Іс єрекет баѓыттары жєне маќсатты н±сќама



жүктеу 61.49 Kb.
Дата21.04.2019
өлшемі61.49 Kb.

Іс әрекет бағыттары және мақсатты нұсқама.

Тәрбие


Дәстүр

  • қазақ халқының ұлттық дәстүрлері мен білімінің деңгейіне қол жеткізу.



Ұлттық дәстүрлерге қосылу

  • халықтың салт пен дәстүрі негізінде тәрбиелеу.

  • Дәстүрді білесің бе? (қыз ұзату, құда түсу, той, шілдехана, бесікке салу, тұсау кесу, байғазы беру).

  • Қазақ халқының тұрмыс - салты (үй - жайы, туыстық қатынасы, киім - кешек, неке және мұрагерлері).

  • Айт, наурыз - халық мейрамдары

  • Бесік жыры - тәрбие басы

  • Халық дәстүрлерінің тәлімі - арнайы сабақтар өту.



Қызметтік міндет.

  • Всеобуч қорынан материалдық көмектер ұйымдастыру.

  • Азаматтық қорғаныс, төтенше жағдайлар штатының жұмысын ұйымдастыру.

  • Сынып жетекшілер секциясының жұмысын ұйымдастыру

  • Тәрбие жұмысын ұйымдастыру



Мұғалімдерге негізгі кәсіби қиыншылықтар (тәрбиеде)

  • Оқушылардың өзін - өзі тәрбиелеуін ұйымдастыруда

  • Ата - аналар арқылы ықпал ету мен оқушылармен бірлесе ұйымдастыратын жұмыстарда

  • Тәрбие жұмысын жоспарлауда

  • Кластан тыс жұмыстарды ұйымдастыруда

  • Тәрбие жұмыстарының әртүрлі формалары мен әдістерінен

  • Оқушылардың қоғамдық қозғалыстарының жұмыстарына көмектесуде

  • Оқушыларды кәсіпке бағдарлау жұмыстарында.



  • Мектептің алдында тұрған проблемалар (тәрбиеде) жанұя

  • Толық емес жанұялар

  • Бос уақытты өткізуге, әсіресе кітап оқуға жанұялық дәстүрдің болмауы, қызығушылықтың төмендегі

  • Мектеппен бірлесіп әрекет жасаудың қажеттілігін түсінбеушілік.



Балалар ұжымы

  • Мектепте балалардың жас ерекшеліктеріне сай қызғылықты істердің болмауы

Сыртқы, мектептен тыс әлеуметтік емес факторлар ықпалының анағұрлым елеулі болуы.

Балалардың

  • Жанына жақын істерді таңдау мүмкіндігінің

  • Классикалық әдебиеттер мен өнерден белсенді түрде бас тартушылық

  • Тұтынушылық мәдениетке тездеп енушілік және қиыншылықы жеңуге деген қажеттіліктің төмендеуі.



******************************************************************************

Тәрбие - тұлғаны қалыптастыруға мақсатты бағытталған үрдіс. Бұл тәрбиенушілер мен тәрбиешілердің тәрбие мақсатына жетуге бағытталған арнайы ұйымдастырылған, басқарылатын және бақыланатын өзара әрекеті. №181 орта мектептегі 2005 - 2006 оқу жылында жүргізілген тәрбие жұмысының өзіндік ерекшелігі:

  • Мақсатты бағытталғандық

  • Көпфакторлық

  • Нәтиженің алыстығы

  • Динамикалық

  • Ұзақтығы

  • Үздіксіздігі

  • Вариативтілігі

Тәрбиенің негізгі қызметі: мәдениетті сақтау және жалғастыру, тұлғаны әлеуметтендіру, тұлғаның шығармашылық қабілетін дамыту, баланы қорғау болып табылады. Тәрбиенің мақсаты: тәрбиелік күш

қуатқа ие болатын өзара әрекетті ұйымдастыру, тұлғаның эмоциналдық - еріктік, интеллектуальдық адамгершілік аясының дамуына бағыттау.

№181 орта мектептің тәрбиелік жүйесі келесі құрылымнан тұрады.


Мекетtптегі тәрбиелік жүйе



Оқыту үрдісіндегі тәрбие

Мектеп ұжымындағы қарым - қатынас

Сабақтан тыс тәрбие

Сыныптан тыс тәрбие

Мекетптен тыс тәрбие

Ата - аналармен жұмыс

Бұл тәрбиелік жүйе бойынша өзара байланыс жағдайында қызмет етіледі. Тәрбиелік негізгі құрылымдарынан тұратын және ұжым өмірінің келбеті, оның психологиялық ахуалы ретінде кіріктірілген сипаттарға ие тұтас әлеуметтік жүйе.



Мекетtптің педагогикалық жүйесі.

Мектеп игерген орта

Қоғам

Мұндағы:

1 - дидактикалық ішкі жүйе

2 - тәрбиелік ішкі жүйе

3 - "қарым-қатынас" ішкі жүйесі


мектептің тәрбиелік жүйесінің негізгі қызметтері: кіріктіруші, реттеуші, дамытушы. Реттеуші қызметі педагогикалық процестерді реттеуге, оларды басқаруға бағытталды, ал кіріктіруші қызметі стихиялық сипаттағы, келісілмеген тәрбиелік ықпалдарды бір тұтас етіп біріктіруге қол жеткізеді. Дамытушы қызметі дамуында, жаңаруында, жетілдіруіндегі жүйе динамикасын қамтамасыз етті. Мектептегі бұл жүйе ең алдымен педагогикалық ұжым ойластырған, қабылдаған мақсаттар блогын қамтыды. Мақсаттар жүйенің сипатын анықтады. Тәрбие жүйесін басқару, дамыту, қалыптастыру теориясы бұл жүйенің ұтымды екеніне көз жеткізді. Біріншіден, жүйелі амалды пайдаланғанды тәрбиелік әрекет субъектілерінің ықпалының кіріктірілуі, педагогикалық процесс құрауыштарының өзара байланысы бекейді. Бұл маңызды, себебі, оқушы тұлғасының толық дамуын тек тұтас тәрбиелік прорцесс қана қамтамасыз ете алады. Екіншіден, мектеп ұжымы игерген әлеуметтік және табиғи ортаны қамтыған тәрбиелік жүйе құру, тұлғаға деген тәрбиелік ықпал мүмкіндігінің ауқымын кеңейтті. Үшіншіден, тәрбиелік жүйе құру әр жақты дамыған толық қанды тұлға тәрбиелеуде педагогикалық ұжымның күшін және уақытын үнемдеді. Әрекет пен қарым қатынасты құру тұлғаға ықпал ететін барлық дәстүрлік амалдардың тиімділігін арттырып, шығын аз талап етілді, өйткені жаңа жағдайда немесе үйренбеген қалыпта жұмыс істегеннен гөрі дәстүрлі амалмен әрекет ету жеңілдеу болды. Сондықтан жүйе құру барысында белгілі бір дәстүрлердің қалыптасуына жете мән беру керек. Төртіншіден, тәрбиелік жүйеде оқушы, мұғалім, ата - ана тұлғасы өзін - өзі асырау және өзіне - өзі сенім артуы үшін арнайы жағдай туғызылады әрі моделденді. Бұл олардың ығармашылық, жеке бастық қабілеттерінің анықталуына жеке өсуіне зор ықпал етті. Сондай ақ ұжымда гуманистік, іскерлік қарым - қатынастар орнауына жол ашты.педагогикалық жүйені және мектептің тәрбиелік жүйесін өзгерту, жетілдіру бірден - бір шарты ретінде ұжыммен бірге қабылдаған мектептің даму тұжырымдамасы болып есептеледі.

Тәрбие мазмұны - болашақ идеологиялық негізге тәрбиелеу, оның адамгершілік сапалары мен әлеуметтік бағдары қандай болмақ деген сұрақтарға жауап беру, оның жолдары мен әдіс - тәсілдерін көрсесту. Тұлғаның білімі, сенімі, дағды, көзқарас сапасы, қасиеттірі, мінез - құлқының орнықты әдеттерінің жүйесін тәрбие мазмұны деп түсінеміз. Мазмұнның негізгі элементтері - тәрбиеленуші өмірдегі басты үш нәрсе: азамат, қызметкер, отбасы иесі болуға дайындау. Тәрбие мазмұнының тағы бір орта белгісі - бұл бала тұлғасына бағытталған.



Тәрбие мазмұнының моделдері:

1 - модель. Тәрбие мазмұнының негізі - оқушы тұлғасының субъектілік тәжірибесі.

2 - модель. Тәрбие мазмұнының негізі - жалпы азаматтық құндылықтар.

3 - модель. Тәрбие мазмұнының негізі - мектеп өмірін жариялылық сипатта құру.

4 - модель. Тәрбие мазмұнының негізі - "әлемге деген қатынас"

5 - модель. Тәрбие мазмұнының негізгі - тұлғаның бағытты болу қабілетін дамыту.

6 - модель. Тәрбие мазмұнының негізгі - оқушының әлеуметтік салада өзін іске асыруына жағадай туғызу.

7 - модель. Тәрбие мазмұнының негізгі - өз дамуын сапалы басқару.

8 - модель. Тәрбие мазмұнының негізі - оқушыларды шығармашылық және ынтымақтастық үрдіс барысында дамыту.

Мектепте жүргізілген тәрбие жұмыстарының негізгі бағыттары:

Экономикалық тәрбие, экологиялық тәрбие, азаматтық тәрбие, адамгершілік тәрбие, эстетикалық тәрбие, ақыл - ой тәрбиесі, дене тәрбиесі.



Тәрбие жұмысында жіберілген кемшіліктер төмендегі себептерге тәуелді деп айтуға болады.

Біріншіден, тәрбие мәселесіне жеткілікті мән берілу салдарынан, оның білім беру ісіне алшақтауына, яғни әрбір сабақ тәрбиелік деңгейде болуы керек деген педагогика қағидасының тек сөз жүзінде ғана қалуына байланысты туындады.

Екіншіден, мұғалімдердің дайындық деңгейінің төмендегі және қазіргі заман талаптарына сәйкессіздігі. Мысалы, кез келген пән иесі тәрбие теориясы мен әдістемесінен қабардар емес. Соған қарамастан сынып жетекшісі. Ал әр пәннің өзіндік тәрбиелік міндетін дұрыс жүзеге асыру пән иесіне тікелей байланысты екені айтпасада түсінікті.

Үшіншіден, тәрбие теориясы мен практикасымен арасындағы алшақтық және оның әдістемелік тұрғыдан қамтамасыз етілмеуі.



Төртіншіден, мектепте тәрбиенің педагогикалық әрекеті әр қырынан: мәдени құбылыс, педагогикалық ықпал, балалар әрекетін ұйымдастыру ынтымақтастық рертінде қарастыратын күрделі модель екеніне мән берілмеуі.

Бесіншіден, білім берудің әлеуметтік мақсаты мен тұлғаның әлеуметтік қырына жете мән берілмеушілік. Осындай кемшіліктердің орын алмауы үшін қазіргі кезеңгі тәрбие кең мағынада алғанда әлеуметтік, қоғамдық құбылыс, яғни барлық әлеуметтік қоршаған орта ықпалымен оқушы тұлғасын қалыптастыру үрдісі ретінде қарастыруды 2006 - 2007 оқу жылында мақсат етіп алынды. Тәрбие мен оқыту мазмұны қызметтің өзіндік түрлерін және баланың даму бағытын, оның кейінгі өмірге биімделуін қамтамасыз етуін басты міндет етіп отырмыз.

Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет