"Отбасы банк" АҚ ("Бәйтерек" холдингінің еншілес ұйымы) 5 жыл бойы "Жаңа баспана" (бұған дейін – Әскери баспана) бағдарламасын іске асыруда. Бұл мемлекеттен тұрғын үй төлемдерін алатын азаматтарға арналған банктің жеке бағдарламасы.

Бағдарламаға тұрғын үй төлемдерін алып тұратын, Отбасы банкінде арнайы ағымдағы шоты бар және бұған дейін тұрғын үй төлемдерін жылжымайтын мүлік сатып алу үшін пайдаланбаған кез келген азамат қатыса алады.

Бес жыл ішінде 26 938 тұрғын үй төлемдерін алушы баспанамен қамтамасыз етілді, оның ішінде "Жаңа баспана" бағдарламасын іске асыру шеңберінде — 15 981 адам. Берілген заемдардың жалпы сома 492,2 млрд теңгеге тең.

Тұрғын үй төлемдерін алушылар баспананы "Отбасы банк" арқылы келесі шарттармен сатып ала алады:

Кредит беру талаптары 8/15 (алдын ала заемдар):

Бастапқы жарна – 15%-дан басталады

Сыйақы мөлшерлемесі – жылдық 8% (ЖТСМ 8,3% бастап)

Қарыздың мақсаты – бастапқы тұрғын үйді сатып алу, оның ішінде үлестік қатысу шарты бойынша, бастапқы тұрғын үйді сатып алу және тұрғын үйді жөндеу, оның ішінде үлестік қатысу шарты бойынша.

Барлығы бұл мақсаттарға 238,6 млрд теңге сомасына 12 003 заем берілді.

Кредит беру талаптары 6/50 (аралық заем):

Бастапқы жарна – 50%-дан басталады

Сыйақы мөлшерлемесі – 6%-дан (ЖТСМ 6,2%-дан бастап) басталады, 3,5%-дан 5%-ға дейін (ЖТСМ 3,6% бастап) тұрғын үй қарызына өту мүмкіндігі қарастырылады;

Қарыздың мақсаты – алғашқы және екінші нарықтан тұрғын үй сатып алу (оның ішінде үйді жөндеу жұмыстарына), оның ішінде үлестік қатысу шарты бойынша. 

Барлығы бұл мақсаттарға 108,3 млрд теңге сомасына 3 978 заем берілді.

Сондай — ақ, тұрғын үй төлемдерін алушылардың бастапқы жарнасы 10%-дан, ал сыйақы мөлшерлемесі 5%-дан басталатын (ЖТСМ 5,2%-дан бастап) Отбасы банкінің басқа да бағдарламаларына қатысу мүмкіндіктері бар. Аталмыш шарттармен жалпы сомасы 143,3 млрд теңгеге 10 957 заем берілді.

Орта есеппен, банк жыл сайын тұрғын үй төлемдерін алушыларды 82 млрд теңге сомасына несиелендіреді.

Тұрғын үй төлемдерін алушылар алғашқыда бастапқы жарнасы төмен шарттарды жиі таңдап келген. Соңғы екі жылдың ішінде олар қаражаттың 50% жинақтауды көздейтін банктің басқа бағдарламаларына қызығушылық танына бастаған, бұл тұрғын үй төлемдерін алушылардың ТҮҚЖ жүйесіне белсенді қатысуын көрсетеді.

"Жаңа баспана" (8-15) бағдарламасы бойынша кредит беру үшін банк жыл сайын өз қаражатын бөледі. Қаржыландыру көзі ретінде "Отбасы банк" нарықтық талапшарттармен нарықтан қаражат тартады, сондай-ақ жалғыз акционер – "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ-на дивидендтер төлегеннен кейін, таза кіріс түрінде Банктің қарамағында қалған өз қаражатын пайдаланады. Бұл қарыз алушылардың несие мөлшерлемесін нарықтық мөлшерлемеден төмен етіп тағайындауға және тұрғын үй төлемдерін алушыларға ең тартымды шарттармен несие беруге мүмкіндік береді.

"Жаңа баспана 8/15" аясында 5 жыл ішінде бөлінген қаржыландырудың жалпы сомасы 257 млрд теңгені құрайды. 

Қазір Отбасы банкінде 176 342 тұрғын үй төлемдерін алушыларға қызмет көрсетіледі. Олардың 115 001 арнайы салымдар бар, оларда 215,2 млрд теңге жинақталған.

Арнайы шоттар санының 2018 жылы 78,6 мыңнан 2023 жылы 175,9 мыңға дейін, яғни 123%-ға елеулі өсуін және тұрғын үй төлемдерінің көлемі 2018 жылы 85,7 млрд-тан 2023 жылы 370,9 млрд-қа дейін 4 еседен астам ұлғаюын ескере, Отбасы банк Басқарма төрағасы Ләззат Ибрагимова 2024 жылдың 30 қаңтарында өткен ҚР Парламенті Мәжілісінің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің тақырыптық отырысында сөйлеген сөзінде, тұрғын үй төлемдерінің мақсатты пайдаланылуына бақылауды күшейту үшін келесі бастамаларды ұсынды:

  • Қаражатты мақсатсыз пайдалануды шектеу мақсатында транзакциялардың ашықтығын арттыру және жалған мәмілелерді алдын алу үшін мемлекеттік деректер базасы арқылы тұрғын үйді жалға алу шарттарын міндетті тіркеу.
  • Ведомстволар тарапынан мониторингті жүзеге асыру және тұрғын үй төлемдерін пайдалану мақсатын айқындау үшін банктермен одан әрі интеграция жасау мүмкіндігі мақсатында тұрғын үйді жалға алу шарттарын және банк заемдарын тіркеу үшін мамандандырылған платформа құру.
  • Жалға берілетін тұрғын үйді субсидиялау бағдарламасына ұқсатып тұрғын үй төлемдерін төлеу мүмкіндігін қарастыру, онда төлем тағайындау туралы шешім нысаналы пайдалануды растайтын құжаттар ұсынылғаннан кейін қабылданады.

 ""Отбасы банк" тұрғын үй құрылыс жинақ банкi" АҚ — еліміздегі тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесін жүзеге асыратын бірден-бір банк. Ұйым Еуропалық құрылыс жинақ кассалары федерациясына (ЕҚЖКФ) және Халықаралық тұрғын үйді қаржыландыру одағына кіреді. Банкінің жалғыз акционері – "Бәйтерек" Ұлттық басқарушы холдингі" АҚ.


Автор: Айгерим Жумабаева

Айгерим — опытный редактор с богатым опытом в изучении и письме о культуре и истории. Ее страсть к языкам и письму помогает создавать увлекательные тексты.