатын қорлар бола алмайды.

      7. Инвестициялық портфельдi басқаруға лицензиясы болған кезде акционерлiк инвестициялық қор өз активтерiн басқаруды жүзеге асыруға құқылы.


      Өз активтерiн дербес басқаруды жүзеге асыратын акционерлiк инвестициялық қор өзге тұлғалардың активтерiн басқаруды жүзеге асыруға құқылы емес.
      Ескерту. 4-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2006.07.07 N 182, 2008.11.20 N 88-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.

      4-1-бап. Ислам инвестициялық қорлары

      1. Акционерлік инвестициялық қор не исламдық қаржыландыру принциптерін сақтай отырып, қор активтерін инвестициялауды жүзеге асыратын жабық пайлық инвестициялық қор ислам инвестициялық қоры болып табылады.
      2. Ислам инвестициялық қорларының ислам бағалы қағаздарын ұстаушылары өкілінің міндеттерін кастодиан жүзеге асырады.
      3. Ислам инвестициялық қорының инвестициялық декларациясы исламдық қаржыландыру принциптеріне сай болуға және исламдық қаржыландыру принциптері жөніндегі кеңеспен келісілуге тиіс.
      Ескерту. 4-1-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2009.02.12 N 133-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.

      5-бап. Инвестициялық қордың атауы

      1. Акционерлiк инвестициялық қордың атауында "акционерлiк инвестициялық қор" деген сөздер болуға тиiс.

      1-1. Жылжымайтын мүлiк қоры болып әрекет ететiн акционерлiк инвестициялық қордың атауында "жылжымайтын мүлiк қоры" деген сөздер болуға тиiс.

      2. Тәуекелмен инвестицияланатын инвестициялық қордың атауында осы қордың тәуекелмен инвестициялау қоры болып табылатыны көрсетiлуге тиiс.

      3. Инвестициялық пай қорының атауында "инвестициялық пай қоры" деген сөздердiң болуы, оның ашық, аралық немесе жабық болып табылатыны көрсетiлуге тиiс.

      3-1. Ислам инвестициялық қорының атауында осы қордың ислам қоры болып табылатыны көрсетілуге тиіс.

      4. Инвестициялық қордың атауында "ұлттық", "орталық", "үкiметтiк", "кепiлдiк берiлген" немесе "сақтандырылған" деген сөздердi кез келген тiлде көрсетiлген немесе өзгертiлген түрiнде пайдалануға тыйым салынады.


      Инвестициялық қордың атауы инвестициялардан түскен кiрiстi сақтандыруды немесе оған кепiлдiк берудi растауға немесе бiлдiруге тиiс емес.

      5. Әдiлет органдарында акционерлiк инвестициялық қор ретiнде тiркелмеген және уәкiлеттi органда инвестициялық қордың акциялар шығарылымын тiркемеген заңды тұлға өзін инвестициялық қор деп атауға, инвестициялық қор ретiнде қызметтi жүзеге асыруға және өз атауларында кез келген тiркесте "инвестициялық қор" деген сөздердi пайдалануға құқылы емес.


      Ескерту. 5-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2006.07.07 N 182, 2009.02.12 N 133-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.

      6-бап. Инвестициялық қордың инвестициялық қызметi

      Инвестициялық қордың инвестициялық қызметi осы қор акционерлерiнiң немесе пай ұстаушыларының кiрiстер алуы және мұндай инвестициялау кезiнде қауiптiң азайтылуын қамтамасыз ету мақсатында акционерлiк инвестициялық қор тиiстi лицензиясы болған кезде дербес немесе қорды басқарушы компанияның қор активтерiн инвестициялауынан тұрады.

      7-бап. Басқарушы компания аудитiне инвестициялық қор


              активтерiне қатысты қойылатын талаптар

      1. Инвестициялық қордың басқарушы компаниясының жыл сайынғы аудиторлық есептерiнде:

      1) инвестициялық қор активтерiне және олармен жасалатын операцияларға қатысты есеп жүргiзу мен есептiлiктi;

      2) инвестициялық қор активтерiнiң құрамын;

      3) инвестициялық қор активтерiнiң құнын бағалау, сондай-ақ инвестициялық пай қоры пайының есептiк құнын, оның пайларын орналастыру мен сатып алу бағасын айқындау тәртiбiн;

      4) инвестициялық қор активтерiмен жасалған мәмiлелерiн;

      5) кастодианмен инвестициялық қор активтерiнiң құнына, қозғалысы мен құрамына, кейiн пайларды орналастырған немесе сатып алған кезде олардың есептiк құнына тексеру жүргiзудiң тәртiбi мен нәтижелерiн тексерудiң нәтижелерi туралы мәлiметтер болуға тиiс.

      2. (алынып тасталды - Қазақстан Республикасының 2008.10.23  N 72-IV(қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен).


      Ескерту. 7-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2008.10.23 N 72-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.

2-тарау. Акционерлік инвестициялық қор

      8-бап. Акционерлiк инвестициялық қордың құрылтайшылары


             мен акционерлерiне қойылатын талаптар

      1. Тiзбесiн уәкiлеттi орган белгiлейтiн оффшорлық аймақтарда тiркелген заңды тұлғалар акционерлiк инвестициялық қордың құрылтайшылары немесе акционерлерi бола алмайды.

      2. Осы инвестициялық қормен тиiстi шарттар жасаған басқарушы компания, кастодиан, тіркеуші, аудиторлық ұйым және бағалаушы акционерлiк инвестициялық қордың акционерлерi бола алмайды.
      Осы тармақтың бiрiншi бөлiгiнде белгiленген тыйым салу тәуекелмен инвестициялайтын акционерлiк инвестициялық қордың акционерлерiне қолданылмайды.
      Ескерту. 8-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2006.07.07 N 182, 2008.11.20 N 88-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.

      9-бап. Акционерлiк инвестициялық қорларға қойылатын


             талаптар

      1. Акционерлiк инвестициялық қордың:

      1) осы Заңда көрсетiлген қызметтен басқа қызметтiң өзге түрлерiн жүзеге асыруға;

      2) "алтын акция" енгiзуге;

      3) еншiлес ұйымдар құруға;

      4) жай акцияларды қоспағанда, өзге қаржы құралдарын шығаруға және орналастыруға құқығы жоқ.


      Осы баптың 1-тармағының 3) тармақшасында белгiленген тыйым салу тәуекелмен инвестицияланатын акционерлiк инвестициялық қорларға қолданылмайды.
      Осы баптың 1-тармағының 3), 4) тармақшаларында белгіленген тыйым салу жылжымайтын мүлік қорларына қолданылмайды.
      Негiзгi қызмет түрi жылжымайтын мүлiк қорларының активтерi есебiнен сатып алынған жылжымайтын мүлiкке қызмет көрсету болып табылатын жылжымайтын мүлiк қорлары еншiлес ұйымдар құруға құқылы.
      Жылжымайтын мүлiк қорлары қордың активтерi есебiнен сатып алынған жылжымайтын мүлiктi жалға беруге құқылы.

      2. Акционерлiк инвестициялық қор активтерiн басқару инвестициялық портфельдi басқаруға лицензия болған кезде дербес не сенiмгерлiк басқару шартына және осы қордың инвестициялық декларациясына сәйкес басқарушы компания арқылы жүзеге асырылады.


      Акционерлiк инвестициялық қор активтерiн есепке алу мен сақтауды кастодиандық шартқа сәйкес кастодиан жүзеге асырады.

      3. Акционерлiк инвестициялық қормен тиiстi шарттар жасасқан басқарушы компания, кастодиан, тіркеуші, аудиторлық ұйым және бағалаушы, тәуекелмен инвестицияланатын акционерлiк инвестициялық қорға қызмет көрсететiн аталған ұйымдарды қоспағанда, өзара аффилиирленбеуге тиiс.

      4. Өз активтерiн дербес басқаруды жүзеге асыратын акционерлiк инвестициялық қор Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген және инвестициялық қордың басқарушы компаниясына қойылған барлық талаптарды орындауға мiндеттi.
      Ескерту. 9-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2006.07.07.N 182, 2008.11.20 N 88-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.

      10-бап. Акционерлiк инвестициялық қордың жарғысы

      Акционерлiк инвестициялық қордың жарғысында Қазақстан Республикасының заңдарында айқындалған мәлiметтерден басқа:

      1) қызметiнiң ерекше түрi оның инвестициялық декларациясының шарттарына және Қазақстан Республикасының инвестициялық қорлар туралы заңдарында белгiленген талаптарға сәйкес инвестициялау болып табылатыны туралы ереже;

      2) ағымдағы қызметке арналған, оның ішінде акционерлiк инвестициялық қордың органдарын ұстауға арналған шығыстардың түрлерi, оларды айқындау тәртiбi мен ең жоғары мөлшерi болуға тиiс.
      Ескерту. 10-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2008.11.20 N 88-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.

      11-бап. Акционерлiк инвестициялық қор акцияларының


              шығарылымын мемлекеттiк тiркеу

      1. Акционерлiк инвестициялық қор акцияларының шығарылымын мемлекеттiк тiркеу Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар туралы заңдарында және осы Заңда белгiленген талаптарға сәйкес жүзеге асырылады.

      2. Акционерлiк инвестициялық қор акцияларының шығарылымын мемлекеттiк тiркеу үшiн, Қазақстан Республикасының заңдарында айқындалған құжаттардан басқа, акционерлiк инвестициялық қордың басқарушы компаниямен (ол болған жағдайда), кастодианмен және тiркеушiмен жасасқан шарттарының жобалары табыс етiледi.

      3. Басқарушы компаниямен сенiмгерлiк басқару шарты болмаған кезде акционерлiк инвестициялық қор акциялар шығарылымын мемлекеттiк тiркеу үшiн құжаттарды бере отырып бiр мезгiлде инвестициялық портфельдi басқаруға лицензия алуға құжаттар табыс етедi.


      Уәкiлеттi орган акция шығарылымын мемлекеттiк тiркеудi және өзiн өзi басқаратын инвестициялық қорға инвестициялық портфельдi басқаруға лицензия берудi бiр мезгiлде жүзеге асырады.

      4. Акционерлiк инвестициялық қор акциялары шығарылымының проспектiсiнде, Қазақстан Республикасының заңдарында айқындалған мәлiметтерден басқа:

      1) инвестициялық декларация;

      2) акционерлiк инвестициялық қордың акцияларын сатып алуға өтiнiмдер берудiң және оларды орындаудың шарттары мен тәртiбi;

      3) акционерлiк инвестициялық қордың акцияларын орналастыру және (немесе) сатып алу жөнiндегi делдалдардың (олар болған жағдайда) орналасқан жерi мен байланыс телефондарының нөмiрлерi көрсетiле отырып, олардың тiзбесi болуға тиiс.

      5. Уәкiлеттi орган өзiне табыс етiлген құжаттар Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген талаптарға сәйкес келмеген немесе берiлген құжаттарда қайшылықты, жаңылыстыруға әкеп соқтыратын мәлiметтер болған жағдайда, акционерлiк инвестициялық қордың акцияларын мемлекеттiк тiркеуден бас тартуға құқылы.

      6. Уәкiлеттi орган өтiнiш берушiге бас тарту негiздемелерiн көрсете отырып акционерлiк инвестициялық қордың акцияларын мемлекеттiк тiркеуден бас тарту туралы жазбаша хабарлауға мiндеттi.

      7. Уәкiлеттi орган осы Заңда белгiленген талаптарға сәйкес Қазақстан Республикасында құрылған акционерлiк инвестициялық қорларды есепке алуды жүзеге асырады.

      12-бап. Акционерлiк инвестициялық қордың акциялары

      1. Акционерлiк инвестициялық қордың акцияларына ақша Қазақстан Республикасының ұлттық валютасымен ғана төленедi.


      Акцияларды орналастыру кезiнде олардың ақысын толық төлемеуге жол берiлмейдi.

      2. Акционерлiк инвестициялық қордың акцияларын бастапқы орналастыру кезiнде оларға төленетiн ақшаны акцияларды сатып алушы акционерлiк инвестициялық қордың осы қор кастодианындағы шотына аударады.

      3. Тәуекелмен инвестициялайтын акционерлiк инвестициялық қорлардың акцияларын сауда-саттық ұйымдастырушылардың cayдa-саттық жүйесіне орналастыруға және айналысқа жiберуге жол берiлмейдi.

      13-бап. Акционерлiк инвестициялық қор органдарының


              жұмыс iстеу ерекшелiктерi

      1. Акционерлiк инвестициялық қор акционерлерiнiң жалпы жиналысына оның басқарушы компаниясының, кастодианының, тiркеушiнiң және аудиторлық ұйымының, сондай-ақ уәкiлеттi органның өкiлдерi қатысуға құқылы.


      Акционерлiк инвестициялық қор акционерлерiнiң жалпы жиналысын өткiзу туралы жазбаша хабарлама қордың басқарушы компаниясына, кастодианына, тiркеушiсiне, аудиторлық ұйымына және уәкiлеттi органға Қазақстан Республикасының акционерлiк қоғамдар туралы заңдарында және акционерлiк инвестициялық қордың жарғысында белгiленген тәртiппен жiберiледi.

      2. Акционерлiк инвестициялық қор акционерлерi жалпы жиналысының қор акцияларын сатып алуға оның акционерлерiнiң тапсырыс беру мүмкiндiгiне әкелiп соғатын шешiмi жалпы жиналыс өткiзiлген күннен бастап күнтiзбелiк отыз күн өткеннен кейiн күшiне енедi.

      3. Акционерлiк инвестициялық қордың жарғысымен оның жарияланған акцияларының жалпы санын, оларды шығару, орналастыру, айналысқа жiберу және сатып алу шарттары мен тәртiбiн айқындау бөлiгiнде акциялар шығару проспектiсiне өзгерiстер мен толықтырулар, инвестициялық декларацияға өзгерiс пен толықтыру енгiзу туралы мәселелердi шешу директорлар кеңесiнiң құзыретiне жатқызылуы мүмкiн.
      Егер инвестициялық декларацияға өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы шешiмдi директорлар кеңесi қабылдаған болса, акционер өзiне тиесiлi акцияны сатып алуды талап етуге құқығы жоқ.

      4. Егер осы инвестициялық қордың жарғысында өзгеше белгiленбесе, басқарушы компаниямен, кастодианмен, тiркеушiмен және аудиторлық ұйыммен шарттар жасасу туралы шешiмдер қабылдау акционерлiк инвестициялық қордың директорлар кеңесiнiң құзыретiне жатады.

      14-бап. Акционерлiк инвестициялық қордың акцияларын
              сатып алу

      1. Акционерлердiң жалпы жиналысы қорды қайта ұйымдастыру немесе осы қордың жарғысына немесе акциялар шығару проспектiсiне акционердiң құқығына қысым жасайтын өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы шешім қабылдаған жағдайда ғана, акционерлiк инвестициялық қордың акционерi егер ол осы жалпы жиналысқа қатысса және көрсетiлген шешiмге қарсы дауыс берсе, өзiне тиесiлi акцияларды сатып алуды талап етуге құқылы.

      2. Акционерлiк қоғам инвестициялық декларацияға өзгерiстер мен толықтырулар күшiне енгенге дейiн осы қордың жарғысында немесе акциялар шығару проспектiсiнде белгiленген шарттар мен тәртiпте сатып алуға берiлген барлық акцияларды сатып алуға мiндеттi. Акционерлердiң акцияларды сатып алу туралы талаптар қою құқығы осы өзгерiстер мен толықтырулар күшiне енгеннен кейiн тоқтатылады.

      15-бап. Акционерлiк инвестициялық қорды қайта



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет