Қазақстандық әйел күйемімен бірге Ұлыбритания маусымдық жұмыстардан 6 айда қанша табыс тапқанын айтып берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото видеокадрдан алынған

“Алма жинау науқанына тамыз айында келіп, бастап кеттік. Ауқым бойынша жұмыс істедік. Алма маусымы тек 2 айға созылады. Қыркүйек, қазан немесе қараша айының ортасына қарай аяқталып қалады. Міне, осы уақыт аралығында алманы тез жинап, тапсырылған ауқымды өткіздік. Бізге бір күнде небәрі 12 фунт берілді. Бұл фунтты теңгеге шаққанда 6 835,79  болады. Тik-Tok желісінде парақшамды ашқаннан кейін, ортам мен достарым көбейді. Достарымның айтуынша, олар күніне  25-30 фунт төленіп отырған екен. Әрине, олармен салыстырған бізге аз төленді. Біз қалай жұмыс істесек те, мысалы 72 биньді 11 сағаттың ішінде жинайтынбыз. Мысалы 2 аптада ең жоғары чек – 480 000  теңге", – деді Мира есімді қазақстандық келіншек

Фото видеокадрдан алынған

Мираның сөзінше, тек бір адамның сөзіне еріп, тұжырым жасауға болмайтынын ескертті. 

"Себебі әр адамның жағдайы жұмыс істеу барысы түрленіп отырады", – деді Мира.

Мираны алматы маусымы аяқталған соң гүл фермасына ауысқандарын айтты.

"Гүл питомнигіне жұмысқа орналастық. Мұнда жағдай мүлдем басқаша. Бұрынғы жұмыста ауқымға қараса, мұнда тек сағат бойынша төленеді. Қиын ешнәрсесі жоқ. Бірақ біз қыс мезгілінде келгендіктен, бізге тек 8 сағаттық жұмыс күні берілді. Аптасына бес күн. Сенбі, жексенбі демалдық. PODhouse-та қызмет еттік. Мұнда әр сағатта, әр 2 сағат сайын, күнделікті жұмыс түрлері өзгеріп отырады. Бір күні көшет отырғызсаңыз, екінші күні гүлдің сабағын кесіп отырасыз. Ал енді бір күні гүлдің ыдыстарын ауыстырамыз немесе тастаймыз", – деді Мира.

  • “Бұрынғыдан 10 есе көп табамын”: Емшектегі баласын тастап шетелде үй тазалаушы болып орналасқан әйел табысы туралы айтты

Қазақстандық келіншектің сөзінше, мұнда көзге көріне бермейтін ұсақ-түйек жұмыстар көп. Жұмыс сонысымен де қызықты дейді.

Фото видеокадрдан алынған

"Әр апта сайын бұрынғы табыстан аса айырмашылығы жоқ ақша түсіп тұрды. 2 апта ішінде – 330 000 теңге. Наурыз айында Қазақстанға ораламыз. Осы айдан бастап бұл жерде жұмыс күні 12 сағаттық болады. Бізден кейін келетіндердің сағаты да, айлығы да көбейеді. Бұл жұмыс адамға қуаныш сыйлады. Өзіме қатты ұнайды", – деді отандасымыз. 

Отандасымыз фермада жұмыстың маусымдық екеніне және жоспарлары басқа болатына жұмыс берушілер кінәлі емес екенін айтты.

“Себебі бұл – бизнес. Табыс көзі үшін жұмыстың ауқымы да, беретін айлығы да өзгеріп тұрады. Мысалы, біздің қыста ол фермаға ауысқанымыз үшін шаруашылықтың еш кінәсі жоқ. Адамдар да, фермалар да әртүрлі. Англияда жалақы тұрақты емес. Мысалы, біздің киім-кешек, азық-түлігімізді қоспағанда, 6 айдың ішінде 4,5 миллион теңге таптық. Валютының курсын есептемедік. Мүмкін 4,2 миллион теңгедей болып қалады. Жалпы күйеуім екеуміз 8 миллион теңге жинадық. Бұл біздің жеке тарихымыз. Біз, тіпті, маусымдық немесе ауқымды жұмыста да істемедік. Сондықтан жазда бұл сома әлдеқайда өседі. Англияда кем дегенде 6 айдың ішінде 3,5 немесе 4,5 миллион теңге таба аласыз", – деді отандасымыз Мира.

Еске салайық, Германияда жұмыс істейтін қазақстандықтың айлық табысын көрсеткен видеосы  желіні шулатып жатыр. Ол өзінің 1,5 миллион тапқан видеосын жариялаған.


Автор: Айгерим Жумабаева

Айгерим — опытный редактор с богатым опытом в изучении и письме о культуре и истории. Ее страсть к языкам и письму помогает создавать увлекательные тексты.