Онколог-хирург Юлия Шубина тұқым қуалайтын қатерлі ісіктің бірнеше түрін атады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Fedpress сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: pixabay

Маманның айтуынша, қатерлі ісіктің кейбір түрі тұқым қуалап, кейін оның обырға айналу қаупі зор.

"Сүт безі ісігі, аналық без, қалқанша без қатерлі ісігінің белгілі бір түрі (медуллярлық қатерлі ісік) және тоқ ішек ісігінің кейбір түрлері тұқым қуалайды. Егер отбасында анасы немесе әжесі осындай дертке шалдықса, сүт безі мен аналық бездің қатерлі ісігінің генетикалық қаупіне тексерілген жөн. Ол үшін қан тапсыруға болады”, – деді Шубина.

  • Қазақстан ғалымы әлемде баламасы жоқ қатерлі ісікке қарсы препарат жасап шығарды

Онколог мидың қатерлі ісігі де ата-бабадан берілетінін айтады.

"Әкеңіз немесе атаңыз осы аурумен ауырған болса, сізге кальцитонинге қан тапсыру керек. Бұл гормон қатерлі ісіктің бар-жоғын көрсетеді. Алдын ала анықтау әлі мүмкін емес. Бұл ішек ісігіне де қатысты. Сүт безі қатерлі ісігіндегі сияқты алдын ала анықтау мүмкін емес", – деді онколог.

Маман 40 жастан кейін емханада колоноскопиядан өтудің маңыздылығын еске салды. Егер ішекте патология болса, мысалы, полиптер байқалса, онда жылына бір рет колоноскопия жасалуы керек. Егер бәрі жақсы болса, оны үш жыл сайын жасауға болады.

Еске салсақ, бұған дейін қатерлі ісіктің Қазақстанда ең көп таралған түрлері аталған еді.


Автор: Даулет Байгонусов

Даулет — природовед и путешественник. Его увлечение природой Казахстана и исследования вносят неповторимый вклад в наше издание.