Ислам дініндегі хиджаб кию рәсімі және оның ҚазақТЫҢ салт-дәСТҮріне қатынасы қазбекова А., Баярисов Р. У. «Қыз өссе, елдің көркі деген сөз­ді, қапысыз қалай айтқан қайран бабам!»



жүктеу 25.88 Kb.
Дата04.12.2018
өлшемі25.88 Kb.

ӘОЖ 297:394.2(574)
ИСЛАМ ДІНІНДЕГІ ХИДЖАБ КИЮ РӘСІМІ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚАЗАҚТЫҢ САЛТ-ДӘСТҮРІНЕ ҚАТЫНАСЫ
Қазбекова А., Баярисов Р.У.
«Қыз өссе, елдің көркі деген сөз­ді, қапысыз қалай айтқан қайран бабам!»- деп айтқандай, қазіргі таңда баршамызға мәлім қазақи болмысымыз бен салт-дәстүрімізді жоққа шығарып басқа елдің салт-дәстүрімен шатастырып жатқан қыздарымыз өте көп. Соларға айтарым Хиджаб-бұл Арабтың ұлттық киімі. Хиджаб (араб.: حجاب‎ — «қалқан», «шымылдық») — мұсылман әйелінің көшеге шыққанда бетін, денесін жасыру үшін киетін киімі. Ыстық ауа өте қоймайтын жабық киiмнiң iшiндегi денеден тер бөлiнедi. Кең, мол тiгiлген киiм ары-берi жүргенде бөлiнген тердi желпiп, салқындық бередi. Осындай себептермен араб халқы киiмдерiн климаттарына қарай ыңғайлаған. Ал бiздiң елiктегiш қазақтарымыз имандылықтың жөнi осы екен деп, тұмшалануды “модаға” айналдырып жiбердi. Ал шын мәнінде араб елдердің климаттық жағдайына сай тігілген киімдер. Қазақтың дәстүрлі киіміне бұлардың ешқандай да қатысы жоқ. Сондықтан да, араб халқының белгісі болып табылатын «хиджабтың» астарында басқа да саяси астар жатқаны бесенеден белгілі. Ислам – күллі адамзатқа ортақ дін. Ал хиджаб пен паранжа араб ұлтына, оның климаттық жағдайларына сай жасалған киім үлгісі екенін көпшілік біле алмай жүр. Исламда әйел затына өзінің ұятты жерлерін жабық ұстауын талап етеді. Алайда ол міндетті түрде хиджаб кию дегенді білдірмесе керек. Әуретті, яғни ұятты жер әрбір ұлттың өзіндік болмысына, өмір сүру формасы мен салтына қарай әртүрлі деңгейде түсіндіріледі. Кейбір исламшыл фанаттар мұны исламға қарсы деген желеумен жоққа шығарғысы келеді. Бұрынғы апаларымыз хиджаб тартпай-ақ мұсылман болып дүниеден өтті емес пе? Ендеше, неге бүгінде мұсылман қызы деген сөз тек хиджаб пен паранжа кигендерге ғана айтылуда? Әлде басына хиджаб тартып жүрмей-ақ намазын оқыған инабатты қыздарымыздың ниеті қабыл емес пе? Бұл туралы хиджабшыл азаматтар нендей пәтуа береді екен? Әрине олай емес біз барлығымыз мұсылманбыз, біздің ата-бабамыз да мұсылман болып дүниеден өткен. Ал жеке өзіме келетін болсам менің апам да, анам да намаз оқыған бырақ хиджаб кимеген. Ал менде солардын өкшелерін басып келе жатқан ұрпағы болғандықтан менде намаз оқимын, бірақ хиджаб тартпаймын. Мен еш уақытта ата-дәстүрімнен аттамаймын мен үшін кимешек, сәукеле маныздырақ. Қазіргі таңда хиджабшыл жандар көбейіп барады, бұлай жалғаса берсе келешек ұрпағымызға қандай тәрбие береміз, байқасаңыздар жас балаларға ненің ақ ненің қара екенін түсіндірмей жатып тұмшалап қояды. Бала- ойын баласы. Олар еркіндікті, кеңдікті ұнатады. Келешігіміздің тамыры терең болсын десеңіздер тәрбиені тал бесіктен бастағанымыз дұрыс.

Қазақ қызына үкілі бөрік, бүрмелі көйлек, оюлы камзол кигізіп, шашына шолпы, күмістен жасалған әшекейлер таққызып, жүзін жасырмай өсірген, қарлығаштарын данышпан бабаларымыз елдің көркіне, баға жет­пес байлығына балаған. Ешқашан жүзін тұмшаламаған. Бұл тарихи айғақ. Тек тазалық үшін келіндерінің басына байлам тартқызып, әжейлеріміз кимешек киген. Демек, қазақ қыз-келіншектері ешқашан ашық ша­шық киім кимеген, күнделікті тіршілікке ыңғайлы, өзіне жара­сымды, ұлттық нақыштағы киім киген. Ал тарих парақтарын қанша ақтарсаңыз да, қазақ қызы «хиджаб» киді деген дерек таппайсыз. Жалпы, ислам діні қабылданғаннан бергі қазақтың тарихында, деректемелерінде, тарихи әдебиеттерінде, өнер туындыларында, эпостық жырларында, я болмаса, археоло­гиялық қазбаларда «хиджаб» киген қыз бейнесін ешқашан кездестірмейсіз. Сондықтан да «Ұлтыңды сақтаймын десең – қызыңды тәрбиеле, руыңды сақтаймын десең – ұлыңды тәрбиеле» деген даналардың сөзі бар. Сол себепті, қызы тәрбиелі елдің болашағы зор болмақ. Өйткені, ұлттың болашағы қыздың құрсағынан басталады. Қазіргі қазақ қыздарына айтарым өзге ұлттың салт-дәстүріне еліктейміз деп, өз еліміздің ұлттық құндылығымыз бен өткен тарихымызды ұмытпайық. Бұл өзекті мәселе сіз болып біз болып жастардың санасына Хиджабтың Арабтың ұлттық киімі екеніне көздерін жеткізейік. Біз сонда ғана ел болашағы мен болашақ ұрпағымыздың келешегі мен тағдырын шеше алатындай жағдайда боламыз.
Каталог: rus -> all.doc -> Konferencia -> Konferencia 2014
Konferencia 2014 -> Әкімшілік мәЖБҮрлеу шараларының орындалу ерекшеліктері сәрсенбек А., Қоңырбаев Н. А
Konferencia 2014 -> Өндірісті нарықТЫҚ экономика жағдайында дайындау модельдері және оларды жетілдіру шаралары бердалиев Ж., Ералы А., Тілегенов И. С
Konferencia 2014 -> Теріс-ащыбұЛАҚ су қоймасының тыныс-тіршілігі! Рәтбек М., Қожамқұлова Г. Е
Konferencia 2014 -> Әож 82-93: 087. 5Ө-88 ШӘКӘрім шығармашылығының танылуы
Konferencia 2014 -> Әож 677. 31: 636. 36: 745/749 ЖҮннен жасалған көлемді ойыншықтарды өҢдеу ерекшеліктері
Konferencia 2014 -> ШыңҒыс хан ұрпақтарының еуропадағы билік қҰруы тоқтаған Н., Жумадилова А. А
Konferencia 2014 -> Әож 336. 02: 63 ХҚес-ке сәйкес қорлар есебі
Konferencia 2014 -> Әож 6: 615. 463: 504. ӨНдіріс қалдығы фосфогипстің туғызатын экологиялық проблемалары
Konferencia 2014 -> Қазақстанның ОҢТҮстік аймақтарындағы су қорларын болжау мырзаханова Қ., Омарова Г. Е., Сенников М. Н
Konferencia 2014 -> Әож 330. 101 Қазақстан республикасындағы жұмыссыздық МӘселелері


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет