Қысқа мерзімді жоспар



жүктеу 107.8 Kb.
Дата04.12.2018
өлшемі107.8 Kb.

Қысқа мерзімді жоспар





Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы:

5.1Жай бөлшектер

Мектеп: Аққала орта мектебі

Күні:16․06

Мұғалімнің аты-жөні:Сағызбаева Роза

Дүйсенғалықызы

Сынып: 5

Қатысқандар:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Аралас сандар







Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

5.1.1.11 Аралас сан анықтамасын білу.

5.1.2..13 Бұрыс бөлшекті аралас санға және аралас санды бұрыс бөлшекке айналдыру.



Сабақтың мақсаты

Барлық оқушылар орындай алады:

1)оқушылар аралас санның анықтамасын біледі.

2)бұрыс бөлшекті аралас санға айналдыру ережесін біледі және қолдана алады.

3)аралас санды бұрыс бөлшекке айналдыру ережесін біледі және қолдана алады.



Оқушылардың копшілігі орындай алады: аралас сан мен бұрыс бөлшектерге байланысты берілген есептердің барлық түрлерін орындайды.

Кейбір оқушылар орындай алады: қиынырақ есептерді тиімді әдістермен шығара біледі.

Бағалау критерийі

Дағдылар

Бағалау критерийлері

Білу,

Түсіну


Аралас санның анықтамасын біледі;

Бұрыс бөлшекті аралас санға айналдыру және аралас санды бұрыс бөлшекке айналдыру ережесін біледі;



Қолдану

Аралас санды бұрыс бөлшекке, бұрыс бөлшекті аралас санға айналдыру ережесін есептер шығаруда қолданады.

Тілдік мақсаттар


Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер:

Алым,бөлім,бүтін бөлік,бөлшек бөлік, аралас сан;



Диалогтар мен жазу үшін қолданылатын тіркестер және сұраулар:

- бүтін бөліктен және …

-аралас санды бұрыс болшекке қалай айналдырамыз‽

-бұрыс бөлшекті аралас санға қалай айналдырамыз‽



Құндылықтарға баулу


-шығармашылық және сын тұрғысынан ойлауға;

-өзгелердің көзқарасына құрметпен қарауға;

-жауапкершілікке баулу.


Пәнаралық байланыс

Жаратылыстану және әдебиеті пәні арқылы оқушының бойында сөйлеу мәдениетін қалыптастыру.

АКТ қолдану дағдылары

Интербелсенді тақта, презентация

Алдыңғы білім


Бөлшектерді салыстыру,дұрыс бөлшек,бұрыс бөлшек

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері


Ресурстар

Сабақтың басы
4 минут

1․Ұйымдастыру:

Оқушылармен амандасу,түгендеу.Ширату жаттығулары арқылы «Бірін-бірі мадақтау» тренинг арқылы жағымды ахуал туғызу .Қатысушылар шеңбер құрып тұрады Қасындағы көршісіне оның жақсы қасиетін айтады.(Мысалы«сіз өте ақылдысыз, мейірімдісіз») .



Оқушыларды аралас топқа бөлу:

Мақсат:оқушылардың белсенділігін арттыру үшін,

«Қағаз қиындылары»әдісімен 3түрлі сурет алып топ кұрамындағы оқушылардың санына қарай бөліктерге қиып, араластырып, оқушыларға таратып беремін.Оқушылар қиықтардан бүтін құрап,сол бойынша топқа бөлінеді

Үй тапсырмасын интерактивті тақта арқылы оқушы қатесін тауып, өзін-өзі тексереді.

2․ «Ой қозғау» стратегиясы арқылы оқушылардың өтілген тақырыпты қаншалықты меңгергендігін анықтау мақсатында кайталау сұрақтарын бердім.

1)Үлес дегеніміз не?

2)Жай бөлшектің алымы мен бөлімі

3)Қандай бөлшектер бірлік бөлшектер деп аталады?

4)Қандай бөлшек дұрыс бөлшек деп аталады?

5)қандай бөлшек бұрыс бөлшек деп аталады?

6)бөлшектің негізгі қасиеті қандай?

қалыптастырушы бағалау: әр сұрақтың жауабын мадақтау арқылы ауызша бағалап отырдым.


Түрлі суреттер



Сабақтың ортасы

10 минут

10 минут

1минут
15 минут

3․Жаңа сабақ

Оқушыларды сыни тұрғыдан ойландыра отырып, өз ойын дәлелдей алу мақсатында, диалогтық әдіспен жаңа тақырыптың мазмұнын ашуға бағыттаймын.Әр топтың алдына бүтін және бөлік алмалардан қойып, сұрақ қоя отырып, алдымыздағы алмалар аралас екенін,яғни олардың саны аралас сан екенін түсінеді.

Оқылым арқылы «Кластер»әдісін қолдана отырып топтық жұмыспен жаңа сабақты әр топ берілген тапсырма бойынша қорғайды.

І топ


а)аралас сан дегеніміз не?

ә)мысал келтір.

ІІ топ

а)бұрыс бөлшекті аралас санға айналдыру,



ә)мысал келтір.

ІІІ топ


а)аралас санды бұрыс бөлшекке айналдыру,

ә) мысал келтір.



Дескриптор:

-тапсырма бойынша өз ойларын айтады;

-пікірлесе отырып,нақты шешімін анықтайды;

-тақырып бойынша мысалдың шығарылуын түсіндіре алады.



«басбармақ» әдісімен топтар бірін-бірі бағалайды.
4․«Ойлан, пікірлес» әдісі

(жеке,топтық жұмыс), деңгейлік тапсырма

Мақсат:оқушылардың жеке ойлау дағдыларын қалыптастырып ,нақты шешімін табуға дағдылау,білім деңгейлерін анықтау .

І деңгей

.Берілген санды бұрыс бөлшек түрінде жазыңдар:

3 , 5 , 4 , 2

Дескриптор:

- бүтін және бөлшек бөлігін ажыратады;

- аралас санды бұрыс бөлшек түріне айналдырады.

ІІ деңгей

Х-тің мәндерін тауып, дұрыс бөлшектермен немесе аралас сандармен жазыңдар:


8дм=х м ,1635кг=х т , 2мин=хсағ , 90мин=хсағ

Дескриптор:

-өлшем бірліктерді бірін-біріне айналдыруды біле отырып,айнымалының мәнін табады;

-дұрыс бөлшек немесе аралас сан арқылы жазады.

ІІІ деңгей

Алматы қаласындағы биік,құрылысы көркем етіп салынған ғимараттардың бірі-«Қазақстан» қонақ үйі. -«Қазақстан» қонақ үйі 25қабатты және оның биіктігі 102 м. Қонақ үйдің бір қабатының биіктігі қандай?Оны аралас санмен жазып көрсетіңдер.



Дескриптор:

  • есептің шартын дұрыс түсінеді:

  • бұрыс бөлшекті жазады:

  • оны аралас санға айналдырады.

Оқушылар дайын жауап арқылы бірін-бірі тексереді

Кері байланыс «Екі жұлдыз,бір тілек».
5․Сергіту сәті: Жауабы кімде?(жұмбақ шешу)

Математиканы ұқпас жанға,

Құбыжық болып көрінген.

Дұрыс,бұрыс,аралас,

ондық болып бөлінген
6․« Үш қадамды сұхбат» әдісімен берілген есептерді әуелі жеке шығарады.Содан соң 1-тапсырманың шығарылуын 1-оқушы 2-оқушыға айтып талдайды,3-оқушы тыңдап катесін ескереді.2-оқушы 3-оқушы айтып талдайды,1-оқушы тыңдап қатесін ескереді. Осылайша жалғасып талдап сұхбаттасады.

Мақсат: бірін бірі оқыта отырып білмегенін үйретеді.

1-тапсырма

а) берілген сандардың ішінен аралас сандарды таңдап жаз:


2) таңдалған аралас сандарды бүтін және бөлшек бөліктерінің қосындысы түрінде жаз.

Дескриптор:


  1. аралас сандарды таңдайды;

  2. сандарды бүтін және бөлшек бөліктерінің қосындысы түрінде жазады.

2- тапсырма



3-тапсырма


а) бөлшектерді аралас сан түрінде жаз:

:
Дескриптор :

  • бұрыс бөлшекті аралас сан түрінде жазады

ә) аралас санды бұрыс бөлшекке айналдыр:

15

Дескриптор :



  • аралас санды бұрыс бөлшек түрінде жазады.

Топ мүшелері бірін-бірі бағдаршам арқылы бағалайды.

Толық жауап берген оқушыға жасыл белгішені, жауабы толық емес оқушыға сары, жауап бере алмаған оқушыға қызыл белгішені көтереді.


А3 ,А4 қағазы

түрлі-түсті фломастерлер

Интеракт.

тақта

Үлестірме бетше


Интерак.

тақта


Сабақтың соңы

5минут


Сабақ қорытындыланып,үйге тапсырма беріледі.

7. Кері байланыс«Мұғалімге хат» әдісі оқушылар бүгінгі сабақ бойынша ұсыныстары мен пікірлерін, алган әсерлерін стикерге жазып, почта жәшігіне салады.



Стикер,жәшік

Саралау – Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз?

Бағалау – Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау




Оқушылардың тапсырмалар орындауда белсенділігін, қызы-ғушылығын ояту мақсатында топтарды« қағаз қиындылары »әдісімен бөлдім. Өткен тақырыпты қайталап, еске түсіру мақсатында « ой қозғау» стратегиясын қолдандым. Оқушылардың сыни ойлау дағдыларын қалыптастыру мақсатында« кластер» әдісін қолдандым. Оқушылардың деңгейін анықтау мақсатында «ойлан, пікірлес »әдісі бойынша деңгейлік тапсырмалар бердім. Тақырыпты дұрыс түсінбеген оқушыға басқа екі оқушының көмегімен білімін толықтырып, өздігінен қорытынды жасай алуға үйрету мақсатында« үш қадамды сұхбат» әдісін қолдандым. Сабақ соңында «мұғалімге хат» әдісі бойынша кері байланыс жасадым.

Сабақ барысында«ой қозғау» стратегиясы бойынша қайталау сұрақтарын беріп,мадақтау арқылы ауызша бағаладым.

Жаңа сабақты түсіну үшін «кластер» әдісімен топтық жұмыс ұйымдастырып,онда топтар бірін –бірі «басбар-мақ »әдісімен бағалады.

«Ойлан,пікірлес» әдісімен өткізген жеке,топтық жұмысты оқушылыр дайын жауап арқылы бірін-бірі тексеріп,«Екі жұлдыз,бір тілек »кері байланыс жасады.

«Үш қадамды сұхбат »әдісін қолданып өткізіл-ген тапсырманы топ мүшелері бірін- бірі бағдаршам арқылы бағалады.

«Мұғалімге хат» әдісімен әр оқушы сабақтың кері байланыс жасады.


Жарықтың жеткілікті болуы,сынып бөлмесінің талапқа сай дайындығы.

Сабақта АКТны қолдануда қауіпсіздік техникасын сақтау.



Оқушыларды белсен-ділігін арттыруда мақсатында ширату,сергіту сәтін откізу.


Сабақ бойынша рефлексия



Сабақ мақсатына жетті.Берілген тапсырманы оқушылар тиянақты орындап,оқу мақсаты ашылды.Тиімді кері байланыстар жүгізілді.



Жалпы бағалау

Сабақта ең жақсы өткен екі нәрсе (оқыту мен оқуға қатысты)?

1:
2:
Сабақтың бұдан да жақсы өтуіне не оң ықпал етер еді (оқыту мен оқуға қатысты)?

1:
2:
Осы сабақтың барысында мен сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/ қиыншылықтары туралы нені анықтадым, келесі сабақтарда не нәрсеге назар аудару қажет?


Каталог: wp-content -> uploads -> 2018
2018 -> Алтын күз Атырау облысы Атырау қаласы Махамбет ауданы Алға орта мектебінің Шағын орталық топ
2018 -> Ысқақова Айнұр Жанболатовқызы, СҚО, Ақжар ауданы, Айсары ауылы, «Айсары негізгі мектебі»
2018 -> Қуыршақты шомылдыру
2018 -> Жарманың өнімдерінің құрамында
2018 -> Мектеп: №46 жобб мектебі Мерзімі: 5. 01. 2018ж №7 Мұғалім Митанова г сынып «Г» Оқушылар саны 12 Тақырып
2018 -> Сабақ тақырыбы: «Дәнекерлеудің мәні қызметі және түрлері»


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет