Ішкі істер органдарының бөлімшелеріндегі моральдық-психологиялық ахуалдың жай-күйіне жыл сайынғы социологиялық мониторинг жүргізу



жүктеу 51.02 Kb.
Дата29.04.2019
өлшемі51.02 Kb.

Қазақстан Республикасы

Ішкі істер министрінің

2015 жылғы 29 желтоқсандағы

№ 1094 бұйрығымен

бекітілген
Ішкі істер органдарының бөлімшелеріндегі

моральдық-психологиялық ахуалдың жай-күйіне

жыл сайынғы социологиялық мониторинг жүргізу

қағидалары мен әдістемелері


  1. Жалпы ережелер

1. Осы Қағидалар «Қазақстан Республикасының құқық қорғау қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 06 қаңтардағы Заңы 54-1-бабының 1-тармағына сәйкес әзірленген және ішкі істер органдары бөлімшелеріндегі моральдық-психологиялық ахуалдың жай-күйіне жыл сайынғы социологиялық мониторинг жүргізудің тәртібі мен әдістемесін (бұдан әрі - Қағидалар).

2. Мониторинг мынадай мақсатта жүргізіледі:

1) ІІО қызметкерлері қызметінің тиімділігін арттыру;

2) ІІО қызметкерлерінің кәсіби және басқарушылық тәжірибесін тиімді пайдалану;

3) ІІО қызметкерлерінің басқарушылық құзыреттерін кәсіби дамыту және жетілдіру;

4) қызметкерлердің еңбек мотивациясын арттыру, қызметтік жұмысты ұйымдастыру, басқару процесін оңтайландыру, бөлімшелердің ұйымшылдығын арттыру;

5) проблемалық бөлімшелерді анықтау, қарым-қатынастар құрылымын анықтау;

6) ІІО бөлімшелеріндегі психологиялық ахуалды жақсарту жөніндегі іс-шараларды әзірлеу.

3. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі ұғымдар мен терминдер:

1) басқару стилі – басқару функцияларын тиімді және сапалы орындау мақсатында басшылықтың ұжымға әсер ету тәсілдерінің, әдістерінің, тұтас, салыстырмалы түрде тұрақты жүйесінің жеке-типтік ерекшеліктері;

2) кәсіби қызмет – еңбек түрі, оны саралау салдары. Кәсіби қызмет табысы оның операциялық, ұйымдастырушылық, психологиялық және моральдық жақтарын, сондай-ақ психологиялық тараптардың иелігін, сондай-ақ жинақталған кәсіби білімін игеруді және еңбек міндеттерін орындаудың оңтайлы тәсілдерін іске асыруға дайындығын көздейді;

3) қадағалау – табиғи жағдайларда зерттелінетін объектінің мінез-құлқын мақсатты және ұйымдастырушылық қабылдау мен тіркеуден тұратын сипаттау, психологиялық, зерттеу әдісі;

4) қанағаттанушылық – айналадағы шындықты, адамдарды, өмір салтын, жеке қатынастарды, жетістіктерді және адамдардың жеке мақсатына қол жеткізгеннен кейінгі эмоционалдық жай-күйін субъективті (оң) бағалау;

5) моральдық-психологиялық ахуал – тұлғааралық қатынастың сапалы жағы, жемісті бірлескен қызметке және жеке тұлғаның топта жан-жақты дамуына ықпал ететін немесе кедергі келтіретін психологиялық жағдайлар жиынтығы;

6) моральдық-психологиялық ахуал мониторингі – бұл ішкі істер органдары ұжымдарындағы әлеуметтік-психологиялық құбылыстарды анықтаудың, талдаудың және бағалаудың, оның ішінде өзара деструктивті қарым-қатынастарды болжау мен алдын алудың кешенді жүйесі;

7) сауалнама жүргізу – респонденттерден мәліметтерді жинау құралы ретінде арнайы ресімделген коммуникативті әдіс, онда сұрақтар тізімі - сауалнама қолданылады;

8) ұжым – бірлескен әлеуметтік-мақсатты қызмет процесінде дамудың жоғары деңгейіне қол жеткізген, ортақ мақсаттарымен және міндеттерімен бірлескен адамдар тобы.




  1. Ішкі істер органдарының бөлімшелеріндегі

моральдық-психологиялық ахуалдың жай-күйіне

жыл сайынғы социологиялық мониторинг жүргізудің тәртібі
4. Социологиялық мониторингті ішкі істер органдарының бөліністерінде күнтізбелік жылдың төртінші тоқсанында кадр бөлінісінің психологы жыл сайын, ерікті негізде, құпия түрде, зерттеуді жүргізудің тәртібін қатаң сақтай отырып, зерттелетін адамға зерттеудің мақсаты мен құпиялығын алдын ала түсіндіру арқылы, қызметкердің қалауы бойынша мемлекеттік және орыс тілдерінде, негізінен күннің бірінші жартысында өткізіледі, бұл ретте сауалнаманы өткізу ұзақтығы жиырма минуттан алпыс минутқа дейінгі уақытты құрайды.

Зерттеудің нәтижелерін оңтайлы бағалау үшін қызметкерлердің нақты санының кемінде 70% қатысуы қажет.

Социологиялық мониторингті ашу, өңдеу және талдау жасауды кадр бөлімшелерінің психологтары немесе уәкілетті тұлғалар жүргізеді.


  1. Ішкі істер органдарының бөлімшелеріндегі

моральдық-психологиялық ахуалдың жай-күйіне

жыл сайынғы социологиялық мониторинг жүргізудің әдістемесі
5. Мониторинг мынадай кезеңдерден тұрады:

  1. мониторингті дайындау мен ұйымдастыру;

  2. зерттеу міндеттерін қою және мәнін таңдау;

  3. ұйымдастырушылық жұмыс (жеке құрамды жинау);

  4. сауалнамаларды таңдау;

  5. зерттеу деректерін жинау;

  6. жиналған ақпараттың сапасын бақылау;

  7. алынған деректерді өңдеу. Алынған деректерді сандық және сапалық талдау;

  8. талдау және жалпылау. Теориялық түсіну. Анықтамалар мен ұсыныстарды дайындау.

6. Сауалнаманы жүргізу кезінде социологиялық мониторингті өткізу уақыты мен орны мониторинг жүргізілетін ішкі істер органы бөлімшелерінің басшысымен келісіледі.

7. Социологиялық мониторинг стандартталған әдістемелердің біреуін қолдана отырып қызметкерлерден жауап алу нысанында жүргізіледі.


8. Респондент өздігінен жауаптардың нұсқаларын оқиды, оның ішінен оның ұстанымына басқаларына қарағанда анағұрлым сәйкес келетінін таңдайды.


9. Мониторинг нәтиежелерін пайымдау қызметкердің оның қызметіндегі жағдайға:

1) әріптестеріне деген қарым-қатынасына;

2) еңбек қызметімен қанағаттануына;

3) басқару стиліне;

4) топтық нормалар мен жеке қабылдау және бағалау, өзара пікір алмасу негізіндегі құндылықтарға қатынасы мен субъективті пікірінің негізінде қалыптасады.

10. Жағымды ахуалдың негізгі өлшемшарттары:

1) кәсіби іс-әрекетке жоғары және ортадан жоғары қанағаттануы;

2) пікірлер үйлесімдігінің жоғары және ортадан жоғары деңгейі;

3) басшы мен қызметкердің жағымды қарым-қатынасы болып табылады.

11. Жағымсыз ахуалдың жанама өлшемшарттары:

1) мамандардың тұрақтамауы, кәсіби іс-әрекетіне деген құлшынысының өзгеруі, кәсіби бағаланбау (соның ішінде жеке жетістіктер редукциясы), кәсіби денсаулықтың төмендеуі, кәсіби жұмысымен қанағаттанудың төмен бағалануы, жұмыстағы дамудың болмауы, еңбектің қиын шарттары, еңбек ақының төмен деңгейі, әлеуметтік қорғаудың төмендігіне байланысты;

2) ұжымның қызметтік іс-әрекетінің тиімсіздігі, қызметкерлердің кәсіби дайындаудың төмен деңгейі, ұжымды басқарудағы авторитарлық стиль, орындаушылық тәртібінің төмен деңгейі;



3) қызметкерлердің толеранттылығының төмен деңгейі мен қақтығыстық жағдайлар болып табылады.

12. Толтырылған сауалнамаларды жинау арнайы контейнерлерде жүргізіледі. Контейнер кадр бөлімшесі басшылығының қатысуымен мөрленеді және ашылады, сауалнамалар саналады және бөлімшенің психологына өңделу үшін беріледі.


Каталог: portal -> page -> portal -> mvd -> mvd page -> mvd norm baza current -> mvd nb doc
mvd nb doc -> Ерікті өрт сөндірушілерді бастапқы даярлаудың оқу бағдарламасы
mvd nb doc -> Кейбір күші жойылған бұйрықтардың тізбесі
mvd nb doc -> № исх: 8-5-47/2450-И/вн от: 07. 12. 2015 Қазақстан Республикасы
mvd nb doc -> О функционировании массива
mvd nb doc -> Ұйымдардың қызметкерлері мен халықты өрт қауіпсіздігі шараларына
mvd nb doc -> Р/с Жобада көрсетілуі тиіс мәліметтердің тізбесі
mvd nb doc -> Қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесі мекемелерінің аумағында
mvd nb doc -> Қазақстан Республикасындағы бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және пробация қызметінің есебінде тұрған азаматтарды әлеуметтік оңалтудың кешенді стратегиясы Мазмұны
mvd nb doc -> Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінің iшкi тәртiптеме қағидалары Жалпы ережелер


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет