Ислам Даму Банкінің қаржысына жүзеге асырылатын ауыл тұрғындары мен ауыл шаруашылық тауар өндірушілерін шағын несиелендіру бағдарламасы



жүктеу 29.36 Kb.
Дата28.04.2019
өлшемі29.36 Kb.
түріБағдарламасы

Ислам Даму Банкінің қаржысына жүзеге асырылатын ауыл тұрғындары мен ауыл шаруашылық тауар өндірушілерін шағын несиелендіру бағдарламасы («Мурабаха»)


Мақсатты топ: ауыл тұрғындары, шаруа қожалықтары, фермерлік шаруашылықтар, ауылды жерлерде кәсіпкерлікпен айналысатын жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар.

Мақсатты бағытталуы: Қарыз алушының өтініші бойынша оған бөліп төлеу жолымен берілетін негізгі құрал-жабдықтар, биологиялық активтер (жылқылар, түйелер, мүйізді ұсақ мал) сатып алу.

Бір Қарыз алушыға берілетін қарыз сомасы: Жобаны қаржыландыру туралы оң шешім қабылданған күнгі Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің бағамы бойынша 25 000 АҚШ долларынан артық емес.

Несие мерзімі: 48 айдан ұзақ емес.

Табыстылық ставкасы: жылдық 9,5%.

Негізгі борыш пен сыйақыны өтеу мерзімділігі: несиелендіру мерзімі ішінде ішінара/толықтай мерзімінен бұрын өтеу мүмкіндігімен ай сайын/тоқсан сайын/ жарты жылда 1 (бір) рет және жылына 1 (бір) рет .

Негізгі борыш пен сыйақыны өтеу бойынша жеңілдетілген мерзім: 12 айдан ұзақ емес.

Кепіл нысаны: Қоғамның Кепілдік саясатына сәйкес.

Әлеуетті қарыз алушыға қойылатын талаптар:

- өтініш берген күніне салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша мерзімі өткен берешегінің болмауы

- соңғы есепті күнге (өтініш беретін айда) ЕДБ және басқа да қаржы институттары алдында мерзімі өткен берешегінің болмауы;

- жағымды несие тарихы (несие тарихы бар болса);

- Қоғамға қарызды мақсатты түрде пайдалануды тексеру үшін қажетті және жеткілікті құжаттарды тапсыру.
Жобаға қойылатын негізгі талап:

- тек жаңа негізгі құрал-жабдықтар сатып алынуы тиіс;

- негізгі құрал-жабдықтар/биологиялық активтер тек Қазақстан Республикасының аумағында сатып алынуы тиіс.
Алғашқы жарна:

- негізгі құрал-жабдықтардың/биологиялық активтердің құнының 10%-нан кем емес мөлшерде Сатып алу-сату шартын жасасқанға дейін;

- немесе ЕДБ кепілдігі;

- немесе кепілдік құны сатып алынатын негізгі құрал-жабдықтардың/биологиялық активтердің құнының 15%-нан кем емес мөлшерде жабатын өтімді мүлік ұсынылуы тиіс.





Ислам Даму Банкінің қаржысына жүзеге асырылатын ауыл тұрғындары мен ауыл шаруашылық тауар өндірушілерін шағын несиелендіру бағдарламасы («Салам»)


Мақсатты бағытталуы: сапасы, мөлшері және жеткізілу күні анықталған болашақ астыққа/активке/ тауарға және т.б. алдын ала төлем жүргізу.

Бір Қарыз алушыға берілетін қарыз сомасы: Жобаны қаржыландыру туралы оң шешім қабылданған күнгі Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің бағамы бойынша 25 000 АҚШ долларынан артық емес.

Табыстылық ставкасы: жылдық 9,5%.

Қарыздың мерзімі: 18 айға дейін.

Несиені өтеудің мерзімділігі: мерзімнің соңында.

Несиені өтеу: несиені өтеу өндірілген тауармен/өніммен (белгіленген мерзімде және орында, тиісті сападағы, мөлшердегі және сипаттамадағы) жүзеге асырылады.

Кепіл нысаны: Қоғамның Кепілдік саясатына сәйкес.

Әлеуеттік қарыз алушыға қойылатын талаптар:

- өтініш берген күніне салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша мерзімі өткен берешегінің болмауы;

- соңғы есепті күнге (өтініш беретін айда) ЕДБ және басқа да қаржы институттары алдында мерзімі өткен берешегінің болмауы;

- жағымды несие тарихы (несие тарихы бар болса);

- Қоғамға қарызды мақсатты түрде пайдалануды тексеру үшін қажетті және жеткілікті құжаттарды тапсыру.

Жобаға қойылатын негізгі талап:

- қарыз алушының қоса қаржыландыруы - сұралған жоба сомасының 10% кем емес болуы қажет, немесе кепілдік бағасы қаржыландырылатын жоба сомасының 15% кем емес өтімді мүлікті тапсыру.






Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет