Қыстың Қамын жазда ойла



жүктеу 19.27 Kb.
Дата02.09.2018
өлшемі19.27 Kb.

ҚЫСТЫҢ ҚАМЫН ЖАЗДА ОЙЛА/эссе/

Мына жалпақ әлемде қыбырлаған жәндікке дейін өмір суру үшін күресетіні белгілі.Әрбірінің сезімталдық қабілеті,ерекше жаратылған ғой болсада....

Сол жәндіктің ішінде ең еңбекшіл,ұйымшылдығы мықты құмырсқа ғой,жарықтық!

Таңның атысы күннің басы илеуіне тасынып жатқаны.Ертеректе әжем «сарайдағы тұрған тарыны құмырсқа тасып кетіпті»дегенде ішек сілеміз қата күлгенбіз

...Сөйтсек мына қарқын, мына тырбынған еңбекпен мынандай ұйымшылдықпен қимылдайтын құмырсқаны көргенде сенбегенде ше?Үлкен бір көш секілді,Бірінің ізінде бір.Ауыздарына тістеп алған дәндерін ыждақаттықпен алып бара жатады.Бірі- біріне кедергісі жоқ.Не таласып,тармасып жатқан жоқ.Бәрінің бір-ақ мақсаты қысқа дайындық!

Жаз бойы осылай еңбек етеді.илеуін азыққа толтырып,қыс бойы тыныстап жатады....

Абай атамыздың «Шегіртке»атты аудармасы түседі еске.Ала жаздай шырылдап еріншектіктен мойны ештенеге жар бермей,қысты күні зар қақсайтын ба еді?Өкінішке орай осы мысалды түсінгенімен адамдар да онан сабақ алмай жатады.Қазақ «Қыс шанаңды жаз сайла »дейді.. «Жаздың әрбір күні,қыстың есесі»дейтін ауылдағылар.Сол секілді бүгнгі күні көптеген адамдар қыстың қамына бас ауыртпай қараша түскеннен терезе есіктерін қымтап,бораған қармен,жауған жауынмен арпалысып жатады.Ал бұл шақта құмырсқа екеш құмырсқаның өзі жылы жерде,жаздай жинаған азығын талғажау ғып тым-тырыс,тып-тыныш жатпай ма?!

Атам егінші.Жазда қасында боламын.Жердің басында жер кепе қазып соны мекен етеміз,қара күзге дейін.Сонда құмырсқа өріп жүреді,тынымсыз.Бірде олардың дән тасып жатқан інін бақыладым.Ірі дәнді сүйрелеп келе жатқанына,екіншісі келіп көмектесетініне таң қалдым.Жіті қарасаң бар екен бірлі жарым «жалқауы»Ел ішінде бір тентек дегендей.Бір қызығы илеу іннің аузында дәу қызыл екі құмырсқа күзет тұрады,кейде бір құмырсқалар «бос «келсе оны итермелеп ішке кіргізбей қатардан шығарып тастайды,Ішке тек аузында дәні бар құмырсқа ғана кіреді.қызық....

Өмір,өмір болғасын байқаймыз.байқап басты шайқаймыз Көрмейін десең көзің бар.Қысқа жылу беретін мекемелердің өзі,дайындықты қара суық түскенде бастайды.Соның салдарынан қабатты үйлерге жылу өте кеш беріледі.Салқын тиіп,адамдар тұмауратады,аурушаң болады.Әсіресе балалар шегеді оның тақсіретін.Қаншама адам емхананы жағалап,қаншама ақша жұмсап дәрі -дәрмектер алумен әбігерге түседі.Жылу мекемесінің жұмысшылары болса бұл кезде өздері де бүрсеңдеп,өзгені де тоңдырып,ала шапқын болып жатады.Ала жаздайғы жалқау шегірткедей ән салған секілді...

Міне,мынау қара суық түсккенде жылу құбырларын мақтамен орап әбігерге түсіп жатқан,жылу мекемесінің жұмысшылары.Қарашаның қара суығында ғана қам жасаған боп жүр.Және тек екі адам ғана құбырды мақтаорамамен орап жатқаны болмаса,қалғаны әр жерде бүрсеңдеп олараға қарап қол қусырып тұр.Адамдар неге жалқау?Құмырсқадай неге еңбекшіл емес?Ауызбіршілігі неге жоқ деген сансыз сауал оралады басқа осындай да.



Ия неге?
Каталог: sabaq-kz -> attachment
attachment -> 1 қыркүйек – Білім күніне арналған Сыңғырла, күміс қоңырау
attachment -> «А. Имановтың жастарды патриоттық және азаматтық тәрбиелеу негізі ретіндегі рөлі» Карашинова Алмагүл Серікбайқызы
attachment -> Б. С. Батешова, Т. Н. Малдыбаев
attachment -> Сабақтың тақырыбы: «Қауіпсіз ғаламтор»
attachment -> Сабақтың түрі: Жаңа білімді хабарлау Уақыты: 90 мин Сабақтың педагогикалық мақсаты
attachment -> Сабақтың тақырыбы: ежелгі тас дәуірі Сабақтың мақсаты
attachment -> Сабақтың атауы XX ғасырдағы қазақ әдебиеті жалпы шолу Мақсаты Күтілетін нәтиже
attachment -> Туєан жер, алтын бесіік
attachment -> Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі Ибрагим Бегімхан Керімханұлы Қазақ әдебиеті, 9-сынып Тақырыбы: Қожа Ахмет Йасауи «Диуани хикмет»


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет