Алматыда Жетісу ауданындағы базар қоймасынан ірі өрт шықты. Құтқарушылар өрт сөндіру орнында жарылғыш баллон заттарының бар екенін анықтады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Сурет ТЖД

Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, 17 ақпан күні сағат 10:40-та Жетісу ауданына қарасты Көкмайса-27 ықшамауданында шатыр жабыны ашық жалынмен өртенгені туралы хабар келген.

"Қойманы сөндіру және жақын маңдағы әкімшілік ғимаратты қорғау үшін өрт саптамалары орнатылды. Үздіксіз жіберу қамтамасыз етілді. Жағдай Төтенше жағдайлар департаментінің  бақылауында", — делінген хабарламада. 

  • Алматыдағы лай көшкіні: Қандай бап бойынша қылмыстық іс қозғалып жатқаны айтылды

  • Павлодарда иесіз тұрған үй өртеніп, ішінен бір адамның мәйіті табылды

Сонымен қатар департамент өртеніп жатқан қоймадан газ баллоны шығарылғанын, өрт орнында жеке құрам қауіпсіздік ережелерін сақтай отырып жұмыс істеп жатқанын хабарлады.

"Өртті сөндіру жарылғыш заттардың — газ баллондарының болуымен қиындауда. Өрт сөндірушілер нысан маңындағы қонақүйді қорғау үшін жұмыс істеп жатыр. Газ баллондары жарылып, қою түтін щығуда, шатыры опырылған", — деп қосты ТЖД.


Автор: Ербол Нурланов

Ербол — талантливый фотограф, зафиксировавший красоту природы и городской жизни Казахстана. Его работы придают нашим материалам визуальное великолепие.