Іс-шаралар Аяқтау нысаны



жүктеу 0.7 Mb.
бет1/4
Дата22.04.2019
өлшемі0.7 Mb.
  1   2   3   4



Қосымша 1
Дүниежүзілік экономикалық форумның жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексінің индикаторларын жақсарту жөніндегі 2017-2019 жылдарға арналған шаралар жоспары




Іс-шаралар

Аяқтау нысаны

Орындау мерзімі

Жауаптылар

Орындау туралы есеп

1

2

3

4

5

6

Дайындық және ақпараттық-түсіндіру іс-шаралары

1.

Орталық мемлекеттік органдарда, жергілікті атқарушы органдарда және «Атамекен» ҰКП ДЭФ ЖБИ үйлестіруге жауапты, бірінші басшының орыбасарынан төмен емес деңгейдегі қызметкерлер мен жауапты орындаушылар анықталсын

ҰЭМ ақпарат

2018ж. қаңтар

ҰЖМ (жинау), ОМО, облыстар, Астана және Алматы қ.қ. әкімдіктері, «Атамекен» ҰКП, ҚҚҚ (келісім бойынша)

2018 жылғы 23 сәуірдегі Шығыс Қазақстан облысы әкімінің №42-ө өкімімен Іс-шаралар жоспарын іске асыру бойынша жұмыстарды үйлестіруге жауапты лауазымды тұлғалар бекітілген.


6.

Сауалнамаға дейінгі кезеңде ауқымды ақпараттық-түсіндіру жұмысын өткізу үшін дайындау іс-шаралары жүргізілсін

Анықтамалықтар, материалдар, спикерлер тізімі

2018 ж. қаңтар

ҰЭМ, АКМ, ОМО, облыстар, Астана және Алматы қ.қ. әкімдіктері, «Атамекен» ҰКП (келісім бойынша)

Жергілікті мемлекеттік органдар, қоғамдық пікір көшбасшылары, жастар ұйымдары, білім және ғылым, мәдениет және өнер, конфессиялар өкілдері, Қазақстан халқы Ассамблеясы, этномәдени бірлестіктер мүшелері қатарынан спикерлер тізімі қалыптастырылды.

7.

«Атамекен» ҰКП арқылы сауалнамаға дейінгі кезеңде (сауалнама өткізуге дейін 1-2 ай бұрын) кең ақпараттық-түсіндіру жұмыстары өткізілсін (өңірлерде кәсіпкерлермен кездесу, ТВ сұхбат және сөз сөйлеу циклы, Интернет пен әлеуметтік желілердегі мақалалар және т.б.)

ДЭФ ЖБИ бойынша ақпараттық кампания

2018ж. қаңтар-ақпан

ҰЭМ, АКМ, ОМО, облыстар, Астана және Алматы қ.қ. әкімдіктері, «Атамекен» ҰКП (келісім бойынша)

Жыл басынан бері өңірлік басылымдарда ДЭФ ЖБИ индикатарларын жақсарту бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы төмендегі мақалалар жарияланды:

- «Мой город» газетінде Сібе көлдеріндегі жағажай инфрақұрылымы туралы «Сибины: отдых на любой вкус. Часть 2» мақаласы («Инфрақұрылым» факторы);

- «Деловой Казахстан» газетінде Алакөл жағалауын кешенді дамыту бағдарламасы туралы «Курортный бум» мақаласы («Инфрақұрылым» факторы);

- «Устинка плюс» газетінде ірі медициналық мекемелер басшыларының танымал шетелдік клиникаларда оқудан өтулері туралы «Евротур в белых халатах» мақаласы («Денсаулық сақтау және бастауыш білім» факторы);

- «Устинка плюс» газетінде Ана мен бала орталығын әлемдік стандарттарға сай жарақтандыру туралы «Оценили на четыре» мақаласы («Денсаулық сақтау және бастауыш білім» факторы);

- «Мой город» газетінде 22 шағын ауданды абаттандыру туралы «Для тех, кто строит свой дом» мақаласы («Инфрақұрылым» факторы).



8.

Орталық меморгандар мен жергілікті атқарушы органдардың, «Атамекен» ҰКП веб-сайттарында ДЭФ ҒБИ бойынша жеке бөлімдерді құру және олардың тұрақты жаңартылуын қамтамасыз ету

Меморгандардың веб-парақтарында ДЭФ ЖБИ бойынша бөлімдер

2018ж. қаңтар-ақпан

АКМ, ОМО, облыстар, Астана және Алматы қ.қ. әкімдіктері, «Атамекен» ҰКП (келісім бойынша)

Шығыс Қазақстан облысы әкімінің www.akimvko.gov.kz сайтында ДЭФ ЖБҚИ бойынша жеке тарау жасалған.

10.

Бекітілген индикаторлар шегінде бизнес-қауымдастықпен және жұртшылықпен тұрақты кездесулерді, дөңгелек үстелдерді, баспасөз-конференцияларын, семинарларды өткізуді ұйымдастыру

Тұрақты кездесулер, дөңгелек үстелдер және басқа көпшілік іс-шаралар

Тоқсан сайын


ОМО, облыстар, Астана және Алматы қ.қ. әкімдіктері, «Атамекен» ҰКП (келісім бойынша)

«Ішкі нарықта жеткізушілердің саны» индикаторы аясында:

- 2018 жылы 21-22 ақпанда Серіктестік бағдарламасы шеңберінде Семей қаласы әкімдігі өкілдерінің қатысуымен ірі кәсіпорындар арасында меморандумға қол қойған отандық тауар өндірушілермен кездесу өтті;

- а.ж. 18 мамырда «Востокцветмет» ЖШС кәсіпорынында диалогтық алаң өтті;

- а.ж. 4 маусымда Риддер қаласының «Казцинк» ЖШС жүйесінде «Қазақстандық өнімді алып, отандық тауар өндірушілерді қолда» атты тақырыпқа дөңгелек үстел өткізілді.


11.

Реформалардың оң нәтижелері мен жекелеген тұлғалардың, кәсіпкерлердің, кәсіпорындар мен өңірлердің табыс оқиғалары туралы сюжеттер мен материалдар санын ұлғайтуға бағытталған негізгі акценті бар 2018 жылға арналған Бірыңғай медиа-жоспар шегінде ДЭФ ЖБИ бойынша кең ақпараттық-түсіндіру жұмысын өткізуді ұйымдастыру

БҚК-ға ақпарат

2018 – 2019 жж. сәуір-қазан

АКМ, ОМО, «Атамекен» ҰКП(келісім бойынша), облыстар, Астана және Алматы қ.қ. әкімдіктері

БАҚ-та реформалардың оң нәтижелері және жекелеген тұлғалардың, кәсіпкерлердің, кәсіпорындар мен өңірлердің табысты оқиғалары туралы ақпараттар тұрақты түрде жарияланып отырады.

«Казахстанская правда» газетінде колледж түлектері мен студенттерінің пайда табуға арналған іскерлік идеялары туралы «Плясать от печки»; «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған бағдарламасы» аясында өткен жылы 46 мамандық бойынша 1,5 мың адам тегін білім алғандығы туралы «Актуальные профессии» атты мақалалар жарық көрді.

«Рудный Алтай» газетінде Катонқарағай аудандық Мүгедектер орталығына арнайы көлік алып беру туралы ШҚО-нан кәсіпкердің «Инвалидам нужен спецтранспорт» ниеті туралы, «Жүз жаңа есім» жобасының жеңімпазы атанған шығысқазақстандық кәсіпкер Қуаныш Сүлейменов туралы «Бизнесмен с широкой душой» атты мақалалар жарияланды.

«Дидар» газетінде Аягөз ауданының экономикасы дамуының қозғаушы күші болып табылатын кәсіпорын туралы «Кірпіш зауытының көрсеткіші жақсы» атты мақала жарияланды.

«SEMEI» телеарнасында «Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында отандық кәсіпорындар төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктерін толық пайдалануы қажет. Сонымен қатар Индустрияландыру жаңа технологияларды енгізудің көшбасшысына айналуы тиіс» тақырыбында ақпараттық сюжет көрсетілді.

(Ақпарат 2018 жылдың 20 шілдесінде № 9/15427 ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігіне жолданды).


Жүйелі сипаттағы іс-шаралар

1. «Институттар» факторы

1.04. «Қоғамның саясаткерлерге деген сенімі» индикаторы

Ағымдағы көрсеткіш – 39 орын (бұрынғы – 32 орын)

22.

Мына мәселелерді қамтумен, халықтың меморгандарға деген сенімін және мемлекеттік қызметтің беделін арттыру бойынша шаралар қабылдау:

құрамына нысаналы топтармен тұрақты кездесулер, өңірлерге бару, диалогтық алаң құру және басқа шаралар енетін меморгандардың халықпен кері байланысын орнату бойынша шараларды және басқа да шаралар қабылдау



БҚК-ға ақпарат

2018 – 2019жж.

маусым-қараша




МҚІСҚА, ҰЭМ, АКМ, ОМО, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері

Бірінші жарты жылдықтың ішінде облыста мемлекеттік қызметтің беделін және мемлекеттік органдарға халықтың сенімін арттыруға бағытталған іс-шаралар өткізілді.

Барлық деңгейдегі әкімдердің есеп беру кездесулерінің аясында, ағымдағы жылдың ақпан айында облыс әкімі Д.К. Ахметовты облыстық Қоғамдық кеңес және ШҚО тұрғындары алдында есеп беру кездесулері өткізілді. Денсаулық сақтау, білім, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, әлеуметтік-экономикалық даму «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру салаларына қатысты залдан қойылған барлық сұрақтарға облыс әкімі толық түсініктеме берді.

Салалық басқармалар басшыларының, қалалар мен аудандар әкімдерінің аймақтық коммуникациялар қызметінде брифингтер кестесі жүзеге асырылуда. Өңірлік БАҚ-қа тұрақты түрде өңірлердің дамуы және салалық басқармалардың алдына қойған міндеттерін іске асыру барысы бойынша туралы ақпарат беріледі.

2018 жылдын басынан бастап Мемлекет басшысының жыл сайынғы Жолдауларын, Ұлт Жоспары - 100 нақты қадам, ҚР Президентінің 5 әлеуметтік бастамаларды, «Рухани жаңғыру» бағдарламасы және мемлекеттік саясаттың ең өзекті мәселелері бойынша негізгі ережелерін түсіндіру, сондай-ақ, өңірлік аспектіні ескере отырып, әлеуметтік-экономикалық даму бойынша облыстық басқармалар басшыларының, облыс қалалары мен аудандары әкімдерінің қатысуымен барлығы 55 баспасөз-конференция өткізілді.

Облыстық «ALTAI» телеарнасының «Тікелей эфир» бағдарламасы шеңберінде облыстық департаменттер, басқармалар басшыларының, қалалар мен аудандар әкімдерінің қатысуымен 32 телебағдарлама өтті.

ШҚО ақпараттық орталығымен өзекті мәселелер бойынша топиктер күнделікті дайындалып, баспа және электрондық БАҚ-тарға жіберіледі.

Ақпараттық-түсіндіру іс-шараларына қатысу үшін мемлекеттік органдардың өкілдері, аудандық мәслихат депутаттары, қоғамдық пікір көшбасшылары, жастар ұйымдарының өкілдері, этномәдени бірлестіктер тартылады.

Ағымдағы жылдың маусым айында Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары Н.Сабильянов, Е. Барлыбаев, С. Дюсембинов, В. Косарев, И. Унжакова сайлаушылармен кездесті. Кездесулер Өскемен, Семей қалаларында сондай-ақ, Зайсан, Көкпекті, Жарма, Ұлан, Тарбағатай, Аягөз аудандарында өтті. Кездесулер аудан орталықтарында, шалғай елді мекендерде, кәсіпорындар мен мекемелердегі мақсатты топтармен өткізілді.

Облыс қалалары мен аудандарында құрамына 3453 адам кіретін 458 ақпараттық-насихаттау топтары жұмыс істейді. Ағымдағы жылдың есепті кезеңінде ақпараттық топтармен 358 550 астам адамның қатысуымен 2911 кездесу өткізілді.

Кездесулер білім беру мекемелері мен денсаулық сақтау қызметкерлері, жастар, шаруа қожалықтарының басшылары, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, ҮЕҰ, шалғай ауылдар тұрғындары, аудандық және қалалық мәслихаттардың депутаттары, зейнеткерлер, мемлекеттік қызметшілер, партиялар және т. б. өкілдерінің қатысуымен өтті.

Өңірдің әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси мәселелерін шешу бойынша мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың қабылдайтын шараларына халықтың оң пікірін қалыптастыру бойынша ақпараттық-түсіндірме жұмысын іске асыру кезінде ешбір мәселе туындаған жоқ.

Осы бағыттағы жұмыс жалғасуда және тұрақты бақылауда.



(Ақпарат 2018 жылдың 27 шілдесінде № 9/15969 Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне жолданды).

23.

Жұмысты нақты нәтижеге назар аударуды, бизнес-процестерді жақсарту және регламенттер мен рәсімдерді жеңілдетуді, есептілік пен қағаз жұмысты төмендетуді, басқару деңгейлері мен халықпен өзара әрекет ету арасындағы коммуникацияларды жақсартуды және басқа шараларды көздейтін меморгандардың жұмысын жетілдіру бойынша ұсынымдарды жасау

БҚК ұсынымдар

2018ж. тамыз

ҰЭМ, МҚІСҚА, ОМО және облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері

Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын мониторингілеу барысында аумақтық деңгейде сапалы қызмет көрсетуге әсер ететін бірқатар проблемалар анықталды.

1. Бүгінгі таңда Бірыңғай стандарт-бірыңғай регламент қағидасы бойынша мемлекеттік органдарда регламенттің бірыңғай нысаны жоқ.

НҚА (Кодекс, Заң-Тізілім-Стандарттар, Ережелер, Нұсқаулықтар-регламенттер) коллизиялар мен кемшіліктер қызмет алушылардың заңды мүдделері мен құқықтарының бұзылуына келтіреді, сонымен қатар қызмет алушыларға өз міндеттерін тиісті түрде орындауға кедергі жасайды.

Осыған байланысты бірыңғай нормативтік құжатты бекіту бойынша ұсыныс жасаймыз.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесстерінде қатысатын ақпараттық жүйелердің шала жұмысы, ВАЖ және МДБ бірлеспеуі.

Ақпараттық жүйелерін біріктіру бойынша 12 қызметте проблемалар анықталды.

Қызмет берушілер жүейлерде жұмыс істеуге дайын, алайда автоматтандырылмаған процесстер мемлекеттік қызметтердің сапасына әсер етеді, ол қызметтерді қағаз түрінде көрсетуге келтіреді.

Осыған байланысты, ақпараттық жүйелерді «электрондық үкімет» веб-порталымен біріктіру бойынша тапсырма беру қажет.

3. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттігіне ішкі бақылау барысында ұсынылатын тоқсан сайынғы есептік деректерді енгізу рәсімін жеңілдету үшін 2017 жылдан бастап Шығыс Қазақстан облысында «Облыс әкімінің ахуалдық орталығы» ақпараттық жүйесі құрылып, жұмыс істейді. «Мемлекеттік қызмет сапасын бағалау» құрылған модулі енгізілген деректердің нәтижелері бойынша автоматты түрде есепті қалыптастырады. Есеп Excel форматында шығарылады.

Осыған байланысты, есептік деректерді автоматты түрде ұсыну мүмкіндігін республикалық деңгейде қарастыру бойынша ұсыныс енгіземіз.



(Ұсыныс 2018 жылдың 27 шілдесінде № 11/16033 ҚР Ұлттық экономика министрлігіне жолданды).

1.07. «Шенеуніктердің шешімдеріндегі фаворитизм» индикаторы (ОМО)

Ағымдағы көрсеткіш – 70 орын (бұрынғы - 55 орын)

34.

Мемлекеттік органдармен қабылданған жемқорлыққа қарсы стандарттарды жетілдіру және тиімділігін арттыру бойынша шаралар қабылдау

БҚК-ға ақпарат

2018ж. қыркүйек

МҚІСҚА, ОМО, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабына сәйкес, облыс әкімінің 2017 жылға 30 мамырдағы № 54-ө өкімі бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттар бекітілген және жұмыста пайдалану үшін облыс әкімдігінің барлық құрылымдық бөлімшелеріне, оның ішінде аудандар мен қалалардың әкімдіктеріне жіберілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттарды сақтау облыс әкімдігінің тұрақты бақылауында тұр.

Ақпарат Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне 2018 жылғы 5 қыркүйектегі № 6/18496 хатпен жолданды.

(Ақпарат 2018 жылдың 5 қыркүйегінде № 6/18496 Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне жолданды).


1.08. «Мемлекеттік  шығыстардағы ысырапшылдық» индикаторы (ҚМ)

Ағымдағы көрсеткіш – 65 орын (бұрынғы - 41 орын)

36.

Меморгандар мен квазимемлекеттік сектор ұйымдарының жұмысына ашықтық қағидаттарын енгізу:

1) меморгандармен интернет-порталда «Ашық бюджеттерді», сондай-ақ «Қоғамдық кеңестер туралы» Заңға сәйкес бюджеттік бағдарламалардың жобалары мен бюджеттік бағдарламаларды іске асыру туралы есептерді көпшілікпен талқылау

3) жергілікті бюджеттің шығыстарын жариялау бойынша өңірлер жұмысын күшейту, облыс/қала/елді мекен халқы арасында жергілікті бюджеттерді талқылау тетігін енгізу оң қоғамдық пікірді қалыптастыру мақсатында жетекшілік жасалатын бюджеттер тақырыптарына жауапты тұлғалардың БАҚ-та сөз сөйлеуі мен сұхбаттарын қамтамасыз ету

5) ресми веб-сайттарда мемлекеттік органдардың/өңірлердің іске асырылатын инвестициялық жобаларының тізбесін орналастыру


БҚК ақпарат

Қаржыминіне ақпарат

Қаржыминіне ақпарат

Қаржыминіне ақпарат

2018ж. сәуір-қазан

Тоқсан сайын

Тоқсан сайын




Қаржымині

Қаржымині, ОМО, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері

ОМО

Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері



ОМО, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері

1, 3) Шығыс Қазақстан облысы ашық есеп беруді және бюджеттендіруді қамтамасыз ету бойынша жүйелі жұмыс жүргізеді.

«Ашық НҚА» электрондық үкіметтің интернет-порталында және Экономика және бюджеттік жоспарлау басқарманың интернет-ресурсында мәслихаттың облыстық бюджетті бекіту және нақтылау кезінде шешімдерінің жобалары орналастырылады.

Облыс әкімінің сайтында бюджетiнiң атқарылуы туралы есеп, Экономика және бюджеттік жоспарлау басқарманың интернет-ресурсында бейімделген пішімдерді және көпшілікке пайдалануға түсінікті тілді қолданумен жергілікті бюджеттің қалыптастыру мен орындалуының негізгі ержелерін қозғайтын Азаматтық бюджет орналастырылады.

«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі № 480-V ҚРЗ Заңының 20-бабының негізінде басқарма бекітілген және нақтыланған облыстық бюджеттің жобасын Қоғамдық кеңестің отырысында қарастурыға енгізеді.

Ашық бюджеттер интернет-порталында Бюджеттік есептілікті, шоғырландырылған қаржылық есептілікті, мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау нәтижелерін орналастыру, сондай-ақ бюджеттік бағдарламалардың жобаларын және бюджеттік бағдарламаларды көпшілік талқылау үшін өткен қаржылық жыл бойынша бюджеттік бағдарламаларды іске асыру туралы есептер Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 30 желтоқсандағы № 1271 бұйрығымен бекітілген Ашық бюджеттер интернет-порталында ақпарат орналастыру қағидаларына сәйкес орналастырады.

5) Кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының веб-сайтында www.upiir.vko.gov.kz Инвестициялар бөлімінде іске асырылатын инвестициялық жобалардың тізбесі орналастырылған. Ақпарат тұрақты негізде тоқсан сайын жаңартылып отырады.



1.12. «Мемлекеттік секторда шешімдер қабылдаудың ашықтығы» индикаторы (АКМ, ОМО және облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері)

Ағымдағы көрсеткіш – 40 орын (бұрынғы - 29 орын)

44.

Үкіметте, ОМО және ЖАО өткізілетін мәжілістер мен талқылаулар туралы, сондай-ақ қабылданатын шешімдер туралы егжей-тегжейлі және толық ақпаратты БАҚ-та орналастыру тәжірибесін енгізу

АКМ ақпарат


Тоқсан сайын




ОМО, облыстардың, Астана және Алматы қ.қ. әкімдіктері

Бұқаралық ақпарат құралдарында Үкіметте, орталық мемлекеттік органдар және ЖАО өткізілетін мәжілістер мен талқылаулар туралы ақпарат үнемі жарияланады.

«Устинка плюс» газетінде «Инклюзив и эксклюзив» мақаласы жарияланды, «Мой край» газетінде - «Электронные визы».

«SEMEI'» телеарнасында «В Астане под председательством Главы государства прошло 31 пленарное заседание совета зарубежных инвесторов» тақырыбы бойынша жаңалықтар көрсетілді.

«ALTAI'» телеарнасында «В Алматинской области состоялось выездное заседание комитета по финансам и бюджету», «В Астане состоялось заседание Правительства РК по подготовке к отопительному сезону» тақырыптар бойынша жаңалықтар көрсетілді.



47.

ЖАО ресми сайттарында жер учаскелерін беру бойынша шешімдерді жариялауды қамтамасыз ету

АШМ ақпарат

Тоқсан сайын


Облыстар, Астана және Алматы қ.қ. әкімдіктері,

Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2018 жылдың қаңтар-қыркүйек айлары аралығында жер учаскелерін беру бойынша шешімдерді облыс әкімінің ресми сайтында www.akimvko.gov.kz орналастырылғанын хабарлаймыз.

1.13. «Терроризм қаупінің салдарынан болатын бизнес шығасылары» индикаторы

Ағымдағы көрсеткіш – 44 орын (бұрынғы -48 орын)

49.

Терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі мемлекеттік шараларды оң қабылдауға, сондай-ақ терроризмге ұшыраған объектілердің антитеррорлық қорғанысын қамтамасыз етуге бағытталған бизнес-қоғамдастықпен мақсатты ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыру. Ақпараттық қолдау көрсету үшін бұқаралық ақпарат құралдарын тарту

ҰҚК ақпарат

2018 – 2019 жж.

сәуір-қазан




ҰҚК, ІІМ, облыстардың, Астана және Алматы қ.қ. әкімдіктері, 

«Атамекен» ҰКП (келісім бойынша)



Облыста құзыретті мемлекеттік органдармен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі мемлекеттік шараларды оң қабылдау мақсатында, сондай-ақ терроризмге ұшыраған объектілердің терроризмге қарсы қорғанысын қамтамасыз етуге бағытталған бизнес-қоғамдастықпен бірлесіп, мақсатты ақпараттық-түсіндіру, оның ішінде терроризмге ұшыраған объектілердің иелерімен жұмыстар ұйымдастырылған.

1.14. «Қылмыс және зорлық-зомбылық салдарынан болатын бизнес шығасылары» индикаторы (ІІМ)

Ағымдағы көрсеткіш – 38 орын (бұрынғы - 40 орын)

1.15. «Ұйымдасқан қылмыс» индикаторы (ІІМ, ҰҚК, Қаржымині, МҚІСҚА)

Ағымдағы көрсеткіш – 63 орын (бұрынғы - 53 орын) (проблемалық индикатор)

1.16. «Полиция қызметінің сенімділігі» индикаторы (ІІМ)

Ағымдағы көрсеткіш – 87 орын (бұрынғы -85 орын)

50

Азаматтардың полиция қызметіне сенімін арттыру бойынша іс-шараларды іске асыруды қамтамасыз ету:

  1. 1) Бейнебақылау жүйелері желілерін, құқық бұзушылықтарды фото және бейне тіркеуді дамытуды және кеңейтуді, сондай-ақ жол-патрульдік полиция бөлімшелерін портативті бейнетіркегіштермен жабдықтауды қамтамасыз ету

2) Халықты және қоғамдық құрылымдарды қоғамдық тәртіпті сақтауға, сондай-ақ қоғамда құқық бұзушылықтарға «мүлде төзбеу» қағидатын қалыптастыруға тарту бойынша жұмысты жандандыру



БҚК-ға ақпарат

ИДМ ақпарат

ИДМ ақпарат


2018 – 2019 жж.

сәуір-қазан


Жарты жылда 1 рет

Жарты жылда 1 рет





ІІМ

Облыстардың, Астана және Алматы қ.қ. әкімдіктері, 

Облыстар, Астана және Алматы қ.қ. әкімдіктері


1) ШҚО Ішкі істер департаментінің ақпараты бойынша облыс аумағында ІІО-ның 202 бейнебақылау камералары орнатылған, оның ішінде Өскемен қ. – 97, Семей қ. – 45, Риддер қ. – 17, Зырян қ. – 17, Аягөз қ. – 16 және Шемонаиха қ. – 10. Қазіргі уақытта Шығыс Қазақстан облысында «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасын іске асыру шеңберінде «Цифрлық Шығыс» жобасы енгізілуде.

Осы мақсатта және Жол қозғалысы ережелерін бұзушылықтарды автоматты тіркеу жүйелерінің желісін кеңейту үшін, Өскемен қаласында жергілікті атқарушы органдармен мемлекеттік-жеке меншік әріптестік шеңберінде жалпы бейнебақылау жүйелерін дамыту және жол қозғалысы қауіпсіздігі бақылайтын «Қауіпсіз ақылды қала» жобасы қаралуда .

ШҚО ІІД-мен «Көркем Телеком» ЖШС ұсынған «Сергек» аппараттық-бағдарламалық кешені (ШҚО әкімдігіне 2018 жылғы 8 ақпандағы шығ.№30-7-146/565 хатпен техникалық қорытынды жіберілді) жабдықтарының техникалық және технологиялық мүмкіндіктеріне сараптама жүргізілді, сондай-ақ Өскемен қаласындағы криминогендік ахуалға талдау жасалынды.

Талдау нәтижелері бойынша 1700 сыртқы бейнебақылау камераларын орнатуды қажет ететін 250 орын анықталды, оған көп пәтерлі үйлердің аулалары, вокзалдар (теміржол, авто, әуе), алаңдар, діни ғұрып жіберу орындары, ойын-сауық орындары және террористік тұрғыдан осал басқа да орындар, сондай-ақ көпшілік келетін орындар кіреді.

Сондай-ақ, ЖҚЕ бұзушылықтарын тіркеу жүйелерін орнату үшін 159 орын анықталды:

- реттелетін қиылыстарда – 74;

- желілі учаскелерде (аралықтар) – 85.

Сонымен қатар, жоба «Сергек» жүйесіне 1000 қолданыстағы жалпы бейнебақылау камераларын біріктіруді қамтиды.

Жобаны іске асыру мерзімі – 5 жыл.

Жол-патрульдік полиция қызметкерлері 100% портативтік бейнетіркегіштермен қамтамасыз етілген.

2) Облыста 506 қоғамдық құрылым жұмыс істейді, оның құрамына 3000 адам: 129 Сарбаз жасақтары, 25 студенттер жасақтары, 236 қоғамдық кеңестер, 116 ЕХЖ және өзге де 46 құрылым енеді. Осы құрылымдардың қатысуымен 76 қылмыс ашылды, 1080 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды.

Қоғамдағы құқық бұзушылықтарға «мүлде төзбеу» қағидатын қалыптастыру мақсатында, барлығы 165 мың әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Жүргізілген талдау көрсеткендей, азаматтардың қоғамдық тәртіпті бұзуы 10% - ға (5554-тен 5003 дейін), қоғамдық жерде спирттік ішімдіктер ішуі 18% - ға (14254-тен 11579 дейін), белгіленген орыннан тыс жерде темекі бұйымдарын пайдалануы 7% - ға (2915-тен 2739 дейін) азайған.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет