История и культура племенных объединений



жүктеу 1.84 Mb.
бет5/10
Дата12.09.2017
өлшемі1.84 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

Ө.А. ЖОЛДАСБЕКОВ – ИНЖЕНЕР-МЕХАНИК,

МАШИНАЛАР МЕН МЕХАНИЗМДЕР ТЕОРИЯСЫ САЛАСЫНДА ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ҒЫЛЫМИ МЕКТЕП ҚҰРУШЫ


Өмірбек Арысланұлы Жолдасбеков 1931 жылы 1 наурызда Шымкент облысы Қызылсу ауылында, жұмысшы отбасында дүниеге келген. 1949 ж. Шымкент қаласындағы №7 қазақ орта мектебін алтын медальмен бітірген соң, М.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетіне, механика-математикалық факультетіне түседі. Өмірбек Арысланұлы студенттік кезінен бастап ғылыми ізденіске көп қызығушылық байқатады және қолданбалы механика міндеттерімен қызығушылықпен айналысады, сосын студенттік жылдары көрнекті ғалым-механик, ММТ кеңістік мектебінің басшысы, академик И.И. Артоболевскийдің басшылығымен бастаған жоғары кластағы жазық иінтіректік механизмдерді зерттеу әдістерін әзірлеуге бірнеше рет қайта оралады.

1954-1958 жж. ММУ бітіріп шыққан соң, ол Қазақ химия-технологиялық институтының механика кафедрасында оқытушы, аға оқытушы және механика факультетінің деканы болып жұмыс істейді. 1958 жылы Мәскеу тоқыма институтының механизмдер аспаптар және машиналар теориясы кафедрасына аспирантураға түседі, оны бітірген соң 1961 жылдың желтоқсанында осы кафедрада оқытушылық қызметіне қалдырылады. 1959 жылы Ө.А. Жолдасбековті Мәскеу қаласының Лениндік КОКП АК КОКП қатарына қабылдайды.1962 жылы көктемде ол «Тоқыма білдектерінің торсиондық ұрыс механизмінің кинематикасы және динамикасын зерттеу» тақырыбына кандидаттық диссертацияны сәтті қорғап шығады.

1962 жылдың күзінде Ө.А. Жолдасбеков Қазақ политехникалық институтына (ҚазПТИ) жұмысқа ауысады, осы кезеңнен бастап оның Қазақстандағы машина механикасы туралы ғылымның дамуы мен құрылуы бойынша ең үлкен жұмысы басталады.

1962 жылы ҚазПТИ-да қайта құрылған автоматика және есептеу техникасы факультетінде декан болып, ал 1964 жылы осы институтта оқу ісі жөніндегі проректор болып тағайындалды. Осы уақыт аралығында жоғары кластағы механизмдерді кинематикалық және күштік талдаудың жаңа графиктік және граф-аналитикалық әдістерін, кеңістіктік ортогональды координаталар жүйесін оның осі айналасында кіші бұрыштардың бір мезгілде тәуелсіз бұрылысы кезінде түрлендіру әдісін, жетекші біліктің серпімді тербелістерін ескергенде жазық иінтіректік механизмдер қозғалысын зерттеу әдістерін әзірледі.

Көрнекті ғалымдар В.Л. Кирпичевтің, Н.Е. Жуковскийдің, Л.В. Ассурдың, И.И. Артоболевскийдің және басқаларының негізін қалаушы еңбектеріне сүйене отырып Ө.А. Жолдасбеков жоғары кластағы жазық иінтіректік механизмдерді талдаудың және синтезінің іргелі теориясын жасады. Оның координаталар жүйелерін түрлендіру, буындардың серпімділігі ескерілген механизм қозғалысы заңдарын анықтау бойынша зерттеулерінің нақты қолданбалы маңызы болды. Олар ТСШ тоқыма білдектерінің жауапты түйіндерін теориялық зерттеу негізіне қойылды. Осы зерттеулердің нәтижелері бойынша 1972 жылы Ө.А. Жолдасбеков «Жазық иінтіректік механизмдер теориясы» тақырыбына докторлық диссертациясын қорғайды.

1970-1986 жылдары Ө.А. Жолдасбеков С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің (қазіргі ҚазҰУ) ректоры болып тағайындалады. Осы жылы ҚазҰУ-да машина механикасы бойынша ғылыми-зерттеу зертханасын құрады. 1971 жылдан бастап Алматыда Ө.А. Жолдасбековтың басшылығымен КСРО Ғылым академиясының машиналар және жұмыс процестерінің теориясы бойынша Ғылыми кеңестің Бүкілодақтық семинарының Қазақ филиалы жұмыс істейді. Ол Н.И. Левитскиймен бірге «Машиналар мен механизмдер теориясы» курсы бойынша қазақ тілінде университеттер мен техникалық жоғары оқу орындарына арналған бағдарлама әзірлейді. 1973 жылы теориялық механика кафедрасы базасында жаңа кафедра – қолданбалы механика кафедрасы, жоғарыда аталған зертханалар беру арқылы құрылады. Кафедрада және зертханада жоғары класты механизмдер теориясы, тоқыма машиналары мен роторлық жүйелер динамикасы, роботтар және манипуляторлар бойынша кең ауқымды зерттеулер басталды. Осылайша, машина механикасы бойынша қазақстандық ғылыми мектептің негізі қаланды. Мұнда машиналар механизмінің теориясы, деформацияланатын қатты дене механикасы бойынша мамандар даярлау жүзеге асырылды. 1973 жылдан бастап машиналар механикасы бойынша қазақстандық ғылыми мектепті Алғашқы Бүкілодақтық мойындау бойынша ҚазМУ жанында КСРО ҒА механизмдер мен машиналар теориясы бойынша Бүкілодақтық ғылыми семинардың Қазақ филиалының (семинар жетекшісі Ө.А. Жолдасбеков) ашылуы болды және осы жылдан бастап семинар Еңбектері жариялана бастады. Сол жылы КСРО ЖАК ҚазМУ жанында машиналар және механизмдер теориясы бойынша кандидаттық диссертация қорғау үшін диссертациялық кеңес ашуға рұқсат береді.

Республикада машиналар механизмі туралы ғылымды дамытудың қуатты импульсі 1977ж. С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің базасында ММТ бойынша І Бүкілодақтық съезді және 1981ж. ұйымдастыру комитеті төрағасының орынбасары ретінде және механика машиналары бойынша қазақстандық ғылыми мектеп басшысы ретінде Ө.А. Жолдасбековтың тікелей қатысуымен ұйымдастырылған теориялық және қолданбалы механика бойынша V Бүкілодақтық съезді өткізу болды. Съездер әлемге әйгілі ғалымдардың кең көлемде қатысуымен өтті, жетекші ғылыми мектептермен қарым-қатынас құруға және нығайтуға, Қазақстан ғалымдарының ғылыми жетістіктерін насихаттау ықпал етті.

1977 жылы – Ғылымға қосқан үлесі және халықаралық ғылыми-техникалық ынтымақтастығы үшін үлкен Күміс медаль ұсынылып, Халықаралық инженерлік академияның халықаралық сыйлығына ие болды.

Ө.А. Жолдасбеков және оның шәкірттері өткізген жоғары класты механизмдердің іргелі теориясы аймағындағы кең көлемдегі ғылыми зерттеулер нәтижелері негізінде әлемдік практикада теңдесі жоқ және КСРО көптеген авторлық куәліктерімен және Англия, Италия, Польша патенттерімен қорғалған түбегейлі жаңа механизмдер мен манипуляциялық құрылғылар жасалды.

1980 жылы ҚазМУ-де СТБ білдектерінің механикасы бойынша салалық ғылыми-зерттеу зертханасын ұйымдастырады. Қолданбалы механика кафедрасының және оның зертханасының зерттеу тақырыбы, сүйретпе орнақтардың динамикасы және механизмдер мен машиналарды жобалауды автоматтандыру мәселелерімен кеңейтілді. 1983 жылы тәжірибелі-эксперименттік өндірісімен робототехника бойынша республикалық ғылыми-әдістемелік орталық және «Қолданбалы механика мәселелерін модельдеу», «Бағдарламалық оқытудың механизмдер мен машиналар теориясы» оқу зертханалары құрылды.

Осында Өмірбек Арысланұлымен бірге жұмыс істегендердің барлығына белгілі оның КСРО орталық жоғары оқу орындарының түлектеріне ерекше қарым-қатынасын айта кетпеу мүмкін емес. Профессор М.Молдабековтың айтуынша, «оның ҚазМУ-дың ректоры бола тұра осындай түлектерді жұмысқа орналастырудан бас тартқан бірде бір кезін еске түсіре алмаймын. Керісінше, ол оларға әкелік қамқорлығын көрсетіп, жеке сөйлесуге, дайындықтарына баға беруге және әлеуеттік мүмкіншілігін білуге уақыт табатын». Осы түлектерінің көбісі ҚазМУ-да тағылымдамадан өтуге және КСРО орталық жоғары оқу орындарында және ғылыми институттарының мақсатты аспирантурасында оқуларын жалғастыруға мүмкіндік алды.

Ө.А. Жолдасбековтың басты назары біліктілігі жоғары механик- мамандар даярлауға бөлінді. Оның төрағалығымен үш мамандық бойынша (теориялық механика, механизмдер мен машиналар теориясы, сұйықтық, газ және плазма механикасы) докторлық диссертациялық кеңес жұмыс істеді. Дәл осы уақытта керемет жас ғалымдар саңлақтарының тобы құрылды (Г.У. Уалиев, Е.Р. Рақымов, М.М. Молдабеков, Ж.Ж. Байғұншеков, А.Ч. Жомартов, Г.Б. Шерьязданов, У.К. Жапбасбаев, А.И. Ысқақбаев, Т.Н. Бияров, К.С. Иванов және т.б.). Академик Ө.А. Жолдасбековтың үлкен ғылыми-ұйымдастырушылық жұмысының нәтижесінде ҚазМУ бұрынғы КСРО үшін механизмдер және машиналар теориясы бойынша ғылыми-педагогикалық кадрларды тағылымдамадан өткізу және даярлау орны болды. ҚазМУ-да Мәскеуден, Ленинградтан, Украинадан, Молдовадан, Грузиядан, Армениядан, Азербайджаннан, Өзбекстаннан, Қырғыстаннан және Ресейдің азиялық бөлігінен үш жүзден астам ғалым кандидаттық және докторлық диссертацияларын сынақтан өткізді және қорғады. Академик Ө.А. Жолдасбековтың өзі 25 ғылым докторы мен 80-нен астам ғылымдар кандидатын, соның ішінде жоғарыда аталған КСРО республикалары үшін және шет елдер үшін дайындаған.

Жоғары класты механизмдер мен манипуляциялық құрылғыларды жасау бойынша ғылыми зерттеулер мен әзірлемелердің нәтижелері 1989 жылдың қырқүйек айында машина жасау жөніндегі КСРО Министрлер кеңесі Бюросының Ғылыми-техникалық кеңесінің мәжілісінде қаралды және елдегі машина жасау кешені саласында кеңінен пайдалануға ұсынылды.

Ө.А. Жолдасбековтың басшылығымен орындалған «Өнімділігі жоғары және кеңейтілген технологиялық мүмкіндіктері бар СТБ типті көп түсті тоқыма білдектерінің теориялық негіздерін әзірлеу және жасау» еңбегіне 1983 жылы ғылым мен техника саласында Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығы табысталды.

Ө.А. Жолдасбеков және оның шәкірттері жоғары класты механизмдер базасында еркін түрдегі кеңістіктік нысандарды және күрделі конфигурациядағы жазық нысандарды қармау үшін өнеркәсіптік роботтардың түпнұсқалы адаптивті қармауыш құрылғыларын, жүк көтергіштігі жоғары және дәл позицияланатын роботтардың атқару механизмдерін, координаталық-параметрлік басқарудың дистанциялық манипуляторларын, роботтардың сапасын бағалауға арналған әдістер мен автоматтандырылған сынақ стендттерін жасады.

Олардың әзірлемелері көптеген авторлық куәліктермен қорғалды, ХШЖК және халықаралық көрмелер медальдарымен және грамоталарымен ескерілді.

Ө.А. Жолдасбеков және оның шәкірттері жүргізген роторлық жүйелер динамикасы саласында іргелі зерттеу нәтижелері таяу және алыс шетелдерде жалпы қабылданған болып табылады.

Ө.А. Жолдасбековтың негізгі ғылыми нәтижелері ТММ бойынша IV, V, VI, VII Бүкіләлемдік конгрестерде (Англия, 1973ж.; Канада, 1979ж.; Үндістан, 1983ж.; Испания, 1987ж.), қатты дене механикасы бойынша Халықаралық съездерде ("ЖДҚ", 1975ж., 1979ж., 1984ж.), биомеханика бойынша Халықаралық съезде (Польша, 1979ж.), теориялық қолданбалы механика бойынша IV, V, VI Ұлттық конгресте (Болгария, 1981ж., 1985 ж., 1989ж.), ТММ бойынша I, II Бүкілодақтық съездерде (Алматы, 1977 ж.; Одесса, 1982ж.), теориялық және қолданбалы механика IV, V, VI Бүкілодақтық съездерде (Киев, 1976ж.; Алматы, 1981ж.; Ташкент, 1986 ж.), ТММ және "СЕМАМАТРО-82" робототехникасы бойынша II Халықаралық симпозиумда (Болгария, 1982ж.), «Роторлар динамикасы мәселесі» атты Халықаралық конференцияда (Италия, 1982ж.), "Робокон-2" Халықаралық конференциясында (Болгария, 1983ж.), иінтіректі механизмдер бойынша V Халықаралық симпозиумында (Румыния, 1989ж.) жоғары бағаланды. Ол онда ғылыми баяндамалармен сөө сөйледі. Ө.А. Жолдасбеков Лодзенск политехникалық институтына (Польша, 1976ж.), биомеханика және робототехника бойынша Халықаралық мектепке (Болгария, 1982ж.), «Практро-82» және «Практро-89» роботтарын қолдану бойынша Халықаралық мектептерге (Болгария, 1982ж., 1989ж.) арнайы шақырылып, ғылыми баяндамалар жасады.

1991-95 жылдары Ұлттық ғылым академиясының механика және машинатану Институтының негізін қалаушы және директоры болып тағайындалады, сонымен қатар, 1991 жылдан бастап – Қазақстан Республикасы Инженерлік академиясының президенті болады.

1997ж. - Америка инженер-механиктер қоғамының мүшесі болып сайланды.

1998ж. - В.Г. Шуховтың 145 жылдығына арналған, «ХХІ ғасырдың қарсаңында алдыңғы технологиялар» атты халықаралық конференцияға қатысты. ICAT -98, Мәскеу, Ресей.

Ө.А. Жолдасбековтың көп қыры өмірін ғылыми-педагогика саласындағы тамаша жетістіктерімен ғана емес, сонымен қатар, қоғамдық-саяси қызмет саласындағы үлкен жетістіктерімен сипаттауға болады:

- 1971-1985 жж. – Қазақстан Компартиясы Алматы қалалық комитетінің бюро мүшесі;

- 1971ж. – Қазақстан Коммунистік партиясының XII съезіне делегат болып сайланды;

- 1971-1976 жж. – Қазақстан Компартиясы Орталық комитетінің мүшесі болып сайланды;

- 1971ж. – Қазақ КСР VIII шақырылымдағы Жоғарғы Кеңесінің мүшесі;

- 1971ж. – КОКП XXIV съезінің делегаты болып сайланды;

- 1976ж. – Қазақстан Коммунистік партиясының XIV съезіне делегат болып сайланды;

- 1976ж. – КОКП XXV съезіне делегат болып сайланды;

- 1980ж. – Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің мүшесі;

- 1990-1993 жж. –Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің ғылым бойынша шағын комитетінің жетекшісі болып, Қазақ КСР халық депутаты болып сайланды;

- 1994ж. – ҚР Жоғары Кеңесінің ғылым, білім және жаңа технологиялар бойынша Комитетінің төрағасы, Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы ғылым және техника бойынша Жоғарғы Консультативтік кеңес төрағасының орынбасары;

- 1994-1999 жж. – «Техникалық ғылымдар» секциясының және Қазақстан Республикасы Министрлер кабинеті жанындағы мемлекеттік терминологиялық комиссияның жетекшісі;

- 1995-1999жж. – ҚР Мәжіліс Парламентінің әлеуметтік-мәдени даму комитетінің төрағасы.

Өмірбек Жолдасбеков бір және көп еркіндік дәрежесімен, кіріс буынның абсолютті және салыстырмалы заңымен, буындар серпімділігі ескеріліп және ескерілместен, жоғары класты жазық және кеңістіктік механизмдер мен манипуляциялық құрылғылардың граф-аналитикалық және аналитикалық теориясының негіздері әзірленді, солардың базасында түбегейлі жаңа жүк көтергіш, жүк тиегіш-түсіргіш, грейферлік, жүк қармауыш және манипуляциялық құрылғыларды жобаланды.

380 ғылыми еңбектің, олардың ішінде 14 монографияның, 24 оқу құралының, 102 өнертабыс КСРО және 10 шетелдік патенттің авторы.
С.Ө. ӨТЕБАЕВ – ҚАЗАҚСТАННЫҢ МҰНАЙ ИНДУСТРИЯСЫН ҰЙЫМДАСТЫРУШЫ


Өтебаев Сафи Өтебайұлы 1909 жылы 25 мамырда Қызылқоған ауданында дүниеге келген. Қазақтар арасында, тұңғыш инженер-мұнайшы ол Баку мұнай институтын бітірген (1935). 1935-1945 жылдары - «Ембімұнай» бірлестігінің Мақат, Байшонас, Құлсары, Комсомольск ҒӨБ инженер, бастық болып жұмыс істеді. 1945-1951 жылдары - Қазақстан Компартиясы Ембі аудандық комитетінің бірінші хатшысы. 1951-1957 жылдары - «Қазақстанмұнай» бірлестігінің басшысы. 1957-1965 жылдары - Атырау және Батыс Қазақстан халық шаруашылығы кеңесінің төрағасы. КСРО "құрметті мұнайшысы" (1969). Қазақ КСР-ның Ғылым және техникаға еңбек сіңірген қайраткері (1969).

1965-1971 жылдары - «Қазақстан мұнай» және «Маңғышлақмұнай» бірлестігінің республиканың министрі мәртебесінде директоры. 1971-1980 жылдары - Қазақ КСР Мемлекеттік жоспарының техникалық ақпаратын ғылыми-зерттеу институты (ҚазТАҒЗИ) директорының орынбасары. Өтебаев Сафи Құлсары, Комсомольск, Прорва, Кеңқияқ, Қаратон, Мұнайлы, Жетібай, Өзен мұнай кен орындарын алғашқы ашқандардың бірі болып табылады. Ол КОКП XXII-XXIV съездерінің делегаты және Қазақ КСР және КСРО Жоғарғы Кеңестерінің депутаты болып сайланды. Ленин орденімен, Қазан революциясы, Отан соғысы ордендерімен, екі Еңбек Қызыл Ту орденімен, «Құрмет белгісімен», «Отан» - (1999) І дәрежелі «Барыс» (2004) және көптеген медальдармен және Құрмет грамоталарымен марапатталды.

Сафи Өтебай мен Рахымның он бірінші баласы болды. Оның ата-бабалары кең далада көшіп жүрген. Атасы батрақ-жатақ Баспайға ешқашан өзінің немересі атақты адам болар деген ой келмес еді. Сафидің кең далада, ашық аспан астында дүниеге келуі де ерекше еді. Оның анасы Рахима, отқа тезек жинау үшін барғанда толғақтың келгенін сезіп, бірден құмның үстіне жатады, ұл бала туған кезде қолында ештеңе болмағандықтан тезек тасуға арналған қапқа баланы салып үйіне әкеледі. Осыған байланысты ол үнемі қалжыңдайтын. Біреулер оның еңбекқорлығына таңқалған кезде ол: "Барлығы анамнан, ол маған жүктілігінің соңғы күніне дейін тынбай жұмыс істеп, мені далада туған. Мүмкін, мен сол кезде туған жерден күш алған шығармын" - дейтін.

Мүмкін, оған мал шаруашылығымен айналысу жазған болар. Бірақ, мұнай дәуірі басталды. Өте жақын жерде, Доссорда, шын мәнінде, мұнай саласы бастау алды. Сафидің ағалары геологиялық барлауға кірді, «Нобиле» компаниясында жұмыс істеді. Сафи әкесі қайтыс болғаннан кейін бірнеше жыл үйінде тұрған бауырласы Қали Доссорда тартып шығарушы болып жұмыс істеді. Тартып шығарудың қандай операция екенін және бұл қандай галицийлік тәсіл екенін Сафи ерте білді. Оған құдық қазған сияқты жерді қалай ұрғылап, қопсытқанын бақылау қызық болды. Сосын осы шағын құдыққа жұмысшы түсіп, ұрғылауды жалғастыратын. Ең соңында мұнайлы көкжиекке жеткен кезде, өндіру басталатын. Мұнайды жоғарыға үлкен сұйыққоймалармен - желондармен көтеретін. Осы операция тартып шығару деп аталатын, ал кәсіпшіліктегі ең ауыр мамандықтың бірі (осындай алып затты көтеріп көр!) – тартып шығарушы болатын. Сол кездері қазақтарға ең ең ауыр жұмысты ғана сеніп тапсыратын, қара жұмысшы ретінде алатын.

Сафи тартып шығарушы қалай еңбек ететінін, оның үсті-басына мұнай жаңбырша жауғанын алғаш рет көрген күнді еске алады, ол мұнайшылардың еңбегін жеңілдету үшін бәрін жасаймын деп ант берді. Сафи тартып шығарушы болған жоқ, бірақ қиындықтарды көп көрді, сол жылдары барлық жерде жұмыс көбінесе қолмен істелетін. Доссорда және көп ұзамай ашылған және пайдалануға енгізілген Мақатта үлкен істер жүріп жатты, азаматтық соғыстан кейін шаруашылықты қалпына келтіру абсталды. Мамандар қажет болды. Ал Доссорда фабрика-зауыттық училище ашылды. Мұнда ұл балаларға жер қойнауларынан «қара алтын» шығаруды үйрену керек болды. Оған Сафи де оқуға түсті. Оқумен жұмысты қатарластыра жүріп, ол жақын арада слесарь болды, сосын бұрғылаушы мамандығын меңгерді. Осыған орай, Өтебаев Ембіде алғашқылардың бірі болып, атап өтілген галицийлік тәсілдің орнынан айналдыра бұрғылау әдісін игерді. Жалпы алғанда, өзін талапты, ізденімпаз, бастамашыл жұмыскер ретінде байқатты. Басшылар бұл жігіттен іс шығатынын байқады. Өнеркәсіпке Орынбор жұмысшы факультетінің директоры білім алушыларды осы, өзі айтқандай «алдыңғы қатарлы жастар кадрларының шеберханасына» іріктеу үшін келеді, Сафиді алғашқылардың бірі ретінде ұсынды. Сол кезде барлығы оты жас мұнайшыны оқуға жібереді, олар оралған соң мұнай өндірісінің жаңа әдістерін игеруде зор роль атқарды. Онда Сафи ең табанды, білімге құштар тыңдаушылар ретінде ерекшеленді. Кейін оны Баку институтына оқуын жалғастыру үшін жібереді.

Сол кезде Сафидің қалауы екіге бөлінгенін айтпауға болмайды, ол мұнда әлемдегі ең керемет қыз Шәрипаны кездестіреді, оның жүрегі талдырмаш, майысқан және сымбатты жас қыз мәңгілікке жаулап алды. Бірақ ол небәрі он жаста болатын. Ол да мамандық алғысы келеді, мұғалім болуды армандайды. Оны осындай ұзақ ажыраудан қорықты. Бірақ туған даласының жер асты байлығының құпиясын көп меңгерген адам ретінде еліне қайту үшін барынша көп білуге қатты талпынды. Сонымен ол қимастық сезіммен еліне оралады. Осы айырылысу жас адамдардың сезімдерінің нағыз сынақшысы болды, Айтпақшы, бөлініс екі жастың нағыз сезімдеріне, оларды ар-намысына сынақ болды, бақытына орай, олар бұл сынақтан сүрінбей өтті. Оларды тағдыр тоғыстыру үшін бақандай сегіз жыл күту керек болды. Есесіне кейін Шәрипаның жүрегінің соңғы лүпіліне дейін дейін олар бірге болды. Әйелі онымен барлық өнеркәсіптерге, қалаларға көшіп жүрді. Ешқашан тұрмысының қалыптаспағанына, бір жерден бір жерге ауысып жүргеніне наразылық білдірмеді. Барынша тездетіп үйге жайлылық орнатуға тырысты. Сафи мен Шәрипа, шын мәнінде, жарасымды жұп, бір-бірінің сүйеніші, қуанышы және үміті бола білді. Оның үстіне жақсы ата-ана болады. Тұрмыста, әсіресе әкесі өнеркәсіпте немесе іссапарда емес, аз уақыт үйде болған кезде әрине мұнай тақырыбы басымдық алатын. Бірақ анасы әрқайсысының істеріне қызығушылық танытып, қамқорлық көрсетуге, бәрінің сол немесе басқа мәселелер туралы пікірін тыңдауға және талғамдары, талпыныстары, қызығушылықтары туралы білуге уақыт табытындай қарым-қатынас қалыптастыра білді. Тек ұлы Әбіл ғана мұнай институтын бітірді. Кейін өндірісте жұмыс істеді. Ал қызы Светлана музыкаға әуес болды. Алматы консерваториясын бітірген соң дирижер, хормейстер болды. Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі. Күйеуі ҚР халық әртісі Сәбит Оразбаев екеуінің балалары да өмірлерін өнерге арнады. Кіші ұлы Мақсұт әкесінің мамандығын мұра еткен жоқ, шеттілдері институтын, халық шаруашылығы институтын тәмамдады. Нарықтық экономикаға өте сәтті енді. Алматыда тұрды, сосын КТК-ға жұмысқа шақырылды, қазір ЖСШ директоры. Оның бірнеше жыл бұрын қайтыс болған бірінші әйелінен үш ересек баласы бар, олар: ұлы –Эльдар политехникалық институтты бітіріп, мұнайшы болды; қызы Гүлнар ірі фирманың қаржы директоры, ал Эльмира – формацевтикалық компанияның менеджері. Ал Атырауда ол өзінің екінші әйелі – Гүзельмен тұрады. Олардың тамаша нәрестесі бар. Сондықтан мұнай Эмбісі көшбасшысына 95 жылдыққа берілген пәтерде өмір жалғасып тауып жатыр. Бұрынғыдай баланың сыңғырлаған күлкісі естіледі. Сафидің өзі соңғы жылдары қымбатты жары Шәрипадан айырылып қалған соң Әбілдің ұлы - немересі Асқармен бірге тұрды. Ақсақал әдемі де, ұзақ өмір сүрді, ол немерелерін ғана емес, тіпті шөберелерін, шөпшектерін көріп кетті. Уақыт тоқтамайды, жалғасын таба береді. барлық ұрпағы оның кәсібін жалғастырмаса да, Өтебаевтардың тегі бұрынғыдай жақсы маман және сенімді адам қасиетін білдіреді. Ал бұл - ең бастысы.

Бірақ бұл біздің кейіпкеріміздің өмірінің нәтижесі. Сафи Баку институтында табанды түрде ғылыммен сусындап жүргенде, кітаптардан сарқыған дәрістерде естігенінің, кейін барлық жаңа және қызықты білімді ембі өнеркәсібінде пайдалану үшін бәрін меңгеруге тырысты. Институт бітірген соң, 220 түлектің ішінде жалғыз тау-кен инженері Өтебаев –Ембіге сұранды, климат жағынан да, өндіріс жоспарында да соншалық қиын өлкеге баруға ниеттенушілер болмады.

– Мен Ембінің ұлымын, – деп мақтанышпен айтты, – мен Отаныма, өндірісті көтеруге асығуым керек. Иә, оны күтті. Мұнда жас, қуатты, білімді адамдар өте керек. Жұмыс жүріп жатты, қарқыны мен көлемдері геометриялық прогрессия сияқты артты. Сафидің өзі қатардағы бұрғылаушы болғысы келсе де (ол кезде жас маманның – жұмысшыдан бастайтын «көндігу» әдісі тәжірибеге енген болатын), трест меңгерушісі Я.Лаврентьев Мақат өнеркәсібіне бұрғылау цехының аға инженері ретінде жіберді. Ол мұнда, өзінің стихиясына түсті деуге болады: бұл жерде алға басу үшін тәуекелге бел буу, эксперименттер жасау ұраны әрекет етті. Дәл осы тынымсыз ізденістің арқасында, шынымен де өндіріс алға басып, тамаша көрсеткіштерге жетті. Сол кезде өнеркәсіп директоры Сағындықовты Құлсары ҒӨБ-ға ауыстырған кезде, Сафиді оның орнына қойды. Ал бірнеше айдан соң оған «Ембі- мұнай» трестінің бас инженері қызметін ұсынды. Оның тәжірибем жоқ деген сылтауы қабылданбады, үйреніп кетесің деді. Есесіне ол терең білімі, қуатты, табанды.

Иә, оның осы қасиеттері оған ылғи көмектесетін. Оның үстіне ол адамдарды ұйымдастыра білетін. Орынды талап ететін. Адамдарды ешқашан түртпектемейтін, оларға ызаланбайтын. Бастықтармен де жалпақтамай, бірақ тегеурінсіз сөйлесетін. Ол қызметінен алып тастайды, «сөгіс береді» деп емес, іс тұралап қалады деп қорқатын. Сондықтан да әрқашан қалай болса, солай емес, жағдайды егжей-тегжейлі ойластырып барып айтқанына көз жеткізіп, дәлелдей отырып, аяғына дейін жеткізетін: фактілермен, цифрлармен, есептермен дәлелдеді. Мұнай өндірісінде бәрі әр уақытта аналогиялық құрылымда, көрші ұңғымада болғандай болмайды ғой. «Қара алтын» өз құндылығын біледі, сондықтан да түрлі мінез көрсетеді. Сафи барлығын көрді, әртүрлі жағдайларда болды, барлық процесті мұқият танып-білді. Өзінің пікірлері мен тұжырымдарын ұқсас жағдайларды салыстырумен негіздеді. Сонда ненің немен аяқталғаны, ненің пайдасы болды, не сәтсіз аяқталды. Мысалы, Терең өзекте геологтар қуатты мұнай түзілімін тапты. Ол суда қалқитындығымен істі қиындатты. Мұнайшылар тұрған барактарда мәжіліс өтті. Алғысөз әрине Сафи Өтебаевқа берілді. Өйткені, ол өзінің жас әріптестері үшін жанды тарих, жанды, өте әділ нұсқаулық, ең жаңа оқулық болды.

Сол кезде ұзақ ойландық. Іріктеуді қалай болса да күшейтпеуді шештік – қабаттың қозуы ұңғымалардың шамадан тыс су басуына сөзсіз алып келеді. Іріктеуді азайтуды, кіші келтеқосқыш (штуцер) қоюды шештік. Яғни қыспаққа алмай, әрбір тоннаны өте ықтияттап, орынды пайдалану арқылы табыстың орнын толтыруды ойластырдық. Ембідегі әр өндірілген мұнай тоннасында оның да тамшы үлесі болды деп айтуға болады.

Ал Құлсарыда оларға алып фонтанмен күресуге тура келді. Ұңғымалардың бірінде биіктігі 40-50 метр фонтан жүгенсіз ат сияқты игеруге келмеді. Тұтануды тоқтату мүмкін болмады. Бір айдан астам уақыт тоқтату жүрді, кейін Сафи бұл менің отпен шоқынуым деп әзілдейтін.

Ол Құлсарыда, мамандардың, техниканың, қосалқы бөлшектердің және т.т. жетіспеушілігіне қарамастан рекодтық табысқа жетіп, барлық соғыс жылдарын өткізді, өнеркәсіп майданға керекті Ембі мұнайының үштен бір бөлігін берді.

Өзі еске түсіргендей, оның алғашқы серпіні майданға аттану еді. Бірақ оның екпіні тез қайтты, себебі Ембі мұнайы стратегиялық шикізат болды: Майкоп пен Грозныйдағы кен орындарын фашистердің қолына түспес үшін цементтеуге тура келді. Сондықтан барлық үміт Ембіде болды. Адамдар күні-түні еңбек етті және кепелерде немесе машиналарда ұйықтады. Бірақ кең өндіріс бір минутқа да тоқтаған жоқ. 1942 жылы өнеркәсіпке директор Өтебаев пен парторг Егоровтың атына мынадай жеделхат келді. «Қазақстан КП ОК жұмысшылар мен мамандар ұжымын Бүкілодақтық мұнайшылардың жарысында жеткен жеңістерімен құттықтады. Бұл жеңіс Сіздерге көп нәрсені міңдеттейді. Қазақстан КП ОК Сіздердің Отан алдындағы борыштарыңызды ақтай алатындықтарыңызға сенеді». Олар майдан үшін мұнайдың қосымша әр литрі үшін күресе жүріп, міндеттерін атқарды.

Ал соғыстан кейін, Жылықосын аудандық комитетінің хатшысы болған Өтебаев геолог-барлаушылардың, бұрғылаушылардың нәтижелі еңбегінне барлық жағынан ықпал етуге тырысты. Сол жылары Қаратон, Мұнайлы, Тұлыс, Терең Өзек кен орындары ашылып және енгізілді. Бұның қаншама қамқорлық талап ететінін түсіндірудің қажеті жоқ. жоғары техникалық қана емес, сондай-ақ, тұрмыстық проблемаларды күніне бірнеше рет шешуге тура келді. Содан кейін ол бірнеше жыл бойы облыстың барлық мұнайшыларын басқарды, «Қазмұнай» бірлестігінің басшысы болды.

Иә, ол маман ретінде, өндіріс ұйымдастырушы ретінде, адам ретінде жетілу емтиханын бір рет өтіп қана қойған жоқ. Ол өзінің абыройын жастайынан сақтағанын және өте жоғары беделінің болғанын көптеген айғақтар, естеліктер және белгілі геолог барлаушы, геология-минералогиялық ғылымдар докторы, мұнай саласын ұйымдастырушы Б.М. Қуандықов еске алатын факт дәлелдейді: «1938 жылдың қаңтарында бірінші ұйымдық Гурьев облыстық партия конференциясында С.Өтебаев партия облыстық комитеті бюросының мүшесі болып сайланады (еске сала кетейік, ол сол кезде әлі отызға толмаған, бұл теңдессіз оқиға деуге болады). Осыдан кейін Республиканың Жоғарғы Кеңесінің депутаты болады, кейін КСРО Жоғарғы Кеңесіне бірнеше рет сайланды, Қазақстан және КОКП бірнеше съездеріне делегат болды... Өзінің қызметтік, депутаттық уәкілеттілігін толығымен пайдаланып, ол Ембі мен Маңғышлақ тұрғындарын, әлеуметтік-тұрмыстық мақсаттағы нысандар құрылысын, магистральдық мұнай құбырларын, Мақат-Маңғышлақ теміржолын, Ақтау теңіз портын, автомобиль жолдарын және т.б. аймақ үшін өмірлік маңызды артерияларды сапалы ауызсумен (бұл шөл дала жағдайларында бірінші орындағы проблема болатын) қамтамасыз ету үшін көп еңбек етті».

Иә, ұзақ еңбек жолында көп нәрсеге төзуге тура келді. Бірақ ешқандай ұлы адам ешқашан сүрленген, әрі жеңіл жолды таңдамаған ғой. Ол шын мәнінде ұлы тәжірибеші. Саясатшы және қолбасшы. Оның халық шаруашылығы кеңесін басқару кезіндегі тынымсыздығы арқасында аудан өнеркәсібі жаңа деңгейге көтерілді. Оған Шығыс Қазақстан халық шаруашылығы кеңесін басқаруды сеніп тапсырды, ол өзінің қызметін төрт облыста жүзеге асырды және барлық осы аумақта жұмыстың үлкен үйлесімділігі сезіле бастады: кәсіпорын дамыды, әлеуметтік-тұрмыстық мақсаттағы нысандар салынды. Ол күшін біртұтас жұмылдыра білді, басты назарын қажетті жерге бағыттай білді. Перспективаны айқын аңғарды.

Атырау облысының облыстық атқару комитетінің бұрынғы төрағасы, қазір облыстың құрметті азаматы Есен Тақсынбаев, Сафи Өтебаевтің жоғары, шынайы мемлекеттік түрдегі пікіріне, зор ұйымдастыру талантына, оның адамгершілігіне көз жеткізді.



Есен Тасқынбаевтың естелігінен: «Мен ол кезде жас маман болған едім, ал ол Мәскеу мұнай институтының түлегі болатын. Бірақ, менімен тең дәрежеде сөйлесіп, менің ойымды тыңдап, кез келген ұсынысымды салмақтап, бағалады және көбісін қабылдайтын. Сол кезде Алексей Николаевич Косыгиннің басшылығымен Лейпцигтегі бұрғылау жабдықтарының көрмесіне делегация ұйымдастырылған, Сафи Өтебаев мені делегация құрамына кіргізді. Ал сол кезде тіпті туристік сапардың алдында қаншама тексерістерден өту керек болатын, ал іскерлік, оның үстіне соншалық жоғары делегация құрамындағы сапар туралы айтуға тура келмейтін. Мен іссапардан оралғаннан кейін өз жазбаларымды оған әкелген кезде, ол бәрімен зейін қоя танысып, қорытынды шығарды. Айта кетсек, ол бас механик жұмысына басқа бастықтардың әлі жас, қолынан келмейді дегеніне қарамастан мені тағайындады. Ол адамдарға сенетін. Осы сенім бізді қанаттандыратын. Біз бар күшімізді салып, шығармашылық түрде еңбектенуге талпындық. Ол өте көп оқыған, білімді, өте интеллегентті адам болған. Бір қызығы, жағдай шиеленіскен сайын ол соғұрлым жұмсақ болды, шиеленісті қалжыңмен басуға тырысты. Басқа басшылар айқаймен және дөрекілікпен шешетін жағдайды, ол тактикамен шешетін. Облыс өнеркәсібі үшін де бұл шындығында алтын ғасыр болды».

Кейіннен геологтарға Маңғышлақ жер қойнаулары ашылғанда халық шаруашылығы кеңесі кен орындарын игеру ұсыныстарының жобасын әзірледі. Ал оны Сафи Өтебаевқа жүзеге асыруға тура келді, оны тағы да Маңғышлақ мұнайы үшін күресетін алдыңғы шепке ауыстырды. Оған ведомствоаралық, аймақаралық байланыстар жасау тәжірибесі анағұрлым жарамды болды. «Қазақстанмұнай» басқармасына жабдық өндіру, технологияны өңдеу ғана емес, сонымен қатар, мамандарды шақыру қажет еді, ал ол үшін адамдарды орналастыру, тамақтандыруға, арнайы киіммен, сумен қамтамасыз ету қажет болды. Осының бәрін терең түсініп, бәрін шешу керек еді. Мұнда қаншама жаңалықтар енгізілді, қаншама тиімді ұсыныстар жасалды десеңізші.

Бүгінгі күні алғаш жол салушы, қазақтар арасынан шыққан алғашқы инженер-мұнайшы туралы, Қазақстандағы мұнай индустриясын ұйымдастырушылардың бірі Сафи Өтебаев туралы айтамыз. Оның еңбегі көптеген марапаттармен ескерілді. Елбасының өз қолынан ол Егемен Қазақстан екі жоғарғы орденін алды. Оның 95 жасқа келуі Барлық Қазақстан мұнайшылары үшін үлкен той болды. Жүз жылдық мерейтойына үлкен жоспарлар құрылды. Бірақ, өкінішке орай, 98 жасқа толуына бір-ақ ай қалғанда, 2007 жылы сәуір айында қайтыс болды. Оның басқаруымен жұмыс істеген адамдар ғана емес, сондай-ақ онымен араласу бақыты бұйырмаған жандар да осы таңғажайып адаммен: өте білімді кәсіпқоймен, сүйегіне сіңген мұнайшымен; жұмсақ, мейірімді, күлімсіреп жүретін және жұмысқа, принципті сәттерге болаттай берік жанмен бұрыннан таныс болғандай сезімде қалатындай оның есімін мәңгі есте қалдыру бәрінен маңызды болды. Ол ұстанымын қорғай алды, өзі ісінің дұрыстығына сенімді болған кезде, жоғары басшылармен қарым-қатынасын бұзып аламын деп қорыққан жоқ. Бірақ басқалардың да пікірін тыңдап, оппонентпен келісе білді - бұл қымбатқа түседі: билік басындағы және қалағанын істетуге мәжбүрлей алатын адам болғандықтан оған өз ойыңды дәлелдей алмау, өзіңдікі дұрыс еместігін мойындауға және басқа көзқарасты қабылдауға қорықпау.

Ол әрқашан өз жерін жақсы көрді. Барлық білімі мен қуатын алдымен Ембі, сосын Маңғышлақ байлығын игеруге арнады. Сондықтан Өтебаев Сафиді, жалынды жүректі, қажымас қайратты, таудай талапты адамды ембілік өнеркәсіп қана емес, маңғышлақтық кәсіп те ұмытпайды. Тұрмыс жағдайларын жақсартуды ұдайы ойластырған адамдар оны ұмытпайды. Осындай естеліктің мерзімі ешқашан өтпейді.

Сондықтан біздің мұнай саласында осы адам туралы естелік өте жақсы сақталған.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет