Инвестициялық процесс экономикалық даму факторы ретiнде



жүктеу 0.8 Mb.
бет1/4
Дата24.04.2019
өлшемі0.8 Mb.
  1   2   3   4

ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

МАКРО-МИКРОЭКОНОМИКА КАФЕДРАСЫ


БІТІРУ ЖҰМЫСЫ

КӘСІПОРЫННЫҢ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ САЯСАТЫ


Орындаушы:

4 курс студенті Оразгелдиева Ғ.М
Ғылыми жетекші:

Д.э.н.ф,профессор ­ _______________ “ _________ ” Оспанов С.С

(қолы) (күні)
Нормобақылаушы _______________ “ _________ ” Тұраров Д.
(қолы) (күні)

Қорғауға жіберілді

Кафедра жетекшісі _______________ “ _________” Мұхамедиев Б.М.

(қолы) (күні)

Алматы. 2007

ЖОСПАР

І ИНВЕСТИЦИЯ ТҮСІНІГІ ЖӘНЕ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ІС-ӘРЕКЕТ..............................................................................................

1.1Инвестицияның түрлері және тікелей инвестицияның талаптары...............................................................................................

1.2 Инвестициялық процесс экономикалық даму факторы ретінде...

1.3 Кәсіпорынның инвестициялық саясатының мақсаты мен оның принциптері..............................................................................................



ІІ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАЛАУ ӘДІСТЕРІН ТАЛДАУ ЖӘНЕ ТИІМДІЛІГІН БАҒАЛАУ.....................................................

2.1 Инвестициялық жобалардың тиімділігін бағалау әдістері............

2.2 Кәсіпорынды инвестициялық жоба ретінде қарастыру................

2.3 Инвестицияның табыстылығы мен өзектілігі................................



ІІІ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ КӘСІПОРЫННЫҢ МЫСАЛЫНДА ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАНЫ ТАЛДАУ

3.1 Полипропиленді қап өндіруші ЖШС ИТЕКО ПЛЮС..............

3.2 Мемлекеттік реттеу.......................................................................

3.3 Талдау, бағалау................................................................................



Кіріспе

Қазақстан экономикасының қазіргі жағдайы негізгі капиталды қайта құру процесінің төменгі деңгейімен сипатталады.Негізгі капиталдың істен шығуы инвестициялық ресурстар ағымымен толықтырылмай, ал өндірістік аппараттардың жаңаруы техникалық-технологиялық және құрылымдық өзгерістерді қамтамасыз етпеуде.

Ал отандық коммерциялық банктердің несиелік портфеліндегі экономиканы несиелеуге бағытталған несиелерінің шамамен 20-30%-ы орта және ұзақ мерзімді несиелер үлесіне тиетін болса, ал қалған 70-80%-ы қасқа мерзімді несиелерді құрайды.Мұнда әлі де болса өз шешімін таппаған мәселелер аз емес.Банктердің қысқа мерзімді несиеге көп көңіл бөлуі, біріншіден, ондағы жинақталатын ресурстардың басым бөлігінің қысқа мерзімде тартылуы; екіншіден, ұзақ мерзімді несиелеудегі орын алар несиелік тәуекелдің болуы және т.б. байланысты.Банктердің ұзақ мерзімді несиелеуге ынталы болмауы банктік несиенің маңызы жоғары.Бұл айтылғандар да бүгінгі күні өз шешімін таба алмай отырған өзекті мәселелерді қозғайды.

Қазіргі таңда экономикалық өсуге қол жеткізу үшін шикізатты пайдалану мен бәсекеге қабілетті өнімдер шығару арасындағы бой алған терең техникалық-технологиялық алшақтықты жоюға ықпал ететін жобаларды іске асыруға бағытталған инаестициялар көлемін ұлғайту қажет. Экономикаға инвестиция тарту өнеркәсіп , ауыл шаруашылығы және өзге де салалардағы инвестициялық жобаларды несиелеудің маңызды көздерінің бірі болып табылады.

Алайда, осы көп қатпарлы мәселенің бірқатар сұрақтары өз шешімін таппады.Инвестициялық жобаларды бағалау және олардың ең тиімдісін таңдау әдістерін Қазақстан экономикасының жағдайына сәйкестендіру , жобаларды қаржыландыру үшін ашылған халықаралық несиелік желілердің қызмет етуін және несиелеу механизімін жетілдіру бүгінгікүннің талабы.

Осындай көптеген мәселенің теориялық әдістемелік сұрақтарының жеткіліксіз жерін өз дипломдық жұмысымда ашып көрсетуге тырыстым.



Дипломдық жұмыстың мақсаты экономикалық өсудің инвестициялық тәуелділігін зерттеу арқылы кәсіпорынды инвестициялық жоба ретінде қарастырып оның тиімділігіне негіздеме беру, жобаларды бағалаудыңхалықаралық әдістемесін Қазақстандық кәсіпорын жағдайына сәйкестендіру болып табылады.

Көзделген мақсатқа жету мынадай міндеттерді шешуді қажет етеді:

- Әлемдік экономикалық ғылымда орын алған экономикалық өсу қарқынының инвестициялық қызмет белсенділігіне тәуелділігі теориясына баға беру;

- Кәсіпорынның экономикасының өсуіне инвестициялық мультипликативтік және экономикалық белсенділік пен өндіріс көлемі деңгейінің өзгерісінің әсер етуін анықтау;

-Тиімді жобаларды таңдауда жобалық талдау жүргізіудің маңыздылығын анықтау.

Зерттеу объектісіне кәсіпорынның инвестициялық саясатының тиімділігін анықтау және бағалау жатады.

Жұмыстың құрылымы мен көлемі Жалпылама бағыттар мен зерттеу логикасы жұмыстың ішкі біртұтастығы мен құрылымын анықтайды.Осы диплом жұмысым 60 бет көлемінде баяндалған және ол кіріспеден, үш тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттерден 5 кесте, 15 суреттен тұрады.

Жұмыстың кіріспесінде тақырыптың өзектілігі, мақсаты мен міндеттері, зерттеу объектісі мен зерттеу заты, жұмысың тәжірибелік маңызы берілген.

1-тарауда – инвестицияның нарықтық экономикадағы қызмет етуінуң теориялық-әдістемелік негізде,рі зерттеледі.Инвестицияның талаптары көрсетіледі.

2-тарауда – инвестициялық жобалардың тиімділігін, олардың табыстылығын, өзектілігін баяндайды.Сонымен қатар кәсіпорынды инвестициялық жоба ретінде қарастырып , оның инвестициялық саясаты сипатталады.

3-тарауда- Қазақстан мысалындағы полипропиленді қап өндіріетін ЖШС ‘ИТЕКОПЛЮС’ компаниясын инвестициялық жоба ретінде қарастырып оған талдау жасадым.

Қорытынды бөлімінде дмплом жұмысының түйіні көрініс таб

1.1 ИНВЕСТИЦИЯНЫҢ ТҮРЛЕРІ ЖӘНЕ ТІКЕЛЕЙ ИНВЕСТИЦИЯНЫҢ ТАЛАПТАРЫ

Инвестицияға анықтама берген кезде оның тек мағыналық сипатына ғана көңiл бөлмей, мақсатты түрде бағытталуын да көрсету маңызды. Осы тұрғыдан қарағанда, инвестициялар жалпы ұлттық өнiм өндiрiсiне жұмсалатын табыстардың маңызды бөлiгiн құрайтын жаңа технологияны, материалдарды және басқа да еңбек кұралдарын енгiзумен байланысты өндiрiстi кеңейту және жұмыс жағдайын жақсарту мақсатында жұмсалатын қаражаттардың активтерге салынуы болып табылады.


Бiрақ осы кезге дейiн экономикалық тақырыптағы әдебиеттерде инвестиция деген ұғымға алуан-түрлi түсiнiктер беру орын алып келдi. Көптеген авторлар күрделi қаржы мен инвестициялардың бiр-бiрiнен айырмашылығы жоқ деп көрсетсе, ал кейбiреулерi инвестицияны мақсатты бағытталуына байланыссыз салынған қаражат салымыньң кезкелген түрi деп есептейдi.
Мәселен, Ресей ғалымдары Г.П. Журавлева, И.Ю. Малышева инвестицияны жаңа технологияларды, материалдарды және басқа да кұрал-жабдықтарды өндiрiске енгiзе отырып, өндiрiстi кеңейту және жаңарту iсiне жұмсалатын шығындар деп есептейдi /2, 64 6/. Бұл жерде негiзгi және айналым қорлары аралығындағы айырмашылықтар, сондай-ақ, ғылыми-техникалық прогресс, еңбек ресурстары тағы да басқа факторлар есепке алынбады.Осыған дейін белгілі болғандай инвестиция бүгінгі күнде халықаралық кәсіпкерлік құрамында маңызды рөл атқарады.Тікелей инвестицияның ерекшелігі болып оның басқа кәсіпорындық әдістерге қарағанда өзіндік тұрақтылығында болмақ.Тікелей шетелдік инвестициялар экономикалық реформаға әсер етуде экономикалық басқа нысаналармен салыстырғанда бірсыпыра маңызды, үстемдігі бар: тауар өндіру мен қызметтер атқаруға, күрделі қаржы тауып салудың қайнар көзі, жаңа технологияны пайдаланылған етуде, ноу-хау, басқарудың алдыңғы қатарлы әдістері және маркетингті дамытуға қолайлы.Онымен бірге қарызды өтеуде қаржы жинақтауда керек. Кәсіпорынның капиталы- қосылған құнның бөлігі түріндегі капитализация ретінде түсіндіріледі.Ол екіге бөлінеді:Тікелей инвестициялар- елдің экономикасына инвестордың жеке тәуекелімен салынған шетел капиталы.Портфельдік инвестиция – қаржылық құралдардың тиімді капитал түрінде салынуы.Мысалы акция және облигация сол сияқты бағалы қағаздар. Оспанов М.Т және Мұхамбетов Т.И өзінің жұмыстарында былай деп жазады.Шетелден келетін капитал ағымы 3 канал бойынша жүзеге асырылады: Дамуға ресми көмек; экспорттық кредиттер; кәсіпорынның капиталы.Дамуға ресми көмек ол мемлекеттің құзырына тиелі және 2-ге бөлінеді:техникалық және қаржылықЭкспорттық кредиттер бір немесе бірнеше жобалармен байланысты.Бұл тауарды немесе қызметті экспорттаушы елден сатып алу шартымен берілген кредиттер.Шетелдік инвестициялар- өз еркімен әртүрлі формада бір мемлекеттен екінші мемлекет территориясындағы кәсіпорынға салынған шетел капиталы. Қарастырылған инвестициялардың барлық түрлерiн төмендегi 3- сурет бойынша жүйелеп, топтастырып көрсетуге болады.
1- Кесте

Инвестицияның түрлері


Инвестициялау объектісіне әсер ету дәрежесіне байланысты

Мақсатты бағытталуына байланысты

Негізгі капиталды жаңартудағы рөліне байланысты

Меншік нысанына байланысты қалыптасу көздері




Тікелей инвестициялар

Материалдық активтерге жұмсалған инвестициялар

Жалпы инвестициялар

Мемлекеттік инвестициялар



Қаржылық активтерге жұмсалған инвестициялар

Портфельді инвестициялар

Таза инвестициялар

Жеке инвестициялар

Жарамсыздықтың орнын толтыратын инвестициялар



Материалдық емес активтерге жұмсалған инвестициялар



Шетелдік инвестициялар




Сонымен қатар, инвестицияларды меншiк нысанына байланысты келесiдей түрде бөлiп қарайды:


- Мемлекеттiк меншiк нысанындағы инвестициялар мемлекеттiк бюджет есебiнен қаржыландыруды сипаттайды, оның жұмсалу бағыты әлеуметтiк сала болып табылады.
- Жекеменшiк капитал нысанындағы инвестициялар кәсiпкерлiк қызметпен айналысатын ұлттық шаруашылық субъектiлерiнiң өз қаражаттары мен тартылған қаражаттарының жиынтығын сипаттайды.
Мұндай мемлекеттiк және жеке меншiк нысанындағы инвестицияларды бiр сөзбен отандық инвестициялар деп те атайды.
- Шетелдiк капитал нысанындағы инвестициялар шет мемлекеттерден, оның iшiнде халықаралық қаржы ұйымдарынан таратылатын қаражаттар болып табылады.


1.2 ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ПРОЦЕСС ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУ ФАКТОРЫ РЕТІНДЕ

Инвестициялық қызметтiң негiзгi объектiсi айналым қаражаты деп түсiнетiн кейбiр қазақстандық экономистер де осыған ұқсас пiкiрдi қабылдайды /3, 27 6/. Бұл экономистер инвестицияның күрделi қаржыдан басты айырмашылығы инвестицияларды қамту негiзгi капиталға салынған қаражат салымдарымен қатар, айналым қаражаттарын толықтыруға бағытталғандығында деп есептейдi. Егер ағымдағы өндiрiстiң белгілі-бiр бөлiгi негiзгi капитал көлемiн көбейту iсiнде пайдаланылатын болса, инвестициялар кеңiнен орын алады. Бiздiң пiкiрiмiзше, жеткiлiктi түрде толық әрi айқын болмағанымен де, мына келесi анықтаманы негiзге алуға болады. Инвестиция дегенiмiз — капиталды толассыз түрде, ұдайы жаңартып, оны қолдап-сүйемелдеп, көлемiн ұлғайтып отыруға жұмсалатын ақша қаражатының шығындары деген мәнге ие.


Инвестициялық қызметтiң объектiлерiн және инвестициялаудың түрлерiн келесi беттегi 1-сурет арқылы көруге болады.
ҚР-ның “Шетел инвестициялары туралы” Заңында “инвестиция” деген ұғымға жаңа әрi кең мағыналы түсiнiктеме беру арқылы “инвестиция” және “күрделi қаржы” деген ұғымдардың арасына шектеу қоюға деген талпыныс әрекеттерi қолданылған. Бұл Заңда “Инвестициялар дегенiмiз табыс табу мақсатында кәiпкерлiк қызметтiң объектiлерiне жұмсалатын барлық мүлiктiк, интеллектуалдық қундылықтар және оныиемдену құқы” деп жазылған /4/. Алайда, бұл анықтама өте нақты болмағандықтан, оның мазмұны бiр мағыналы түрде ашылмауы мүмкiн.
Инвестициялық қызмет объектiлерi және инвестициялау нысандар

Инвестициялық қызмет объектілері



Негізгі қорлар және айналым қаражаттары

Бағалы қағаздар (акциялар, вексельдер, облигациялар)

Несие беру және қаржыландыру

Ғылыми техникалық өнім





Күрделі құрылыс аясы

Қаржы капиталының аясы

Инновациялық орта


Заңды тұлғалар

Жеке тұлғалар

Резиденттер

 


Резидент еместер



Кәсіпорындар


Банктер


Сақтандыру орындар


Зейнетақы қоры



Инвестициялық қорлар


Және тағы басқалар


Оның үстiне, анықтама пайда табуға мүмкiндiк беретiн кәсiпкерлiк объектiлерге бағытталған салымдарды ғана камтиды.


Шетелдерде теория және тәжiрибе жүзiнде кеңiнен танымал болғанындай, инвестиция тиiмдiлiгiне баға беру кезiнде оның тек қаржылық тиiмдiлiгi ғана емес, материалдық емес сипаттағы қоғамдық құндылықтары және оларға жұмсалатын қаражат шығындары (мәселен, денсаулық. сақтау, бiлiм беру, мамандық деңгейiн жоғарылату
экологиялық жағдайды жақсарту, халықтың әл-ауқатын көтеру және баскалары), сондай-ақ, қоғамымыздың жалпы ұлттық мақсат-мүдделерiн көздеп, ескерiп отыратын экономикалық тиiмдiлiк сияқты маңызды көрсеткiштерi де анықталады. Осыған орай, ҚР-ның “Шетел инвестициялары туралы” Заңында инвестициялардың барлық түрлерi бiрдей қамтып көрсетiлмегендiктен, анықтама толық емес /41.
Бiздiң ойымызша, ағымдағы шығындардьң инвестицияға қатысы жоқ және өндiрiске қатыстырылатын инвестицияларды қарастырғанда, бiз негiзгi өндiрiстiк және өндiрiстiк емес қорларға салынатын бiр жолғы салымдар мен материалдық запастарды ғана ескеретiн боламыз. Сонымен қатар, инвестиция ұғымыньң күрделi қаржы ұғымына қарағанда анағұрлым терең екендiгiн атап өткен жөн. Өйткенi күрделi қаржы — негiзгi капиталды қайта құру мақсатында жұмсалатын шығындар, ал инвестициялар болса, материалдық активтерге, портфельдiк инвестицияларға, материалдық, емес активтерге салынған қаражат салымдары. Бұл салымдар, бiрiншiден, жанама түрде қаржылық аспаптар арқылы материалдық байлықты молайтады, екiншiден, материалдық емес сипаттағы қоғамдық құндылықтардың мейлiнше өсе түсуiне ықпал етедi.
Инвестицияның ақшалай капиталдан ерекшелiгi - инвестиция капиталды құрылуымен, нақты физикалық ұғымдағы физикалық капиталдың ұлғаюымен байланысты /5, 116 б./. Материалдық байлық, құрып және оны молайта түсу, коғамымыздың тұрмыс халiн жақсарту
- инвестициялаудың негiзгi мақсаты болғандықтан, күрделi қаржыларды негiзгi қорға айналдыру процесi инвестицияның классикалық, анықтамасына сай келетiндiктен, “инвестиция” ұғымын қолдану кезiнде оған жан-жақты түсiнiктеме берiп отырған орынды. Инвестициялау процесi инвестициялық ресурстардың материалдық, байлықтарға және материалдық емес кұндылыктарға айналу процесi. Инвестициялау процесi келесi беттегi 2-сурет түрiнде бейнеленген.
Тек нарықтық экономика жағдайына өту жоспарлы экономикаға ғана тең “күрделi қаржы” ұғымы санатында құнды қағаздары және басқа да қаржылық активтерi бар “инвестиция” ұғымына алмастырып қойған жоқ, сондай-ақ, өндiргiш күштердiң ғылыми-техникалық тұрғыда өркендеуi жалпы мәдениеттiң алға басып, өркен жаюы жағдайында олардың жоғары индустриялық жүйелерiнiң қалыптасуы және де қогамымыздьң жалпы ұлтгық мақсат-мүдделерiнiң ролi мен мағынасының күшеюi ғылыми-техникалық және әлеуметтiк салаларды қаржыландырудың елiмiздiң материалдық байлықтары мен қоғамдық құндылықтарына салынатын салым екендiгiн танытып мойындатуға ықпалды әсерiн тигiздi.
Сонымен, бiз “инвестиция” деген ұғымда қаржылык аспаптар, инновациялық салалар арқылы материалдық байлықтарға және қоғамымыздьң материалдық емес құндылықтарына тiкелей немесе жанама түрде салынған инвестициялық, ресурстарды түсiнемiз. Негiзгi капиталға салынатын инвестициялық ресурстардың белгiлi-бiр бөлiгi күрделi қаржының көлемiмен бiрдей. Осыған орай, бiз ол көрсеткiштi
бұдан былайғы уақытта негiзгi капиталға салынған инвестиция немесе күрделi қаржы деп атайтын боламыз. Инвестициялардың қандай түрлерi болмасын капитал көлемiнде әркайсысының атқарар рөлi әрқилы болға нымен де, олардың елiмiздiң экономикасын өркендетудегi маңызы зор.

Оның үстiне, анықтама пайда табуға мүмкiндiк беретiн кәсiпкерлiк объектiлерге бағытталған салымдарды ғана камтиды.


Шетелдерде теория және тәжiрибе жүзiнде кеңiнен танымал болғанындай, инвестиция тиiмдiлiгiне баға беру кезiнде оның тек қаржылық тиiмдiлiгi ғана емес, материалдық емес сипаттағы қоғамдық құндылықтары және оларға жұмсалатын қаражат шығындары мәселен, денсаулық. сақтау, бiлiм беру, мамандық деңгейiн жоғарылату т.б.
Негiзгi капиталды қайта жаңарту iсiндегi алатын орны тұғысынан қарағанда, инвестициялардың атқарар рөлдерi мына төмендегiдей қалыппен сараланып бөлiнедi: жалпы және бүтiндей инвестициялар; негiзгi капиталды көбейтуге бағытталған таза инвестиция; iстен шықанның орнын толтыруға бағытталған инвестиция. Экономикалық әдебиеттерде инвестициялардың қалыптасуына әсер ететiн факторларға сәйкес оларды туынды және индукциялы, автономды деп бөледi /5, 41 б./.
Туынды инвестициялардың динамикасы, әдетте, экономикалық жүйенiң iшкi (эндогендi) факторларына, яғни, ұлттық табыс пен тұтынушылық сұраныстағы өзгерiстерге байланысты болады. Автономды инвестициялардың өсуiне экзогендi факторлар ғылыми-техникалық прогресс, халықтар санының өсуi,
басқалары себепкер болады. Халықаралық және отандық тәжiрибеде инвестицияларды мақсатты бағытталуына байланысты келесi түрлерге бөлiп карайды:
Заттай активтерге жұмсалған инвестициялар өндiрiс ғимараттарын, құрылғыларды, сондай-ақ қызмет ету мерiзiмi бiр жылдан жоғары болып келетiн активтерге қаражат жұмсалуын сипаттайды.
Қаржылық активтерге жұмсалған инвестициялар — бұл басқадай заңды және жеке тұлғалардың құрылтайшылық, қызметiне араласуы негiзiнде, яғни, үлестi бағалы қағаздарды немесе қарызды мiндеттемелердi сатып алу арқылы ақшалай сома алу құқығын сипаттайды.
Материалды емес активтерге жұмсалған инвестициялар — бұл қандай да бiр кәсiпкерлiкпен айналысатын шаруашылық субъектiлерiнiң қызмет етуiне, сондай-ақ сауда белгiлерiн даярлауға, лицензия алуға және тағы басқаларға жұмсалған қаражаттарды бiлдiредi.
Заттай активтерге жұмсалған инвестициялар озiнiң пайдалану аясы бойынша келесiдей жiктелiнедi:
- өнiдiрiс тиiмдiлiгiн арттыруға жұмсалған қаражаттар, яғни, өндiрiстегi құрал-жабықтарды, құрылғыларды және т. 6. ауыстыру нәтижесiнде өндiрiс шығындарының төмендiгiн қамтамасыз етудi сипаттайды;
- өндiрiстi кеңейтуге жұмсалңан инвестициялар. Оның басты мiндетi
— тауарлар шығару, мүлiктерiн кеңейту болып табылады;
- жаңа өндiрiс орнын салуға жұмсалған инвестициялар, яғни, жаңа тауарлар өндiруге немесе жаңа қызмет түрлерiн көрсетуге бағытталған кәсiпорындарды салуды қамтамасыз етудi сипаттайды.
Экономикалық, түрлендiрулердi жүзеге асыруда, сондай-ақ, жаңа кәсiпкерлiк қызмет түрлерiн дамытуға пайдаланатын инвестицияларды олардың экономикалық, мазмұнына қарай әртүрлi нысанда бөлiп қарастырады. Оның iшiнде бiзге танымалы Мыналар:
Ссудалық капитал нысанындағы инвестициялар — инвестицияның ссудалық қарыз немесе әртүрлi несие нысандарында пайдалануын сипаттайды.
Кәсiпкерлiк нысанындағы инвестициялар кәсiпкерлiк капиталдың тiкелей және жанама нысанында пайдаланылуын бiлдiредi.
Кәсiпкерлiк капиталдың тiкелей нысанында пайдаланылуы тiкелей инвестицияларды бiлдiрсе, ал жанама нысандарында пайдаланылуы портфелдiк инвестицияларды сипаттайды. Тiкелей инвестициялар өндiрiстiк кәсiпорындарға тiкелей қаражат жұмсаумен байланысты экономикалық қатынастар жиынын бiлдiрсе, ал портфелдiк инвестициялар — бұл инвестициялық процеске қатысушы банктердiң, әртүрлi қорлардың, кәсiпорындардың, ұйымдардың немесе мекемелердiң бағалы қағаздарын, акция, облигацияларын, сертификаттарын сатып алу негiзiнде қаржы жұмсаумен байланысты экономикалық қатынастар жиынтығын бiлдiредi.
Қазақстанның экономикалық, дамуына жұмсалған инвестициялардың нысандарына байланысты үлес салмағын талдау нәтижесi портфельдiк инвестициялардың пайдалануы өте төмен көрсеткiшке ие
болуын сипаттайды. Әрине, бұл жағдай елiмiздегi бағалы қағаздар нарығының аса дамымауымен байланысты.
Сонымен қатар, инвестицияларды меншiк нысанына байланысты келесiдей түрде бөлiп қарайды:
- Мемлекеттiк меншiк нысанындағы инвестициялар мемлекеттiк бюджет есебiнен қаржыландыруды сипаттайды, оның жұмсалу бағыты әлеуметтiк сала болып табылады.
- Жекеменшiк капитал нысанындағы инвестициялар кәсiпкерлiк қызметпен айналысатын ұлттық шаруашылық субъектiлерiнiң өз қаражаттары мен тартылған қаражаттарының жиынтығын сипаттайды.
Мұндай мемлекеттiк және жеке меншiк нысанындағы инвестицияларды бiр сөзбен отандық инвестициялар деп те атайды.
- Шетелдiк капитал нысанындағы инвестициялар шет мемлекеттерден, оның iшiнде халықаралық қаржы ұйымдарынан таратылатын қаражаттар болып табылады. Сондықтан да осындай сараптаулар алуан-түрлi салымдардың қозғалыс дәрежелерiн, олардың сұраныстың төлем қабiлеттiлiгiне тәуелдiлiк деңгейiн, сондай-ақ, өсу шегi мен динамикасының өздерiне тән ерекшелiктерiн атап көрсету мақсатында инвестициялық қызметтiң теориялық үлгiлерiнде кеңiнен қолданылады.
Инвестициялық процестердi талдау инвестициялардың өсуi жалпы ұлттық өнiмнiң мультипликативтi түрде өсуiне ықпал ететiндiгiн көрсетедi. Басқаша айтқанда, инвестицияға жұмсалған қаражат — “жоғары қуатты ақша”. Мемлекеттiк инвестициялардың көбеюi осындай нәтижелерге қол жеткiзедi. Экономикалық теорияда мұндай құбылысты инвестицияның және мемлекеттiк шығындардың жалпы ұлттық өнiмге мулътипликативтi әсерi деп атайды.
Инвестицияның қозғалыс қарқынын пайда, кiрiс және экономикалық дамудың қозғалыс қарқынымен байланыстырып отырған осы тәуелдiлiк ең алғаш рет Дж.М. Кейнстiң концепцияларында мазмұндалып, тұжырымдалғанболатын /7/. Кейнсиандықтардың пайымдаулары бойынша, осы тәуелдiлiк ақша қаражатын құру тұрғысында қаралады. Бұл теорияның басты мазмұны сол, алғашқы инвестицияланған ақша сомасы бастапқы кiрiстерге айналады. Бұдан соң ол қаражаттың белгiлi бөлiгi жеке және инвестициялы тұтыну қажеттiлiктерiне жұмсалады да, екiншi тараптағы кiрiстерге айналып отырады, яғни, тұтыну көлемiн ұлғайту арқылы кiрiс көлемiн ұлгайтуға инвестициялардың өсуi ықпал етедi. Мультипликаторлардың шамасына сәйкес, мультипликативтiк процестердiң ұзақтығы мен жалпы тиiмдiлiгi неғұрлым жоғары болса, соғұрлым кiрiстiң басым көп бөлiгi тұтынуға жаратылатын болады.
Мультипликатор теориясы бойынша инвестициялар жинақ салымы деңгейiне және басқа да көптеген факторларға тәуелдi екенiн көремiз. Мультипликатор дегендi барлық жиынтық кiрiс (∆В) көлемiнiң өзгеруi, инвестицияның (∆И) өзгеруi аралығындағы тәуелдiлiктi анықтайтын коэффициент (К) деп түсiнемiз. Бұл коэффициент инвестиция көлемiнiц өзгеруi салдарынан туындаған барлық жиынтық кiрiс көлемi өзгерiсiнiң инвестиция көлемi өзгерiсiне қатынасы арқылы анықталады. Мультипликатор математикалық тұрғыда мына төмендегiдей формула арқылы көрсетiледi /7, 98 6.!:
К= (1)
Мұндағы:
∆В- жиынтық кiрiс көлемiнiң өзгерiсi;
∆И- инвестиция көлемiнiң өзгерiсi.
Бұл формуланы ∆И - ∆B-∆C деп, оны ∆В-ға бөлу арқылы өзгертуге болады:


O < S(В) < 1,С(В)+S(В)=1

Яғни, салық ставкасы өзгермей, тұрақты түрде болғанда, кiрiстiң барлық өсiмi тұтынуға жiберiледi немесе жинақ салымына салынады. Сөйтiп, бiз екi функцияға, яғни, кiрiс мөлшерiне тәуелдi жинақ салымдарына және ссудалық пайыз деңгейiне тәуелдi инвестицияға қол жеткiздiк. Тепе-теңдiк шарты мына төмендегi түрде белгiленедi
/8, 198 6.!:
S=(В) = И(г) (7)
Осы тепе-теңдiктi қамтамасыз етуде өзiмiзге белгiлi механизм — шешушi роль атқарады. Оның басты мағынасы мынаған келiп саяды: инвестиция көлемiнiң ұлғаюы тұтыну шығындары мен жалпы iшкi өнiмнiц өсуiне әкелiп соғады.
Өндiрiстiк сектордағы тепе-теңдiктiң iске асуы 4-суретте бейнеленген /8, 202 6/:

Өндiрiс секторындағы тепе-теңдiктiң iске асу процесi




төмендетiп, тiптi, олардың жойылып кетуiне әкелiп соқтыратынын аңғаруға болады.


Бұл туралы Самуэлъсон өзiнiң еңбектерiнде /8, 194 6/: “Акселерация экономикада тұрақсыздық тудыратын қуатты фактор болып табылады. Экономикалық, өсу байқалғанда, ол таза инвестицияларға қозғаушы болса, ал экономика қарқыны бәсеңдеген кезде, сол бастапқы тегеурiнiмен инвестицияның жойылуына қозғаушы болады” деп жазған.
Сондай-ақ, өндiрiстiк секторларда тепе-теңдiктi қалыптастыруда тұтынушылық және инвестициялық, қызметтер шешушi роль атқарады. Тұтыну тек ағымдағы кiрiстiң деңгейiне ғана байланысты деп есептеледi
/8,195 б/.

С=С(В), оның үстіне О< С(В) < 1

Мұндағы:

В-ЖІӨ көлемі

С-Жеке тұтыну шығыны

Бұл теңсiздiк жеке тұтыну шығындарының көлемi әрдайым кiрiс көлемi ұлғайған сайын өсiп отыратындығын бiлдiредi.


Инвестициялық, қызмет ссудалық пайыз деңгейi мен инвестиция көлемi арасындағы керi байланысты тұжырымдап көрсетуге мүмкiндiк бередi (кутiлген пайда нормасы бойынша) /8, 195 6./:

И= И(r), И(r)< 0

Бұл теңсiздiк ссудалық, пайыз мөлшерiнiң өсуi немесе төмендеуi жеке инвестициялар көлемiнiң азаюына немесе керiсiнше көбеюiне әкеледi.
Сонымен, баланстың ара-қатынастарына сай В=С + И + МШ + (Х- М) болатындығына көңiл аударайық, (Х-М) мөлшерiн ескермей-ақ, тұтынылмайтын және салық, төленбейтiн жалпы iшкi өнiмнiц бiр бөлiгi жинақталуы керек /8, 196 6./:
S = В-С-Т
Мұндағы:

S-жинақ салымының көлемі Х-М-шетелдерге аударылатын трансферттер


Т-таза салықтық түсiмдер.
МШ - мемлекеттiк шығындар
С- жинақ салымы жалпы iшкi өнiмге тәуелдi болғандықтан (4 — формулаға қараңыз), S- та жалпы iшкi өнiмге тәуелдi болады /8, 197 6./:
S = В-С(В)-Т

Мұндағы: Т- көбеюдiң шектелген мөлшерi болғандықтан, S = S(В), оның үстiне

 

МРС- тұтынуға шектеулi бейiмдiлiк


қосымша бiрлiк табыса сәйкес келетiн тұтыну

S-жинақ салымының өзгерiсi;


МРС-- жинақ салымына жұмсалатын қолда бар
кiрiстiң қосымша бөлiгi.
Мультипликативтi тиiмдiлiктiң инвестициялы шығындардың өндiрiс көлемiне тигiзер әсері ықпалынан тұрады. Қосымша инвестициялар өндiрiс пен кiрiстiң өсуiне қозғау бола отырып, өз кезегiнде жинақ салымы мөлшерiн көбейтуге мүмкiндiк туғызады. Сөйтiп, мультипликатор концепциясы инвестициялық қозғалыс пен өндiрiс көлемiнiң арасында тәуелдiлiктiң бар екендiгiн анықтап, атап көрсетiп қана қоймайды, қайта нақтылы әрi қатаң түрде түсiнiктемелер бередi. Бұдан экономикалық жүйенiң ең көңiл аударатын жерi инвестициямен байланысты деген қорытынды жасауға болады. Инвестициялар, шын мәнiнде, экономикалық белсендiлiк деңгейiн арттырып, сәйкесiнше, жалпы iшкi өнiм деңгейiн өсiретiн фактор болып табылады.
Инвестициялар теориясында мультипликатор әрекетi акселерация (шапшаңдатқыш) қағидасымен толықтырылып отырады. Бұл қағида өндiрiс көлемiнiң ұлғаюының (∆В) жаңа инвестиция көлемiнiң өсуiне (∆И) ықпал етуiн сипаттайды, осының нәтижесiнде процесс тұйықталған сипатқа ие болады.
Акселерация коэффициентiнiң (А) өзi өндiрiс көлемiнiң және инвестициялар көлемiнiң арасындағы байланыстарды сипаттай отырып, инвестициялар көлемiнiң ұлғаюы немесе таза инвестициялардың жалпы iшкi өнiм көлемiнен қанша есе артқанын көрсетедi. Бұл математикалық тұрғыда мынандай формула бойынша есептеледi /7, 98 б./:

А=


Мұндағы:

И — жылындағы инвестиция;


- жалпы iшкi өнiмнiң t +1 жылындағы өсiмi.
Осыған орай, егер мультипликатор инвестицияның экономикалық өсуге ықпал етуiнiң ақырғы нәтижесiн анықтап, сипаттайтын болса, онда акселератор керi байланысты сипаттайды және осы кезеңдегi инвестициялау масштабын уақыт аралығы үйлесiмсiз болып келетiн, өткен мерiзiм аралығындағы экономикалық белсендiлiк пен өндiрiс деңгейiнiң өзгеруiмен байланыстырады. Осы ретте экономиканың өсу қарқынының төмендеуi немесе баяулауы инвестициялардың қарқынын

 


Суреттiң тiк осы бойынша ссудалық пайыз (г) деңгейi жоғарыда көрiнiс тауып, ал жеке жинақ салымының көлемi (салық қосқанда) төмен жағында орнаасқан. Көлденең осы бойынша сұраныс көлемi оң жағынан, мемлекеттiк шығындары қоса алғандағы инвестициялардың көлемi сол жағынан көрiнiс тауып тұр. IV төртбурыштағы (жоғарыдағы сол жақ) қисық сызық И(г) 5-шi инвестициялы функцияның графигi болып табылады: мейлiнше жоғары пайызға инвестицияның ең аз көлемi сәйкес келедi немесе керiсiнше болады. II төрбурыштағы (төмендегi оң жақ) түзу сызық “жинақ салымдары функциясын” — бейнелейдi: жинақ салымдарының көлемi жалпы iшкi өнiм кiрiстерiнiң көбеюiне байланысты өсiп отырады. III төртбұрыштағы түзу 7-теңдiктiң шешу графигi болып саналады: осы түзу бойындағы кез-келген нүкте экономикадағы жинақ салымы мен инвестиция арасындағы тепе-теңдiк нуктесi болып табылады.
Ссудалық пайыздың белгiлi-бiр деңгейi (мәселен г) инвестициялық функциялар арқылы инвестициялардың белгiлi-бiр көлемiн жұмылдыруға тырысады. Сызбада бұл көлемдi шартты түрде Ио деп белгiлейiк. Жинақ салымдарының көлемi инвестицияға тең деңгейге жету үшiн (суреттегi Sо, Sо = Ио), 4-функцияға сәйкес, көлемi жинақ салымына тәуелдi болатын кiрiс белгiлi-бiр деңгейде болуы тиiс (суреттегi В).
Үкiмет экспансиондық ақша-несие саясатын жүргiзу нәтижесiнде пайыз ставкасын г1 деңгейiне дейiн төмендеттi деп болжам жасайық. Осы әрекеттің өндiрiс секторының кiрiс деңгейiне тигiзер салдары қандай болмақ?
Жаңа, анағұрлым төмен деңгейдегi пайыз қосымша инвестициялардың тууына ықпал етедi. Соның нәтижесiнде инвестициялар деңгейi И мөлшерiне дейiн көтерiлетiн болады. Инвестициялар көлемiнiң жоғарылауын қамтамасыз ету үшiн жинақ салымдарының көлемiн тиiстi деңгейге дейiн көбейту керек (S деңгейiне дейiн). Ал мұндай мәжеге жету үшiн кiрiс деңгейiн В мөлшерiне дейiн ұлғайту қажет.
Кiрiс мөлшерiн осылайша молайту мультипликатордың көмегiмен жүзеге асады. Оның мөлшерi 7-теңдiк шарттарымен анықталады: пайыз ставкасын төмендету арқылы инвестициялардың өсуiн жинақ салымын өсiру есебiнен қамтамасыз ету керек.
Инвестициялық сұраныстың өсуiне байланысты кiрiс көлемiнiң алғашқы рет көбеюi осы кiрiс иелерiнiң тұтыну шығындарын өсiре түседi, ал бұл өз кезегiнде, тағы да бiреулердiң табыстарын көбейтуге жол ашады.
Мультипликтордың мөлшерi осындай шексiз тiзбектер сомасының математикалық шегi iспеттес (геометриялық прогрессиялар қатары) көрiнiс бередi. Бұл, сондай-ақ, банктiк мультипликатордың үлгiсi сияқты көрiнедi.
Сөйтiп, инвестициялардың белгiлi.-бiр көлемiн iске қосуға жұмылдыратын белгiленген әрбiр пайыз деңгейiне тиiсiнше кiрiстiң белгiлi-бiр деңгейi сәйкес келедi. Осы функциялдық тәуелдiлiктiң басты нысаны — мультипликатор болып табылады.
Пайыз ставкасы неғұрлым төмен болған сайын, инвестициялардың және тиiсiнше кiрiстiң де көлемi (мультипликаторды қатыстыру арқылы) соғұрлым жоғары болады. Ал пайыздың мейлiнше ең төменгi деңгейiнде, тиiсiнше, кiрiс те өте мол болмақ немесе керiсiнше болады. Бұл тәуелдiлiктi суреттегi 1 төртбұрыштағы И қисығы арқылы көруге болады.
Инвестициялық саясат елдiң экономикалық стратегиясының мақсаттары мен мәселелерiн анықтайтын ең маңызды элемент болып табылады. Экономикалық реформаларға сәйкес халықаралық капитал мен инвестицияларды тартудың мемлекеттiк саясаты дағдарыс пен инфляцияны тежеуге, жеке инвесторлардың инвестициялық белсендiлiгiнiн арттыруға және өндiрiстiң құрылымдық өзгерiсiне барынша септiгiн тигiзуi керек.
Инвестициялы сферада аталған өзара байланыстар мен әсерлер кезкелген мемлекеттiң экономикалық өсуiн анықтайтын негiз. Сондықтан инвестициялық саясат экономикалық саясаттың құрамдас бөлiгi ретiнде қарастырылады. Осыны әлемдiк тәжiрибе де көрсетiп отыр. Мысалы, экономикалық өсудiң шешушi мәселелерiн қарастыратын ел жалпы iшкi өнiмнiң өскен әрбiр пайызына жалпы iшкi өнiмнiц үш пайызынан кем емес өндiрiстiк инвестицияларды бөлуi керек. Егер АҚШ, ГФР, Жапония, Франция, Ұлыбритания және басқа да өнеркәсiбi дамыған елдердiң экономикалық өрлеуiнiң кезеңдерiн талдасақ, барлық жағдайларда да соңғы онжылдықта осы елдерде инвестициялық, белсендiлiк мерiзiмiне экономиканың жоғары қарқынмен өсу кезеңдерi тұспа-тұс келедi. Инвестициялық белсендiлiктiң жалпы ұлттық өнiм сияқты экономикалық, дамудың маңызды көрсеткiшiне ықпалы осы елдерде алпысыншы жылдары ерекше байқалды. Мысалы, Жапонияда 1966-1970 жылдары инвестициялар көлемi алдағы бесжылдық пен салыстырғанда екi есеге өссе, жалпы ұлттық өнiм 70%-ға өскен. Сондай-ақ, осы жылдары АҚШ, Франция, ГФР елдерiнде жалпы ұлттық өнiмнiң өсуi 25-30%-ға жеткен 19, 89 6./.
Осындай инвестициялық белсендiлiктiң жоғары қарқыны көптеген дамыған елдерге постиндустриялды экономика құруға, сонымен бiрге, экономикалық өсудiц жаңа кезеңiне өту үшiн және алдағы мерiзiмдегi тұрақты экономикалық әлеуметтiк даму үшiн материалды-техникалық негiздi қамтамасыз ететiн өндiрiстiк потенциал құруға мүмкiндiк бередi. Негiзiнен, дәл осы кезеңде тек өндiрiстiк қорлануды тұрақтандыруға ғана емес, үздiксiз дамитын техника негiзiнде табиғи және моральды ескiрген құралдарды алмастыруды қамтамасыз ете алатын қорлану дәрежесiн төмендетпеуге де жағдай жасалды.
Инвестициялық белсендiлiктiң өсуiмен соңғы кезеңдегi Азиядағы “жаңа индустриялды елдердiң” — Оңтүстiк Корея, Тайвань, Гонконгтың дүние жүзiлiк аренаға шығуы да байланысты. Бұл елдерде қысқа мерiзiмдi инвестициялар арқасында әлемдiк нарықтың өзгермелi коньюктурасына тез бейiмделуге қабiлеттілігі iрi экспорттық потенциалы бар тұрақты экономикалық құрылымдар пайда болып, экономиканың
ғылыми сиымдылығы жаңа салаларын кең ауқымды дамыту жүзеге асырылған.
Экономикаға инвестициялардың әсерi КСРО болған кезеңдерде де байқалған. Осылайша 1966-1970 жылдары күрделi салымдардың 1,4 есеге өсуi кезеңiнде орташа жылдық жалпы ұлттық өнiм 7,6%-ға көтерiлдi. Одан кейiнгi бесжылдықтарда халық шаруашылығына күрделi қаржы жұмсаудың көлемiнiң азаюымен және экономикалық дамудың экстенсивтi типiнiң етек алуымен қатар, жалпы ұлттық өнiмнiң де өсу қарқынының төмендеуi байқалды. Бұл процесс өндiрiстiк аппаратты дағдарыс жағдайына, аяқталмаған өндiрiстiң күрт көбеюiне және басқа да экономикалық жағдайды қиындата түскен жағымсыз экономикалық және әлеуметтiк салдарға әкеп соқтырғаны мәлiм.
Өкiнiшке орай, қазақстанның, сондай-ақ, көптеген ТМД елдерiнiң тұрақтану мен экономикалық өсу бағдарламаларында инвестициялық фактор еленбедi. Бұл экономикада инвестицияның маңызына жеткiлiксiз баға беру және экономикадағы қаржылық тұрақтануға, инфляцияның төмендеуiне қол жеткiзгеннен кейiн инвестициялық белсендiлiк өзiнен-өзi туындайды деген қате пiкiрмен түсiндiрiлдi.
дағдарыс жағдайында, әсiресе, тозығы жеткен өндiрiстiк аппаратты қайта толығымен жасақтау қажеттiлiгi туған жағдайда инвестициялыкқ iс-әрекеттердi нарықтық стихиялық күштер ағымымен жiбере салу дұрыс емес. Себебi Қазақстандағы бiрнеше жылдар көлемiнде күрделi қаржылардың азаюы жалпы iшкi өнiм көлемiнiң азаюынан басым, бұл өндiрiске терiс мультипликативтi әсерiн тигiзедi. Инвестиция аясындағы осындай жағдай жалпы дағдарыстың салдарын одан әрi тереңдете түстi.
Осылайша, экономикалық тұрақтану, ал кей салалардың стагнация мен экономикалық компастан экономикалық өрлеуге өтуi инвестициялық саясатты өзгертудi және инвестицияны қолдауды қажет етедi.
Әрине, инвестициялық белсендiлiк пен экономикалық өсудiң байланысы бiр жақты емес. Олардың бiр-бiрiне өзара ықпалы бар, себебi экономикалық өсу инвестициялық белсендiлiкке тәуелдi бола отырып, өз кезегiнде, белгiлi-бiр даму кезеңiнде елдiң инвестициялық нақты мүмкiндiктерiн анықтайды. Басқаша айтқанда, жалпы ұлттық өнiмнiң, сондай-ақ, ұлттық табыстың өсу қарқыны жоғары болған сайын инвестициялық ресурстардың кең өрiстi өндiрiсi мен осы негiзде тиiмдi инвестициялық саясат құруға мүмкiндiктер аясы кеңейедi. Бұл бiр жағынан - елдiң ұлттық шаруашылығы шеше алатын нақты экономикалық және әлеуметтiк мәселелерiнен, екiншi жағынан - инвестициялық кешеннiң нақты мүмкiндiктерiн қолдануынан туындайтын инвестициялық процестiң концептуалды нұсқасын жасап шығару үшiн қажет.
1.3 КӘСІПОРЫННЫҢ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ САЯСАТЫНЫҢ МАҚСАТЫ МЕН ОНЫҢ ПРИНЦИПТЕРІ

Кәсіпорынның инвестициялық саясаты- оның шаруашылық іс-әрекетінің маңызды бөлігі.Кәсіпорын экономикасында инвестиция маңыздылығын анықтап, бағалау қиын.Қазіргі заманғы өндірістің сипаты ол- үнемі өсіп отыратын капитал сыйымдылығы мен ұзақ мерзімді факғторлар болмақ.Кәсіпорын өзінің өнімінің сапасынжақсарту үшін шығындарын төмендету, өндіріс күштерін ұлғайту, бәсекелестік жағдайында нарықтан өз орнын табу үшін үнемі капитал салып отыруы тиіс.

Сондықтан да оған үнемі өте жақсы жасалған инвестициялық стратегияжасап, оған жету үшін қолдан келгеннің бәрін жасауы тиіс.

Салынған қаржылының тиімділігін жоғарылату үшін фирма басшылығы инвестициялаудың принциптерін есепке алады.Оларды нақтылап қарастыратын болсақ:

Инвестициялық тиімділіктің шекті принципі- кезкелген кәсіпорын өндірісті жүзеге асырғанда шығынды азайтып, мол пайда табу мақсатымен жұмыс жүргізеді.Кәсіпорын өзінің жеткен жетістігі жағдайында оның кірісі шығынды арттырған күннің өзінде ол жұмысын жалғастыра бермек.Ал егер тауар өткізуден түскен кіріс сомасы өндіріс шығындарын жоғарылатпайтын болса, онда ол өндірісті тоқтатады. Егер бір тауар бірлігінен табыс түсіп және ол шығындарды көбейтетін болса, яғни, оны жасау үшін ондакәсіпорын ол өнімнің көлемін арттыру керек.Соңғы өнім бірлігін өткізуден түскен пайда өндіріс шығындарыментең болса кәсіпорын өндіріс көлемін ұлғайтпайды.Егер кәсіпорын қандай жағдай болмасын өндірісті жалғастыруға ұмтылса, онда ол шекті табыспен шекті шығын тең болатындай өнім көлемін шығаруы тиіс.Бұл екі шарт жан-жақты сиптта және рыноктың кез келген құрылымында, меншіктің кез келген формасында қолданыла береді.Капитал салымдары процесімен оның көрсеткіштерінің арасындағы тиімділігінің салдарын қарастырамыз.









1 2 3 4 5


Графиктен көріп отырғанымыздай тиімлілік әрбір салым сайын төмендеп отыр.Графиктің нақты мәні: осы сурет арқылы біз кәсіпорынды инвестициялаудың шекті өлшемін көріп отырмыз.График көрсеткендей оптималды инвестициялық көлем –5 млн.бірлік.Ал егер 6 млн.бірлік салу тиімді болмайды.Инвестициялық тиімділіктің шектілігін біз графиктегі қисыққа қарай отырып оның келесі 2 факторға тәуелді екенін көреміз:

Өндіріс шығындарының өсу қарқыны

Өндірісті монополиялау дәрежесі.

"Замазка" принципі- бұл принцип инвестициялық тиімділікті бағалаудың жаңа бір тәсілін анықтауға мүмкіндік береді.Көз алдымызға замазка түйіршігін елестетейік.Біз оған қолымызды тигізбестен бұрын максималды таңдау жасауға мүмкіндігіміз болады.Қолды тигізсем бе?Қай жеріне?Қандай мақсатпен?Қаншалықты тереңге? т.с.с.Сонымен біз қалай замазкамен байланысқа түстік, солай бәрі басталады.Еркіндік енді жоқ.Инвестициялау да тура осылай жүзеге асады.Кәсіпорын қандай станок сатып алу керек, әлде арендаға алу керек пе, осы жұмыс барысында қаншалықты сомада несие алу керек, қанша уақытқа, қандай пайызбен, еркін яғни еркін отырып шешім қабылдай алады.Егер осы іс-әрекеттің бәрін жасап қойған болсаңыз артқа шегінуге жол жоқ, яғни, еркіндік жоқ шектелген.Еркіндік іс-әрекеттің нөлге тең деп айтуға болмайды әрине.Сіз сатып алған станогыңызды немесе акцияыңызды қайта сатуыңызға болады.Бірақ оған көп уақытың, күш қуатың әскер әріптестеріңмен байланысыңа бәріне нұқсан келеді.Бұған бір кірсеңіз шығыуыңыз өте қиын болмақ, әсіресе кәсіпорын 3-4 инвестициялық жобасымен жұмыс бастаған болса.Сондықтан да инвестициялауды жүзеге асыру үшін оның тиімділігін бірнеше рет есептеп алу керек.

Капитал салымдарының тиімділігін бағалауда материалды және қаржылық байланысының принципі

Тиімділікті бағалаудың 3 тәсілі бар:

-Салыстырмалы шығындармен шығарылым бағасы арқылы салыстырылады, яғни, қаржылық талдау.Әлемдік тәжірибе бойынша инвестициялау тиімділігін бағалауда қаржылық жағдайды ғана ескеру аздық етеді.Мысалыға болжанбаған инфляция жағдайы орын алса құрдымға алып келеді.

-Тиімділікті қаржылық-техникалық критериі бойынша да есептейді.Дұрыстап қарайтын болсақ инвестициялық жобаға салынған салымдар сол технологияның өзіне тәуелді.Технология арқылы біз кәсіпорынның күштілігін байқаймыз және технология инвестициялық мақсатқа қол жеткізуде тікелей әсер етеді.

-Тиімділікті бағалаудың техникалық әдісі.

Адаптациялық шығындар принципі- адаптациялық шығындар- бұл жаңа инвестициялық ортамен байланысты барлық шығындар.Бұл жерде уақытты жоғалту пайданы жоғалтумен тең.Жаңа инвестициялаумен оны жүзеге асыру кезінде уақыт бойынша үлгермеушілік үнемі орын алып отырады.Кезкелген адаптацияның өзіндік ерекшелігі болады.Жаңа мәліметтер, жаңа технология кадрларды дайындауға барлығына шығындар жұмсалып отыр.Адаптация үшін төлеу ағымдық кіріс бірден төмендейді.Уақытты оздыру капиталдың жансыздығына және оның пайдалылығына әкеледі.Адаптациялық шығынды кәсіпорынның шығарған өнімінің бағасын белгілер кезде қосып есептеу керек.Осы баға шикізаттың, материалдың, технологияның сұранысының бағасын жоғарылатпайтын болса, капитал салымдары осы жағдайда ыңғайлы болмақ.Тәжірибе көрсеткендей сұраныс бағасы ұсныс бағасын жоғарылатып және осы жағдай ұзақырақ орын алатын болса, инвестициялау адаптациялық шығындарына қарамастан тиімдірек болады.



Каталог: wp-content -> uploads -> 2013
2013 -> Министерство сельского хозяйства Республики Казахстан 010 000, г
2013 -> Бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындысы туралы №21 хаттама
2013 -> Бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындысы туралы №2 хаттама
2013 -> Бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындысы туралы №6 хаттама
2013 -> Министерство сельского хозяйства Республики Казахстан 010 000, г
2013 -> Тақырыптың өзектілігі
2013 -> «Алаш» либералдық-демократиялық қозғалысы идеологиясының маңызд


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет