Ипотекалық тұрғын үй қарыздарын және ипотекалық қарыздарды қайта қаржыландыру бағдарламасын іске асыру туралы ақпараттық хабарламасы



жүктеу 40.57 Kb.
Дата28.04.2019
өлшемі40.57 Kb.
түріБағдарламасы


Ипотекалық тұрғын үй қарыздарын және ипотекалық қарыздарды қайта қаржыландыру бағдарламасын іске асыру туралы ақпараттық хабарламасы
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес Ұлттық Банк ипотекалық қарыз алушылардың проблемаларын шешуге 130 млрд. теңге бөлу туралы шешім қабылдады. 2015 жылғы 24 сәуірде Ұлттық Банк Басқармасының қаулысымен Ипотекалық тұрғын үй қарыздарын және ипотекалық қарыздарды қайта қаржыландыру бағдарламасы (бұдан әрі – Бағдарлама) бекітілді.

Бағдарламаны әзірлеуге мүдделі мемлекеттік органдар ғана емес, сонымен қатар саяси партиялар мен қоғамдық бірлестіктердің өкілдері де қатысты.

Бөлінген қаражатты екiншi деңгейдегi банктерге жеткізу мақсатында «Проблемалық кредиттер қоры» АҚ кейіннен 9 екiншi деңгейдегi банктегі депозиттерге 20 жылға жылдық 2,99% сыйақы мөлшерлемесімен орналастырумен қосымша капиталдандыруды жүзеге асырды.

Бағдарламаға қатысушы екiншi деңгейдегi банктердің тізіміне «Казкоммерцбанк» АҚ («БТА Банк» АҚ мен «БТА Ипотека» АҚ), «Қазақстан Халық Банкі», «Fortebank» АҚ, «Банк ЦентрКредит» АҚ, «АТФ Банк» АҚ, «Kaspi Bank» АҚ, «Цеснабанк» АҚ, «Еуразиялық банк» АҚ мен «Нұрбанк» АҚ кірді.

Бағдарлама мүмкіндігінше көптеген қарыз алушылардың ипотекалық қарыздарды өтеу талаптарын жеңілдетуге бағытталған, бұл ретте бірінші кезекте халықтың әлеуметтік осал топтарына қолдау көрсетілетін болады.

Бағдарламаны іске асыру шеңберінде Ұлттық Банк мынадай жұмыс жүргізуде:

1) Ұлттық Банк Басқармасының 2015 жылғы 24 сәуірдегі № 70 қаулысымен «Кредиттеу жөніндегі құжаттамасын жүргізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2007 жылғы 23 ақпандағы № 49 қаулысына Бағдарлама шеңберінде қайта қаржыландырылған кредиттік досьедегі құжаттар тізбесін айқындау бөлігінде өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Қаулы 2015 жылғы 24 маусымда ресми түрде жарияланды (2015 жылғы 5 шілдеде күшіне енді);

2) 2015 жылғы 11 маусымдағы № 30-1-06/2246 хатымен банктерге Бағдарламаны іске асыру бойынша банктердің мәселелеріне ұсынымдар жіберілді. Қазіргі уақытта Ұлттық Банк банктерден қосымша түскен мәселелерге жауаптар топтамасын дайындауда;

3) Ұлттық Банктің бастамасымен ҚР Премьер-Министрінің тапсырмасына сәйкес облыстық әкімдіктерінде және Астана және Алматы қалаларында құрамына құқық қорғау органдарының және қоғамдық ұйымдардың өкілдерін қоса отырып, қарыз алушылардың қарыздарды қайта қаржыландырудан бас тартуларға қатысты шағымдарын қарау жөніндегі комиссиялар ашылады.

Ұлттық Банк Комиссия туралы үлгі ережесін әзірледі, олар жұмыста пайдалану үшін әкімдіктерге жіберілді.

Комиссиялар Астана қаласында, Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Оңтүстік Қазақстан облыстарында құрылды.

Алматы облысында Ұлттық Банктің Алматы облыстық филиалында комиссия құрылды және Ұлттық Банктің Алматы қалалық филиалында комиссия құру бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр;

4) жеке тұлғалар-қарыз алушыларға мерзімі өткен берешекті есептен шығарған кезде банктерді жеке табыс салығын (ЖТС) төлеуден босату мәселесі пысықталып жатыр;

5) 2015 жылғы 23 шілдеде «Нұр Отан» партиясының АҚФ жанында Бағдарлама шеңберінде қарыз шарттары бойынша сот орындаушылары қызметтерінің ең аз мөлшерін анықтау мәселесі бойынша шешім талқылау және әзірлеу мақсатында ҚР Әділет министрлігінің өкілдерінің қатысуымен жұмыс тобының отырысы өткізілді;

6) қоғамдық бірлестіктердің, банктердің, қарыз алушылардың және жергілікті атқарушы органдардың ұсыныстарын талдау нәтижелері бойынша қазіргі кезде Бағдарламаға:

- тоқтатылмаған не қарыз бөлігі өтелмей қалған қарыз бойынша банк (ипотекалық ұйым) балансына жалғыз тұрғын үйі алынған ипотекалық қарыз алушыларды;

- кепілге қойылған жылжымайтын мүлік ауданына қойылатын талап бойынша жылжымайтын мүліктің 120 ш.м. жалпы ауданынан 120 ш.м. тұрғын ауданына өзгертуді;

- қарыз бойынша қарыз беруші болып үшінші тұлға болған жағдайда қарызды қайта қаржыландыруды енгізу мүмкіндігі бөлігінде Бағдарламаға өзгерістер енгізу бойынша жұмыс жүргізілуде;

7) Ұлттық Банк белсенді түсіндірме жұмысын жүргізуде: күн сайын қоғамдық бірлестіктердің өкілдерімен және қарыз алушылармен кездесулер жүргізіледі; Ұлттық Банктің Қоғамдық қабылдау бөлмесінде азаматтарға түсіндірмелер беріледі. Осы бағытта аймақтардағы Ұлттық Банктің аумақтық филиалдарында да жұмыс белсендірілген. Сонымен қатар екінші деңгейдегі банктерге барып шығу кестесі жасалды, оған сәйкес Департамент басшысы мен қызметкерлері ХӘОТ жәрдемдесу мақсатында Бағдарлама шеңберінде оларға ең қолайлы жағдайлар жасау үшін тікелей банктерде қарыз алушылармен кездесулер өткізеді;

8) Бағдарлама шеңберінде қайта қаржыландырылған қарыздар бойынша банктер ұсынатын есептердің талдауы күн сайынғы негізде жүргізіледі.

Ұлттық Банк жүргізіп отырған жұмыс қарыз алушылардың туындаған мәселелері және арыздары бойынша шұғыл шешім қабылдауға, тек қарызды есептен шығаруды талап еткен қарыз алушылар және қоғамдық бірлестіктердің орын алған масыл болу ниеттерін төмендетуге мүмкіндік береді.

Бағдарламаны іске асыру барысын Ұлттық Банк және «Проблемалы кредиттер қоры» АҚ тұрақты бақылайды және мониторингілейді. Алдын ала жүргізілген бағалаулар бойынша 25000-нан астам қарызды, оның ішінде халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын 5000-нан астам қарыз алушының қарыздарын қайта қаржыландыруға болады.



Банктердің 2015 жылғы 15 тамыздағы деректері бойынша ипотекалық қарыз алушылардан 5 434 өтініш қабылданды, 2 421 өтініш бойынша қайта қаржыландыру туралы оң шешім қабылданды, жалпы сомасы 1 552 818 000 теңге болатын 411 өтініш бойынша қарыз қайта қаржыландырылды.




Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет