История и культура племенных объединений



жүктеу 1.84 Mb.
бет6/10
Дата12.09.2017
өлшемі1.84 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

В.В. ГУРБА – ҰЙЫМДАСТЫРУШЫ ЖӘНЕ ТАНЫМАЛ ТАУ-КЕН ИНЖЕНЕРІ
Гурба Виктор Васильевич (1914-1981) — Социалистік Еңбек Ері (1966), КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1971).

Виктор Гурба 1938 жылы Орал түсті металл институтын бітірді. 1952 жылға дейін шахтаның бастығы, бас инженері, одан кейін Төменгі Тагил кен басқармасында директор болып жұмыс істеді.

1952 жылдан астап Жезқазғанда – мыс қорыту комбинатында бас инженер болып, 1958 жылы – тау-кен комбинатында директор болып еңбек етті. 1960 жылдары В.В. Гурба басқарған комбинат ұжымы кенді 2 есе көп, мысты 1,7 есе өндіріп, қалайы концентратын 3,3 есе көп шығарып, жоспардан тыс 6 млн-нан астам рубль пайда түсіреді.

1944 жылы КОКП, 1976-1981 жылдары Қазақ ССР ОК Компартиясының мүшесі болды, Қазақ КСРО Жоғарғы Кеңесінің 5-6 шақырылымында депутат болып сайланды.



Қ.И. Сәтбаев атындағы Жезқазған тау-кен комбинаты негізін қалаған «Қазақмыс» корпорациясын бүгінде бар әлем біледі. Академик Қ.И. Сәтбаевтың «Үлкен Жезқазған» ісі жүзеге асырылуына керемет идеяларын тастаған Социалистік Еңбек Ері, КОРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Қазақстанның еңбек сіңірген кеншісі, техника ғылымдарының кандидаты Виктор Васильевич Гурба болды.

Қ.И. Сәтбаев атындағы Жезқазған тау-кен металлургия комбинатының бірінші директоры болған В.В. Гурба ширек ғасыр осы жоғары орында табысты еңбек етіп, әлемге әйгілі мыс алыбы үлкен күрделі жұмыстардан тыным таппастан өмірмен қоштасты. Виктор Васильевичке одан да жоғары лауазымдар ұсынылса да, ол Жезқазғанды тастаған жоқ. Ол Жезқазған тау-кен металургиялық комбинатының қалыптасуы мен дамуына бар ғұмырын арнады. «Үлкен Жезқазған» оның қолымен қаланып, оның үміті ақталды, біз оны елімізде түсті металлургиядағы барлық жұмыскерлердің үлкен мақтанышы ретінде, ХХ ғасырдың жарық жұлдызы ретінде құрметтейміз.

Виктор Гурба Төменгі Тагилде ІІІ Интернационал атындағы кен басқармасының директор лауазымында болды. 1952 жылы жазда М.И. Калинин атындағы Мәскеу түсті металл және алтын институтының екінші курс студенттері Оралда өндірістік студенттер тәжірибесінен өтті. 1955 жылдың аяғында кешегі екінші курс студенттері институтты аяқтап, оның ішінде Кәкімбек Салықов Жезқазғанға жолдама алды және жиырма жыл бойы Виктор Гурбамен бірге жұмыс істеді.

Виктор Васильевич түсінігі мол және қарапайым адам болған. Оқығандығы жағынан ешкімге жол бермейтін, ал оқығанын бөлісуде ерекше талантты болды. Шешендік өнерде, кез келген өндірістік аудиторияда немесе барлық «жоғарыдағы дөкейлердің» қатысуымен болатын жоғары және қызу форумда Гурба әрқашан биіктен көрінетін. Ол достарының арасында өлеңін оқыған Пушкин сияқты адамдарды таң қалдыратын. Виктор Гурба өте данышпан, миында автоматты синтездейтін құрылғысы бар адам сияқты аналитикалық ойлау қабілеті бар адам болатын. Өндіруші ретінде ол теңдессіз стратег болды, сонымен қатар, осындай қиын, көп салалы шаруашылықты басқару тактикасын игерді. Кез келген қиын жағдайдан жеңімпаз болып шығатын.

Егер Гурбаның үлкен қайраткер ретінде сыры неде деп сұраса, оны жаңашыл адам, жасампаз және тәрбиелеуші деп нық сеніммен айтуға болады. Ол руданы байыту процестерін дарынды профессорлардан артық білді, тау-кен ісінде нағыз құдай берген сыйға ие болды, егер жас кездерінде металлургияны біршама түсінсе, енді Жезқазған мыс қорыту зауытының металлургиялық өндірісінің түрлі технологияларының құрылысы мен сұлбаларын таңдау кезінде белсенді араласып, толық дайын маман болды. Өте маңызды таласта оның сөзі әрқашан негізгі және соңғы болды.

Виктор Васильевичтің адамдармен қарым-қатынасының қарапайымдылығы жинақылығы соншалық, ол министрмен де, кез келген қол астындағы жұмыскермен де бірдей құрметпен және қарапайымдылықпен әңгімелесетін. Осы адамның айбындылығы оның нақтылығында, ашықтығында және мақсаттылығында болды. Шынымен де, оны өзінің ұжымының мүшелері де жақсы білетін, сонымен қатар олардың мұқтаждықтарын үлкен біртұтас отбасының ісі сияқты айқын түсінетін. Оның ойының тереңдігі мәселенің қиындығына сәйкес келетін, оларды талантты түрде шешетін.

Виктор Гурбаның өмірі – тірі аңыз: индустриялы Қазақстанның қарқынды айналымына түскен Оралдың классикалық кеншілері арасынан шыққан тау-кен инженері жаңа-жаңа даму қарқынын алып келе жатқан қазақ даласы өнеркәсібіне көмек көрсететін Ұлы Орыс перзентін бейнеледі. Ол біздің өлкемізге келген уақыттан бастап осы өлкені тастаған жоқ, тек Жезқазғанға қамқорлық жасаумен өмір сүрді, бүкіл елге атақты болды және біздің тамаша мысты қаламыз - Жезқазғанның – Ұлытаудың қасиетті өңірінің атағын шығарды.

Виктор Гурба өндірістің атақты командирі болып қана қоймай, мемлекеттік және қоғам қайраткері болды: КСРО Жоғарғы Кеңесінің депутаты болып сайланды, Қазақ ССР, Қарағанды және Жезқазған облыстық кеңестерінің және Жезқазған қалалық депутаттар кеңесінің депутаты болып сайланды. Көп жылдар бойы Қазақстан Компартиясы ОК мүшесі және Жезқазған обком партиясының, Жезқазған қалалық комитеті партиясының мүшесі болды.

Жезқазған және оның қалыптасуы, дамуы «Үлкен Жезқазғанды» алғаш ашқан және құрылуына рух беруші – Қ.И. Сәтбаевтың және практикалық орындаушы В.В. Гурбаның есімдерімен тығыз байланысты болды. Қазақстанның индустриялық даму тарихында олардың есімдері ғасырлар бойы орын алады.

1948 жылдан бастап Жезқазған комбинаты құрылысын аяқтау орталықтың және Қазақстанның басқару органдарының жіті назарында болды, бұл бейбітшілік кезең рельстеріне ауысудың басталғанын және «Үлкен Жезқазғанды» құру жұмыстарын қалпына келтіру керектігін білдірді. Мыс-руда алыбының құрылысы барысында өзгерісті кезеңі 1958 жыл болды. Одақтық директивті органдар Жезқазғандағы мыс рудасын өндіруді 2,2 есе арттыруды, ал еңбек өнімділігін 46%-ға жоғарылатуды шешті.

Соғыстан кейінгі қиын жылдары, КСРО Түсті металлургия министрлігі Қарсақбай мыс комбинатының бас инженері жіберген тау-кен инженері Виктор Гурба келді. Жезқазғанды игерудің жаңа дәуірі басталды. Жас Оралдық инженермен алғаш кездесу, Мәскеуде және Алматыда Жезқазған тау-кен металургия комбинатының болашақ директоры кандидатурасын бірінші болып ұсынған Сәтбаевқа үлкен әсер қалдырды.

Виктор Васильевичтің тағдыры ХХ ғасырдың ақылды адамының бірімен, Жер туралы ғылымның ірі ойшылымен, руда кен орындарының металлогендері туралы ілімін құраушы Қ.И. Сәтбаевпен тоғысты. Ол кіммен істес болатынын түсінді және ғалымның әрқашан сенімді серіктесі болды, ағымдағы істерде әрқашан оның қолдауын сезінді. Сәтбаевтың Гурбамен бірлескен жұмысы анықтаушы ғана емес, сонымен қатар, «Үлкен Жезқазғанның» табысты құрылысында басты фактор болып табылды.

В.В. Гурбаның қайырымды шәкірттері әрқашан еңбекке талпынысымен жауап берді және олардың көбісі өндірістің тамаша командирлері болды. Ол Жезқазған ақсақалдары – Жәңгір Жанасов, Түсіпбек Мулахов, Михаил Филиппов, Әбікен Мамахов, Асқар Шынтөринов, Рустем Даутов, Иван Кнуренко, Шайхислам Аймышев, Ордабай Исаев, Сарқыт Болатбековтерді құрмет тұтты, олармен ылғи ақылдасып отырды. Достарымен қуанышты бірге тойлаудан және қайғысын тең бөлісуден бас тартпады.

Қ.И. Сәтбаевтің ойынша, Жезқазған шахталары В.В. Гурбаның зор өндірістік талантының арқасында өздігімен жүретін кен-шахта құрылғыларының отанына айналды. Осы техниканы және жаңа технологияны озық шетелдік кәсіпорындар үлгісінде алғаш рет қолдана отырып, Жезқазған кеншілері елімізде бірінші болып шынайы кен-шахта революциясын жасады.

Аршықтарда қуатты, өнімділігі жоғары ЭКГ-8 эксковаторы, үлкен жүк көтергіш автомобильдер, үлкен тізбекті салмағы бар электровоздар, өнімділігі жоғары бұрғылау жабдығы, біршама тиімдірек және арзанырақ жарылғыш заттардың жаңа түрлері енгізілді. Ең бастысы – қол перфораторларымен істелетін ауыр еңбектен босады. Бұрғылау құрылғылары, қуатты жүк тиегіштер, жер астында өздігімен жүретін вагондар ашық жұмыстарға рең берді. Златоуст-Беловский аршығы кенді ашық тәсілмен өндіретін ең озық кеніштердің біріне айналды. Гурба есімі жер асты жұмыстарында өздігімен жүретін жабдықты қолданатын қолбасшы ретінде айтылатын.

Виктор Гурба Кутузов сияқты өндірістің үлкен стратегі болды, Суворов сияқты жылдам ойлайтын тактик болды, «болашақ гүлденетін гүл қауызын» бәрінен бұрын танып үлгеретін. Үлкен көріпкел ретінде шахта үңгілеу ісін жеке кәсіпорынға шығарды.

Қазақстан Компартиясы Қарағанды обкомының пленумына келгенде Қарағанды қонақ үйінде, кешқұрым шай үстінде Виктор Васильевичтің геологтарды руда қорын, металл мөлшерін бағалауда қателерін, жаңа кен орындарын нашар барлағанын айыптағанын бақылау қызықты болды, ал олар өз кезегінде кеншілер жер астында руда қорының 30% жер астында қалдыратыны туралы айтты.

Виктор Гурба көршілес жатқан Жаңаарқа, Жезді және Ұлытау аудандарының ауыл тұрғындарын зор құрметпен еске алады. Комбинат оларға ауылдағы құрылысқа үлкен көмек көрсетті. Қиын кезеңдерде шопандарды апаттан сақтап қалады және Жезқазғанның егісі, өнім жинауы, қой қоздатуы мен қырқуы шахталар мен зауыттардың көмегінсіз жүргізілген жоқ. Виктор Васильевич Жезқазған өңірінің барлық мұқтаждықтарын жақсы білді. Қазір осы мысалдар біреулерге қызықсыз болуы мүмкін, бірақ сол сәтте қажет еді. Виктор Васильевич ауылының тұрғындарына әрқашан қайырымды және мейірімді болды. Іргелес аудандарды жаңартуда Виктор Васильевич ешқашан ештемеден бас тартпады, тек: «Келесі жылдың жоспарына енгізу үшін өз өтінімдеріңізді бір жыл бұрын беріңіздер» деп ескертетін.

Түсті металлургия алыбын құру тарихы бір ғана жеңіс шерулерінен құралған жоқ. Социалистік Еңбек, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, КСРО Жоғарғы Кеңесінің депутаты Виктор Гурба бюрократия Жезқазғанның дамуына кедергі болған кезде, бірнеше рет қиын жағдайға жолықты. Жезқазған мыс зауытын жобалау бірнеше рет артқа қалдырылды және әр уақытта еліміздің Түсті металлургия министрлігінің басшыларымен қиын тартыста ол жеңіске жететін.

Серіктестерімен кітаптан еске ала отырып,

«Ол өзімен кенді Жезғазғанды алып жүрді» кітабынан әріптестерін еске алу

Асер Иманғалиұлы Имангалиев, тау инженері, ҚР минералды ресурстар Академиясының академигі, еңдек сіңірген өнертабысшы және ҚР рационализаторы, техника ғылымдарының докторы, ғылым және техника саласының Қазақстандағы Министрлер Комитеті сыйлығының лауреаты, Қ.И. Сатпаев атындағы сыйлығының лауреаты, Сатпаев қаласының құрметті тұрғыны.

30 жылға жуық Жезқазған тау-кен металургия комбинатын Виктор Гурба басқарды. Жезқазған тау-кен инженерлерінің мектебінен өткен мамандар оның есімі мен істерін ризашылықпен еске алады. Ол өзінің бар күш-жігерін, талантын, ұйымдастыру қабілеттерін комбинаттың өркендеуіне жұмсады және адамдардың тұрмысын жақсартуға тырысты. Мамандардың білімі мен іскерлік қасиеттерін өте жоғары бағалады.

Виктор Васильевичтің кезінде № 55, № 57 және № 65 шахта-алыптары, кен байыту фабрикалары және мыс балқыту зауыты жабдықталды және енгізілді.

Виктор Гурба Жезқазғанда қызмет еткен уақыты ішінде руда өндіру техникасы мен технологиясында көп өзгерістер енгізді. Олардың ішінде ең маңыздысы және түбегейлісі 1970 ж. КСРО Мемлекеттік сыйлығына лайықталған Жезқазған шахталарында руданы жер асты өндірудің жаңа технологияларын әзірлеу және енгізу және кешенді механикаландыру болып табылады.

Жезқазған шахталарында өздігімен жүретін құрылғыларды қолдануға байланысты үңгілеушілердің жұмыс сипаты өзгерді. Оның еңбегі инженерлікке жуықтады, санитарлық-гигиеналық жағдай жақсарды. Үңгілеуші ролі басқару пультінен машиналармен шебер операциялауға түйісті. Жаңа техника үңгілеушісі біліктілігі жоғары кенші, үңгілеуші-машинист, машинист-оператор болды.

Қол перфораторлары және қырғыш шығырлар бұрғылау, тиеу және жеткізу машиналарымен алмастырылды, бұл дірілдік ауруды болдырмайды. Талантты ұйымдастырушы, мыңдаған ұжымның қайталанбас қолбасшысы, көп салалы шаруашылықтың терең білімін меңгерген, еңбек етушілердің барлығының ризашылығын алған адам. Оның жеке қасиеттеріне келсек, мен оның талапқойлығын, адамгершілігін, қарапайымдылығын, сезімталдығын және адамдарға деген махаббатын атап айтар едім. Осы қасиеттердің үйлесімділігі оған Жезқазғанды қайламен және күрекпен өздігімен жүретін жабдықтармен жабдықталған, кең байыту фабрикалары, зауыттары және тіпті кешенді ғылыми-зерттеу және жобалау интитуттары бар алып-шахталы өнеркәсіптік дамыған ауданға айналдырды. Виктор Васильевич аяқталған өндіріс циклі – әлемнің көптеген елдеріне жіберілетін мыс өндіруші Үлкен Жезқазғанды құрды. Ол Үлкен Жезқазғанның мақтанышы болып табылады, сондықтан біз оның ескерткішінің алдыңда басымызды иіп ризашылықпен оның есімін еске аламыз.

Сергей Михайлович КАЗАКОВ, инженер-механик, инженер-құрылысшы, соғыс және еңбек ері, КСОР-ның түсті металургиясының маманы.

Мамандардың және комбинаттың, әрі бүкіл Жезқазған өңірінің басшыларының ішінде өзінің беделімен және істерімен ерекше көзге түсетіні Васильевич Гурба болды.

Уақыт өте, Жезқазған тау-кен металургия комбинатының қалыптасуы мен дамуына қарай оның есімі облыста, республикада ғана емес, бұрынғы үлкен Одаққа әйгілі болды.

Міндеттеріне өндірістік қызмет енетін комбинат профкомы төрағасының бірінші орынбасары қызметінде жүріп, маған осы кезеңде онымен апта сайынғы өндірістік мәжілістерде және әр түрлі жағдайларда: үңгубеттерде де, кәсіпорындарда да, кабинетте де кездесуге тура келді. Ол көп сөйлегенді жақтырмайтын, ылғи да істің мән-жайын біліп отыратын, оны алдау мүмкін емес еді. Кейде ол тым көп сөйлеген адамды тоқтатып, «керек емес, өзім көрдім» дейтін.

Бір күні «Труд» газетінің арнайы тілшісінің, неге кеніштердің бірі демалыс күні жұмыс істеді, бұл қандай төтенше жағдайлардан туындады деген сұрағына ол: «Комбинат мыс бойынша жоспарды орындамаса, осының өзі комбинаттағы ғана емес, елдегі төтенше жағдай» деген жауап алды.

Бұл мемлекеттік ойлау деңгейіне жауап беру емес пе! Сол кезде Виктор Васильевич кез келген деңгейде қызметкерлер үшін қарапайым және қол жетімді болды.

Ол барлығына уақыт тапты. Виктор Васильевич кез келген сұраққа бірдей назар аударатын, үлкен және шағын істер арасында ешқашан айырма жасамайтын, өндірісті арттыру және руда шикізатын қайта өңдеу, халық тұтынатын тауарлар өндірісінің мақсатты кешенді бағдарламаларын әзірлеу, комбинат жұмыскерлері мен оның отбасыларының қалыпты демалысы үшін ұзақ мерзімге жағдай жасау мәселелері бірдей шешілетін.

1980 жылы маған кәсіподақтан В. Гурбаның Қазақ ССР-інің Жоғары Советіне депутаттық кандидатурасын алға жылжыту ұсынылды. Металлургтер сарайы лық толы болды.

Мен оның бөленген құрметі, қарапайымдылығы мен адамгершілігін, оның ашықтығы мен қолжетімділігі, өңір тұрғындары соның есімімен байланыстыратын өзгерістері туралы, комбинатқа және қалаға ерекше адалдығы туралы, оның алдыңғы шақырылымдардағы КСРО және Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің депутатының қызметі туралы қысқаша айттым.

...Кейде мен табиғат парадокстары туралы ойға қаламын. Мықты, әрі кемелденген адам шығармашылық күшінің толысқан кезінде кенеттен, мерзімінен бұрын өмірден өтетіні өкінішті.

Виктор Васильевичтің есімі мен атқарған ісі ұрпақтың жадыңда мәңгі сақталады.

А.А. ГАПЕЕВ – ГЕОЛОГ-ҒАЛЫМ ЖӘНЕ ҚАРАҒАНДЫ КӨМІР БАССЕЙНІНІҢ ГЕОЛОГИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУІН ҰЙЫМДАСТЫРУШЫ

прямоугольник 4

Гапеев Александр Александрович кеңестік геолог-көмірші, геология-минералогия ғылымдарының докторы. 1881 жылы 6 тамызда (18 тамыз) Орлов губерниясының Крома қаласында дүниеге келген. 1958 жылы 26 шілдеде Мәскеуде қайтыс болды. Сталин сыйлығының лауреаты.

Анасы мұғалім, әкесі қызметкер. Тас көмір кен орындарының геологиясы саласының маманы; геология-минералогия ғылымдарының докторы (1934), профессор (1920).

1910 жылы ол Санкт-Петербург тау-кен институтын үздік бағамен бітірген.

Институтты бітіргеннен кейін Геологиялық комитетте штаттан тыс геолог болып жұмыс істейді. 1908 жылдан бастап Л.И. Лутугиннің басшылығымен Донбасс көмір кен орындарын зерттеу жұмыстарымен айналысады. 1914-1919 жылдары Кузбасты зерттеп, соңғысын Ресейдің ең ірі көмір бассейні ретінде анықтаған.

1920 жылдан бастап профессор және 1923 жылдан бастап Орал тау-кен институтының директоры. 1926 жылдан бастап Мәскеу тау-кен академиясының профессоры, содан кейін 1930 жылдан 1948 жылға дейін Мәскеу тау-кен институтының және 1948-1954 жылдары Мәскеу геологиялық барлау институтының профессоры болады.



Донбасс, Кузбасс, Екібастұз, Сахалин, Қарағанды, Орал, Ертіс маңы көмір кен орындарының геологиялық құрылымын зерделеу және өнеркәсіптік бағалау бойынша негізгі жұмыстар. Көмірді және қатты пайдалы қазбалар қорларын жіктеу бойынша еңбектердің авторы. 1930-1938 жылдары оның басшылығымен жүргізілген барлау жұмыстары Қарағандыны КСРО-ның үшінші көмір базасы орнына жылжытты. 81 баспа ғылыми жұмыс авторы.

Қазақстан геологтары А.А. Гапеевті үлкен ғалым ретінде, геолог-кеншілер мектебінің тәлімгер ұстаздарының бірі ретінде еске алады: «Мен туа біткен педагогпын. Мен осы іске деген махаббатты анамнан мұра етіп алған болуым керек, - дейтін Александр Александрович. 13 жасымнан бастап оқумен айналыстым, осы арқылы нан тауып жедім, студенттік жылдарда негізгі табыс – сабақ қой». Александр Александрович Гапеев туа біткен ұстаз болатын. Ол еліміздегі көпшілігін жаяу аралап шыққан көмір кен орындары туралы тыңдаушыларға айтары мол болатын, ал Донецк, Кузнецк және Қарағанды геологиясын зерттеулерге көп жылын арнайды. Оның дәрістері мазмұны бойынша терең және нысаны бойынша жарқын, үнемі толық аудиторияны жинайтын оқиға болатын. Ал дәрістен кейін қызығушылық танытқан студенттер профессорды қоршап, өздерін мазалап жүрген сұрақтарын қоятын, ол олардың қызығушылығын қанағаттандыруға тырысатын.

Өзінің сан қырлы қызметінде, РКФСР Мемлекеттік жоспарында, өндірістік күштерді зерделеу бойынша бюрода, тас көмір өнеркәсібі бойынша ғылыми-техникалық кеңесте, конгресте, съездерде және конференцияларда сөйлеген сөздерінде А.А. Гапеев ел экономикасын жедел дамыту үшін геологиялық қызмет етуге басым қарауды талап етті. Ол «көптеген нашар немесе мүлдем зерттелмеген аудандарды бағалауды жеделдету үшін геология-барлау жұмыстарына орасан зор құлаш сермеу керек, осылай құлаш сермемесе ауыр индустрияның даму қарқыны кідіретініне» көзі жетті.

Александр Гапеев студенттік кезінен, өз отанының ұлы патриоты болды. Көп уақытын, ынтасын қоғамдық жұмыстарға арнады. Свердловскте 1920-1923 жылдары жұмыс істегенде, ол Қалалық кеңестің және Оралжоспардың мүшесі ретінде қаланың қоғамдық жұмыстарына қатысады, Жоғары партия мектебінің және Мұғалімдер курстарының дәріскері ретінде елімізде социализм құрылысы, өңірдің өндірістік күштерін дамыту туралы дәрістер оқиды.

Сол жылдары, әсіресе, геологтар табысты жұмыс істеді. Күн сайын Қарағанды көмір бассейнінде жер қойнауының зор байлығы туралы жаңа мәліметтер келіп жатты. Үнемі байыпты, салмақты Александр Александрович осындай күндері ерекше көңілді және қуанышты болатын. Ол осы қаһарлы далалы өлкені шын жүректен жаксы көрді, оның үлкен болашағына сенді. Тас көмірдің үлкен ашық қорлары осының айғағы болды. Оның айналасына жұмыскерлер бірнеше рет жиналатын, олардың арасында қазақтар болды және Александр Александрович оларға даланың жер қойнауында қандай шексіз байлығы ашылғаны және осы өңірдегі өмірдің қалай түрленетіні туралы айтатын.

Қазақтармен кездескен кездерді, олардың айқын жүздерін, олардың қонақ жайлылықтарын, қарапайым тұрмысын, киіз үйлерін, малдарын ұмыту мүмкін емес! Александр Александрович оларға ерекше жылы қабақ танытатын, аралас орыс-қазақ тілінде олармен әңгімелесетін, қара көз балаларға мейіріммен қарайтын.

Бірнеше адам Ескі қаладан Михайловкаға келе жатқанда кенеттен шаң көтеріліп, дауыл соғады, оны жергілікті халық әзілмен «қарағанды жаңбыры» деп атайтын. Құмды дауыл жерді басып алады. Қараңғы болып кетеді, бәрі ығы-жығы. Желдің ысқырығы, адамдардың айқай-шуы, түйелердің боздағаны, - осының бәрі қорқынышты әсер берді. Шаң, құм, тіпті тас бетті ұрғылап, киімнің ішіне өтіп кетті. Барлығы дөңгелене отырып, көздері мен ауыздарын қолдарымен жапты. Бәрінің естері шығып, тіпті үрейленіп кетті. Тек Александр Александрович қана өзін байыпты ұстап, желдің шуылынан басым естілуі үшін қатты дауыстап сөйлеп әзілдеп те қояды, құм боранды басу, тоқтату үшін не істеу керектігін айтты. Ал осы жолы бізді «Қарағанды көмір» тресінің басшысы K.O. Горбачев іздеуге жіберген машина құтқарып қалды.

Қарағанды даласы геологтарды ми қайнатар ыстығымен шарпыса, бірде шаңды желімен боратса, бірде сабалаған жаңбырын төгіп жіберетін, ал кейде өзінің керемет бояулары мен інжіл пейзаждарын төгілдіріп тұратын. Демалыстың осындай бақытты сәттерінде Гапеев жасыл шөпте, оның ерекше жусан иісін иіскеп, аспанның шексіз көгіне шомылып, қиял қанатына мініп жатқанды, немесе кешқұрым уақытта шоқылардың бірінен Сарыарқаның алыс жоталарының мөлдір көгін көзбен шолу жасағанды жақсы көретін. Дегенмен, дала қандай тамаша! Кең даланың бойында қаншама кеңістік, поэзия, жеңіл мұң және жарқын арман жатыр десеңізші! Осындай бақытты сәттерде поэзиялық өлең жолдары туындайтын, оларды Александр Гапеев өзінің жол кітабына жазып отыратын. 1935 жылдың 12 тамызында жазған өлеңдерінің бірі «Қарағанды даласы» деп аталады.

Безбрежная ширь! Необъятный простор!

Колышется зелень, как пышный ковер.

Столбы вдоль дороги стоят частоколом-

Людская помеха широким просторам,

Под небом высоко летят журавли,

И сопки, как в дымке, синеют вдали.

Дорога то вьется игриво змеей,

То вдаль убегает прямою стрелой.

От быстрого хода машины ветрит,

И будто навстречу окрестность бежит.

Поселок и сопки, и скошенный луг

Бегут и стога, и стада, и пастух.

И только собака с заливчатым лаем

Бежит не навстречу, а взапуски с нами.

Слабеет все голос, отрывисто лает,

Собачий лишь долг свой она выполняет.

Вот снова в степи закачалась машина,

И стелется снова без края равнина.

Убогая нива пуста уж, без хлеба...

Дорога, равнина и синее небо.

Қарағанды бассейні көмір қоры бойынша Қазақстандағы ең ірі кен орны және КСРО-да ең ірілерінің бірі болып табылады. Қарағанды бассейні теміржол арқылы – Қарсақбай, Қоңырат және Магнитогорск ірі металлургия комбинаттарымен байланысқан.

1937 жылы Халықаралық геологиялық конгресс сессиясында, профессор Александр Гапеев Қарағанды бассейнінде геологтардың үлкен тобының зерттеу нәтижелері туралы баяндады. Ол Қарағанды бассейнінің көмір қоры 52,6 млрд тоннаны құрайтынын жариялады. «Қарағанды көмірінің сапасы және Оралға қатысты геофизикалық орны және Қазақстанның ірі мыс-рудалы және темір-рудалы кен орындары арасында болуы – осының бәрі Қарағандыны КСРО-ның ірі индустриялық орталығы етеді және Солтүстік-шығыс Қазақстанда шын мәнінде үлкен және маңызды өнеркәсіптік аймақ құрады» - деді А. Гапеев.

1941 жылы А.А. Гапеев Мәскеу тау-кен институтының ұжымымен бірге Қарағандыға көшірілді. Мұнда Гапеев педагогикалық қызметімен қатар үлкен ғылыми және қоғамдық жұмыстар жүргізді. Соғыс жылдары Донбасты уақытша басып алуына байланысты, Қарағандының, әсіресе кокстелген көміріне сұраныс күрт арта түсті. Қарағанды шахталарында көмір өндіруді барынша арттыру мақсатында барлық резервтерді жұмылдыру үшін Мәскеу тау-кен институтының профессорлық-оқытушылар құрамы қатыстырылды. Осы үлкен жұмысты қорғаныс мұқтаждығы үшін Орал, Батыс Сібір және Қазақстан ресурстарын жұмылдыру бойынша КСРО Ғылым академиясы құрған комиссия бақылауы жүзеге асырды. Тау-кен-техникалық мәселелердің кең шеңбері, оның ішінде геологиялық барлау жұмыстары бойынша мамандар тобы құрылды. Профессор А.А. Гапеев геологтартар тобын басқарды, оның құрамына геологтар В.Л. Афанасьев (бригадирдің орынбасару), И.Д. Храмов, П.С. Андреев, Н.В. Тележников, В.К. Упоров, Д.Н. Бурцев, З.П. Семенов енді. Геологтардың осы тобы 1944-1945 жылдарға арналған геологиялық барлау және топографиялық-геодезиялық жұмыстарды барлау және көлемін негізде үшін жаңа шахталар салу, учаскелер таңдау үшін шахта қорларын бағалау, алқаптарын анықтау бойынша үлкен жұмыс жасады. Байытусыз кокстеу үшін көмір қорын анықтау бойынша іс-шараларды әзірлеуге баса назар аударылды. «Новый» қабаты бойынша өндірісты арттыру, осыған орай қуаты 1,1 метр және күлділігі 10%-дан кем қабаттың үстіңгі қатпарын жеке шығару, «Верхняя Марианна» қабатының ортаншы және төменгі қаттарын жеке өңдеу ұсынылды. Сонымен қатар КЖ, КО және К маркалы көмірден шихта дайындау, осыған орай КЖ маркалы көмір бар «Метровый» және «Вышесредний» қаттарын әзірлеу ұсынылды. 1944 -1945 жылдары 31 шахтаның құрылысы үшін алқаптар әзірленді. Жергілікті өнеркәсіп, темір жол мұқтаждықтары үшін энергетикалық көмірге арта түскен қажеттілікті көмірді ашық тәсілмен өндіру есебінен қанағаттандыру ұсынылды. Сонымен қатар Федоровкадағы сұр көмір және Қушоқы кен орындарының тас көмірін игеруді жеделдету бойынша ұсыныстар болды. Соғыс жылдары ішінде барлығы 23 шахта және 3 көмір қимасы пайдалануға тапсырылды. Саран учаскесін игеру басталды, онда жобалау қуаты әрқайсысы 30 мың тонна көмір болатын 5 шахта салынды. 1945 жылы Қарағанды шахтерлері 11,2 млн тонна көмір өндірді, бұл 1940 жылмен салыстырғанда 2 есе жоғары болды. Ал бұл еңбек жетістіктеріне профессор А.А. Гапеев белгілі бір үлес қосты. Сол соғыс жылдары ол көмір сапасына, олардың кокстелгіштігіне және байығыштығына ерекше назар аударды. 1942 жылы, А.А. Гапеевтің басшылығымен химиялық және петрографиялық сипаттамалардан басқа олардың кокстелгіштігі мен байығыштығы келтірілген Қарағанды көмір қабатының көміріне жіктеу жасалды. Көмір өндіруді арттыруға және оның сапасын көтеруге бағытталған жемісті еңбегі үшін Гапеев «1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысындағы ерен еңбегі үшін» Медалімен марапатталды.

А.А. Гапеев біздің социалистік қоғамымыздың көмір байлығын дамыту ісіне күш-жігерін аямаған көрнекті ғалым, әрі геологтардың тамаша саңлақтар тобын тәрбиелеп шығарған педагог ретінде Кеңес елінің кең геологиялық қауымдастығының сипатиясын жеңіп алды. Еліміздің көмір бассейндері мен кен орындарын барлау және зерттеу бойынша, сонымен қатар жас мамандар – геологтар даярлау бойынша көп жылдық жемісті еңбегі үшін А.А. Гапеев Ленин орденіне және Еңбек Қызыл Ту орденіне лайықталды.

Көмір кен орындары арасында өз өмірінің үлкен бөлігін арнаған Қарағандыға А.А. Гапеев ерекше назар аударды. Тіпті қатты ауырып жатқанда А.А. Гапеев Қарағанды геологтарымен тығыз байланысты үзбеді.

Гапеевтің Қарағандыға осынша терең бауыр басуы түсінікті, себебі ол осы қуатты көмір басейнін маңызы бойынша ашты. 1948 жылы оған Қарағанды көмір бассейнінде кокстелетін көмірдің жаңа учаскелерін ашқаны үшін КСРО Мемлекеттік (Сталин) сыйлығы берілді.

Қарағанды көмір бассейні - Қазақстан Республикасы Қарағанды облысының аумағында орналасқан. Ауданы 3600 мың км2. Өнеркәсіптік орталықтар - Қарағанды, Саран, Шахтинск, Абай қалалары. Барланған көмір қоры 7,84 млрд. тонна, алдын ала бағаланғандары - 5 млрд. тонна (1984); көбінесе 600 м тереңдікке дейін, жеке алаңдарда 800-900 м дейін есептелген. Болжамдық ресурстары 1800 метр тереңдікке дейін 32 млрд. тоннаға бағаланады. Қарағанды көмір бассейнінде көмірдің бар екені 1833 жылы белгілі болған, көмір өндіру 1854 ж. бастап жүзеге асырылып келеді, ауқымды геологиялық зерттеулер 1920 жылдан бері А.А. Гапеевтің жетекшілігімен, бассейнді жоспарлы түрде игеру 1930 жылдан басталды. Сұр көмір 1940-65 жылдарда шығарылды, барлығы 64,7 млн. тонна өндірілген; ашық өндіруге (карта) жарамды көмірдің 595 млн. т барланды.

Геоқұрылымдық тұрғыдан Қарағанды көмір бассейні ені 30-60 км болатын созылымдылығы 120 км ендік бағдарланған аттас синклинорий құрамына енеді. Оңтүстігі мен батысында - жарылым аймақтарымен, солтүстігі мен шығысында өнімді тас-көмір түзілімдерінің эрозиялы кесігімен шектелген. Синклинорий құрылысы асимметриялы: солтүстік және шығыс қанаттары жазық (10-20 °), оңтүстігі - тік, Жалайыр аймағы қаусырмасының жүйесімен қатты бұзылған. Батысында өнімді түзілімдер ірі Тентек жарылымымен кесілген. Қарағанды көмір бассейнінің ауданы Майқұдықтың және Алабастың көлденең көтерілуінен Жоғарысоқыр, Қарағанды және Шерубай– екіншілік қатпарлылықпен және көптеген жарылымдық бұзылулармен күрделенген Нұра (Тентек, Дубов, және басқа мульдарлар) болып бөлінген. Тектоникалық бұзылу қарқындылығы бассейнді шектейтін жарылымдарға қарай бағыт бойынша және көлденең көтерілген жерге жақын артады.

Ол сондай-ақ, Солтүстік-Шығыс Қазақстан, Солтүстік Сахалин, Кавказ, Орал және Орталық Азия көмір кен орындарын зерттеді. 1924 жылы Богословский сұр көмір кен орнының төменгі қабаттарын барлау қажеттігіне және осында ашық жұмыстарды қолдану мүмкіндігіне ерекше назар аударды. Александр Александровичтің КСРО-ның барлық аудандарында көмір кен орындарын өнеркәсіптік бағалау бойынша жұмысы, сонымен қатар, көмірді және қатты пайдалы қазбаларды жіктеу бойынша еңбектерінің маңызы зор.

Профессор А.А. Гапеевтің болжамдары толық расталды. Қарағанды бассейнінің өте қолайлы географиялық орналасуы Қазақстан, Орал және Орталық Азия өнеркәсібі және теміржолдарын көмірмен жабдықтау бойынша жедел дамуды және кең песпективаларды қамтамасыз етті. Гапеев елу төрт жыл бұрын үмітпен қараған жер адам танымастай өзгерді. Көмірдің ондаған миллион тоннасы, шойын, болат, мыс өзендерін Орталық Қазақстан береді. Өткен жылдар ішінде Қарағанды бассейнінде шамамен екі миллиард тонна көмір, ал Қазақстанда төрт миллардтан астам көмір өндірілді. Бүгінгі Қарағанды – бұл тек қана ірі өнеркәсіптік орталық емес, сондай-ақ, университеттері, институттары, ғылыми-зерттеу мекемелері, театрлары бар ірі мәдени және ғылыми орталық.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет