«Ќырєи-ќабаќ соєысы» кезеѕіндегі АЌШ-тыѕ сыртќы саяси стратегиясындаєы Жапонияныѕ рґлі



жүктеу 144.86 Kb.
Дата05.01.2018
өлшемі144.86 Kb.

ӘОЖ 327 (52+73)
Садықова Р.О.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

ТРУМЭН ӘКІМШІЛІГІ ТҰСЫНДАҒЫ АМЕРИКАН-ЖАПОН ӘСКЕРИ-САЯСИ ОДАҚТАСТЫҒЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ
В статье рассматривается формирование военно-политических отношений между Японией и США в период президенства Гарри Трумэна. Автором рассматривается внешнеполитическая доктрина США «сдерживания коммунизма», которая служила теоретической основой при формировании военно-политических блоков американским руководством. Также изучаются основная правовая база и совместные действия Японии и США, направленные на установления военно-политических отношений.
The article is devoted to the studying of the formation of the military-political relations between Japan and the USA during the presidency of Harry Truman. The author considered the U.S. foreign policy doctrine “containment of communism”, which served as the theoretical basis for the formation of the military-political allies by the U.S. leadership. Also in the article were analyzed the basis legal framework and the joint actions of Japan and the United States to establish the military-political relations.
Екінші дүниежүзілік соғыстың аяқталуы халықаралық қатынастар жүйесінде жаңа әлемдік тәртіптің дүниеге келуіне ықпал етті. Вестфаль бейбіт реттеуі кезінде қалыптасып, бірнеше ғасыр бойы сақталып келген көпполярлы жүйе орнына АҚШ пен КСРО үстемдік еткен биполярлық әлем тәртібі дүниеге келді. Биполярлық әлемдік тәртіпте «еркін әлемнің көшбасышысы» АҚШ пен КСРО арасында «қырғи-қабақ соғыс» басталды. Бұл соғыстың алдыңғы соғыстардан ерекшелігі АҚШ пен КСРО арасындағы қақтығыс әскери қақтығыс сипатында ғана емес, оның ең алдымен, идеологиялық сипатта көрініс табуында еді. Сол себепті идеологиялық қақтығыста басымдыққа ие болу үшін екі мемлекеттің басшылығы сыртқы саяси тұжырымдамалардың мазмұнына айрықша мән берді.

«Қырғи-қабақ соғыс» жылдарындағы АҚШ-тың сыртқы саяси стратегиясында КСРО-мен күрес бірінші орындағы мәселе болды. АҚШ кеңестік ықпал үшін қарсы күресте ең алдымен, әскери одақтастарға сүйенді. Әскери одақтастармен байланыс мәселесі соғыстан кейінгі американдық әкімшіліктің сыртқы саяси тұжырымдамасында көрініс тапты. Осындай тарихтағы ұзақ жылдық тарихы бар, әрі «қырғи-қабақ соғыс» жылдарындағы АҚШ-тың Азия-Тынық мұхиты аймағындағы қауіпсіздік жүйесінің негізі болған одақ - Жапониямен әскери-саяси одақ еді.

Жапониямен қарым-қатынас мәселесі соғыстан кейінгі кезеңде Американың сыртқы саясатында маңызды орынға ие болды. Американдық басшы Г. Трумэн атомдық дипломатияны жариялай отырып, өзінің «қырғи-қабақ соғыста» күш тұрғысынан әрекет етуге ұмтылысын байқатты. Трумэн әкімшілігі сыртқы саясатта алдына АҚШ-тың әлемдік ықпалды мемлекет ретінде беделін қалыптастыру және кеңестік жүйеге қарсы күресті бастау ұранын міндет етіп қойды. Алайда, американдық басшылық екі жүйе арасындағы күресте жалғыз әрекет ете алмайтындығын анық ұғынды. Сол себепті, екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі жылдары американдық сыртқы саяси стратегияда Жапониямен Азия-Тынық мұхиты аймағындағы әскери-саяси одақтастықты орнату мәселесіне айрықша көңіл бөлінді.

Трумэн билік басында болған кезеңде американдық сыртқы саяси стратегияның негізігін Кеннаның жеделхаты негізінде ұсынылған «коммунизмді тежеу» доктринасы құрады [1].

Алғаш рет «коммунизмді тежеу» доктринасының идеялары 1946 жылдың 22 ақпандағы АҚШ-тың Мемлекеттік Департаментінің сыртқы саяси жоспарлау тобының жетекшісі және Мәскеудегі АҚШ-тың төтенше және өкілетті елшісінің кеңесшісі Кеннан телеграммасында көрініс тапты. 1947 жылы жеделхатындағы ойдың жалғасы ретінде «Мистер Х» деген автордың есімімен «Кеңестік әрекеттің себептері» атты мақала жарық көрді. Біраз уақыт өте келе автордың Кеннан екендігі анықталды. Кеннаның жарық көрген мақаласының мазмұнына жүгінер болсақ, КСРО тарапынан қауіп тек қана әскери емес, сондай-ақ, идеологиялық болуы мүмкін. Сол себепті американдық басшылық кеңестік экспансияға қарсы тұруы тиіс. Кеннанмен анықталған АҚШ-тың әрекет етуі тиіс басымдылық берілген геосаяси аймағына Жапония және Филиппин, Канада, Гренландия, Исландия, Скандинавия және Батыс Европа мемлекеттері кірді. Кеннан жоспарына немесе АҚШ-тың Трумэн әкімшілігі тұсындағы «коммунизмді тежеу» доктринасына сәйкес басымдылық берілген геосаяси аймақта және әлемнің бірнеше жерлерінде Америка үшін қажетті күштердің тепе-теңдігін сақтайтын біршама әскери контингентті орналастыру көзделді [2].

Дж. Кеннанның ұсынылған «коммунизмді тежеу» доктринасына сәйкес Трумэн әкімшілігі КСРО-мен ықпал ету аймақтары үшін күресте Кеннанның мақаласында көрсетілген мемлекеттермен әскери-саяси одақтастықты дамыта бастады. АҚШ әкімшілігі белгілеген осындай одақтастардың ішінде Жапония да болды. Американдық сыртқы саяси жоспарлардағы Жапонияның рөлінің артқандығын Трумэн әкімшілігімен қабылдаған маңызды құжаттардың мазмұнынан байқауға болады. 1949 жылғы Ұлттық Қауіпсіздік кеңесінің құжатында атап өтілгендей: «Ғаламдық соғыс жағдайында Жапонияның мүмкіндіктері оның кімнің мүдделерін қамтамасыз етуде пайдалануы елеулі жағымды немесе жағымсыз ықпалын тигізуі мүмкін», - деп атап өтілген [3].

Г. Трумэн әкімшілігінің Жапонияға деген қызығушылығының артуына Азия-Тынық мұхиты аймағындағы қалыптасқан жағдай айрықша ықпал етті. Азия-Тынық мұхиты аймағындағы АҚШ-тың «коммунизмді тежеу» доктринасын жүзеге асыру қажеттілігіне осы аймақтағы өзгеріске түскен геосаяси жағдай әсер еткен болатын. Аймақтағы геосаяси жағдай Кеңес Одағының милитаристік Жапонияға қарсы соғысқа қатысуы нәтижесінде Азия халықтарының ұлт-азаттық қозғалыстарына қозғаушы күш ретінде ықпал етуі нәтижесінде өзгеріске түсті.

АҚШ-тың Азия-Тынық мұхиты аймағындағы қауіпсіздік саясатын анықтаған келесідей геосаяси өзгерістер орын алды: Қытайда азаматтық соғыс басталды және оның нәтижесінде кеңестік саясатты қолдаушы жаңа мемлекеттің пайда болатындығы айқын болды, 1945 жылы 17 тамызда тәуелсіз Индонезия Республикасы құрылды, 1945 жылы 2 қыркүйекте Вьетнам Демократиялық Республикасы құрылды, 1945 жылы қазанда Лаостың тәуелсіздігі жарияланды. Осындай геосаяси өзгерістерді ескере отырып, АҚШ «коммунизмді тежеу» доктринасын жүзеге асыруға кірісті. Сорғыстан кейінгі бастапқы жылдары Трумэн әкімшілігі КСРО-ның ықпалына қарсы тұруда аймақтық саясатта Қытайға сүйенуге ұмтылған болатын. Алайда 1949 жылы ҚХР-дың құрылуы АҚШ-тың аймақтық саясатта кеңестік ықпалға қарсы тұруда өзге одақтастарды іздеу қажеттілігін байқатты. Осы одақтастыққа американдық басшылық Жапонияны тартуды жөн деп тапты. АҚШ-тың Жапонияны әскери-саяси одақтасқа айналдыру саясаты оның елдегі оккупациялық саясатынан бастау алған болатын. Жапонияға қатысты бейбіт реттеу мәселесінде жеңген мемлекеттерден құралған Қиыршығыстық комиссияның бас қолбасшысы Макартурдың жетекшілігімен жүзеге асқан АҚШ-тың оккупациясын екі кезеңге бөліп қарастыруға болады: біріншісі – Американың Қиыр Шығыстағы негізгі қарсыласы мен бәсекелесін жоюға ұмтылған 1945-1948 жылдар аралығын қамтиды. Екіншісі - Қытай Халық Республикасының құрылуынан кейін және Кореядағы соғыстан кейін Жапонияны өзіне бағынышты одақтасқа айналдыру, яғни «кері бағыт» деп аталған саясат жүзеге асқан 1948-1952 жылдар аралығын қамтиды [4].

АҚШ-тың Жапониядағы оккупацияның бірінші кезеңіндегі мақсаты - мемлекетті демократизациялау және демилитаризациялау болды. Американ басшылығының осы мақсаты «Оккупацияның бастапқы кезеңіндегі АҚШ-тың Жапонияға қатысты саясатының негізгі қағидалары» деген құжатпен анықталды. Құжаттың мазмұнында атап көрсетілгендей: «оккупация мақсаттары ретінде Жапонияның АҚШ-қа және әлемдегі бейбітшілік пен қауіпсіздікке қауіп төндірмеуін қамтамасыз ету, сондай-ақ, өзге мемлекеттердің құқықтарын құрметтейтін және БҰҰ-ның жарғысының идеалдары мен қағидаларында көрініс тапқан американдық мақсаттарды қолдайтын бейбіт және жауапты үкімет құру белгіленді» [5].

Құжаттағы көрсетілген мақсаттарды жүзеге асыру үшін американдық үкімет әр алуан ішкі экономикалық және саяси реформаларды жүзеге асырды. Солардың бірі - Жапонияның соғыстан кейінгі тағдырын анықтаған жаңа Ата заңының қабылдануы. Ата заңға 1946 жылы қазанда қол қойылып, өз күшіне екі палатаның бекітуімен 1947 жылы 3 мамырда енді. Осы құжаттың мазмұнын дайындауда Жапонияда оккупациялық саясатты жүзеге асырған Трумэн әкімшілігі шешуші рөл атқарды. Сол себепті оның мазмұнында көрініс тапқан өзгертулер ең алдымен, американ мүдделерін қамтамасыз еткен болатын. Атап көрсетерлік осындай маңызды өзгертулердің бірі - Жапония Ата Заңының 9-бабына сәйкес Жапонияның халықаралық дауларды шешудің жолы ретінде соғыстан бас тартуы және өзінің қарулы күштерінің болуына тыйым салынуы [6].

Жапониядағы АҚШ-тың ықпалына бағынышты мемлекетке айналдыру мақсатында генерал Макартурдың бастауымен ел ішінде жер реформасы, жаңа Додж линиясы бойынша экономикалық көрсету сияқты шаралар да жүргізіле бастады. Сонымен қатар, милитаристік идеялар мен кеңестік ойларды ұстанған қозғалыстардан да саяси тазалау жүргізіле бастады. Осы саясаты арқылы Трумэн әкімшілігі оккупацияның бірінші кезеңінде Азия-Тынық мұхиты аймағындағы ықпал ету аймағын кеңейту мақсатында Жапониядағы рөлін күшейтуге әркеттенді. Генерал Макартурмен жүзеге асқан оккупацияның екінші кезеңі Жапониядағы АҚШ-тың белсенділігімен сипатталды. АҚШ үшін кешегі соғыстағы қарсыластың кейінгі жылдарда одақтасына айналдыру қажеттілігі туындады. Трумэн әкімшілігі Жапонияның қайта әскери күш-қуатын қалпына келтіру мақсатында экономикалық көмек көрсетіп қана қоймай, Жапониядағы АҚШ-тың әскери қатысуын қамтамасыз ететін және екі тараптың әскери-саяси одағын қалыптастыратын құқықтық негізді орнату қажеттілігін ұғынды [7]. Гарри Трумэн әкімшілігі АҚШ пен Жапонияның әскери-саяси қарым-қатынастарының құқықтық негізін қалыптастыруға бағытталған дайындыққа қызу кірісті. Осы әкімшілік тұсындағы екі мемлекеттің әскери-саяси одағының қалыптасуын айқындаған келесідей маңызды құжаттар қабылданды:

- 1951 жылы 4 қыркүйекте Сан-Францискодағы Жапонияға қатысты бейбіт келісім-шартқа қол қойылды;

- 1951 жылы 8 қыркүйекте АҚШ пен Жапонияның арасындағы қауіпсіздік кепілдігі туралы келісім-шартқа қол қойылды;

- 1951 жылы қауіпсіздік келісім-шартының үшінші бабына сәйкес қабылданған 1952 жылы 28 ақпанда жапондық территорияда американдық қарулы күштердің орналасуы шарттары туралы әкімшілік келісім қабылданды.

1951 жылы 4 қыркүйекте қабылданған Сан-Францискодағы Жапонияға қатысты бейбіт келісім-шартқа келісу туралы ресми мәлімдеме АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Д. Ачесонның ағылшын сыртқы істер министрі қызметін атқарған Э. Бэвинмен кездесуден кейін 1949 жылдың күзінде жасалынды. Олар біріккен мәлімдемеде АҚШ пен Англия қысқа мерзімде Жапониямен бейбіт келісім-шартты дайындауға кірісу қажеттілігі туралы ортақ пікірге тоқтады. Жапониямен жасалынатын келісім-шарт туралы мәселе Трумэн мен Макартурдың Уэйк аралындағы 1950 жылдың қазанындағы кездесудегі келіссөздердің кезінде де талқыланды. Бұл сұхбатта бейбіт келісім-шарттың жалпы ережелері анықталды. КСРО мен Қытай осы шартқа қол қоюға қатысуға бас тартуы мүмкіндігіне қарамастан конференция міндетті түрде өтуі тиіс деп шешілді. Қандай да жағдайда болмасын американдық әскерлерді Жапонияның территориясында тағы да бірнеше жылға қалдыру шешілді [8].

1951 жылы 4 қыркүйекте Сан-Францискода Жапонияға қатысты бейбіт келісім-шарттың шарттарын қарастыру мақсатында 52 мемлекеттің өкілдері бас қосты. Конференцияға ҚХР, Моңғол Халық Республикасы, КХДР және Қиыршығыстық Республика шақырылмады. Үндістан және Бирма қатысудан бас тартты. Конференция барысында Жапонияның тағдырын анықтаған бейбіт келісім-шартқа 1951 жылы 8 қыркүйекте КСРО, Польша және Чехословакиядан басқа 48 мемлекет қол қойды. Шарт 7 бөлім, 27 баптан құралды. Бірінші бөлімнің шарттарына сәйкес келісім-шарттың күшіне енген мерзімінен бастап Жапония мен одақтастар арасындағы соғыс жағдайы аяқталған деп жарияланады. Жапония Корея тәуелсіздігін мойындады және Куриль аралдары, Сахалиннің оңтүстік бөлігі, Спратли аралдары, Формоза аралы және Тынық мұхиттағы өзге де аралдардан бас тартты. АҚШ үшін аса маңызды болған баптарға келер болсақ, бұл Трумэн атағандай «келісім-шарттың жүрегі» болған 5-6 баптар еді. 5-бапқа сәйкес Жапония БҰҰ-ның Жарғысындағы негізі қағидаларға сүйене отырып, әрекет етуге міндеттенді. 6-бапқа сай барлық оккупациялық әскер Жапониядан міндетті түрде 90 күндік мерзімде шығарылуы тиіс. Алайда бұл шарт Жапониямен жасалынған екіжақты немесе көпжақты келісімдердің нәтижесінде және соларға сәйкес жапондық территорияларда шетелдік қарулы күштердің орналасуына және сақталуына кедергі бола алмайды» [5]. 6-бап арқылы АҚШ-тың қарулы күштерінің Жапонияда қалуына, яғни әскери қатысуын жалғастыруына және сол арқылы «коммунизмді тежеуге» бағытталған саясатын жүзеге асыруға жағдай жасалынды.

АҚШ пен Жапонияның арасындағы әскери-саяси одақтың негізін қалаған келесі маңызды екіжақты құжат - 1951 жылғы қауіпсіздік кепілдігі туралы келісім-шарт. Оған 1951 жылы 8 қыркүйекте Жапония тарапынан премьер-министр Есида мен АҚШ тарапынан мемлекеттік хатшы Ачесонның қатысуымен АҚШ-тың жапондық территориядағы әскери орналасуын сақтау туралы бабын толықтыру мақсатында қол қойылды. Жапония мен АҚШ арасындағы әскери-саяси байланыстарды орнатқан осы келісім-шарт преамбула және бес баптан құралды. Келісім-шарттың преамбуласында: «Өзіндік және ұжымдық қорғанысқа құқығы бар егемен ел ретінде Жапония: «өзінің қорғанысы бойынша уақытша шара ретінде Құрама Штаттардың өз әскерлерін Жапонияда және оған жасалынатын шабуылдың алдын алу үшін мемлекетке жақын аумақтағы территорияда орналастыруын қалайды», - деп атап өтілуі арқылы келісім-шартқа қол қойылудың себебі түсіндіріледі.

Басты бапқа айналған бірінші бапқа сәйкес АҚШ өзінің жерасты, әуедегі және теңіз күштерін Жапонияда және оған таяу жатқан аймақта орналастыруға құқығы болды. Бұл күштер халықаралық жағдайдағы бейбітшілік пен Қиыр Шығыстағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету және Жапонияға сырттан жасалынатын әскери шабуылдан қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін», сонымен қатар «Жапониядағы ішкі тәртіпсіздіктер мен төңкерілістерді басу үшін» пайланылмақ. Яғни, осы бап арқылы іс жүзінде екі тараптың одағының әскери сипатқа ие болып, пайда болған мәселелерді АҚШ-тың қарулы күштерінің қолдауымен шешуі анықталды. 2-бапқа сәйкес Жапонияға


Американың алдын-ала келісімінсіз басқа мемлекеттердің базаларын орналастыруға және өз территориясын үшінші бір мемлекеттің қарулы күштеріне транзит ретінде пайдалануына рұқсат беруге тиым салынды. Екінші баптың негізінде АҚШ Жапонияда өзге мемлекеттердің ықпалында болуына кедергі жасауға және өзінің толыққанды бақылауын орнатуға әрекеттенді. Келісім-шарттың 3-бабы бойынша Құрама Штаттардың Жапониядағы және оған таяу жерлердегі қарулы күштерінің орналасуын реттейтін нақты шарттар екі үкіметтің арасындағы әкімшілік келісіммен анықталады. Соңғы 4-5 бапқа сәйкес келісім-шарттың мерзімі шектелмеді және оның күшіне енуі өзара бекітілу грамоталарымен алмасуынан кейін жүзеге асатындығы жайлы айтылған [9]. Осы бап арқылы американдық басшылық Жапониямен әскери одақты ұзақ мерзімде сақтауға мүдделілігін байқатты.

Президенті г. Трумэн әскери-саяси одағының қалыптасуына ықпалын тигізген келесі құжат - 1952 жылы 28 ақпанда жапондық территорияда американдық қарулы күштердің орналасуы шарттары туралы әкімшілік келісім. Бұл келісімге АҚШ пен Жапония 1951 жылғы қауіпсіздік кепілдігі туралы келісім-шарттың үшінші бабына сәйкес қол қойған болатын. Келісім мазмұнына сәйкес Құрама Штаттары Жапония территориясында кез-келген көлемдегі әскерлерді ұстауға және қалаған қаруды пайдалануына, сондай-ақ, қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында әскери база ретінде территорияны кеңейте алу құқығына ие болды. Яғни, әкімшілік келісім АҚШ-тың Жапониядағы ықпалын күшейтіп, оның толыққанды бақылауын орнатуына мүмкіндік туғызды. Келісім-шарттың негізінде Жапония өз юрисдикциясындағы біраз жерлерінен айырылды. Американдық әскери қызметшілерге және олардың отбасыларына экстерриториалдық құқығы және өзге де маңызды басымдылықтар берілді» [10].



Трумэн әкімшілігі тұсында қол қойылған Сан-Францисско бейбіт келісім-шарты, 1951 жылғы қауіпсіздік кепілдігі туралы келісім-шарт және 1952 жылғы жапондық территорияда американдық қарулы күштердің орналасуы шарттары туралы әкімшілік келісімдердің нәтижесінде АҚШ Жапонияның территориясында қарулы күштерін еркін қолданып, Азия-Тынық мұхиты аймағындағы болашақ әскери жоспарларын жүзеге асыруда плацдарм ретінде Жапонияны пайдаланудың негіздерін қалай бастады. АҚШ өз әскерін күшейтіп қана қоймай, өз мүдделеріне сәйкес қолданылуы мүмкін Жапонияны әскери тұрғыдан мықты әрі шикізаттық тапсырыстарды орында маңызды рөл атқара латынр деңгейдегі экономикалық одақтасқа айналдыруға ұмтылды. Осы мақсаттардың жүзеге асуы және АҚШ-тың Азия-Тынық мұхиты аймағына қатысты стратегиялық әскери жоспарын жүзеге асырудағы Жапонияның рөлінің артуы біріккен келесі әрекеттерден көрініс тапты: Біріншіден - Кореядағы 1950-1953 жылдардағы соғыс барысында жапондық компаниялар американдық қарулы күштердің тапсырыстарын орындап, Американың стратегиялық жоспарларын жүзеге асыруда септігін тигізді. Жапония территориясы Кореяда БҰҰ-ның туының астында әрекет еткен американдық әскерлердің маңызды шебіне айналды. АҚШ тарапынан әскери тапсырыстар арта түсті. 1952 жылдың мамырынан Эйзенхауэр билік басына келген 1953 жылдың маусымына дейінгі аралықта Жапониядан Кореяға 2 мыңдай әр алуан калибрлі қарулар, 7656 танкіге қарсы қолданылатын «Базук» сияқты мылтықтар, 400 мың реактивті снарядтар, 2,3 млн. миналар, 2,2 млн. гранат т.б. дайындалып, жіберілген. Яғни 1950 жылдың маусымында басталған Кореядағы соғыс барысында қару-жараққа және әскери материалдармен қамтамасыз етуде жапон өнеркәсіптеріне сұраныс арта түсті. Нәтижесінде АҚШ-тың оккупациялық кезеңіндегі 1950-1952 жылдары жапон экономикасына американдық тапсырыстардан түскен табыс 2,5 млрд. долларға жетті [11]. Сонымен қатар, осы жылдардағы американдық әскери тапсырыстар «қырғи-қабақ соғыс» барысындағы Жапонияның әскери-өндірістік күш-қуатының қалыптасуына жағдай жасады. Екіншіден - Жапония мен АҚШ-тың арасындағы 1952 жылғы жасалынған әкімшілік келісімнің негізінде шешім қабылдаудың механизмі ретінде жапон-американдық біріккен комитет құрылады. Комитетті құрудағы мақсат - АҚШ-тың әскерлерімен қолданылатын базалар мен объектілерді, жаттығу полигондары мен порттарды, жер участкілері мен ғимараттарды эксплуатациялауға қатысты және Жапониядағы американдық қарулы күштердің қызметі туралы мәселелерді талқылау үшін бас қосу. Құрамына Жапония тарапынан СІМ-нің американдық департаментінің төрағасы мен ұлттық қауіпсіздік басқармасының (ҰҚБ) құрылыс бөлімшесінің бастығы, ал АҚШ тарабынан Жапониядағы американдық қарулы күштердің штабының бастығы мен елшінің кеңесшісі кіреді және екі апта сайын бас қосып тұратын болып шешілді. Үшіншіден - АҚШ-тың әскери қатысуына жағдай жасалынды және Жапонияның дербес қарулы күштерінің негіздері қалана бастады. Яғни, американдық әскерлер 18 район, 35 аэродром, теңіздегі маневрлар үшін участкілер, порттар тағы басқа да әскери жаттығуға қажетті көлік және байланыс құралдарымен қамтамасыз етілді.

Трумэн әкімшілігі екі мемлекеттің әскери-саяси одағы мәселесінде одақтасының да әскери қарулануы мәселесіне ерекше көңіл бөлді. 1951 жылдың қаңтарындағы жапондық тараппен «қауіпсіздік келісім-шартына» келісу туралы келіссөздерде-ақ, американдық үкіметтің арнайы өкілі Дж. Даллес АҚШ-пен екіжақты әскери одаққа келісудің шарты ретінде Жапонияның 350 мыңдық армияны құруын және өз қорғанысы мен аймақтық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде басты жауапкершілікті алуын талап етті. Алайда Жапония үкіметі ел Ата заңының 9-бабын ескере отырып, елдің әскери күш-қуатын арттыру саласында өзіндік бағыт ұстанып, ұлттық қарулы күштерді бірте-бірте және реттелген дамытуды көздеді. Сол себепті Жапониядағы қарулы күштерге байланысты өзгертулер енгізілді. 1950 жылғы 8 шілдедегі оккупациялық әскерлердің штабы негізінде 1950 жылғы 10 тамыздағы жапон кабинетінің жарлығына сәйкес құрылған 75 мыңдық «резервтік полицейлік корпустың» атауы өзгертілді. Яғни, 1952 жылы 27 мамырда «резервтік полицейлік корпустың» «қауіпсіздік корпусы» атауына өзгеретінін және ондағы адам санының 110 мыңға көбейтілетіндігі туралы заң қабылданды. Қарулы күштердің құрамдас бөлігі болған теңіз қауіпсіздігінің басқармасы да «теңіз қауіпсіздігінің корпусы» атауына өзгерді.

Қорытындылар болсақ, екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі кезеңде американдық президенті Г. Трумэн әкімшілігі өз сыртқы саяси стратегиясында әскери-саяси одақтастыққа айрықша көңіл бөлді. Әсіресе, Азия-Тынық мұхиты аймағындағы қауіпсздік жүйесінде Жапониямен әскери-саяси байланыстардың рөлі зор болды. Трумэн әкімшілігі Жапониядағы окуупациялық саясаты барысында өзінің толыққанды бақылауын орнатып, Азия-Тынық мұхиты аймағындағы геосаяси мүдделерін жүзеге асыру мақсатында Жапониямен әскери-саяси одақтастық байланыстардың құқықтық негізін қалады. Сонымен қатар, американдық басшылық аймаққа қатысты әскери-саяси жоспарларын Корея соғысында Жапонияны шикізатпен қамтамасыз етудің әрі өзге аймақтағы мемлекеттерге өз ықпалын кеңейтуде плацдарм ретінде пайдалануға кірісті. Яғни, АҚШ президенті Г. Трумэн билік басында болған 1945-1952 жылдар аралығы АҚШ пен Жапонияның арасындағы әскери-саяси саладағы құжаттардың қабылдануы мен бірлескен әрекеттері арқылы әскери-саяси ынтымақтастықтың қалыптасу кезеңі болуымен ерекшеленді.
Әдебиеттер тізімі:
1 Зинн Г. США после второй мировой войны. - М., 1967. – С. 38

2 Бухаров Б.И. Образование американо-японского союза (1945-1952) - М., 1963. - С. 35

3 NSC-68: United States Objectives and Programs for National Security. April 14, 1949 // Papers relating to the foreign relations of the United States. - Washington, 1950. – Р.58

4 Gary D. Allinson. Japan’s Postwar history. - New York, 1997. – Р. 40

5 Основные принципы политики США в отношении Японии в начальный период оккупации // Сборник документов связанных с капитуляцией Японии. 1943-1946 гг. - М., 1947. - C. 85

6 Конституция Японии 1947 года // www.geocities.com/alexfli/Acts/cj.htm

7 Международные отношения на Дальнем Востоке в послевоенные годы. В 2-х томах / Ответств. ред. Е.М. Жуков, М.И. Сладковский, Г.В. Астафьев, М.С. Капица. - М.: Мысль, 1978. – С. 78

8 Лешке В.Г. Японо-американский союз: итоги трех десятилетий. - М., 1983. – С.50-52

9 Security Treaty Between the United States and Japan, September 8, 1951 // www.yale.edu/lawweb/avalon

10 Административное соглашение 1952 года // История войны на Тихом океане. - М., 1958. - Т. 5. - C. 370-399

11 America: past and Present / Robert A.Divine. - USA, 1987. - Р. 40-42

Cведения об авторе

Садықова Райхан Оңалбайқызы

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті



Халықаралық қатынастарф акультеті, халықаралық қатынастар және әлемдік экономика кафедрасының аға оқытушысы. Тел. 87014720209. Эл. почта sraya84@mail.ru
Каталог: Content -> Files -> SciPublications -> Annotations
Annotations -> Біз – ниеті ғарыштағы елміз
Annotations -> 1 фантастика жанрыныњ типологиясы
Annotations -> Ақын, ғалым, әлде малшы болармын
Annotations -> annotation7783.doc [Айгүл Қосанова]
Annotations -> Білім және ғылым министрлігі
Annotations -> Наурыз – ирандық-зороастрлықтардың төл мерекесі
Annotations -> Бижанова Айгүл Рабханқызы Қазақстан республикасы заңындағы бағалы қАҒаздарға жанама байланысты қылмыстар алматы, 2012
Annotations -> 2013 жыл «Қазақ» газетіне: Қазақ жолы
Annotations -> Өткен сенбіде үйде демалып жатқанымда, есіктің сыртынан тықыр естілді. Іле қоңырау шырылдады. Сұрамастан аша салдым. Екі балаң жігіт тұр екен. «Аға, жарапазан ғой» деді де, домбыраны қағып-қағып жіберіп, әнге басты


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет