История и культура племенных объединений



жүктеу 1.84 Mb.
бет3/10
Дата12.09.2017
өлшемі1.84 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

Қазастанның жылдам дамуға деген тұрақты құлшынысы, теоретикалық ғылым және оны ел игілігі үшін пайдалану саласында жаңа міндеттерді шешуде Қаныш Имантайұлының бейнесі ірі мемлекеттік қайраткер ретіндегі бейнесі айқын көрінді. Ол барлық ел мен республика өмір сүрген бірде бір жаңалықты назарынан тыс қалдырмаған, коммунистік құрылыс бойынша барлық іс-шаралардың жүзеге асуы үшін күресті және ол осы жолда қойылған міндетті орындаудағы ғылым көрсете алатын көмекті жан-жақты қарастыуды ойластырып отырды. Қазақстанның ғылым Академиясының ғалымдары тың және тыңайған жерлерді игерудегі үлкен мәселені шешуге зор үлес қосқаны үшін көпшілігі 1957 жылы жоғары үкіметтік наградаларға ұсынылды.

Қ.И. Сәтбаев көптеген жылдар бойы КСРО Жоғарғы Кеңес депутаты болып, Кеңес Одағының Коммунистік Партиясының ХХ, ХХІ, ХХІІ съезініе және КОКП ОК мен Қазақстан КП көптеген пленумдарына қатысқан. Ол партия мен Үкіметтің халық алдындағы барлық іс-шараларының шешілуінде өзін мобилизацияланған деп есептеп, қойылған міндетті шешуге бар күш-жігерін жұмсап, өзі жетекшілік ететін ұжымын бағыттап, оның орындалуы үшін ең тиімді жолдарды айтып отырған.

Партия, Үкімет және халықтың зор сеніміне ие болған Қаныш Имантайұлы біздің елдегі ғылымның дамуы үшін барлық күш-жігерін, бүкіл қабілетін, бар білімін аямады. Ел, республика Үкіметінде үлкен абыройға, адамдарды сендіре білетін керемет қабілетке ие бола отырып, Қаныш Имантайұлы елдегі барлық геологиялық қызметті біртұтас одақтық геология Министрлігіне біріктіру, КСРО ғылым Академиясы және оның бөлімдері құрылымын қайта құру, елдегі бірнші Қазақ КСР республикалық геология Министрлігін құру және тағы да басқа маңызды жалпы республикалық мәселелерді шешуде белсенді түрде ат салысып отырды.

Қ.И. Сәтбаев ғылым қызығушылықтары өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, денсаулық сақтау, мәдениет дамуы қызғушылықтарымен тығыз байланыстырылған, жаңа типтегі кеңестік ғалым болды.

Өмірінің барлық кезеңінде Қ.И. Сәтбаев Ресей патшалығының артта қалған бір қиыры ретіндегі Қазақстанды Кеңес Одағының алдыңғы қатарлы аграрлы-индустриалды республикаға айналдырған тарихи оқиғалардың белсенді қатысушысы болды. Ел өмірімен тығыз байланыста бола отырып, ол маңызды оқиғаларға белсене ат салысты. Өз мақалаларын Қазақстанның көпшілік тұрғындарына жеткізу мақсатында ол өзінің көптеген мақалаларын қазақ тілінде жариялады. Ол радио және теледидар арқылы үнемі ел және Қазақстанның съезд, пленум, көптеген мәжілістерінде мазмұны өте мағыналы, керемет сөздер сөйлеген. Мықты лектор және насихатшы болды, болып жатқан оқиғалардағы негізгіні бөліп көрсететін.

Адам және басшы ретінде Қаныш Имантайұлы ерекше қасиеттерге ие болды. Адамдармен қарым-қатынасында оны қарапайымдылығы, кішіпейілділігі, жүректілік пен өзгермес ақкөңілділігі ерекшелеп тұратын. Оған өзінің жеке бас мәселесімен өтініш айта келген адамдар үнемі жылы қабақ танытушылық пен көмектесуге деген қамқорлықты көретін. Еңбек адамы, мемлекеттік қайраткер ғылым мен тәжірибедегі еңбек етушілерді жақсы көріп құрметтеді, кез-келген еңбекке – шахтер мен металлургтың еңбегіне, жер шаруашылығы мен мал шаруашылығы еңбегіне, геолог пен физиктің еңбегіне түсіністікпен қарап, бағалаған; - қарапайым шопаннан ірі зерттеушіге дейінгі адамның бәрін, халық игілігі үшін қайда болса да еңбек еткеніне қарамастан адамдардың бәрін бірдей сыйлады. Оны танығанның бәрі бұл қасиетін біліп, оған үлкен сыйластықпен, құрметпен қарап, ортақ іс үшін қызметтесуге дайын болатын. Бұған дәлел – мыңдаған мақала, ол туралы 50 кітап, республиканың өндірістік Алматы, Жезқазған, Екібастұз, Көкшетау, Қарағанды, Сәтбаев қалаларындағыт 7 ескерткіш; қала, село, мекемелердегі ондаған бюст, 5 мұражай, ондаған мектеп, оның атындағы көшелер. Өзінің институты, Жезқазған комбинаты, ҚазҒТУ, Ертіс-Қарағанды каналы, кіші планета және көптегендері оның Ұлы есімімен аталған.

Сонымен қатар ол өте талапшыл еді, біреуге қойылған міндетке үстірт қарау мен жауапсыз карым-қатынасты, еңбек тәртібін бұзушылыққа, менменсу мен шалағайлықты ұнатпады. Нағыз ғалым ретінде ол өзінің ғылыми идеяларын құлшыныс пен сенімділікпен қорғап, үлкен объективтілікке жетті. «Факт және тек қана факт, - біздің идеяларымыз бен гипотезамыздың негізі болып табылатын осылар, ал тәжірибемен нақтыланбаған теория - өлі», сөзін жас ғалымдармен әңгімелескенде, жиын өткізгенде немесе дискуссияға түскенде қайталаудан жалықпайтын. Егерде алдыңғы ұстанымдарды нақтыламайтын, жаңа жол іздеуді қажет ететін жаңа мәліметтер туып жатса, ол алдыңғы идеясынан бас тарта алатын, әлде ғылым дамуы заңы осындай ма.

Ол ғылым мен өнеркәсіп дамуына қатысты мәселенің барлығын шешуде сенімге ие болып, оң нәтижеге қол жеткізе білді. Осы жолда ол өзін де өзгені де аямады. Кез-келген ұсақ ғылыми мекеме мен Академияны тұтастай алғандағы мәселелерді шешу жетістігінен ол үлкен рухани ләззат алатын. Ол республикадағы шаруашылық және мәдени құрылыстағы маңызды мәселелерді шешуге белсене қатысу міндетім деп білген. Ел игілігі үшін қызмет пен ғылымнан ол өз өмірінің мәнін тапты және еңбек оның өмірдегі ең бірінші қажеттілігі еді. Осы қасиетті Қаныш Имантайұлы Сәтбаев жастардың бойына сіңіруге тырысты.

Оңтайлы шешімі ғылым мен халық шаруашылығы дамуы үшін үлкен пайда әкеліп, перспективалы болып табылатын мәселелерді шешуде ол қажымас қайрат пен үлкен табандылық көрсетті. Ол «ең дұрыс саясат болып табанды саясат» деп айтқанды жақсы көретін. Ол партияның күшіне ерекше сенім білдіріп, сара жолын қолдады. Партияның шешімі мен партиялық ұйымның біріншісінен соңғысына дейінгі іс шарасын қолдады. Әрқашан, кез-келген жағдайда ол біздің Коммунистік партияның ұстанымын насихаттады және өзінің партиялық міндетінде оның түсіндірілуі мен орындалуында еш ауытқудың болуына, тіпті, ойдан шығарылған дерек бойынша ол президенттік орнынан босатылып, КОКП мүшелерінің тіркеу карточкасына енгізіліп, қатаң сөгіс жарияланғаннан кейін де жол бермеді.



Қаныш Имантайұлы оны тәрбиелеп, ғалым болуға мүмкіндік бергені үшін Коммунистік партияға үнемі шексіз алғысын білдіретін. Бұл жерде Қ.И Сәтбаевтың автобиографиясынан үзінді келтірген жөн болар: «Өзімнің барлық саналы ғұмырымдағы ең қызықты және жарқын сәттер үшін мен Кеңес өкіметі мен өзімнің Коммунистік партиямның көмегі мен қамқорлығына толықтай қарыздармын деп санаймын. Тек Кеңес билігі маған жоғары мектеп есігін ашып кіруіме және оны аяқтауыма мүмкіндік берді. Одан арғы инженер геолог ретіндегі барлық саналы қызметімде мен өкімет пен партия тұрғысынан үнемі рухтандыратын жетекшілік пен ата-ананың қамқорлығындай қамқорлық алдым».

Барлық дережедегі, жастағы адамдарға ол ерекше сезімталдық, үлкен адамгершілік танытқан. Адамға кішігірім бір болмашы істе болса да көмектесу үшін Қаныш Имантайұлы максималды мүмкін көмек көрсетуді өзінің рухани борышы санады. Өзінің адамға деген ізгі, гуманды қарм-қатынасымен ол халық арасында үлкен құрмет, зор махаббат және беделді дәрежеге ие болды. Міне, шын мәніндегі халықтың мәңгілік ықыласы деген осы. Басқа қандай ғалым өмірінде осындай ықыласқа ие болды, кімді халық осынша жоқтады, өмірден өткеніне бес онжылдық өтсе де оның есінде мәңгі тірі болып, кімнің бейнесі сол жарқын күйінде сақталды? Сәтбаев бұл махаббатқа махаббатпен жауап берді. Ол өз халқы жайында үлкен тебіреніспен, мақтанышпен тек британ премьер-министрі Уинстон Черчиль сынды ірі лауазымды адамның алдында ғана сөйлеген жоқ. «Әлемнің отыз алтыншы бөлігін бостандық сүйгіш қазақ халқы алып отыр. Тек «қазақ» деген сөздің өзінен бостандық лебі тарайды. Біздің халқымыз көптеген ғасырлар бойы тәуелсіз өмір сүру үшін күресіп келді. Оның санасында осы бір қасиетті ұғым мәңгілікке жатталып қалды».

Қаныш Имантайұлы жемісті зерттеуші болды. Оның қаламына бүгінгі күні анықталған, шамамен 800 баспа жұмыс пен сөз сөйлеулер, көптеген әлі жарыққа шықпаған қол жасбалар тән. Қ.И. Сәтбаевтың редакциялығымен ҚазКСР ҒА отыздан астам ғылыми еңбек жинақтары жарияланды. Сондай-ақ, мақалалардың басым бөлігін қосымша авторлықта емес, жеке өзі жазған.

Қ.И. Сәтбаевтың ғылыми және жалпы қоғамдық қызметінің келтірілген шолуы артына өшпес із қалдырған, тірі кезінің өзінде-ақ кеңестік Қазақстанның ғылым, мәдениет және халық шаруашылығының даму тарихына кірген, осындай ереше болмысты адамның қайнаған қызметі, көпқырлылығы жөніндегі түсініктің толық емес, бір бөлігі ғана. Қ.И. Сәтбаевтың ғылыми мұрасы, өкінішке орай, әлі толық зерттеліп, замандастарымен жете түсінілмеді. Ғылымның алтын қорына енгізілген, өмірден өткеннен кейінгі, 100-жылдығына арналған, таңдаулы еңбектерінің сегіз томы оның шығармашылық шығармаларының өте аз бөлігін ғана қамтыды.



М.В Ломоносов бүкіл Ресейге қалай маңызды болса, Қ.И.Сәтбаев қазақ халқы үшін де сондай маңызды деп айтсақ асыра сілтегендік болмас еді. Ғасырлар өте келе бұндай біртуар өз елінің Патриоты Азаматы, Ғалымының есімі жақсылығына риза болған ұрпақтарының есімінде сақталып қалатынына еш күмән жоқ. Осы ой ондаған ұлы ғалым, елдің мемлекеттік қызметкерлерінің естеліктерінде саналарынан қызыл жіппен өтті.
Әдебиеттер тізімі

1. Академик К.И. Сатпаев: Сборник, посвященный памяти выдающегося ученого. - Алма-Ата, 1965. – 262 с.

2. Академик К.И. Сатпаев и наука Казахстана: к 100-летию со дня рождения. – Алматы, 1999. – 272 с.

3. Академик Каныш Сатпаев (фотоальбом). Алматы, 1999. – 157 с., 2011 г. – 172 с.

4. Академик К.И. Сатпаев (к 110-летию со дня рождения). Под ред. Г.Р. Бекжанова. – Алматы: «Казгео», 2010. – 273 с.

5. Альжанов Т.М., Сатпаева М.К. Каныш Сатпаев – сын земли казахской (каз., рус.). - Алматы: Ғылым, 2002. – 173 с.

6. Бекжанов Г.Р. К.И. Сатпаев – выдающийся геолог современности. – Алматы: Ғылым, 1998. – 116 с.

7. Брагин А.И. Умом и молотком. – М.: Политиздат, 1975. – 127 с.

8. Брагин А.И. Первый академик: Документальная повесть. - Алма-Ата, 1989. – 224 с.

9. Букетов Е.А. Жас Қаныш. Деректі хикаят. – Алматы, 1999. – 192 б.

10. Зангар. Қ. Сәтбаев туралы естеліктер. – Алматы: «Айкос», 1999. – 316 б.

11. Қаныш аға. Естеліктер. – Алматы, 1989. - 400 б.

12. Сарсекеев М. Қуғындалған «Сәтбаев». – Алматы: Шабыт, 1994. – 213 б.

13. Гордость Казахстана: беседа с Н.А. Назарбаевым // Казахстанская правда, 1999, 9 апреля.

14. К.И. Сатпаев и молодежь. – Алматы: РИО ВАК РК, 2000. – 256 с.

15. Каныш Имантаевич Сатпаев: биобиблиография. – Алматы: Ғылым, 2002.

16. К.И. Сатпаев. Собрание трудов в 8 томах. – Алматы: Ғылым, 1998 – 2001.

17. Лозовский И.Т., Сипайлов Г.А. Студенческие годы Каныша Сатпаева в Томске. – Томск: изд-во ТПУ, 1999. – 304 с.

18. Мир Сатпаева (сборник воспоминаний). – Алматы, 1999. – 304 с.

19. Сарсекеев М.С. Сатпаев (дополненное второе издание). – Алма-Ата: Өнер, 1989. – 441 с.

20. Сарсеке М. Через тернии (воспоминание-эссе о путях-дорогах к Сатпаеву). – Усть-Каменогорск, 2002. – 366 с.

21. Сатпаева Т.А. Каныш Имантаевич Сатпаев. – Алматы: Ғылым, 2003. – 263 с.

22. Яркая звезда. Академик Сатпаев в воспоминаниях современников. – Алматы: Ғылым, 2000. – 276 с.
Д.Е. Джакупова,

Қарағанды мемлекеттік

техникалық университетінің

Патриоттық тәрбие беру

ҒЗИ директоры, экономика магистрі

е-mail: niipatriot_kstu@mail.ru






А.К. Мубаракова,

Қарағанды мемлекеттік

техникалық университетінің

Патриоттық тәрбие беру

ҒЗИ әдіскері

e-mail: 29-10-1988@mail.ru




Ш.Ш. ШӨКИН – ЭНЕРГЕТИК ҒАЛЫМ ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЭНЕРГЕТИКА КЕШЕНІН ҰЙЫМДАСТЫРУШЫ


Шөкин Шапық Шоқыұлы (1912-2003) – ғалым-энергетик, техника ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан ғылым Академиясының академигі, Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым қайраткері, Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Қ.Сәтбаев атындағы сыйлығының лауреаты, КСРО құрметті энергетигі.

Қазақстан мен Орта Азияға сібір өзендерінің бұрылуын ғылыми тұрғыдан қараған алғаш ғалымдарының бірі деп есептеу керек.

Кеңестік және қазақстандық ғалым-энергетик. Қазақстандағы энергетика ғылымының негізін қалаушы. Баянауыл ауданы, Павлодар облысының тумасы. Баянауылдағы ауылдық мектепте және жастар шаруашылығы мектебінде оқыған. 1931-1933 жылдардан бастап Ташкенттегі Орта азиялық инженер мен техниктердің ирригация институтында (САИИТИ) оқыды. Омбының С.Киров атындағы ауылшаруашылық институтын бітірді. Институтты бітіргеннен кейін 1937 жылы Шапық Шөкин ҚазКСР Халықтық жер комиссариатының ауылшаруашылықты электрлендіру бойынша республикалық тресіне жұмысқа жіберілді, онда 1939 жылға дейін инженер, аға инженер, бөлім меңгерушісінің лауазымын атқарды. 1939 жылы ол техникалық бөлім тресі бойынша бас инженер және директордың орынбасары болып тағайындалды.

Ұлы Отан соғысы кезінде КСРО ғылым академиясы президиумының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Алматыға көптеген ғалымдармен бірге көшірілді. 1943 жылы майдан қажеттілігіне Сібір, Орал және Қазақстан ресурстарымен қамтамасыз ету бойынша комиссия мүшесі ретінде Шапық Шөкин Қазақ КСР Ақмола облысының Бурабай кентіне аттанды. Онда жас инженердің Г.М. Кржижановскиймен кездесуі өтті. Өзінің «Өмірдің төрт мезгілі» ғұмырнамасында Шөкин Шапық: «Академикпен кездесу әрқашан ойымда қалды. Ильичтің досы мен серіктесі, большевиктер партиясының құрылу бастамасында тұрған аңыз адам. Осының барлығы бір адамның тұрпатында бар!» деп жазады. Академик Г.Кржижановскийдің мысалында Ш.Шөкин, шындыққа өз ойын айқын іске асыра алатын, нағыз энергетик ғалым қандай болуы керектігі туралы ұсыным жасады. Ш.Шөкинді бұл өзінің шақырған сенімін нығайтып және одан әрі барлық энергетикадағы ғылыми зерттеулерді ұлы кеңес энергетигі Глеб Максимилианович Кржижановскийдің мысалына сүйене отыры, жүзеге асырды.

1944-1950 жылдары Іле өзені суын және оның энергетикалық ресурсын кешенді түрде пайдалану мәселесін зерттеп білу арқылы Қапшағай бөгеті мен Қапшағай су электр станцияларын салу ісіне үлкен үлес қосты. Шапық Шөкин өзінің ғылымдағы қол жеткізген үлкен жетістіктерімен, сол кездегі ғылыми ортаны кәсіби шеберлігімен мойындатты, сондай-ақ, академик Қ.И. Сәтбаевтің үзенгілесі болды. 1949-58 жылдары Орталық Қазақстанды сумен қамтамасыз ету мәселесімен Ертіс өзенін бұру негізінде шешуге болатындығын дәлелдеді. Мұның өзі Ертіс-Қарағанды каналының салынуына себеп болды. Оның басшылығымен осы мәселені шешудің тиімді жолдары мен жобалары айқындалды.

1944-1988 жылдары аралығында КСРО Энергетика және электрлендіру мининстрлігі Қазақ энергетика ғылыми-зерттеу институтын құрып, оның басшысы қызметін ұзақ жылдар бойы абыроймен атқарған. Шапықтың ғылымға қызығушылығы жалпы энергетика, су энергетикасы, су шаруашылық-энергетикалық мәселелерден басталды. Осы салада Қазақстан энергетикасы дамуы ғылыми-техникалық болжамының кешенді жүйесін құрды. Сол арқылы елді жылу-энергетика кешенімен қамтудың негізін салды.

Ш.Шөкин — 170-тен астам ғылыми еңбектің авторы. Негізгі еңбектері энергетика және су шаруашылығының болашақ дамуы мен отындық энергетиканың, баланс проблемасына т.б. арналған. Ол Белград (1957), Бангкок (1961), Будапешт (1965), Мәскеу (1968) және Парижде (1971) өткен халықаралық конференциялар мен симпозиумдарға қатысып, онда Қазақстанның энергетикасы мен су шаруашылығының дамуының бүгінгісі мен келешегі туралы баяндамалар жасады.

Ш.Шөкин – КСРО ҒА-ның кешенді энергетика және су қорларын пайдалану мен қорғау жөніндегі ғылыми кеңестердің мүшесі.

Республикалық энергетика және электротехника ғылыми қоғамы төрағасының орынбасары ҚазКСР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1972) сайланған, КСРО Жоғарғы Кеңесінің депутаты,  Қазақстан Компартиясының ХІІ-съезінде Қазақстан КП ОК мүшесі болып сайланды. Еңбек Қызыл Ту орденімен, медальдармен марапатталған.

1992 жылы энергетика институтына академик Шапық Шөкиннің есімі берілді. 1996 жылы Қазақстан Республикасының президенті Н.Ә. Назарбаевтің Алматыдағы резиденциясында академик Шапық Шөкин «Халық Қаһарманы» атты жоғары деңгейлі лауазымды, «Алтын жұлдыз» атты ерекше белгіні иеленді. Павлодар қаласының көшесі ғалымның есімімен аталады.

Шапық Шөкин бес ұл, үш қызы бар жарлы отбасында дүниеге келген. Әкесі Баймағамбетов Шоқы білімнің беделін ерте түсініп, отбасындағы материалдық қиыншылыққа қарамастан, үлкен ұлы Ризаны оқуға жібереді. Әкесінің бұл шешімі отбасына үлкен қайыр болып тиеді. 1918 жылы Шоқы Баймағамбетов қайтыс болғанда Риза аяққа тұрып, бүкіл отбасының ауыртпашылығын өз мойнына алып, асырап-бағады. Шапық Шоқыұлы бастапқы сауатын 1920 жылдары ауыл балалары мен шаруа жастары мектептерінен ашады. Оқу-тоқуын кейін тәжірибелі мамандарымен танымал көне Қарқаралы педагогикалық техникумында жалғастырады. Деректерге сүйенсек, бұл 1926 жылдардың кезі. Ғылым, білімге деген құштарлығы ерте бастан-ақ байқала бастаған дарынды жасқа жалғыз техникумның жалаң білімі нәр болмаған болуы керек, ол 1931-1933 жылдар аралығында Ташкенттегі Ортаазиялық инженерлер және ирригация техниктері институтында білім алады. Ал 1934 жылы С.М. Киров атындағы Омбы ауылшаруашылығы институтының Гидромелиоративтік факультетіне түсіп, оны 1937 жылы тәмамдап шығады. Шапық Шоқыұлы жастайынан қоғам өміріне белсенді араласып, ылғи да қатарының алды бола білген жан. Мысалы, ол Ташкентте оқып жүргенде Ортаазиялық пролетариат студенттер бюросының төраға орынбасары қызметін атқарса, Омбыда оқып жүрген кезінде өзі оқыған қаланың Қазақстандық жерлес студенттер бюросының төрағасы болады.

Мансабының басталуы

Сондай-ақ, ол 1937 жылдан 1939 жылға дейін Шапық Шөкин ҚазКСР Халықтық жер комиссариатының ауыл шаруашылықты электрлендіру бойынша республикалық тресінде дейін инженер, аға инженер, бөлім меңгерушісінің лауазымын атқарды. 1939 жылы ол техникалық бөлім тресі бойынша бас инженер және директордың орынбасары болып тағайындалды.

Ұлы Отан соғысы кезінде КСРО ғылым академиясы президиумының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Алматыға көптеген ғалымдармен бірге көшірілді. 1943 жылы майдан қажеттілігіне Сібір, Орал және Қазақстан ресурстарымен қамтамасыз ету бойынша комиссия мүшесі ретінде Шапық Шөкин Қазақ КСР Ақмола облысының Бурабай кентіне аттанды. Онда жас инженердің Г.М. Кржижановскиймен кездесуі өтті. Өзінің «Өмірдің төрт мезгілі» ғұмырнамасында Шөкин Шапық:



«Академикпен кездесу әрқашан ойымда қалды. Ильичтің досы мен серіктесі, большевиктер партиясының құрылу бастамасында тұрған аңыз адам. Осының барлығы бір адамның тұрпатында бар!» деп жазады.

Академик Г.Кржижановскийдің мысалында Ш. Шөкин, шындыққа өз ойын айқын іске асыра алатын, нағыз энергетик ғалым қандай болуы керектігі туралы ұсыным жасады. Ш. Шөкинді бұл өзінің шақырған сенімін нығайтып және одан әрі барлық энергетикадағы ғылыми зерттеулерді ұлы кеңес энергетигі, Глеб Максимилианович Кржижановскийдің мысалына сүйене отырып жүзеге асырды.



Ал 1943 жылы оны әйгілі ғалым Қаныш Сәтбаевтің өзі шақырып алып, КСРО Ғылым академиясы филиалының энергетика секторының меңгерушісі етіп тағайындайды. Өзінің «Өмірдің төрт мезгілі» кітабында: «Қаныш Имантаев менің ғылымға құлай берілуіме жол ашты, халық үшін өмір сүруді үйретті. Оның арқасында ғылым тағдырдың сыйы екенін түсініп, жолына оңай түстім», - деп жазған.

1945 жылы Шапық Шөкин «1941-1945жж. Ұлы Отан соғысындағы ереулі еңбегі үшін» медалімен, сондай-ақ, КСРО ғылымдары Академиясының 220 жылдығына орай құрметтеу қағазымен марапатталды.



Энергетика институты

1944 жылы энергетика сектора базасында Шөкин Қазақ энергетика ғылыми-зерттеу институтын, Қазақстандағы энергетика бойынша алғашқы ғылыми мекемесін ұйымдастырды және 1988 жылға дейін онын директоры болып тағайындалды. Минэнерго КСРО ҚазҒЗИ энергетиктері академик Шөкин басшылық еткен кезеңінде бірегей тәжірибелік базалармен энергетика саласы бойынша, әлемде теңдесі жоқ ірі және алдыңғы қатарлы ғылыми мекемелердің бірі болды.

Академик Шөкиннің барлық ірі ғылыми жетістіктері және Қазақстандағы энергетика аумағындағы басты ғылыми жарияланымдары бұл институтпен байланысты. Бұның қабырғасында Ертіс-Қарағанды канал жобасы, Қапшағай ГЭС, Сібір өзені бұрылысы Қазақстан энергетикасы ғылыми-техникалық жүйесі кешенді дамып іске асты. Шөкиннің монографиялары, соның ішінде «Қазақстан энергетикасы», институтта жұмыс атқарып жүргенде жазылған.

«Институттың белсендісі ретінде Ертіс— Қарағанды су каналын, ғылыми зерттеу бойынша Сібір өзендер ағынының бұрылуы бөлігінде Қазақстан және Орта Азия, Қапшағай ГЭС, өзен ағындарын реттеу жұмысын, жану теориясы, жаңа қазандар, плазмалық технологияларды әзірлеу бойынша, жалпыэнергетикалық зерттеулерді батыл жазуға болады. Барлығын санау мүмкін емес» — деп Шөкин өзінің еске түсіру кітабында жазған.

Қазақ КСР ғылым академиясы

1943–1944 жылдары КСРО Ғылым Академиясының Қазақ филиалында энергетика секторын басқарды. 1946 жылы оның құрылуымен, бұл жүйеде негізгі қызметтер орын алды. Бастапқыда ҚазҒЗИ энергетикада директор болып, 1963 жылға дейін оның құрамында болды. Кейін, сол 1946 жылы, бұл қызметке минералды ресурстар бөлімінің төрағасы орынбасары міндеті қосылды. 1954 пен 1955 жылдары Шөкин осы бөлімнің төрағасы болды. 1954 пен 1968 жылдары академик Қазақ КСРО ғылымы Академиясының Президиумы мүшесі болып табылды және оның басқаруында белсене қатысты. 1955-1962 жылдары Қазақ КСРО ғылым Академиясы Президиумында басты ғылыми хатшы қызметінде жұмыс істеді.

Тәрбиелеу және ғылыми кадрлардың барынша қолдауы, академияда шығармашылық және достық атмосфера құру, КСРО ғылым Академиясымен және республикалық академиялармен өзара жақын әрекеттесу, өзара іс-тәжірибе алмасу мақсатында – Сәтбаевтің президенттік кезеңінде мұның бәрі КСРО ғылым Академиясы жұмысының ерекшеліктері болды.

Шапық Шөкин Академияның даму курсын дұрыс таңдап, оның президентін әртүрлі сферада барынша қолдады.

1964 жылы, академик Сәтбаев қайтыс болғаннан кейін, Шапық Шөкин Қазақстанның ғылым Академиясының Президенті болып тағайындалды. Академияның басшысы қызметін алып, Шапық алғашқы президенттің, негіздеушінің дәстүрлігін жалғастырды. Бірақ жуық арада ғылым Академиясының және оның Президенттің айналасында бұлт жиыла басталды. Академияны комиссиялар тексере бастады, Республика басқармасынан наразылық пен тиісу туды. Бұған байланысты 1966 жылы Ғылым Академиясының комиссиясы келді. 1967 жылы Шокинді Президент қызметінен шығарды. «Ұлттық ғылым Академиясының жолы» кітабында ол бейнелейді:

«1967 жылы ақпанның басында мені мәжіліске шақырды. Мәжіліс жабық есікпен өткізілді, оны Қонаев басқарды, бірақ хаттамалық жазулар өткізілген жоқ... Бәрі үндемей отырды. В.Титов, Совмина, М. Бейсебаев ғана маған өз еркімен қызметтен кету туралы арыз жазуға ұсыныс берді. Мен біржолата одан бас тарттым...»

Алайда бұл жағдай қайшылықтар тудырады. Қазақстан ЦК Компартиясының сол кездегі бірінші хатшысы болған Д.А. Қонаев өзінің еске алу кітабында осы мезет бойынша жазған:



Сәтбаевтің қайтыс болуынан кейін, ғалым энергетик Шапық Шөкин Қазақстанның ғылым Академиясының Президенті болып тағайындалды. Шөкин ұзақ мерзім істемеді және президенттің бұйрығымен қызметінен босатылды.

Партиядағы қызметі

Ғылыммен қатар, Шапық Шөкин мемлекеттің партиялық өміріне қатысты. 1942-1952 жылдары Алматы қаласы Фрунзе ауданындағы халық депутаттары Кеңесінде депутат болып сайланды. 1956-1962 жылы Шөкин Алматы қалалық партия комитетінің мүшесі, Алматы қалалық халық депутаттары Кеңесінің депутаты болды. Ғылым Академиясы Президенті бола тұра, академик КСРО Жоғарғы Кеңесінің 6-жиналысында депутат болып, КСРО Жоғарғы Кеңесінің 6-жиналысында орынбасар болып сайланды. 1966 және 1971 жылдары аралығында Қазақ КСРО комитетінің Компартия мүшесі болды.

1960 жылы Шөкин КСРО делегация мүшесі ретінде, энергетикалық конференция жұмысына қатысу үшін, Біріккен Ұлттар Ұйымының Азия және Қиыр Шығыс мемлекеттері, Бангкокта өткізілген жалпы энергетиканың дамуы, гидроэнергетика және КСРО-ның су және ауылшаруашылық сұрақтары бойынша баяндамасымен сөз сөйлеген. 1962-1964 жылдары академик докторлық және кандидаттық диссертацияны қабылдау бойынша ҚазКСР ғылым академиясының бірлескен кеңесінің төрағасы болды. Бұл қабылдаулар гидроэнергетика, жалпы энергетика, гидротехника мен өнеркәсіптік жылу энергетикасы, қара, түсті, сирек кездесетін және асыл металдар металлургиясы, пайдалы қазбаларды игеру бойынша жүргізілді. 1963 жылдан 1979 жылға дейін Шапық Шөкин ҚазКСР Энергетика министрлігінің техникалық кеңесінің мүшесі болды. 1964-1968 жылдары КСРО ғылыми-зерттеу жұмыстарын бағдарлау бойынша мемлекеттік комитеттің «Энергетика және электрлендіру» ғылыми кеңесінің мүшесі болды. 1965 1975 жылдары КСРО Жоғары және орта арнайы білім беру министрлігінің Жоғары аттестациялау комиссиясының құрамында болды. 1965 жылы Ғылыми кызметкерлердің дүниежүзілік конференциясында баяндамамен қатысқан КСРО парламенттік делегация мүшесі болды. 1968 жылы Мәскеуде өткен Дүниежүзілік энергетикалық конференцияда КСРО делегациясының құрамында болды. 1971 жылы Шапық Шөкин Парижде Гидравликалық зерттеулер бойынша дүниежүзілік конференцияда баяндамамен қатысты. 1973 жылы энергетика секторы экономикасының математикалық моделі бойынша БҰҰ Еуропалық Экономикалық Комиссия Симпозиумын ұйымдастырушы комитетінің төраға орынбасары болды.


Каталог: wp-content -> uploads -> docs
docs -> Mobedco-vet мобедко-вет амписин
docs -> Макроэкономика
docs -> ҚР ҰҒА академигі А. М. Ғазалиевтың редакциясымен
docs -> Ректору Каргту
docs -> 1. Салыстырмалы артықшылықтар теориясын әзірлеген: a дж. С. Милле
docs -> Қазақстан республикасының Ұлттық банкі №38 баспасөзрелиз І
docs -> Пак ю. Н., Шильникова и. О., Пак д. Ю. Методологические аспекты организации самостоятельной образовательной деятельности студентов в контексте госо нового поколения


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет