История и культура племенных объединений



жүктеу 1.84 Mb.
бет4/10
Дата12.09.2017
өлшемі1.84 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

Өмірдің соңғы жылдары

1988 жылдың 14 маусымында КСРО Энергетика және электрлендіру министрлігі коллегиясы мен ҚазКСР ғылым академиясы президиумының бірлескен шешімі бойынша Шөкин ҚазЭҒЗИ құрметті директоры болып тағайындалды. 30 қыркүйек 1992 жылдағы Қазақстан Республикасы Министрлер кеңесінің қаулысымен академиктің көзі тірісінде энергетика институтына Шапық Шөкин аты берілді.

1993 жылы Шөкин Қазақстан Республикасы Ұлттық инженерлік академиясының құрметті мүшесі болып сайланды.

1996 жылы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтің Алматыдағы резиденциясында академик Шапық Шөкин «Халық Қаһарманы» атты жоғары деңгейлі лауазымды, «Алтын жұлдыз» атты ерекше белгіні иеленді.

2002 жылы 90 жасында «Алматы қаласының Құрметті азаматы» атағы берілді.

Шапық Шөкин 91 жасында дүниеден қайтты. Қоштасу салтанаты Ұлттық Ғылым Академиясының ғимаратында өткізілді. Академик өз ұстазы Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтің қасына жерленген.

Шөкиннің ғылыми қызығушылығы жалпы энергетиканы, гидроэнергетиканы, су шаруашылық-энергетикалық мәселелерді қамтып жатыр. Шапық Шөкин Қазақстандағы энергетика дамуының ғылыми-техникалық болжамының кешенді жүйесінің негізін салды. Шапық Шөкин түрлендіруші қуаттың құрылымын, орналасуы мен ауқымын бағалау тәсілі мен халық шаруашылығының энергетикамен қамтамасыз етілу салаларын оңтайландыру тәсілін құрастырды. Айтылып кеткен салаларда зерттеулердің көп бөлігі жарияланған «Қазақстан энергетикасы» атты монографиясы Кеңес одағының ұлы энергетигі Г.М. Кржижановскийдің жоғары бағасына ие болды. Шөкин КСРО энергетикалық бейіннің ірі ғылыми мекемелерінің бірі болып табылатын Қазақстан энергетикалық ғылыми-зерттеу институтының негізін қалаушы мен жарты ғасырдан астам жетекшісі болып табылады. Ол – Ертіс-Қарағанды каналының, Қапшағай ГЭС жобаларының авторы. Шөкин негізгі құнды құрылымды алуға мүмкіндік беретін және қоршаған ортаны ластанулардан қорғайтын мыс, қорғасын және мырышты өндірудің жоғары тиімді технологиясын ашты (оттекті циклондық электр термиялық балқыту). Түрлі металлургиялық және технологиялық шикізатты қайта өндірудің циклондық әдісі өнеркәсіпке табысты енгізілді. Шөкиннің бұл жетістігі 1978 жылы ҚазКСР Мемлекеттік сыйлықпен белгіленді.

ҚазКСР ғылым академиясының ұйымдастырылуы

Академик Қ.И. Сәтбаевтің үзеңгілесі бола отырып Шапық Шөкин Қазақстан ғылым академиясының құрылуы мен дамуына үлкен үлес қосты. Академияның құрылуына рұқсат алу мақсатында Сәтбаевпен бірге Мәскеуге бірқатар сапар шекті, онда КСРО ҒА, ЦК КПСС ғылым бөлімінде институтты құру маңыздылығын дәлелдеді. Сонымен қатар, Шөкин ҚазКСР ҒА болашақ қызметкерлерін – білікті ғылыми кадрларды дайындауда қатысты: ондаған аспиранттарды шығарды. Академияны құрудың маңызды кезеңдерінің бірі КСРО ҚазҒАБ-да 11 ғылыми-зерттеу институттарын ұйымдастыру болып табылады. Шөкин жаңа ғылыми ұйымдарды орналастыру мәселесінде белсенді қатысты.



Ертіс-Қарағанды каналы

1940-жылдардың аяғында ғалымдар Орталық Қазақстанда судың тапшылығы мәселесінің өзектілігін түсінді. Қазақстан аумағында 2174 өзендер ағады, олардың арасында Ертіс, Есім, Орал, Сырдария, Іле және тағы басқа өзендердің суы мол болып келеді. Алайда Орталық Қазақстан үлесіне судың тек 5,5 пайызы тиесілі болды. 1948 жылы Қ.И. Сәтбаев Қазақ КСР астанасы Алматыны Қарағанды немесе Ақмолаға (қазіргі Астана) көшіру туралы ұсыныс жасаған кезде бұл мәселеге деген көңіл арта түсті. 1949 жылы ҚазКСР Ғылым академиясының көшпелі сессиясы кезінде Шөкин Орталық Қазақстанға суды Ертіс өзені арқылы тасымалдайтын каналды құруды ұсынды. Бұл идея ғылым қоғамы арасында көптеген шиеленістер тудырды. «Водоканалпроект» Мәскеу институты мен ҚазКСР гидрогеология мен гидрофизика институтының ғалымдары жерасты суын қолдану идеясын орынды деп санады. Бірақ кейін жерасты суларының аудан қажеттіліктерінінің тек төрттен бірін қамтамасыз ететіні анықталды. Осылайша, каналды жобалау туралы шешім қабылданды.

Шөкин болашақ канал жолын таңдау мақсатында Орталық және Солтүстік Қазақстан өзендерін қолдану сұлбасын құрастыру бойынша бірқатар экспедицияларды ұйымдастырып басқарды. Энергетика институтының директоры бола отырып академик нысанды жобалаумен айналысты. Жұмыс 1950-жылдары аяқталды. 1959 жылы Қ.И. Сәтбаев КСРО Мемжоба төрағасы А.Н. Косыгин алдында каналды салу қажеттілігін негіздеп оның салынуын жеті жылдыққа енгізуге қол жеткізді. Қарағандыда өткен ҚазКСР Ғылым академиясының көшпелі сессиясында Кеңес халықтық шаруашылық төрағасы Г.Онико каналды «Ертіс-Қарағанды» деп атауға ұсынды. Бұл жылы канал салынуы басталып 1974 жылы аяқталды.

Сібір өзендерін бұру

50-жылдардың басында Шөкин Сібір өзендерінің бір бөлігін Қазақстан мен Орта Азияға жіберу мәселесін көтерді. Бұл мәселені көтерудің бас себебі Арал көлінің шөгуі болды. Арал суының қайнар көзі болатын Сырдария мен Амудария өзендері мақта және күріш егінді жерлері бойынша ақты, нәтижесінде судың негізгі бөлігі көлге дейін жетпеді. Шөкиннің ойынша, Аралдың жойылуы кезінде тұзшы шаңның миллиондаған тоннасы жоғары көтеріліп ауқымды территорияға таралуы мүмкін, ал бұл өз кезегінде жақын орналасқан аудандарда тұратын адамдар үшін жағымсыз әсерін тигізеді. Теория жүзінде Шөкинмен құрастырылған жоба Арал көлінің кебу мәселесін шешуі мүмкін. Бұл мәселені көтерудің басқа себебі Қазақстан мен Орта Азияда электр энергиясы қажеттіліктерінің өсуі мен судың тапшылығы болып табылады. Көбісінің ойынша бұрудың алғашқы кезеңі болып табылатын Ертіс-Қазақстан каналының пайдалануға табысты енуі Шөкин сенімділігін арттырады. 20 жыл аралығында Энергетика институтымен оның жетекшілігі астында бұл жобаның құрылуы жүргізілді. 1978 жылы жүзеге асырудың принципиалдық сұлбасы құрастырылып, КСРО Су шаруашылығының министрлігіне берілді. Жоғары қаржы жұмсалымы мен идея дәлелдігінде күмәндану салдарынан ЦК КПСС пен жобаны жауып тастау шешімі қабылданды. Алайда 2002 жылы Мәскеу қаласының мэры Ю.М. Лужков батыл идеяны қайта жүзеге асыруды тапсырды.

Сібір өзендерінің бір бөлігін Қазақстанға бұру мәселесін Шөкин көтергеннен бастап қазіргі таңға дейін бұл идея көптеген ғалымдармен, оның ішінде А.Л. Яншин, Л.С. Понтрягин, А. Аганбегян, М. Агошковпен сынға алынады. Қарсыластардың маңызды дәлелі флора құрамының бұзылуы мен аудан климатының өзгерісіне алып келетін жер асты суларын каналды жағалай көтеру болып табылады. Сонымен қатар, қарсыластардың айтуынша, жоба Ресей Арктикасында жылу балансының өзгеруіне алып келеді, ал бұл өз кезегінде Ресейдің біршама аймақтарында климаттың өзгеруіне себептеседі.

Естелік

Академик Шөкин атымен аталған:



  • Қазақ ғылыми-зерттеу энергетика институты;

  • Павлодар қаласындағы көше;

  • Қазақстан Республикасы Ғылым академиясының президиумының энергетика саласындағы сыйлығы;

  • Тәуелсіз Қазақстанның өндірісіне көрнекті инженерлік өңдеулер мен прогрессивті технологияларды енгізіп, өнеркәсібінің дамуына үлкен үлес қосқаны үшін Қазақстан Республикасының ұлттық инженерлік академиясының сыйлығы;

  • С.Торайғыров атындағы ПМУ-да Ш.Шөкиннің атаулы стипендиясы;

Баянауылда Даңқ аллеясында академик Шөкиннің бюсты орнатылған.

Энергетика ҚазҒЗИ Шапық Шөкиннің атындағы мемориалдық мұражай ашылды.

Алматы қаласы әкімшілігінің Ш.Ш. Шөкинге бюст орнату туралы қаулысы бар. Қазіргі таңда жарасымды орын таңдау бойынша жұмыстар жүргізілуде (ең дұрысы Ә.Қ. Марғұлан ескерткіші маңайында Ұлттық Ғылым Академиясы ғимаратының шығыс жағынан саябақта орнату).

Алматы қаласы әкімшілігімен академик Шөкин атымен көшені атау қаулысы қабылданды.

Қазақстан энергетика инженерлері қоғамының Қапшағай ГЭС-қа академик Шөкин атын беру туралы өтініші бар.

Марапаттар


  • «1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысы жылдарындағы қажырлы еңбегі үшін» медальмен марапатталды (1945) 

  • КСРО Ғылым академиясы құрылғанына 220 жыл толуына байланысты Құрмет грамотасы берілді (1945)

  • Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген ғылым қайраткері (1961)

  • Энергетика және электрлендіру үздігі (1966)

  • «Қажырлы еңбегі үшін В.И. Лениннің туғанына 100 жыл толуы құрметіне» медальмен марапатталды (1970)

  • «ГОЭЛРО жоспарына 50 жыл» мерекелік белгісімен марапатталды (1970)

  • «Еңбек Қызыл Ту» орденімен марапатталды (1971)

  • ҚазКСР мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1972) 

  • «Ұлы Отан соғысы жеңісіне 30 жыл» медалімен марапатталды (1975) 

  • «ГОЭЛРО жоспарына 60 жыл» белгісімен марапатталды (1980)

  • «Қазан төңкерісі» орденімен марапатталды (1982)

  • КСРО құрметті энергетигі атағы берілді (1982)

  • Академик Қ.И. Сәтбаев атындағы сыйлықтың лауреаты (1991)

  • «Халық қаһарманы» атағы берілді (1996)

  • Алматы қаласының құрметті азаматы (2002)

  • КСРО-ның жоғары медальдары мен грамоталары бар

Негізгі еңбектері:

  • Энергетика Казахстана. – Алма-Ата, 1958.

  • Научные основы энергоснабжения сельского хозяйства Казахстана. – Алма-Ата, 1966.

  • Основы развития энергетики Казахстана. – Алма-Ата, 1971.

  • Энергетика и водное хозяйство Казахстана. – Алма-Ата, 1975.

  • Методика расчёта регулирования стока. – Алма-Ата, 1977.

  • Топливно-энергетический баланс Казахстана. – Алма-Ата, 1979.

  • Инженерные методы расчёта регулирования стока. – Алма-Ата, 1980.

  • Расчёты водохранилищ многоцелевого назначения. – Алма-Ата, 1983.

  • Регулирование нагрузки электроэнергетической системы. – Алма-Ата, 1985.

  • «Өмірдің төрт мезгілі». – Алматы, 1992.

  • «Ұлттық ғылым академиясы жолы» Алматы. – 1996.

  • «Өмірдің төрт мезгілі», 2-басылым, толықтырылған. – Алматы, 1998.




М.Т. ТЫНЫШБАЕВ – ҚАЗАҚТЫҢ ТҰҢҒЫШ

ТЕМІРЖОЛ-ИНЖЕНЕРІ

прямоугольник 4

Тынышбаев Мұхамеджан Тынышбайұлы (12 мамыр 1879 – 21 қараша 1937) – қазақ қоғам қайраткері, Ресей Екінші Мемлекеттік Думаның депутаты, Түркістан автономиясының премьер-министрі, «Алашорда» мүшесі, қазақтан шыққан тұңғыш теміржол инженері, Түркістан-Сібір магистралін жобалау мен құрылысының белсенді қатысушысы. 1937 жылы жазаға тартылды, 1970 жылы ақталды.

Мұхамеджан Тынышбаев 12 мамыр 1879 жылы Жетісу ауданы Лепсі уезі Мақаншы-Садыр болысында дүниеге келген (нақты туған жері: 45 38.348′N ендік, 80 42.073′E бойлық). Әкесі Тынышбай қазақ аксүйектерінен болған, Жетісу губернаторы Г.А. Колпаковскиймен құрылған жер комитетінің мүшесі болды. 1889 жылы ұлын Верныйға оқуға жіберді. Мұхамеджан екі жылдық дайындық курсын табысты бітіріп, кейін Верный ерлер гимназиясынында білімін жалғастырды. Ынталы оқуы үшін әрқашан грамоталармен марапатталған. Оның гимназиядағы мінездемесі:

«… Тынышбаев зор ықылас пен ынтамен орыс тарихы мен орыс мәдениеті мен әдебиеті тарихын оқып зерделей бастады. Сондай ақ, орыс әдебиетінен басқа математиканы, көне және түрлі тілдерді де игеруге қабілетті болды».

Тынышбайдың өз ұлына ана тілінде білім беруге мүмкіншілігі болмады. Патша үкіметі кезінде қазақ мектептері болған жоқ, кедей отбасыдағы бірнеше қазақ ерлері ғана орыс тілді гимназияда оқуға мардымсыз тізімде болды. Мұхамеджанның сәті түсті, ол 14 тамыз 1890 жылы Верный ерлер гимназиясының екі жылдық дайындық класына қабылданды. Он жыл ішінде (негізгі курс 8 жыл) білімқұмар Мұхамеджан барлық күшін оқуға салды. Оның дарындылығы барлық пәндерді меңгеруге деген ынта мен ықыласпен үйлесті. Бұратана гимназист педагогтарды өз жетістіктерімен таңғалдыртты. Кластан класқа өту кезінде Мұхамеджан 1-дәрежелі мадақтама мен ерекше жетістіктері мен ұқыптылығы үшін педагогикалық кеңестің мақұлдауын алатын. Оның гимназиядағы мінездемесінде:

«Тынышбаев зор ықылас пен ынтамен орыс тарихы мен орыс мәдениеті мен әдебиеті тарихын оқып зерделей бастады. Сондай ақ, орыс әдебиетінен басқа математиканы, көне және түрлі тілдерді де игеруге қабілетті болды», - деп жазылған. Тынышбаевқа 1900 жылы берілген кәмелеттік аттестатта ғылымда, әсіресе математикада үлкен жетістіктерге жеткені үшін алтын медалмен марапатталатыны белгіленген.

Гимназист бола тұра, ол тек оқумен ғана шектелмей, әлеуметтік-саяси іс-шараларда, өздігінен білім алу үйірмелерінде қатысты. Верныйдың естеліктерінде 1899 жылдың 27 мамыр күні А.С.Пушкиннің 100 жылдығына арналған мерейтойдың өтуі сақталды. Гимназисттердің әдеби-музыкалды таңғы көрмесінде Тынышбаев «Ұлы Петр мен Мазепаның адамгершілік бейнесі» атты рефератты баяндады. Ақыл-ой еңбегі мен өмірлік байқаулары Тынышбаевтың қоғамдық санасының қалыптасуына себептесті және кейін оны қоғам өмірінде белсенді қатысуға ынталандырды. Бір ресми құжатта Тынышбаев: «Мен шамамен 1894 жылы Жетісу өңіріндегі қырғыз (қазақ) халқы өмір салтының өзгеруінің куәгері болдым. Жоғары кластың гимназисті мен кейін студент бола отырып қырғыз халқының қажеттіліктерін ұғына бастадым...», - деп жазды.  

Өз халқына қызмет ету ынтасы оның институтта білімін жалғастырып инженер маманын алуға түрткі болды. Гимназияның алтын медалі мен кеңестің мадақтамалы мінездемесі басқа мүмкіншілікке де жол ашқан, ол — Жетісу облысы әскери губернаторы кеңсесінде аудармашы қызметін атқару. Алайда кеңсе қызметкерінің перспективасы, яғни өмір сүруге қаржы табу, шен мен медалдарға ие болу Тынышбаевқа ұнамады. Ол император Александр I атындағы Петербург теміржол институтына түсуге ықыластанды. Сол мезетте гимназия директоры М.В. Вахрушев қол ұшын берді. Ол Жетісу облысы әскери губернаторына өтініш жазды: «Тәрбиеленуші Тынышбаев үлгілі және біртуар қабілетті оқушы екенін есепке ала отырып, мен жоғары мәртебелі Сізді өкіміңіздегі стипендияны Тынышбаевқа беруіңізді сұраймын. Мұндай стипендиясыз ол жоғары оқу орнында білімін жалғастыра алмайды».

Әр уақыт кезеңінде М.Вахрушев жәрдемімен басқа да көптеген Верный гимназиясының түлектері институттарда білімін тереңдетуге мүмкіндік алды, олар - Салық Аманжолов (заңгер), Түбек Есенқұлов (мал дәрігері), Ысқақ Дүйсенбаев (математик), Жүсіпбек Жақыпбаев, Ысқақ Жақсылықов (дәрігерлер). Тынышбаев осыншама беделді жоғары оқу орнына түскен тұңғыш бұратана болғандықтан, Петербург оны таңдану мен сенімсіздікпен қабылдады. Оған бірқатар арнайы емтихандар, конкурс өтіп ниетін негіздеуге тура келді.

1900 жылы Верный ерлер гимназиясын бітіріп гимназия директоры М.Вахрушевтың өтініші арқасында Петербургтағы император Александр I атындағы теміржол инженерлерінің институтына түсті.

Петербургта ол Жетісу генерал-губернаторы ұйғарымы бойынша ұйымдастырылған Түркістан жатақханасында өмір сүрді. Тынышбаев толық қамқорлықта болды, ол жыл сайын 420 рубль алатын, оның 60-сы қажетті киім, аяқ киім мен оқу құралдарын алуға бірден берілетін. Тәжірибелік оқуды Мұхамеджан Тынышбаев Қазақстан даласында өтті, бұл кезде Орынбор-Ташкент теміржолы салынып жатты.

Тынышбаевтың оқуға жігермен кіріскенін оның хаттары дәлелдейді: «Сабақ беруге қолым тимейді, бір де бір бос уақытым жоқ (емтихандар мен жаттығулар кезінде), кейде таза ауамен демалуға жарты сағат уақыт таба алмаймын». Мұның себебі жылына 360 рубль стипендияның жетіспеушілігі болып табылады. Оның 100 рублі форма сатып алуға, 100 рублі дәрістерді төлеуге кетті. Ал пәтер мен үстелдің қымбат болуынан оған 10 айға 20 рублден қалатын. Ол Петербургтағы мұсылман қауымынан қарыз алу арқылы ғана аман қалды. Тынышбаевтың 30 маусым 1901 жылы жазылған стипендияны 100 рублге көтеруі туралы Жетісу облысының әскери губернаторына өтініші сақталды. Мәселе Түркістан генерал-губернаторына тапсырылды, бірақ өңір басшысы өтінішті қабыл алмады. Тынышбаевтың тұрмыс жағдайы қалайша қалыптасқанын ары қарай жорамалдау қиын. Алайда ол қол ұшын ешкімнен күткен жоқ екендігі мәлім.

Осы өтініште Тынышбаев: «... басқа қаражат көздері жоқ, әкем қырғыз өмір салты бойынша да кедей». Мүмкін оны астаналық мұсылмандар құтқарды немесе ол сабақ беру арқылы күн көрді. Ол әр нәрседе үнемдеді, сондықтан демалыс уақытында үйіне тек екі жылда бір рет келді. Оған қарамастан Тынышбаев үздік оқыған. Оның студенттік шақтары әлеуметтік орындарға, кітапханаларға барумен, түрлі жиналыстар мен кештерде қатысуымен, басымылда шығуымен өтті. Бұл қызметтің барлығы Тынышбаевтың 1905 жылы төңкерісте қатысуын ескерсек түсінікті болады. Бұл кезең туралы азғана мәліметтер бар, алайда оны өз халқының терең әлеуметтік-саяси мәселелері алаңдатқаны мәлім. Кейінірек өзі айтқандай, «гимназист пен студент бола тұра қырғыз халқының қажеттіліктерін түсіне бастады, орыс үкіметі мен қырғыздар арасындағы өзара қатынасты біртіндеп ұғынып, қырғыз өмір салтының өзгеруіне байланысты халықтың өткен және қазіргі жағдайын салыстыруға тура келді». Бірінші буржуазиялық-демократиялық төңкеріс кезеңінде Тынышбаев биографиясының елеулі факітісі - оның 1905 жылғы автономия съезінде «Қазақтар және азаттық қозғалысы» атты баяндамамен шығуы. Баяндамада патша өкіметінің отарлық саясатының қазақ халқы үшін тонаушылық болып келетіні ашылады, оның салдары шаруашылық күйреу болып саналады. Сол 1905 жылы Тынышбаев министрлер комитетіне арызданады, онда ғылыми тұрғыдан қазақ халқын басқару принциптерінің шындыққа сәйкес келмеушілігін негіздеп басқарудың әскери жүйесінен азаматтыққа өтуді талап етті. Ар-намыс еркіндігі, дін еркіндігі, тең құқықтық – бұл мәселелер қазақтар үшін өзекті саяси мәселе болғанын Тынышбаев дәлелдеді. Жас саясаяткер комитетке демократия тұрғысынан ескірген өңірді басқару жүйесін қайта қарастырып қазақ жерлерінде қысымшылық көрсетуді тоқтатып жүдеубас қазақ халқының қамын ойлауды талап етті. Осылайша, 1905 жылы Тынышбаев даусы танымал қазақ демократия зиялыларының «Қарқаралы петициясымен» бірге үйлесті. Бұл патша өкіметіне қазақ студентінің саяси ниеттестігінде күмәндануға негіз берді.

1905 жылы Тынышбаев бітіру емтихандарын тапсырып «Түркістан-Cібір теміржолын салу» курстық жобасын қорғады. Түрлі құрылыс жұмыстарын жүргізу құқығымен теміржол ииженері дипломына ие болды және мемлекеттік қызметке түсу кезінде хатшы шенін алуға құқығы болды. Осылайша, ол қазақтың тұңғыш теміржол инженері атанды.

1906 жылы да аңдулар жалғастырылды, бұл кезде ол Жетісу теміржолында төрт ай бойы іздеулер жүргізген. Оған дейін Лепсі уезінің тыңшылары инстанция бойынша студент Тынышбаевтың үйге көптеген еркін сипаттағы басылымдар мен әдеби материалдарды таситынын және оларды жергілікті сауатты қазақтар арасында тарататынын баяндаған.

Батыл саяси талаптар қоюдың салдары Тынышбаев артынан құпия бақылау орнату болып табылады.

1906 жылы Тынышбаев Красноводсктан Чарджоуға дейінгі Ортаазиялық теміржолды қайта құрастыруда инженер болып жұмыс істеді, Амудария өзені арқылы ескі ағаш көпірдің орнына металл құрылымды көпірді салуда белсенді қатысты.

1907 жылдың 3 сәуірінде Жетісу облысының тұрғылықты халқы атынан Мемлекеттік думаның II шақырылымында депутаттыққа сайланды. Санкт-Петербургке 26 сәуір 1907 жылы келді. Мұсылман фракциясы мен Сібір тобы құрамына енді. Тынышбаев аграрлық комиссия мүшесі болды. Мемлекеттік және қазақ ұлттық мүдделерін келістіруге ұмтылды. 1 маусым 1907 жылы Ресей министрлер Кеңесінің төрағасы Петр Столыпин 55 депутатты патша отбасына қарсы қастандық жасау бойынша айыптады. Дума 3 маусымда патша Николай II бұйрығымен таратылды (Үшінші маусым төңкерісі). Тынышбаев Санкт-Петербургтен Түркістан өңіріне қайта оралды.

Жоғары бедел мен әлеуметтік-саяси сенімділіктің дәлелі ретінде 28 жастағы инженердің 2-Мемлекеттік Думаға Жетісу облысынан сайлануын есептеуге болады. Мұндай таңдау патша өкіметіне ұнамады. Дума трибунасынан қазақ оппозиционерлердің сөздері шықты. Депутат Бақытжан Қаратаевтың Столыпинның аграрлық саясатын сынаумен ортаға шығуы үлкен резонанс болды. Демократия ойыны «азатшыл» Думаны 1907 жылдың 3 маусымында заң бойынша таратуымен аяқталды. Қазақтар Мемлекеттік Думаға өз ұлт өкілдерін таңдау құқығынан айырылды. Орыс үкіметі тарапынан депутат Тынышбаевтың қызметін саяси бағалаудың мәні осында тұрды.

1907 жылы ол оңтүстікте Арыс станциясынан Іле өзеніне дейінгі Түркістан-Сібір магистралін зерттеу бойынша А.Голембиевскийдің экспедициясына қатысқан.

1907 жылдан 1910 жылға дейін Ашхабад-Ташкент теміржолын салуда ерекше тапсырыс инженері қызметін атқарған.

1911 жылдан бастап Мұхамеджан Тынышбаев Ұрсат-Әндіжан аймағында теміржол құрылысының бас инженері, одан кейін бөлім бастығы лауазымына ие болады.

1914 жылы ол Жетісу жолының оңтүстік бөлігін салуға атсалысады (Түркісібтің басы), онда кішігірім теміржол линиясының бастығы, кейін Арыс-Әулие-ата (қазіргі Тараз) линиясының бас инженері ретінде қызмет етеді.

1917 жылы ақпан төңкерісінен кейін сәуір айында Уақытша үкімет шешімімен Түркістан өңірін басқару мәселесін орнында шешу үшін Түркістан комитеті құрылды, оған 2-Мемлекеттік Думаның бұрынға мүшесі ретінде Мұхамеджан Тынышбаев енді. 1917 жылдың шілде айында Тынышбаев Жетісу облысының өкілі ретінде Орынбарда өткен I Жалпы қырғыз съезіне қатысып Бүкілресейлік құрылтай жиналысына өкілеттер қатарына сайланады. 1917 жылдың аяғында құрылтайға № 2 тізім бойынша Жетісу сайлау округінде (социалисттер блогы) сайланады. 1917 жылдың қарашасында Қоқанда Түркістан автономиясының премьер-министрі болып тағайындалады, алайда сыртқы істер министрі Мұстафа Шоқаймен көзқарастардың ажырауы салдарынан лауазымын босатып Ташкентке оралады. Оның орнына Мұстафа Шоқай отырады. Шоқай Түркістан автономиясының премьер-министрі ретінде 1917 жылдың желтоқсан айында Орынбордағы II Жалпы қырғыз съезінде қатысқан. Онда Алаш (Қазақ) автономиясы жарияланып, төрағасы Әлихан Бөкейханов болған «Алашорда» үкіметі құрамына кіреді.

Дума таратылғаннан кейін Тынышбаев Ортаазиялық теміржолда ерекше тапсырым инженері болып қызмет етеді және Амудария арқылы көпір салуда атсалысады. 1911 жылы Ұрсат-Әндіжан аймағында теміржол құрылысының бас инженері, одан кейін бөлім бастығы лауазымына ие болды. 1914 жылы отанына оралып Жетісу теміржол линиясының бастығы, кейін Арыс-Әулие-ата (қазіргі Тараз) линиясының бас инженері ретінде қызмет еткен. Мұнда ол А.Байтұрсынов пен М.Дулатұлымен жарияланатын «Қазақ» газетімен белсенді қарым-қатынас орнатқан. «Қазақ инженер» лақап атымен 1915 жылы оның «Соғысушы патшалар әскері», «Сүңгуір қайық», «Темір жол һәм Еуропа соғысы», «Соғыс кемелері һәм мина» атты ағартушылық сипаттағы мақалалары жарияланды. «Барлыбек Сыртанов», «Садуақас Шалымбеков» мақалаларында алдыңғы қатарлы қазақ зиялылары туралы жазған. 1916 жылы көтеріліс қарсаңында демалыста Ешкіөлмес даласында болған еді, бірақ сол мезетте көтерілісшілерді қолдау күдігі бойынша үй қамауына ұшырады. Тынышбаевтың Верный округі соты прокурорының талабымен тергеуші алдында берген айтылуы сақталды. Баспа табағы көлеміндегі бұл құжат (кейін жинақта жарияланған) «айтылу» авторы 1916 жылғы көтерілісті де қатарына қосатын барлық салдармен шығаты Жетісудің патшалық отары тарихының толық зерттелімі. Ол түрлі үйірмелерге баруын жоққа шығарды, ереуілді түріктер мен немістердің агитация нәтижесі (панисламизм, пантюркизм) екендігін айтты. Түркістан генерал-губернаторына тапсырылған «айтылуда» автор былайша қорытындылайды: «Соғысқа дейінгі қырғыздарға деген қатынас пен жұмыс күшін жұмылдырулар болмаған жағдайда идеалды түрде қалыптасқан «түрік-неміс» агитациясы мұндай күшке жетпеуші еді». Бұл сөздерде Тынышбаев және басқа да зиялылармен 1916 жылғы қазақ ұлттық азаттық көтерілісінің себебін дұрыс ұғынудың негізі жатыр.

1919 жылы Кеңес үкіметі Түркістан мен Дала өңірінде басшылық орнатқан кезде Тынышбаев Кеңес жағына өтті. 1921 жылы Тынышбаев Ташкентте Түркістан өңірінің Халықтық жер комиссариатының су шаруашылығы басқармасының бастығы болып тағайындалды. 1922 жылы Халықтық жер комиссариаты оны Шымкентке дәл осы лауазыммен жіберді. 22 шілде 1922 жылы үш баласы Ескендір, Фатима мен Динаның анасы болып келетін жұбайы Гүлбахрамнан тырысқақ ауруы салдарынан айырылды. Сол себептен Ташкентке қайта оралды.

1924 жылы Ташкентте ашылған Қазақ педагогикалық институтқа математика мен физика мұғалімі лауазымына шақырылды (қазір Алматыда орналасқан Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті). Бұл кезеңде ол жүздердің қалыптасуы туралы ақпарат жинады, қазақ руы тарихын сипаттап, хандар, батырлар, билер, ақындар өмірінің қысқаша сипаттамасымен кестелер құрды. Орыс география қауымының Түркістан бөлімінде бұл тақырыпқа байланысты дәрістер оқыды. «Көксудағы үйінділер және Қайлақ (Қолық) қаласы», «Ташкент уезі халқының ру тайпалық құрамы туралы тарихи анықтама», «XVII-XVIII ғасырдағы қазақтар», «Қазақтардың жеңісі мен жеңілісі», «Қырғыз-қазақ халқының тарихы бойынша материалдар» атты зерттеулерді баспаға шығарды. Қоғам өмірі мен білімді таратуға көп көңіл бөлген.

1925 жылы Қазақ КСР жаңа астанасының Орынбордан Қызылордаға ауысуы салдарынан Перовск (бұрынғы Ақмешіт) қаласын көріктендіру бойынша бас инженер қызметіне ұсынылды. Оның жетекшілігімен кірпіштен тұрғын үйлер мен әкімшілік ғимараттар қаланды, Қызылорданы ауыз суымен қамтамасыз ету үшін Сарқырама каналын жобаланып құрастырылды.

Бұл жылдары Тынышбаев Азиза Шалымбекованы жұбайы қылдырады, бірақ бұл неке ұзаққа созылмай жұбайы қызы Еңлікпен Мәскеуге көшті.

1926 жылдың 1 наурызында Мұхамеджан Тынышбайұлы Алматыға көшіп Жетісу губерниясының жол бөлімінің бастығы болып қызмет етеді. Алматы-Пішпек қатты жабынмен автокөлік жолы салынады, Алматы-Талдықорған жолын салу бойынша барлау жұмыстары жүргізіледі, Алматы-Хоргос жолының жаңа нұсқасы ұсынылады.

1927 жылдың қаңтарында Тұрар Рысқұловтың табанды ұсынысымен ол 1926 жылы құрылған Түркісіб салынудың жәрдемдесу комитетінің мүшесі болады. Тынышбаев «жолды пайдалану агенттерін» дайындауда белсенді қатысып, оның бастамасымен 60 жас қазақ оқыған арнайы курстар әзірленді. Түркісіб салынуын шамамен бір жылға қысқартқан және 25 млн рублді үнемдеуге мүмкіндік берген Шоқпар асуы арқылы теміржол салу жобасын (Шоқпар нұсқасы ретінде белгілі) құрастырумен айналысты. 1928 жылы Лепсі жолының орнына Балқаш жолын салуды көндірді. Бұл ойдың арқасында құрылыс кезінде миллиондаған рубль ақша, ал теміржолды пайдалану кезінде жүз мың рубль ақша үнемделді. Алматы-I станциясын салуда жобалаушы инженердің қателігін түзеттті.

1929 жылдың қыркүйек айында Түркісіб құрылысының бастығы В.С.Шатов өндірістік бөлім құрамында арнайы қызмет бөлімін ашу туралы бұйрық берді, бұл бөлімнің басшысы болып Мұхамеджан Тынышбаев тағайындалды. 1930 жылдың сәуір айында досы Дауд Шейх-Әлидің немере жиені Амина Шейх-Әлиге үйленді. Амина Шейх-Әли Уфадан Алматыға сапарда туысқаны Магипарваз Шейх-Әлимен ілесіп жүрді, бұл сапар 1929 жылы желтоқсанда ОГПУ қызметкерлерімен тоқтатылып, Амина Уфадан кетуге мәжбүр болады. 3 тамыз 1930 жылы Мұхамеджан Тынышбаев сөз жеткізу бойынша тұтқынға алынды, бірақ тергеу кезінде қылмыстық дәлелдер анықталмады. Келесі тұтқынға алу кезінде Тынышбаевқа 1917 жылғы оқиғалар үшін ол Түркістан автономиясының премьер-министрі болған кезеңіне айып тағылды. 20 сәуір 1932 жылы ПП ОГПУ астындағы үштік оны 5 жыл Воронежге жер аудартқызды. Бақылау астында ол жаңа Мәскеу-Донецк теміржолын салу басқармасының техбөлімінде жұмыс істеді. Жер аударудан қайтқаннан кейін 1936 жылы Тынышбаев Қандағаш-Гурьев теміржолын салуға аттанды, алайда ол жерде қатты суық тиіп, Ташкентке қайта оралды. Жаңа тұтқынға алудан қауіптенген Тынышбаев әйелі Амина мен бес жастағы ұлы Дәулетті жұбайының туысқандарына Уфаға аттандыртты. Онда Тынышбаев талабымен ұлы Шейх Әли фаимилиясын алды.

1937 жылдың 21қарашасында ол «Алашорданың» бұрынғы мүшесі мен «халық жауы» атымен қайтадан тұтқынға алынып, ату жазасына кесілді. 1959 жылдың 29 қыркүйегінде Мұхамеджан Тынышбаев Қазақ КСР Жоғары сот шешімімен ақталды, 1970 жылдың ақпан айында КСРО Прокуратурасымен, Түркістан әскери округ Прокуратурасымен ақталды.

Мұндай ғажап адам естелігіне Алматының Түркісіб ауданында көше Мұхамеджан Тынышбаев атымен аталды. Тұрған үйінде мемориалдық тақта қойылды. Тынышбаев атымен Қазақ көлік және қатынас академиясы атанды, оның бюсті 2000 жылдың 13 қыркүйегінде академия алдында орнатылды. Сарқанд қаласында М.Тынышбаевқа ескерткіш орнатылды.



Қазақстан Орталық теміржол көлігі мұражайында қазақтың тұңғыш теміржол инженері Мұхамеджан Тынышбаевқа арнайы бөлім қойылған, онда көптеген құжаттар, суреттер, газеттегі басылымдары сақталған, ұлы Ескендірмен оның ВГИК-та оқып жүргенде түсірген Тынышбаевқа арналған деректі фильмі бар.

Әр ғасыр өмірде өз ізін қалдыратын қаһарман қайраткерлерін тудырады. Тарихшылар міндеті — бұл ғасырды, оның қоғам дамуына үлесін зерттеу. Толық ғасырды теріске шығару, оның жағымды жақтарын қарастырмау ұрпақтар арасындағы қатынасты үзеді. Мұрасыз қалған қоғам манкуртизм күйінде қалады.

Бұл айтылғанның қазақ тарихына тікелей қатынасы бар. Дәлірек айтқанда, қазақ зерттеушілерімен, төңкеріске дейінгі зиялылармен жазылған ғылыми еңбектерді дәлелсіз теріске шығару үдерісі өткен ғасырда орын алған еді. Бұл 30-жылдары болған оқиға, барлық ғылыми және шығармашылық зиялылар «буржуазиялық ұлтшылдар» тобына жатқызылып жер аударылды.

1917 жылы Тынышбаев басқа да зиялылар сияқты патша өкіметін құлатқан Ақпан төңкерісін қуана қарсы алды. Төңкеріс еркін қоғамдық қызметке, халық мүддесін қорғауға жол ашты. 6 сәуір 1917 жылы Уақытша үкімет «өңірді басқарудағы пайда болатын мәселелерді орында шешу үшін» арнайы Түркістан комитетін құрды. Оның басшысы кадет Щепкин болып, құрамына меньшевик Елпатьевский, эсер Шкапский, Әлихан Бөкейханов, Тынышбаев және т.б. кірді. Бір мезгілде О.А.Шкапский мен М.Тынышбаев Жетісу облысында Уақытша үкімет комиссарлары болып тағайындалды. Тынышбаев О.А.Шкапскиймен бірге табысты қызмет етті. 1905 жылы О.А.Шкапский Верный қаласында көшіп-қону басқармасының бастығы бола отырып Жетісу облысында орыс шаруаларын аударуға жер жоқ екендігін баяндады, кейін бұл үшін облыс аймағынан алынды. 1917 жылы екі комиссар ұлтаралық қақтығыстарды болдырмау үшін, Қытайдан қайтқан қазақтарды орыс кулактарының қысымынан қорғау үшін біршама жұмыс атқарды. Оны Тынышбаев атына келген көптеген телеграммалар мен түрлі жиналыс хаттамалары дәлелдейді. Демек, фактілер әдебиетте қалыптасқан субъективтік пікірді теріске шығарады, яғни Уақытша үкімет комиссарлары халыққа қарсы саясатты жүргізгенін және 1916 жылы көтеріліске қатысқан қазақтардың Қытайдан қайта оралуы тек Кеңес одағы кезінде болғанын теріске шығарады. 6 желтоқсан 1917 жылы «Қазақ» газетінде Тынышбаев алғаш рет Қытайдағы қашқын қазақтар саны туралы жазады, оның ойынша, сол кезде 95 200 адам қайтыс болған. Осылайша, ол Қазақстандағы патша отаршылдарының тағы бір қылмысын ашады.

1917 жылы Тынышбаев қазақ автономиясы, аграрлық мәселе, ұлттық мәселе (тіл, мектеп туралы) жайлы өтетін қазақ съездерінде белсенді қатысқан. 1917 жылдың 21-28 шілдесінде Орынборда өткен Құрылтай жиналысында сайлау өткізу үшін жалпы қырғыз (қазақ) съезі қазақ облыстарынан депутаттарды таңдады, оның ішінде Жетісу облысынан М.Тыныщбаев сайланды.

Келесі съезде (1917 жылдың 5-13 желтоқсанында) Тынышбаев Халық кеңесіне, яғни «Алашордаға» сайланады. 1918 жылдың жаз мезгілінде Тынышбаев қатысуымен «Алашорда» «Алаш автономиясы аумағында уақытша жерді пайдалану туралы Ережені» қабылдайды. Оған дейін 1917 жылдың қараша айында М.Тынышбаев Қоқан қаласында Түркістан өңірі мұсылмандарының IV съезіне қатысады. Съезде Түркістан автономия болып жарияланды. Депутаттар талабымен «Қоқан автономиясы» құрылды. Үкімет мүшесі болып Мұстафа Шоқай тағайындалды, премьер-министр М.Тынышбаев болды. Бірақ «Қоқан автономиясы» мен Түркістан кеңесі арасында және жетекшілер арасында келіспеушіліктер туындады. Сол кезде Тынышбаев қантөгісті болдырмау үшін премьер-министр лауазымынан түсіп Ташкентке келді. 1918 жылдың күз мезгілінде ол Уфада болды, онда «Алашорда» өкілдері ресей контрреволюционерлерінің жиналысына қатысқан еді. Біраз уақыт бойы «Алашорда» мүшелері ақгвардия үкіметін большевиктерге қарсы күресте одақтасы деп санады. Олардың РКФӘР Кеңес үкіметімен келіссөздер жүргізу әрекеті табысқа жетпеді. Ол тек Кеңестер негізінде автономия құруды талап етті, ал Қазақстан үшін басқа ұлттық автономияны мойындамады. Осының салдарынан және жетекшілердің өткен антибольшевизмі салдарынан «Алашорда» контрреволюция лагерінде болды, «Оңтүстік-Шығыс кеңесті» құруды қолдады, Колчак қол ұшымен Қазақ автономиясын құру мәселесінің шешілуін күтті. «Бірыңғай, бөлінбес Ресей үшін» атты Колчак ұранынан, Уфа директоратынан қателіктер мен түңілулерге тап болғаннан кейін «Алашорда» 1919 жылдың көктем айларынан бастап біртіндеп Кеңес одағы жағына өте бастайды (кейін ол 1918 жылы бөлінеді). Өкінішке орай, Кеңес үкіметінің рақымшылық ету туралы декретіне қарамастан партия мен Қазақстан үкіметі жетекшілері (Ф.И.Голощекин және т.б.) 20-ғасыр аяғында «буржуазиялық ұлтшылдарды» әшкерелеу науқанын құрды, бұл науқан алдыңғы қатарлы демократияны қолдайтын қазақ зиялыларын, бұрынғы алашорда мүшелерін қуғындаудай бастады. Бұл заңсыз актілердің негізі әлеуметтік құрылыс кезінде көптеген асығыс іс-шараларды сынау мен қазақ халқының мүддесін қорғау болып саналады. Бұрынғы алашордашылар аштық пен мәжбүрлі көшу нәтижесінде қазақ халқының жартысының өліміне алып келген Голощекиннің мүлікті тәркілеуді, еріксіз ұжымдастыру мен көшпелілерді отырықшылыққа көшіруді, «кіші Қазан» теориясын сынай отырып мүлде дұрыс пікірде болды.

Мұндай күрделі өмір сүру жағдайларында да М.Тынышбаев өз халқына шын ықыласпен жоғары маманды инженер болып қызмет етті. Бір мезгілде оның дарынды табиғаты мен сын қырлы ой-өрісі қазақ халқының тарихын жоғары деңгейде зерттеуге, бай мұраны меңгеруге мүмкіндік берді.

Мұрағаттық құжаттар азамат соғысының аяқталуынан кейін Тынышбаевтың Жетісуда жасаған зор жұмыстары туралы көрініс береді. Ол Д.Фурманов пен О.Жандосовпен қоса З-Түркістан атқыштар дивизиясының саяси бөлімімен бірге жұмыс істеді. «Қырғыз (қазақ) халқының бас көсемі» Тынышбаевтың қатысуымен «Алашорда» жақтаушыларының Кеңес үкіметі жағына өту жағдайлары құрастырылды: «Біріншісі – Черкасс және Тарбағатай аудандары шаруаларынан қырғыз халқының дербес және тұрмыстық қауіпсіздігін қамтамасыз ету; екіншісі – қырғыз халқы мен зиялылар қауымына толық саяси рақымшылық көрсету, өткенді толық ұмытып орыс халқымен риясыз қатынас орнату». Азаматтық дүниені өзара жол беру мен құрмет көрсету арқылы қалыптастыруға болатынын Тынышбаев түсінетін. Үгіт жұмыстары нәтижесінде көбісі, оның ішінде ауқатты ауыл өкілдері де Анненков атаманымен жайғасқан аймақтан қашып, Қызыл Армияға даусыз көшті. 1920 жылы Тынышбаев назарын азамат соғысы нәтижесінде жүдеубас қалған қазақ халқына аударды. Ол бүкіл Солтүстік Жетісудің 31 болысының шаруашылық жағдайы туралы жан-жақты баяндама дайындап Д.Фурмановқа тапсырылған өңірдің экономикалық жағдайын жақсарту бойынша іс-шаралар жоспарын құрастырды. Тынышбаевтың нақты шаруашылық ұйымдастырушылық қызметке бейімділігі Түркістан КСР ОАК төрағасы Тұрар Рысқұловпен бағаланды. 1921—1922 жылдары Тынышбаев Түркістан республикасының жер шаруашылық министрлігінің су шаруашылығы бөлімін басқарды. 1923 жылы Шымкент су шаруашылығын жетекшілікке алды. Түркістан каналы жобасын құрастыруда қатысты. Орта Азияда ұлт-мемлекеттік ажыраулармен байланысты Тынышбаев ОАК ерекше комиссиясына техникалық кеңес мүшесі ретінде және көшпенді шаруашылық бойынша бас маман лауазымына тағайындалады. 1924 жылы Ташкент қаласында Қазақ педагогикалық институттың ашылуына орай математика мен физика пәндерінің мұғалімі қызметіне шақырылады.

Тынышбаевтың тарих пен өлкетанумен белсенді және жемісті айналасуы осы Ташкент кезеңіне жатады. Тынышбаев ұстаз ретінде құрметтейтін және көп нәрсе бойынша ақылдасатын әйгілі шығыстанушы академик В.В.Бартольдтың еңбектері оған үлкен ықпалын тигізді. Тынышбаев А.П.Чулошниковтың Қазақстан тарихы бойынша очеркіне (I бөлім, Орынбор, 1924) жан-жақты пікір жазу арқылы өзін көңіл қоюды талап ететін білгір тарихшы ретінде ұсынды. Тынышбаев жұмыстары Түркістан мен Қазақстанда түрлі ғылыми қоғам жиналыстарында талқыланып басылымға ұсынылатын. Ол Қазақстанды танып білу қоғамының Сырдария бөлімінің құрметті мүшесі болды. Қоғамның басылым жоспарында 1927-1928 жылдары Тынышбаевтың 30 баспа табағы көлеміндегі қазақ және орыс тілдерінде «Қазақ халқының тарихы» атты жұмысы тұрды. Өкінішке орай, автор мұрағатының жоқтығынан осы және басқа да қолжазбалардың тағдырын білу қиынға түседі. 1927 жылы Мәскеудегі өлкетанудың орталық бюросына Қазақстаннан Әуезов, Малдыбаев және Тынышбаев енді. 1927 жылдың 11-14 желтоқсанында өткен 3-Бүкілресейлік конференция материалдарында: «Тынышбаев пен Малдыбаевқа келсек, олар қомақты мәдениет пен ғылыми дайындыққа ие бола отырып Түркістан-Сібір магистралін салу бойынша сапарлары мен партия жұмыстарын атқару кезінде уақытша М.Әуезовтың құнды көмекшілері болады», - деп жазылған. Әйгілі генетик және селекционер Н.И.Вавилов «КСРО дала дақылдары» атты кітабына материал жинау үшін Жетісуға экспедицияға барар алдында 1929 жылдың 22 наурызында Тынышбаевқа жазған: «Құрметті Мұхамеджан! Сізге өңір білгірі, оның тарихы мен жеке халқын жетік білетін тұлға ретінде жүгініп отырмын. Мен Сізге өңірмен танысу бойынша нұсқаулар мен кеңестер беруіңізге дән риза боламын. Сізге Ауғаныстан жер шаруашылығы туралы кітабымды жіберім».

Тынышбаевтың ғылыми-зерттеу жұмысы туралы айта келе оның тарихпен айналасуы негізгі жұмысы болмағандығын ескерген жөн. 1925-1926 жылдары Тынышбаев республиканың жаңа астанасы Қызылорданы көріктендіру бойынша бас инженер болып тағайындалады. Оған қаланы сумен қамтамасыз ету, көптеген нысандарды салу идеялары жатқан.

1927-1930 жылдары ол РКФӘР кеңес халықтық комитеті төрағасының орынбасары мен СНК астындағы Түркісібті салуда жәрдемдесу комитетінің төрағасы болып келетін Т.Рысқұловтың шақыруымен Түркісібті салу бойынша жұмыс атқарады. Өңірді жақсы білу мен тиянақты жұмыс арқасында инженер Тынышбаев Алматы-Фрунзе (Бишкек) трассасының қымбат шығатын Қордай нұсқасына қарағанда арзан Шоқпар нұсқасын (25 млн рублге) қолдауды қол жеткізді. Бұл Түркісібті салу мерзімінің бір жылға қысқаруына алып келді. Өкінішке орай, Тынышбаев өмірі ұзаққа созылмады және қиын тағдырлы болды.

1932 жылдың 22 сәуірінде Түркісіб жолының бастығы инженер Тынышбаев кенеттен тұтқынға алынып, Воронежге жер аударылды. Қазақ КСР Жоғары сотының анықтамасына сәйкес «1879 жылы туған, тұтқынға дейін Қоқан автономиялық үкіметтің Министрлер Кеңесінің Төрағасы ретінде жұмыс істеген инженер Мұхамеджан Тынышбаевтың ісі 1958 жылдың 28 ақпанында Қазақ КСР Жоғары сотының қылмыстық істері бойынша Сот коллегиясымен қайта қарастырылды». Сонымен, Тынышбаевты 1917 жылғы оқиға үшін айыптады, ол кезде ол Қоқан қаласында Түркістан автономиясының премьер-министрі лауазымын атқарып кейін қызметтен кеткен. Міне, 30-жылдардағы заңсыздық «логикасы» осындай. Жер аударуда Тынышбаев Мәскеу-Донбасс теміржолының жобалау бөлімінің инженері ретінде жұмыс істеді. Құрылыс бастығы бұрынғы Түркісіб құрылысының бастығы Шатов болғаны абырой болды. Кейін Тынышбаев ұлы Ескендір әкесін Воронеж қаласына келіп көргені үшін тұтқынға алынып Соловкаға аттандырылды және 1944 жылға дейін Гулаг лагерлері бойынша жер аударылып жүрді. Ескендір Мұхамеджанұлы Тынышбаев – қазақтың тұңғыш кәсіби кинооператоры, Қазақстанның көрнекті қайраткері, қазір зейнеткер. 21қараша 1937 жылы ауырып жатқан Тынышбаевты қайта тұтқынға алды. Тек 1970 жылы ресми құжаттарға сәйкес қайтыс болғаннан кейін ақталды.

М.Тынышбаевтың ғылыми еңбектері жеке басылып шыққан жұмыстар мен қолжазбалардан тұрады, бірақ оның барлығы сақталған жоқ. Оларды қайта жариялау қажет. Қазіргі таңға дейін тек «Қырғыз қазақ халқының тарихы бойынша материалдар» қайта басылып шықты. Бұл жинақ – Тынышбаевтың орыс тілінде жазған негізгі еңбектерін қайта басып шығудың бірінші әрекеті. Алайда жинақ көлемінің шектеулігі мен басылым ерекшелігі салдарынан бұған автордың барлық танымал еңбектері, оның ішінде қазақ тілінде жазылған жұмыстары кірген жоқ. Біздің ойымызша, М.Тынышбаев еңбектерінің толық басылымы мен оның өмірбаянын толық зерттеу – болашақ ұрпақ жұмысы.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет