«Қыс қызығы» атты денсаулық күні



жүктеу 16.42 Kb.
Дата07.04.2019
өлшемі16.42 Kb.

«Өрт сөндірушілер» атты спорттық сайыс
Қатысатын топтар: ересек топтары

Мақсаты: балаларға өрт қауіпсіздігін болдырмау, оттан сақтану жолдарын үйрету, оттың тілсіз жау екенін ұғындыру, топ арасында мейірімділік, достық қарым-қатынасты қолдау; бір-біріне көмектесу, жәрдем беру әрекеттерін бекіту.

Құрал-жабдықтар: 2 гимнастикалық орындық, гимнастикалық қабырға, қоңырау, 2 қапшық, өрт сөндіру құралдары., өрт сөндіру қызметкер өрт сөндіру киімімен, құм, күрек, 2 противогаз-газ тұтқыш.

Сайыс барысы:

2 топ музыкалық әуенмен сапқа тұрады. Олармен бой жазу жаттығулары жасалады.

Нұсқаушы: балалар өрт ол не? От туралы сендер не білесіңдер?

Тақпақтарын айтып болғаң соң, балалар қайтадан орындарына тұрады. Нұсқаушы: балалар бізге қонақ келіпті. Ол бізге осы тақырып жайында өзінің қызметін, өрт сөндіру құралдары, өрт сөндіру туралы ақпарат бермекші. Қане бәріміз, қонағымызды қарсы алайық. (Өрт сөндірушілер өздерінің қызметтері туралы, өрт сөндіргіш құралдары жайлы айтады)

Қонақ:

Балалар біз қонағымызға рахмет айтайық. Ол кісілер сендердің қалай өрт сөндіру ойындарын ойнайтындарынды тамашалайды және баға береді.



Екі топ екі командаға бөлінеді. Команда 5 баладан және тәрбиешіден тұрады. Ортаға топтарымызды шақырайық.

Таныстыру: топ аты, ұранымен балалар өз топтарын таныстырады.



1-тапсырма. «Өрт сөндірушілер» ойыны.

Гимнастикалық қабырғада ілулі тұрған қоңырауды сылдырлатып, төмен түсіп, өз қатарының соңына барып тұрады. Қай топтың тез бітіргенін ойын арқылы анықталады.



Ереже: Қабырғаның ең басына дейін өрмелеу, түскенде жерге дейін әр баспалдақты басып түсу.

2-тапсырма. «Құм тасу»

(Белгілі межедегі ыдысқа құмды қасықпен тасиды)



3-тапсырма. «Құтқарушылар». Белгіленген кедергілерден өтіп, межелі жердегі жануарларды құтқарады.

4-тапсырма. «Құтқарушы апай» ойынында тәрбиеші апай противогаз киіп, балалардың біреуін алып, межелі жерге барады да, кері қайтады, тағы да бір баланы қосып, қайта жүгіреді, солай команда толық жүгіріп шығады.

5-тапсырма. «Арқан тарту». Балалар өздерінің күштерін сынаса отырып, екі топ арқан тартады.

- Жарайсыңдар, балалар ! Бүгінгі «Өрт сөндірушілер» спорттық сайыста өздеріңізді жақсы көрсете білдіңіздер. Екі топ мақтау қағаздарымен марапатталады.

Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет