Ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің 2013 жылғы жұмыс қорытындысы



жүктеу 38.26 Kb.
Дата23.02.2018
өлшемі38.26 Kb.

Ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің 2013 жылғы жұмыс қорытындысы

Ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің 2013 жылға арналған жұмысы бөлімнің жұмыс жоспарына сәйкес, сонымен қатар, қоғамдық – саяси іс-шаралардың аудандық, жылдық жоспарларына сәйкес жүргізіледі, оның аясында ай сайын аудан аумағында қоғамдық-саяси, мәдени – көпшілік, спорттық іс-шаралар өткізілді.



Аудандық орталық кітапханадағы көпшілік іс-шаралар

Бесқарағай аудандық кітапхана жүйесіне қарасты  19 кітапхана, (18 ауылдық, бір аудандық кітапхана) үлкендер мен қатар балалар мен жасөспірімдерге де қызмет көрсетеді.


2013 жылғы  бақылау көрсеткіштері:
- оқырмандар саны- 7290  адам.
- интернет- сыныпты пайдаланушылар саны -  250 адам.
- аудан кітапханаларына келушілер саны  - 133065.
- кітап беру – 163018  дана.
- бұқаралық іс- шаралар саны  - 778, 10276  адамды қамтыды.
- Кітап қоры  - 158701 дананы құрайды.

2013 жылы мерзімді баспаларды сатып алуға бөлінген сома - 892 мың теңге. Аудан кітапханаларына барлығы газет, журналдардың - 1174 данасы жазылды. Қазақстандық баспалардың үлесі жалпы саннан  90 % құрады. Қазақстандық баспалардан мемлекеттік тілдегі баспалар  95%  құрады.

Қазіргі уақытта аудан кітапханаларында - 23 кітапханашы жұмыс істейді.

Аудандық орталық кітапханасында және Канонерка ауылдық кітапханасында кәсіпкерлікке қолдау көрсететін  Онлайн орталықтары ашылды. Интернет желісіне қосылып, 5 компьютер халыққа пайдалануға берілді. Орталықта тегін жаңа технологияны меңгеру курстары өтті.

Кітапхана қызметкерлері жүргізген іс-шаралар қазақстандық патриотизмге тәрбиелеуге, салауатты өмір салтын насихаттауға, экологиялық, ұлттық, өнегелік мәдениетке, нашақорлықпен күреске және есірткіқұмарлықтың алдын алуға бағытталған.

Қызметтің басымды бағыты Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауындағы қойған тапсырмалары және отбасылық оқуды көпшілікке таратуға бағытталғаны болып табылады.

Кітапхана мектептер, музей, достық үйі, «Қазақстан жолы» тәрбие білім орталығымен тығыз байланыста. Кітапханаларда Елбасы Жолдауы, тәуелсіздік, тілдер мерекесі, Тұңғыш Президент күні, Астана, Наурыз мерекесі, өлкетану бағыттағы тағы басқа жылдың басты оқиғаларына орай мәдени іс-шаралар өткізілді.

«Халыққа арнау – 2050»  дөңгелек үстелдер, «Президент бағдарламасы - болашаққа бағдаршам» тақырыбында ақпарат сағаттар,  «Президент Жолдауы – болашақ бастауы» атты кітап көрмесі, стенд ұйымдастырылды. «Елін сүйген, елі сүйген Елбасы» атты ашық кітап көрмесі, «Болашаққа Президентпен» флеш моб, «Көк тудың желбірегені - Елбасының ерен еңбегі» тарихи сағат өткізілді. «Желтоқсан жаңғырығы» тарихи сабақ , «Тылдағы ерен еңбек» кездесу кеші,  «Әлем таныған ақын- Ф.Онғарсынова» поэзия кеші, «Жақсы кітап - жан азығы» атты  ашық кітап көрмесі қойылды.

Кітапханаларда Бесқарағай ауданының құрметті азаматы», ақын, жазушы Түкісов Уәлихан Мұқаметқалиұлының «Елім деп еңбек еткендер» кітабының тұсаукесер кеші, «Дарынды сазгер Жолан Дастенов»  70- жыл толуына орай  портрет кеші, «Күш білімде, – бірлік тілде» атты әдеби ойын сайысы, «ЭКСПО-2017» қызықты жаңалық сағаты, «Азат елдің ар-намысы – Ата Заң» атты кітап көрмесі бойынша библиографиялық шолулар өткізілді. 

 

Аудандық кітапханада өткізілген көпшілік іс-шаралар



Аудандық кітапханада балаларды қорғау күніне арналған «Бақытты балалық шақ» тақырыбында  бірқатар мәдени іс-шаралар өтті. Балалар қызықты сайыстар мен ойындарға қатысып, көңілді әндер айтып, би билеп, тақпақтар оқыды.  Мерекенің соңында балалар грамоталармен марапатталды, барлық қатысушыларға тәтті сыйлықтар таратылды. Мереке жақсы өтіп, барлық балалар белсенді қатысып барлығында көтеріңкі көңіл-күй болды.
2017 жылы өткізілетін «ЭКСПО-2017» көрмесі туралы қызықты жаңалық сағаты, «Елдіктің ерен жеңісі» тақырыбында ақпарат сағаты өткізілді. Бұл көрменің жер жүзін мекендеген барша халықтың қол жеткізген жетістіктерін, жәдігерлерін көрсететін алаң екені туралы айта келіп, болашақтағы Қазақстан көрмесінің жобасы мен осы уақытқа дейін өткен әлем-көрмелері  туралы бейне-фильм мен слайд көрсетті. Көрсетілген бейне-фильмде оқушылар «ЭКСПО-2017» көрмесінің  болашақ кереметтерімен және «жасыл» экономиканың жаңа технологияларының алғашқы түрлерімен танысып білді.
Мемлекеттік рәміздер күніне арналып аудандық кітапханада «Рәміздер мақтанышымыз» тақырыбында ертеңгілік өткізілді. Еліміздің әрбір азаматы мемлекеттік рәміздерді білуі және құрметтеуі тиіс, рәміздерге деген құрмет-елімізге, халыққа, тарихымызға деген құрмет.
Кітапханашылар Ту, Елтаңба, Әнұранның әрқайсысының мәні, өз орны, тарихы бар екендігі туралы айтып өтті. Кітапханада «Бірлік пен азаттық символы» тақырыбында кітап көрмесі ұйымдастырылып, слайд көрсетілді. Балалар патриоттық және мақтаныш сезіммен әнұран орындады. Тілдер мерекесіне арналып балалар мен жасөспірімдер кітаптар апталығы бойынша «Кітап білім бұлағы»  деген  тақырыпта мектеп жасындағы  бастауыш  сынып  оқушыларымен  мерекелік іс шара өтті. Іс-шарада кітапханашы «Оқысаңыз балалар шамнан шырақ жағылар» кітап көрмесіне шолу өткізілді. Конституция күні орайына Бескарағай аудандық кітапханада «Конституция құқық пен еркіндік» тақырыбына кітап көрмесі өткізілді.
Аудандық кітапханада отбасы күні мерекесіне орай  «Отбасы тәрбиесі –ұрпақ болашағы» атты тәрбиелік сағат  өтті. Аудандық кітапхана «Қазақстан жолы» тәрбие білім орталығымен тығыз байланыста жұмыс атқарады. Орталықтажоғары сынып оқушыларымен «Туған өлкенің табиғат сұлулығы» тақырыбында қызықты жаңалық сағаты өтті.
Аудандық орталық кітапханада «Жүрегі жас жайсаң қарттар» атты мерекелік кеш өтті. Мереке қонақтары жоғары буын, кітапхана саласында қызмет істеген М.А.Шаморова, М.М Байжуманова, В.В.Шушпанова, Г.А. Басшибекова, Р.Жумаханова, Е.Ф. Жильцова сонымен қатар біздің кітапхананың қарт оқырмандары Н.Жуманкулов, Б. Жуманкулова болды. Мереке қонақтарына көптеген өлеңдер мен әндер арналды. Мерекелік дастарханда әңгіме өрбітіп, өлеңдерін айтты. Сонымен қатар олар скайп арқылы таныстары мен туыстарын құттықтады.  Мереке қонақтары сергек көтеріңкі көңіл күй, сыйлықтарымен естелік суретке түсті.

 

Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет